Он тоғызыншы қарасөзіндегі


Ж.Аймауытовтың “Ақбілек” романындағы кейіпкерлердің өмір үшін күресін талдап жазыңыз



бет24/49
Дата11.04.2022
өлшемі95.37 Kb.
#220011
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   49
Байланысты:
ЭССЕЛЕР ретімен
Педагогический опыт-1, жаңа эссе тақ
23.Ж.Аймауытовтың “Ақбілек” романындағы кейіпкерлердің өмір үшін күресін талдап жазыңыз.

Өмір... Осы бір төрт әріпті сөздің астарында буыны қатаймаған жастарға, тіршіліктің тылсым сырын танымаған боздақтарға беймәлім, сан алуан ұғым жатыр. Бірде қуаныш сыйлап, жаныңды жадырататын бұл өмір кейде аяқтан шалып, тұрған тас қияңнан тайдырып құзға құлатары да бар. Қамшының сабындай қып-қысқа өмірдің мәнін түсіндіруде көптеген зиялы кісілеріміз де қолына қалам алып, қиялымен заман көзқарасын ұштастырып, том-том етіп кітап, көркем сөзбен кестелеп роман жазған. Солардың бірі - Жүсіпбектің көкірегі оянбай, сана сезімі өмірді тануға жетпеген жеткіншектерге бағыт-бағдар беретін “Ақбілек” романы. Мұнда кездесер кейіпкерлердің баршасы психологиялық нәзік лирикамен көркемделген. Егер сіз өмір белестерінен сүрінбей өтуді мақсат тұтсаңыз осы романды оқып, санаңызға сіңірсеңіз-ақ мұратыңызға айқын жетеріңіз анық. Ақбілектің талқыға түскен тағдыры, Мұқаштың қара басының қамы үшін жасаған әрекеттері өмір сүрудегі әр адамның өз орнын, бейнесін көрсетеді.

Романдағы негізгі кейіпкер А қбілектің қара басына нендей қорлық, нендей азап келмеді десеңізші!? Жүрегі қара офицерді де көрді, оның қорлығына да, зорлығына да төзді. Жыртқыш бөрімен де жолықты, оның талан-таражға түсіруге талпынған ұмтылысының да куәсі болды. Өрттей қаулаған өсекті де құлағы шалды, оның әсерінен болған ауыл тұрғындарының қарым-қатынасын да сезді. Жұрт білмегеннің бәрін сезе де, оған төзе де білді. Дегенмен, офицердің ермегінен қашып құтыла алмағанымен, өсек-аяңның буынан бойын аулақ ұстай алды. Өмірге деген өжеттігінің, ата-анасынан қанына сіңген қайсарлығының, табандылығының арқасында үміт оты сөнбей, тағдыр талқысына қасқайып қарсы тұра білді. Ауылдың сасыған өсегінен құлағын таза ұстау үшін қалаға тура тартты. Оқу оқып, білімін арттырып, тіпті, ары қарайғы өмірін бірге өткізер серік те тауып, өмірін жалғастыра білді. Ақбілектің бұған дейінгі тағдырын, көрген зорлығы мен қорлығын, тартқан азабын ешкім де дұшпанына тілемес.

Қорыта келе, “Ақбілек” романындағы өмір үшін күрес тағдыр тәлкегіне қарсы тұруға талпынған жастарға үлгі болары анық. Расында да, Жүсіпбектің “Ақбілек” романын оқып, ой түйген әрбір оқырман үшін Ақбілек қақаған аязды қыста мұзжы жарып шыққан гүл іспетті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   49




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы