Он тоғызыншы қарасөзіндегі


“Қашаған Күржіманұлының “Оразалы”, “Байларға” өлеңдеріндегі әлеуметтік мәселелерді талдаңыз”



бет14/49
Дата11.04.2022
өлшемі95.37 Kb.
#220011
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   49
Байланысты:
ЭССЕЛЕР ретімен
Педагогический опыт-1, жаңа эссе тақ
13. “Қашаған Күржіманұлының “Оразалы”, “Байларға” өлеңдеріндегі әлеуметтік мәселелерді талдаңыз”

Қашаған Күржіманұлы XVIII ғасырдың аяқ шенінде өмір сүрген, халықтың басындағы ауыр жағдайдарды, қарапайым халықтың көзіне құм шашып, әділетсіздік орнатқан сараң байларды, надан молдаларды қаймықпай өз туындыларында тіліне тиек еткен дара тұлғалардың бірі.

Қоғам көрінісіне терең бойлап, заман өзгерісімен толғандыратын Қашаған өлеңдері сараңдық тәрізді жағымсыз мінездерді аяусыз сынайды. Оның шығармаларындағы дүниеқоңыз әрекеттерді, тек өзім жесем, өзім көрсем деп жүрген әл-ауқаты түзу адамдардың бейнесін көз алдыңа елестеткенде, қоғамда орын алған теңсіздікті, үстемтап өкілдерінің әділетсіздіктерін және де олардың тойымсыздығын айнадай етіп көріп, қатты ашынасың. Тіпті кейде “Адамдар іс-әрекеттері арқылы санасыз малдан да төмен дәрежеде бола ала ма?” деген сауал пайда болады. Бір таңқаларлық жайт, ақынның туындыларынан қазіргі заман көрінісінің айрықша белгілері арнайы сипатталғандай. Қашағанның “Байларға” деген өлеңінде:

...Кейбір байды қарасаң,


Қорасында мал толы,
Үйінде ішер тағам жоқ, - деп өз заманы-

ның дүниеқұмар байларын сипаттаумен қатар бүгінгі таңдағы қоғамның тойымсыз атқамінерлерін бейнелей түседі. Жүрегін ізгі амалдарға, жақсылыққа емес дүние-байлыққа толтырған әлсіздерге үстемдік ететін, шықбермес байларды көргенде жатырқап, алшақтайсың. Себебі ондай мінезді адамдардың жүрегі тастан да қатты болып кеткен. Мына жалған дүниенің алқымына түсіп, өздерінің малын, байлығын “өмірлік мақсат-мұрат” етіп те алғандары қаншама десеңізші? Онысымен қоймай өзі тойса да, көзі тоймайтындардың әрқайсысы жиған-тергенімен мақтанатынына ызаланбағанда не істейсің? Бірақ амал қанша. Анадан ала да туады, құла да туады. Абай атамыз айтпақшы, адам баласы дүниеге екі түрлі мінезбен туады. Бірі – ішсем, жесем деп, ал екіншісі – білсем, көрсем деп дүние есігін ашады. Өкініштісі сол. Көбісі бірінші қасиетті өзінің руханиятына жақын етіп, өмірлік ұстамы етеді де, мағынасыз, мәнсіз өмір кешеді.

Ақынның осы бір идеясы оның келесі, яғни “Оразалыға” деген өлеңінде өз жалғасын табады. Мұнда қаншалықты бай бола тұра өз мүлкін өзіне қимаған Оразалы атты туысын қатты сынайды:

Оразалы байым бар,

Тозған тоқпақ бастанған

Қазанқабын жастанған,

...Қырық күн шілде ішінде,

Қара ұннан көже ашытып,

Балқара деп қануын,- дей келе ол адамның

қандай екенін аяусыз сипаттайды. Бай болса да  жарлының кейпін кешіп, мал соңында отыруы ақын тілінен мысқыл болып шығады. Алайда не өзі жемейтін, не өзгеге қол сұқтыртпайтын адам бойынан қандай ізгі ниетті амалдар күтуге болады?

Сөзімді түйіндей келе, ашкөз адам тек қана көзіне құм құйылғанда тояды. Оған дейін неғұрлым қалталы болған сайын соғұрлым адами қасиеттерден жұрдай болып келеді. Алайда мұны сылтауратып дүниені қуалау деген сөз емес. Қазіргі жылдары бар мақсат-мұратын мүлік жинауға қойған пенделер де бұл қоғамда аз емес. Қаншалықты дүниесі тасып, белшесінен асса да өз қара басына шығынды жолатпай, мал жинап жүргендері де бар. Дүниені қуаласаң жете алмайсың, ал қашсаң құтыла алмайсың!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   49




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан