7
|
7. Медициналық қызметкер дене жарақаттарын, тері және жұқпалы ауру белгілерін анықтау мақсатында сотталғандарды сыртқы қарауын өткізеді. Дене жарақаттарын анықтау фактісі туралы жазбаша түрде прокурорға дереу хабарланады. Бұдан әрі сотталғандарды шомылдыру және толық санитарлық тазарту жүргізіледі. Бұдан кейін сотталғандар карантин бөлімшесіне орналастырылады, онда оларға, сондай-ақ ӨББА-ға және ӨЖ-ге сотталғандарға ұзақтығы 15 (он бес) тәулікке дейін медициналық бақылау белгіленеді, медициналық тексеру жүргізіледі. Карантин бөлімшесінде болу кезеңінде сотталғандар жазаны өтеудің дағдылы жағдайында болады. Мекеме психологтары жаңадан келген сотталғандардың жеке басын зерделеу, оларды жаңа жағдайға бейімдеу бойынша жұмыс жүргізеді. Өзіне-өзі қол жұмсауға, өз денесіне қасақана қандай да бір зақым келтіруге және басқа да заңға қайшы әрекеттерге бейім адамдар анықталады. Зерделеу нәтижелері бойынша жаңадан келген сотталғанның әрқайсысына психологиялық портрет жасалады, мекеменің тиісті қызметіне олармен жұмыс істеу бойынша ұсынымдар енгізіледі. Осы кезеңде жұқпалы аурумен ауыратындар анықталған жағдайда, олар оқшауландырылады, мекемеде эпидемияға қарсы іс-шаралар кешені жүргізіледі.
Сотталғанды карантин бөлімшесінен тәртіптік изоляторға, жалғыз адамдық камераға немесе медициналық санитарлық бөлімнің стационарына ауыстырған жағдайда осы үй-жайда ұсталуы карантин бөлімшесінде болу мерзіміне есептеледі.
|
23. Медициналық қызметкер дене жарақаттарын, тері және жұқпалы ауру белгілерін анықтау мақсатында сотталғандарды сыртқы қарауын өткізеді. Дене жарақаттарын анықтау фактісі туралы жазбаша түрде прокурорға дереу хабарланады. Бұдан әрі сотталғандарды шомылдыру, шаш алу және толық санитарлық тазарту жүргізіледі. Бұдан кейін сотталғандар карантин бөлімшесіне орналастырылады, онда оларға, сондай-ақ ӨББА-ға және ӨЖ-ге сотталғандарға ұзақтығы 15 (он бес) тәулікке дейін медициналық бақылау белгіленеді, медициналық тексеру жүргізіледі.
24. Сотталғандар карантин бөлімшесінде болған кезеңде жазаны өтеудің дағдылы жағдайында болады, бұл ретте көрсетілген кезеңде сотталғандарға кездесулер, сәлемдемелер, сауқаттар мен бандерольдер беруге жол берілмейді.
|