427. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемеге іргелес аумақтың шекарасы сотталғандар орындайтын жұмыстардың сипатын, оқытуды, бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алу үшін объектілердің орналасуын, моншаға немесе шаштаразға баруды ескере отырып, қауіпсіздігі барынша төмен мекеме бастығының бұйрығымен белгіленеді. 428. Мекемеге келгеннен кейін сотталғандарға осы Қағидаларға 28-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде сотталғанның жеке басын растайтын анықтама беріледі. Сотталғандар берілген анықтаманы үнемі өзімен бірге алып жүреді. 429. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде сотталғандар әскери үлгідегі киімді және басынан басқа дене бөлігін жаппайтын киімді қоспағанда, азаматтық киім киеді. Жазғы уақытта ауа температурасы плюс 25 градус және одан жоғары болған кезде қысқа жеңді киім, сондай-ақ шәрке мен сланецті қоспағанда, ашық жеңіл аяқ киім киюге жол беріледі. 430. Карточкалық тексеруге сотталғандарға бөлме шәркесінде, күннен қорғайтын көзілдірікте, құлаққапта шығуға жол берілмейді. 431. ҚАК-нің 96-бабының 7-бөлігіне сәйкес жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушыларға қатысты мекеме түрін өзгерту туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін олар қауіпсіздігі аралас мекемеде ұсталады. 432. Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушы сотталғандарға қатысты мекеме түрін өзгерту туралы сот шешіміне дейін ТИ-ді жазалау мерзімі аяқталған кезден бастап олар ТИ-дағы сотталғандардың негізгі массасынан өзіне айқындалған жағдайларда оқшау ұсталады. 433. Сотталғандар мекемеден тыс жерге шыққан кезде, сондай-ақ олар мекемеге келгеннен кейін сотталғандар жеке тексеріледі және өздерінде бар заттар тексеріледі. Сотталған әйелдер, олардың жас балалары (бар болса) мен заттары да сотталғандармен бір жыныстағы адамдардың жеке тексеруіне жатады. Балаларды тексеру денсаулыққа зиян келтіруді болдырмайтын дұрыс нысанда, тыйым салынған заттар мен заттарды табу үшін қажетті шектерде жүргізіледі. Қажет болған жағдайда медицина қызметкері тартылады. 434. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелердегі сотталғандарға сақтауға және пайдалануға рұқсат етілмеген нәрселер мен заттарды жасыру мүмкіндігі туралы күдік туындаған кезде ҚАЖ қызметкерлері сотталғандарға толық емес тінту жүргізеді, олардың заттарын мекеменің шегінен тыс кез келген жерде тексереді, сондай-ақ олар жұмысқа орналасқан жердегі үй-жайлар мен аумақты қарап тексереді. 435. Қауіпсіздігі барынша төмен мекеменің аумағынан тыс жерде тұратын сотталғандарға тұратын мекенжайы көрсетіле отырып, осы Қағидаларға 29-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қауіпсіздігі барынша төмен мекеменің аумағынан тыс жерде тұру туралы анықтама беріледі. Берілген анықтамалар, сотталғандар үнемі өздерімен бірге болады.