Омарова Балнұр ко-31



бет1/2
Дата20.05.2022
өлшемі81.27 Kb.
#256500
  1   2
Байланысты:
№9 СОӨЖ
пятницкий 3, Казакстан тарихынын отандық тарихнамасы (2), 101365575filosofiya 10, Реферат та ырыбы мірді м ні- аза философиясыны негізгі та (1), Документ Microsoft Office Word, 5 сынып-ІІІ тоқсан-472-қаз-тарих ашық сабақ, ЭМ1, 1-s2.0-S2352340922000300-main, Filosofia-SESSIYa S OTVETAMi, Молекулярная физика, кітап, матем, Сайфулла Шахзод Учкунұлы, массив

Омарова Балнұр КО-31
9 СОӨЖ тақырыбы: Драматургия жанры. Өзіндік ерекшелігі. Драмалық шығарманы талдау жолдары.
Сұрақтар:
- тартыс табиғаты.

Конфликт – көзқарастардың қақтығысы немесе тартысы. Тартыс ішкі тартыс, сыртқы тартыс деп бөлінеді. Сыртқы тартыс көп жағдайда басқалардың көзқарасымен келісе алмаған кейіпкердің өз көзқарасын қорғауы түрінде өтеді. Шығармадағы тартысты оқиға табиғаты, драматургиялық шешім сипаттарында драманың трагедия, комедия жанрлары пайда болды. Трагедия адамның өмірдің қатерлі, мұңды халдері аясындағы өкініш, өліммен аяқталған тағдырына құрылады.
Көркем шығарма жазғанда жазушылар драматизмді құрайтын элементтер ретінде тартыстың белсенділігін көрсетіп жазады. Олар драмалық қайшылықтың трагедиямен тығыз байланыстылығына тоқталған. Олай деуімізге бірнеше себептер бар. Біріншіден, олардың екеуі де белгілі бір идеал мен бейнелі шындықтың арақатынасы болған кезде пайда болған. Дегенмен мұндай қарсылық ұқсас мотивтерде көрініс табады да, шешімі барлық жерде бірдей болмайды: трагедиялықта – дистанция болмайды, көбінесе шарт кеткен, ымырасыз болады, ал драмалықта – өмірлік қалыпты жағдайларға орнығады және күн сайынғы санамен түсіндіріледі. Екіншіден, драмалық қайшылықтағы трагедияның элементтері және трагедиялық қайшылықтағы драмалық элементтер белгілі бір жағдайда шығарманың тартысына өң беріп отырып байытып, трагедиялық-драмалық реңк береді.
- Д.Исабековтің драмалары.
Д.Исабековтің драмалық туындыларында болсын, прозалық шығармаларында болсын өмірге парасат көгінен көз салатындығына, қандай жағдай болмасын биік адамгершілік мұратынан айнымайтын қаламгерлік тұғырнамасына куә боламыз. Прозалық туындылары негізінен XX ғ.60-80-жылдары жазылып, жарық көрген жазушы шығармалары күні бүгінге дейін құнарсызданған жоқ. Қайта адам жанының тереңіне үңіліп, кремет шығармаларын санын толықтырған, тың зердесімен, қаламгерлік соны бояуымен ерекшеленген Дулат Исабеков шығармашылығы жаңа заманмен үндестік тауып, маңызы арта түскендей. Заманауи парадигмалар алмасымын, қоғамдағы құндылықтар жүйесінің жаңаруын, әсіресе ұлттық дүниетанымның қайта жаңғыруын ескерсек, 60-80 жылдар мен бүгінгі күннің арасында айырым белгілер жетіп артылады.
Жазушы қаламынан туған «Гауһартас», «Қарғын», «Дермене», «Пері мен періште», «Өкпек жолаушы», «Біз соғысты көрген жоқпыз», «Тыныштық күзетшісі», «Ай-Петри ақиқаты», т.б. – біз ұшін өте құнды шығармалар. Күнделікті тіршілігіміздегі өмір құбылыстарын, қилы тағдыр, түрлі адам мінездерін көркем кестелеген «Гауһар тас», «Дермене», «Тауқымет», «Тіршілік» повестерін бәріміз оқыдық, бәріміз білеміз. Республикамыздың барлық аймақтық театрларында күні бүгінге дейін қойылып жүрген «Ректордың қабылдау күндері», «Әпке», «Мұрагерлер», «Әнші құстар фестивалі», «Мұңлық-Зарлық», «Кішкентай ауыл», «Ескерткіш операциясы», «Ескі үйдегі екі кездесу» сияқты драмаларын біз Дулат Исабековтің сәтті жазылған туындыларының қатарына жатқызамыз. Сыншы А.Кеңшілікұлы «Жүрек сөзі» атты сын кітабында Дулат Исабеков шығармалары туралы айта келіп «Төртінші томдағы әңгімелердің ішінде ұнағаны «Шойын құлақ» пен «Қабылан». Ал бесінші, алтыншы және жетінші томдағы драмалық шығармаларының ешқайсысы да менің көңілімнен шықпады. Тақырып таппағандай, төртінші томдағы біраз әңгімелерді драмалық шығармаларға айналдырудың қажеті қанша еді?» дейді қамығып. А.Кеңшілікұлы «Қарғынды» ой қуалап отырып оқисың», «Қарғын» романында оқырманның көңіліне қайта- қайта шоқ түсіріп отыратын оттың жалыны мен қайта-қайта көңіліңді аласұртып жіберетін сананың ағысы бар» - дейді. Шын мәнінде, Дулат Исабековтың прозалық туындыларының да драматизмі мықты. Дәл сол А.Кеңшілікұлы мақтап отырған «Қарғында» драматизм күшті. Драматизм Жасынның бүкіл өмір жолынан байқалады. Оның қоғаммен келісе бермейтін, қоғамның пікірінен әлдеқайда жоғары, әлдеқайда биік түсінігі, оның кемшіліктеріне деген ішкі қайшылығынан туындайтын драматизм, Бағиланың сезім мен ақыл қақтығысынан туындайтын драматизм оқырманды өзіне тәуелді етіп, оларға болысып, енді не болар екен деп елеңдететін драма. Бұл драманың шешуі не трагедиялық халмен, не комедияға бет бұруы керек. Оқырман эстетикасына әсер етіп, жетелейтін де драманың барысы. Яғни прозалық шығармаларының өзінде драматизмді шарықтау шегіне жеткізіп шебер пайдаланатын жазушының әр туындысы пьесаға келеді.
XXI ғасырда Дулат Исабековтің қаламы «сахналық» жанрда жүрдектік танытып, айрықша стильдік өрнектерімен, парасатты пайымымен, сом тұлғаларымен алаш жұртының мерейін өсіріп, мәртебесін асқақтатты. Шын мәнінде, ол оқырманның емес, ендігіде көрерменнің көзқуанышына бөленді. «Күрделі жанрдың жауынгері» атанған сөз зергерінің барлық драмаларының театр сахнасында қойылған өте кермет пьесалар.
Д.Исабековтің шетелдік көрермендер қатты ұнатқан бүгінгі күн тақырыбындағы пьесалары – «Тор», «Актриса», «Бақыт құсы». «Актриса» пьесасында өнер адамдарының тыныс-тіршілігі, ой-танымы көрсетілген. Мұнда әдетте өнер ортасында болатын күндестік, көре алмаушылық, бақталастық секілді адами қасиеттерді араластыра отырып жазушы тартысты үдеткен. Бас кейіпкер актриса Айгүл Асанованың «Театр – менің екінші үйім. Әлде бірінші үйім десем бе екен? Мен түнде ғана мұнда түнемеймін, қалған өмірімнің бәрі осында өтіп келеді» деген монологынан басталған пьеса қазіргі күн шындығын көрсететіндей. Бүгінгі күні шынымен де, бар өмірін жұмысында өткізетін, кәсібін отбасымен тең дәрежеде көретін, кейде тіпті бар ғұмырының мәніне айналдырып алатын адамдар саны тым көбейіп кетті.
Жалпы қандай мәселені қаузап, қалам сілтесе де, тұтастай алғанда Дулат Исабеков шығармашылығының лейтмотиві – ұлттық болмыс. Халқының келешегін көкейден шығармайтын қаламгердің әр туындысы терең ой- толғамдарымен, кесек бітімімен, көркемдігімен бағалы. 1960-1980 жылдары жазылған әңгіме-повестерінің өзінде, ұлттық құндылықтарымыздың туралы басты шығармашылық мұратқа айналдырған болатын. Жәй ақыл айтуға бой ұрмай, өмірдің шынайы қалпын байқампаздықпен бедерлеген «Талахан-186», «Қара шаңырақ», «Ақырамаштан наурызға дейін», т.б. әңгімелерінің мәтіндік қабаттарынан ұлт тағдырын уайымдау байқалады. Повесть жанрындағы «Гауһар тас», «Сүйекші», «Дермене», «Пері мен періште» сынды шоқтығы биік туындыларынан да ұлттық мінез, қазақы діл, ұлттық өмір ақиқаты беріліп, қаламгерге тән оқшау шығармашылық тұғырнаманы көрсетеді. «Бақыт құсы» пьесасы – бүгінгі қоғамның ең өзекті мәселелерін көркемдеген туынды. Бүгінгі күннің қайшылыққа толы көрінісі. «Бақыт құсы» пьесасы драматизмге толы әрі қоғамның сан алуан өзекті тақырыбын қамтыған, қым-қиғаш қақтығыстан, толассыз тартыстан тұратын пьеса . Себебі өз тілін білмейтін мәңгүрттер, қызылды- жасылды дүниеге қызыққан тойымсыздар, қанағат етуді білмейтін пенделер, қара басының қамын ойлған өзімшілдер, дәстүрін, дінін, ділін ұмытқандар, бауыр еті баласын тастап кеткен тасбауыр ана, ақшаның соңында кетіп, бала тәрбиесіне көңіл бөлмейтін ата-аналар, адамгершіліктен ада болған адамдар жайлы.
Бектұр мен Бәтиманың арасындағы диалогтан, ана мен баланың ой қарсылығын, яғни, қазіргі кездегі түрлі өзекті мәселелерден туындаған драмалық жағдайды көркемдеп жеткізген. Мысалы: Бектұрдың: Иә... Сол принципімнен ешқашан таймаймын. «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап». Абай. Қандай тауып айтылған даналық сөз!» – дегенінен қазіргі заманның ащы шындығы сол – өзіңнен басқа ешкімге сене алмайтындығың, тіптен, туған бауырыңа да күмәнмен қарайтын заман екендігін астарлап тұр. Д.Исабеков шығармашылығының келесі бір құнды ерекшелігітуынды мәтіндерінің көп қабаттылығында. Бірін-бірі алмастырған заманалар биігінен зер салғанда, жазушы шығармаларының уақыт өткен сайын түлеп-жаңғырып, тұңғиық тереңіне жасырған асылдарын шым-шымдап шығаратын сырбаз қасиетін байқайсыз. Сонда, сәтті әдеби туынды дегеніміз – уақыт өтсе де өз құндылығын жоғалтпайтын, мәңгілік мұраттар, жоғалтмайтын құндылықтар туралы жазылған шығарма. Д.Исабековтың драмалық туындыларындағы драматизмнің мықты адамгершілік-идеялық негізі бар. Мәселен, «Актрисадағы» тартыс негізінен материалдық игілікті бірінші орынға қойған қоғам мен руханилықты алғашқы орынға қойған өнер адамы арасында өрбіп, содан туған қайшылықтар арқылы кейіпкерлердің жан дүниесіндегі ішкі драма көрінсе, актриса мен оның жарының көзқарастары арқылы дүниетанымдық қайшылықтары, олардың диалогтарынан сыртқы драма шебер өрілген. Мұнда «өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол!» мақал шығарманың арқауы. «Тор» пьесасындағы тартыс билік пен шығармашылық еркіндік арасында туындаған. Мұның да моральдық негізі адамзат игілігі үшін еңбек ете алатын тұлғаны тобырдан даралау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы