9. С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесіндегі табиғат күшіне адамдар қарсы тұра алды ма?
Адамның жан сезімін, көңіл-күйін тікелей сыршылдықпен айтып жеткізудің ұтымдылығы өмір құбылыстарын қабылдаудан, сезім-әсер байлығынан туады. Осы сезім сырын психологиялық жағынан шебер суреттеген жазушыларымыздың бірі – Сәкен Жүнісов.
Сәкен Жүнісов өмір шындығына қоса оқырман көңілін аялап, сезімге шомылдырып, мөлдір сағынышқа бөлейтін нәзік сезім иірімдерімен оқырман көңілінен ерекше орын алған. «Заманай мен Аманай» — Сәкен Жүнісовтің табысты туындыларының бірі. Оның қазақ прозасындағы орны ерекше. Сәкен Жүнісовтің повесінде ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы халық ахуалы, тіршілігі көрініс береді.
Жазушы өз туындысында Балзия мен Аманайдың елге оралу жолында көптеген қиындықтарға ұшырағанын керемет суреттеп, оқырманға оқуға деген ынта ұялатқан. Туған жердің топырағын иіскеуді аңсаған екеуді табиғаттың суық ызғары мен тау үстіндегі боран қорлатпай қоймады. Балзия әжейдің немересінің аштыққа бой алдырмас үшін айтқан әңгімелері, аштықты ұмыттыру мақсатында айтқан оқиғалары жүректі елжіретпей қоймайды. Немересіне жанын пида еткен әже мен Аманайдың айрылған кезеңі қандай аянышты десеңші. Автор бұл жерді былай суреттейді: “...Түн ортасында сіркіреп жауған жауын арты қиыршық қарға айналған. Аманай таң ата тық-тық жөтеліп жатып, өз- өзінен оянып кетті. Жыртық етігінен аяғы мұздағандікі ме, бір аунаса қия жарқабақтан шыңырауға құлайтын құз шетінде жатқаны есіне түсіп кетті ме, шошып оянды. Ояна сала әжесін іздеді, жан-жағын қарманып, жан ұшырып іздеді.
– Әже! Әже! Қайдасың? Қайдасың?...”
Осындай ызғарлы күні ауруға төтеп бере алмаған әжейдің мұз боп қатып, құздан құлап өлгені Аманайға ауыр тиді. Еліне деген сезімінің жетегімен жас бала шекара асып, жалғыз жол жүргені қазіргі жастарға үлгі ретінде алсақ артықтық етпес.
Тоқсан сөздің тобықтай түйіні,Сәкен Жүнісовтың «Заманай мен Аманай» повесінде туған жерге деген перзенттік махаббат керемет суреттелген. Повестің бізге берер тәрбиесі, тағылымы көп. Балалардың бойындағы патриоттық сезімді оятып, Отанға деген сүйіспеншілікті арттырады. Осындай шығармалар арқылы ертеңге еге болар ұлтжанды ұрпақтар көбейеді.
Достарыңызбен бөлісу: |