23) кептірілген жемістер (қайнатуды талап етпейтін), жаңғақ өнімдері (тазартылған) бір адамға 1 килограмнан аспайтын, өнім атауының әрбір түрі есебінен;
24) өнім атауының әрбір түрінен бір адамға кемінде 1 килограмм есебінен шұжық бұйымдары (ысталған және жартылай ысталған), шошқамайы, ірімшік;
25) өнім атауының әрбір түрінен бірадамғакемінде 2 банка есебіненконсервіленгенботқа, етжәнеөсімдік (көкөніс, жеміс) консервілері;
26) кремді кондитерлік бұйымдарды (торттар, тәтті тоқаштар, десерттер) қоспағанда, өнім атауының әрбір түрінің бір адамына 1 килограмнан аспайтын есеппен нан өнімдері, кондитерлік өнімдер (майқоспа немесе ұннан жасалған, сондай-ақ қантты кондитерлік өнімдер);
27) тұздықтар, майонез, бал;
28) бір адамға 2 бірліктен аспайтын есеппен ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражат есебінен жазып берілген мерзімді басылымдармен және әдебиеттермен (порнографиялық материалдардан тұрмайтын) қамтамасыз етіледі;
Ескертпе:
1. Көрсетiлген тiзбе мекемелер жанындағы дүкендерден және электронды сауда алаңыдарынан қамтамасыз етiледi. Сотталғандар көрсетілген азық-түліктердің сақталу тәртібін бұзған, сондай-ақ бүлінген жағдайда бұзылған азық-түліктер тәркіленеді және жойылады;
2. Басқа мекемеге ауыстыру кезiнде сотталғандар өзiмен бiрге тек жеке заттарын, тамақ өнiмдерiн және бiрiншi кезекте қажетті заттарын алады.
3. Оларды сотталғандар өздерімен бірге тұратын үй-жайда (камерада) сақтай алатын тамақ өнімдерінің, бірінші кезекте қажетті заттардың, аяқ киімнің, киімдердің және басқа да өндірістік тауарлардың санын жергілікті жағдайлар мен сақтау үшін арнайы бөлмелердің және тұрмыстық техниканың барына байланысты мекеме бастығы орнатады. Сотталғанға тиесілі тамақ өнімдерінің, бірінші кезекте қажетті заттардың, аяқ киімнің, киімдердің және басқа да өндірістік тауарлардың жалпы салмағы қоймадағыны қоса есептегенде 40 килограмнан, оның ішінде кофе мен шай 2 килограмнан, сигарет пен папирос кемінде 20 қорап, темекі (табак) 2 килограмнан аспауытиіс.
4. Сотталғандардың осы тiзбеде көрсетiлмеген тамақ өнімдерін, бiрiншi кезекте қажеттi заттарды, өндiрiстiк тауарларды және өзге де заттар мен бұйымдарды сақтауларына жол берiлмейдi, тамақ өнімдерінің, заттар мен нәрселердің осы тізбесі түбегейлі болып табылады.
5. Жұмысқа орналасқан сотталғандарға мекеме бастығының рұқсатымен өндірістік қажеттілікке байланысты жұмыс орнында міндетті түрде мүлік тізбесіне енгізілетін өзге де заттарды, құралдар мен материалдарды пайдалануға рұқсат етіледі.
6. Сотталғандардың меншігіндегі музыкалық аспаптар сақтау үшін қоймаға тапсырылады немесе клубтарға сақтауға беріледі. Оларды арнайы бөлінген үй-жайларда күнтәртібінде белгіленген уақытта пайдалануға рұқсат етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |