Он тоғызыншы қарасөзіндегі



бет25/49
Дата11.04.2022
өлшемі95.37 Kb.
#220011
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   49
Байланысты:
ЭССЕЛЕР ретімен
Педагогический опыт-1, жаңа эссе тақ
24. Сүйінбай  айтыс өнерінің алтын діңгегі.

Сүйінбай – XIX ғасырдың 30-жылдарынан 80-жылдардың соңына дейін алпыс жылдан астам іркіліссіз жырлаған, айтыста жеңіліп көрмеген аса көрнекті ақын-жырау. «Айтыс» десе, ең алдымен ауызға Сүйінбай ата келеді, бұл оның асқан шебер де шешен, ақиық ақын екендігін айғақтайды.Сол кездегі Сүйінбай мен Қатаған арасындағы айтыс өнер өлкесіндегі алтын қазына болып саналады. Өйкені осы айтыста екі жақ өздерінің ең атақты ақындары Сүйінбай мен Қатағанды айтыстырады. Айтыста айқын басымдылықпен Сүйінбай жеңеді.Меніңше, Сүйінбайдың бұл айтыста қырғыз ақыны Қатағанды жеңуінің басты себептерінің бірі ретінде оның бейнелі сөздер мен әсіреулерді қолданып, өршелене өрлеп, жалтақсыз жауап қайырғаны үлкен рөл ойнады.

Сүйінбай озық ойлы, өткір тілді, сөзді астарлы оймен көркем жеткізетін айтыскер болған. Өлеңдерінде Сүйінбай түрлі әдеби тәсілдерді көп қолданады. Ол тек қана Қатағанды емес, өзінің өткір тілімен, бейнелі сөздерімен әдемі әсіреулерінің арқасында көптеген айтыскерлерді жеңіп шықты.Өйткені,дәлел ретінде

«Топ бастаған бұлбұлмын,

Сөз бастаған жүйрікпін,

Судан шыққан сүйрікпін,

Бәйгеден озған дүлділмін...»-деп, Сүйінбай бірден Қатағанның мысын басып,қанатын қайырады.Міне, бұдан ақынның шалқар шабытын, метафораларды ұтымды пайдаланғанын байқауға болады. Бірден қарсыласының бетін қайтарғаны нағыз ақынға тән қасиет екенін көрсетті.Бұл айтыста қарсыласы Қатаған бір сөзінде өзін алмас болат қылышқа теңесе,Сүйінбай өзін жәй алмас құрыш қылыш емес,сабы алтыннан соққанын айтады.Бұл жерде,меніңше,Сүйінбай өз деңгейін биіктете,айбынын асыра түсті.Тағы да оның Сүйінбайдың Қатағанды:

Қырғименен ойнаған

Ажалы жеткен торғайсың, –

деп желкелеп, қазақтың көптігін:

Бүтін дүние жүзінде

Шөгіп жатқан мұнармын, –деп суреттейді. Әрі қарай қазақ елін қоныс ретімен, неше алуан тапқыр теңеу, ұтқыр сөздермен санамалап Жетісудан бастап, Алтай, Арқа, Атыраудан бір-ақ қайырады. Қатаған не десін, қарсы дау айта алмайды.Ақынның екі елдің тарихы, жер-су аумағы жөніндегі жан-жақты мол білімі, аңғарымпаздығы шеберлігіне қанат бітіреді. Жеңетін қисынын, дәлелін дәл табуы, «қызып тұрған темірге өзі келіп қарылды», «Тас тұяқты тұлпармын қырқалап таудан асқанда», «Бүтін дүние жүзінде шөгіп жатқан мұнармын», «Ажалың жеткен қарғасың бүркітпенен ойнаған», «Найзамен шаншып ет жеген», «Сүйінбай пірің мен болам», «Меніменен егессең, ұрамын жерге доптайын» сияқты әдемі әсірелеулер мен бейнелі, сөздер айтыстың көркемдік биік сапасын көрсетеді.

Тоқсан ауыз сөздің,тобықтай түйінін білдірсем,айтыстың асқақтауына, өлеңнің өрбуіне, тарихымыздың толығуына талай тамаша еңбектерін мұра еткен, әдебиет әлемінде есімі алтын әріптермен әспеттелген атақты Сүйінбай Аронұлының қазақ халқы арасында алар орны ерекше. Өйткені сөздердің өткірлігі, қозулығы, көркемдік бейнелі сөздердің молдығы Сүйінбай айтысының бойында тұнып тұр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   49




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы