Сотталғандар тұрғылықты мекенжайы өзгергені туралы қауіпсіздігі барынша төмен мекеменің әкімшілігіне уақтылы хабарлайды. 436. Сотталғанның жеке басын куәландыратын құжаттар олардың жеке істерінде сақталады. 437. Жеңілдетілген жағдайларда қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтеп жүрген сотталғандарға жеке басын зерделегеннен кейін, бірақ жеңілдетілген жағдайларға ауыстырылған кезден бастап кемінде 3 ай өткеннен кейін мекеме орналасқан елді мекеннің шегінде жалға алынған немесе меншікті тұрғын алаңында жұбайымен (зайыбымен), жақын туыстарымен тұруға рұқсат етіледі. 438. Қауіпсіздігі барынша төмен мекеме аумағынан тыс жерде отбасымен тұруға рұқсат, ұзарту не одан бас тарту мекеме бастығының не оны алмастыратын адамның осы Қағидаларға 30 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша мекеме комиссиясының шешімі негізінде мекеме аумағында немесе одан тыс жерлерде жалға алынған немесе өзінің тұрғын алаңында өз отбасымен тұру құқығына рұқсат беру (ұзарту) туралы, осы Қағидаларға 31-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бас тарту (күшін жою) туралы қаулысымен ресімделеді. Мекемеден тыс жерде өз отбасымен жалға алынған немесе өзінің тұрғын алаңында тұру құқығын беру (ұзарту) не одан бас тарту (күшін жою) туралы қаулының көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі. 439. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жеңілдетілген жағдайларда жазасын өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады. Оларға ҚАК-нің 143-бабының төртінші бөлігінде аталғандардан басқа, жол беріледі: 1) апта сайын бір қысқа мерзімді және бір ұзақ мерзімді кездесулер; 2) мекеме орналасқан елді мекен шегінде жалға алынған немесе меншікті тұрғын алаңында жұбайымен (зайыбымен), жақын туыстарымен тұруға құқығы бар. Бұл ретте олар айына төрт рет мекемеге тіркелу үшін болып табылады, оның кезеңділігі мекеме бастығы бекітетін кестемен белгіленеді және тұрғылықты жері бойынша сағат 21-00-ден 07-00-ге дейін болады. Сотталғандар тұратын тұрғын үй-жайларды тәуліктің кез келген уақытында мекеме әкімшілігінің өкілі орналастырады.