Қолданыстағы редакция Ұсынылатын редакция


Сотталғанның тұрғылықты жері бойынша мекеме қызметкерлері келген кезде сотталғандар амандасады және ұсынылады



бет43/59
Дата19.01.2023
өлшемі1.42 Mb.
#417152
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   59
Байланысты:
!@02= B01;8F0 -- -- -07
тест органоиды (1), Брайан Трейси. Тайм-менеджмент.
443. Сотталғанның тұрғылықты жері бойынша мекеме қызметкерлері келген кезде сотталғандар амандасады және ұсынылады.
444. Сотталғандарға спирттік ішімдіктерді, есірткі және есеңгірететін заттарды қолдануға, тыныштықты бұзуға, тұрғын үй-жайды сағат 22.00-ден 7.00-ге дейін тастап кетуге жол берілмейді. Құмар ойындар ойнауға.
445. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде ұсталатын сотталғандарға:
1) мекеменің аумағын, жұмыс объектілерін, сондай-ақ азаматтық сектордың денсаулық сақтау органдарын (стационарлық емделудегі сотталғандарға) өз еркімен тастап кетуге);
2) қызметтік көлікті қоспағанда, көлiк құралдарын басқаруға;
3) атыс және суық қаруды, жарылыс қаупі бар және жарылғыш заттарды, есiрткi құралдарын немесе психотроптық заттектерді, «қоңырау/жауап/смс» функциялары бар мобильдік байланыс құралдарын қоспағанда, аудио-, фото- және бейнежазба функциялары бар құралдарды сатып алуға, сақтауға, сондай-ақ оны пайдалануға;
4) әскери үлгiдегi киiмді киюге;
5) алкогольдi iшiмдiктердiң барлық түрiн өндiруге, сатып алуға және пайдалануға;
6) дәрігердің рұқсатынсыз құрамында есірткі бар медициналық препараттарды сатып алуға, сақтауға және пайдалануға;
7) жұмыс уақытында мекеме әкімшілігіне хабарламай жұмыс объектісін тастап кетуге жол берілмейді. Сотталғандар еңбек келісімшарттарында көрсетілген объектілерде жұмысқа ораналастырылады және жұмысын атқарады;
8) мекеме аумағында жалпы салмағы 40 кг-нан асатын тамақ өнімдерін, бірінші кезекте қажетті заттарды, аяқ киімді, киімді және басқа да өнеркәсіп тауарларын, оның ішінде өнім атауының әрбір түрінің 1 килограмнан асатын тамақ өнімдерін, сондай-ақ 20 бумадан астам темекі немесе папирос, бір адамға есептегенде 2 килограмнан астам табак алып жүруге және сақтауға.
9) компьютерлік жабдықтарды, мобильді байланыс құралдарын мекеме аумағына әкелуге, сақтауға және пайдалануға жол берілмейді.
Қолда бар «қоңырау/жауап/смс» функциялары бар мобильдік байланыс құралдары мекеме аумағына кірген кезде бақылау-өткізу пунктінде орналасқан арнайы жабдықталған құлыптанатын ұяшықтарда сақтауға тапсырылады. Әрбір ұяшық үшін нөмірі бар жетон жасалады. Ұяшықтардан ұялы байланыс құралдары сотталғандарға телефондарды сақтауға тапсыру кезінде берілетін жетондар бойынша беріледі.
446. «Қоңырау/жауап/смс» функциялары бар қолда бар ұтқыр байланыс құралдары және абоненттік нөмірлер осы Қағидаларға 32-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қауіпсіздігі барынша төмен мекеменің сотталғандарының ұтқыр байланыс құралдарын есепке алу журналында тіркеледі. Журнал мекеменің жедел бөлімінде жүргізіледі және сақталады.
447. Телефон арқылы сөйлесу «қоңырау/жауап/смс» функциялары бар қолда бар ұялы байланыс құралдарын осы үшін арнайы жасалған үй-жайда, кестеге сәйкес мекеме әкімшілігі өкілдерінің бақылауымен пайдалану арқылы ұсынылады.
448. Сотталғанның мекемеге іргелес жатқан аумақтың шекарасы шегінде қадағалаусыз жүріп-тұруына, егер бұл олардың оқуына байланысты орындайтын жұмысының сипаты бойынша, бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алу, моншаға немесе шаштаразға бару үшін қажет болса, ҚАК-нің 143-бабына сәйкес мекеме бастығы не оны алмастыратын адам сотталғанның жазбаша өтінімі бойынша, оның жеке басы мен мінездемесін, сондай-ақ мекемеден тыс жерге шығу қажеттілігі туралы негіздемені ескере отырып, рұқсат береді.
449. Сотталғанның мекеме аумағынан тыс жерлерге денсаулық сақтау органдарының медициналық мекемелеріне шығуы (әкетілуі), егер бұл ауруға және мекеме жағдайында медициналық көмек көрсету мүмкіндігінің болмауына байланысты қажет болса, мекеме бастығының не медицина қызметкерінің ұсынымы негізінде оны алмастыратын адамның рұқсатымен мекеме қызметкерінің ілесіп жүруімен жүзеге асырылады.
450. Шұғыл жағдайларда және түнгі уақытта сотталғанды денсаулық сақтау органдарының медициналық мекемесіне емдеуге жіберу туралы шешімді медицина қызметкерінің не жедел медициналық көмектің ұсынымдары негізінде мекеме бастығына міндетті түрде хабарлай отырып МБКК қабылдайды.
451. Сотталғанды денсаулық сақтау органдарының мекемесіне жатқызған жағдайда оны ертіп жүрген қызметкер мекемеге қайтарылады. Бұдан әрі ауруханада көрсетілген сотталғандарды бақылау мен қадағалауды мекеме әкімшілігі мекеме бастығы немесе оны алмастыратын адам бекіткен жеке тексеру кестесі бойынша сотталғанның жеке басына және денсаулық жағдайына байланысты түнгі кенеттен тексерулермен, сотталғанның күніне кемінде бір рет тексерілуі тиіс есеппен жүзеге асырады.
452. Сотталғандардың аурухана режимін бұзуы немесе олар өз еркімен медициналық ұйымның орналасуын қалдырғаны анықталған кезде оларды қауіпсіздігі барынша төмен мекемеге жеткізу және тиісті тексеру жүргізу бойынша шаралар қабылданады. Сотталғандар амбулаториялық емдеуден қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтеді.






32

10-тарау. Мекемелердің шегінен тыс жерде тұру құқығы берілген жеңілдікті жағдайларда жазаны өтейтін сотталғандардың мінез-құлық тәртібі

163. Орташа қауіпсіз, қауіпсіздігі барынша жоғары немесе төтенше қауіпсіз мекемелерде, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде жеңiлдiктi жағдайларда жазаны өтейтін сотталғандар нысаны қылмыстық-атқару қызметі саласында уәкілетті органмен белгіленетін рұқсатнама негізінде мекемелер шегінен тыс жерде тұру және қозғалу құқығына ие болады, рұқсатнама нысаны ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру қағидаларында көрсетілген.


164. Жеңілдікті жағдайлардағы сотталғандарға мекемелерден тыс жерде тұру мекемеге іргелес аумақта арнайы жатақханалар болған кезде мекеме бастығының қаулысы бойынша рұқсат етіледі.
165. Жұмыстан бос уақытында осы сотталғандар мекеме әкімшілігі белгілеген жатақхана аумағында (тұру объектісінде) болады және ҚАК-нің 11, 104-баптарында белгіленген талаптарды сақтайды.
166. Жатақханадан (тұру объектісінен) тыс, сотталғандар:
1) қозғалыс бағытын және уақытын, қоғамдық тәртіп қағидаларын, белгіленген киім нысанын сақтайды;
2) жұмыстан кейін жатақханаға уақтылы оралады және келгені туралы мекеме әкімшілігінің өкіліне хабарлайды;
3) мекеме жұмыскерлері және полиция қызметкерлерінің бірінші талабы бойынша рұқсатнаманы көрсетеді. Оны жатақханаға оралған кезде қадағалауды жүзеге асыратын мекеме әкімшілігінің өкіліне тапсырады.
167. Сотталғандарға:
1) күн тәртібінде белгіленбеген уақытта жатақханадан (тұру объектісінен) шығуға, ал жұмыс уақытында жұмыс объектісін тастап кетуге;
2) сотталғандар мен өзге адамдардан жөнелту, беру үшін хаттар алуға және басқа тапсырмаларды орындауға;
3) рұқсатнаманы басқа адамдарға беруге жол берілмейді.
168. Мекемелерден тыс жерде тұру құқығына рұқсат етілген сотталғандардың осы мінез-құлық қағидалары сотталғанға қол қойғыза отырып хабарланады, ол күзетілетін периметр шегінен тыс жерде тұру және еркін қозғалу құқығын беру туралы қаулымен бірге оның жеке ісіне тігіледі.
169. Мекеме шегінен тыс жерде тұратын сотталғандарға қысқа мерзімді кездесу сотталғандардың тұратын орындарында мекеме әкімшілігінің бақылауымен, ұзақ мерзімді кездесулер мекемелерде арнайы жабдықталған кездесулер өткізуге арналған бөлмелерде беріледі.
170. Мекеме шегінен тыс жерде тұратын сотталғандарға телефон арқылы сөйлесулер осы Қағидалардың 101-105-тармақтарының талаптарына сәйкес тұратын орындарындағы жабдықталған үй-жайларда ұсынылады.
171. Сотталғандардың шомылуы кесте бойынша тұратын орындарындағы жабдықталған душ бөлмелерінде жүзеге асырылады. Душ бөлмелері болмаған жағдайда жуыну мекеме аумағындағы моншада жүргізіледі.
172. Мекемелер шегінен тыс жерде тұратын сотталғандарға медициналық қызмет көрсету мекеме аумағындағы медициналық бөлімдерде жүзеге асырылады.
173. Мекеме шегінен тыс жерде тұру құқығы ұсынылған жеңілдікті жағдайларда жазасын өтейтін сотталғандар мекеме аумағындағы жалпы және кәсіби білім беру мектептерінде оқиды.
174. Жазалау шарасы қолданылған мекемелер шегінен тыс жерде тұру құқығымен жеңілдікті жағдайларда жазасын өтейтін сотталғандар дереу айдауылдауға жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   59




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
ғылым министрлігі
сәйкес оқыту
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасы
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
республикасы білім
Жалпы ережелер
бекіту туралы
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
арналған жиынтық
болып табылады
Қазақстан республикасының
Зертханалық жұмыс
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
рсетілетін қызмет
Қазақ әдебиеті
Қысқа мерзімді
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
атындағы жалпы
туралы жалпы
қызмет стандарты
пайда болуы
әдістемелік ұсыныстар
Жұмыс бағдарламасы
қарым қатынас
коммуналдық мемлекеттік
емтихан сұрақтары