418. ӨББА-ға және ӨЖ-ға сотталғандардың камераларын жинауды сотталғандар кезектілік тәртібімен жүргізеді. Кезекші ылғалды жинауды жүзеге асырады. 419. ӨББА-ға және ӨЖ-ға сотталғандардың төсегін жинау осы Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады. Төсекті толтыру кезінде олардың металл конструкцияларын көзбен көру үшін матрацтар екі есе бүктеледі, төсектерді толтыру белгіленген үлгі бойынша жүргізіледі. 420. Кереуеттерде тек белгіленген уақытта түзетілген төсек жаймаларында сыртқы киімсіз демалуға рұқсат етіледі. Сыртқы қысқы киім мен аяқ киім арнайы бөлінген орында сақталады. Сотталғандар камерада күнделікті киімде және жұмсақ тәпішкеде болады. 421. Сотталғандарды жуу камера бойынша бір-бірінен оқшауланған монша бокстарында аптасына кемінде бір рет жүзеге асырылады. Бұл ретте кісендер монша боксына орналастырылғаннан және кесетін тордың есігі жабылғаннан кейін ғана алынады. ӨББА-ға және ӨЖ-ға сотталғандардың кісендерін алу оларды серуендеу ауласына орналастыру кезіндегідей тәртіппен жүзеге асырылады. 422. Жуынуға шығару кезінде бастың түкті бөліктерін қырқу жүргізіледі. Сотталғандарды жуған күні іш киім мен төсек-орын, сондай-ақ жууды талап ететін киім өзгереді. Сотталғандар киімдерін өздері жумайды. 423. ӨББА-ға сотталғандарды еңбекке тарту арнайы жабдықталған камераларда ұйымдастырылады, бұл ретте жұмыс киім нысаны жұмыс орнында қалады. Киім ауыстыру жұмыстардың басталуы мен аяқталуы бойынша мекеме әкімшілігі немесе БӘЖ өкілдерінің қатысуымен, жұмыс камерасында жүргізіледі, жұмыс уақытында күнделікті киім нысаны қадағалау жөніндегі бақылаушыға беріледі және сотталғандар үшін қолжетімді емес жерде ұсталады. 424. ӨББА-ға сотталғандарды тұрғын үйден жұмыс камерасына шығару кезінде сотталғандар мекеме әкімшілігі немесе БӘЖ көрсеткен жерде сапқа тұрғызылады, бұл ретте кісендер алынбайды. 425. Жұмыс басталар алдында және аяқталғаннан кейін БӘЖ жұмыс камерасына тексеру, тінту және техникалық тексеру, сондай-ақ мүлік тізімдемесіне сәйкес мүкәммал мен тескіш-кескіш құралды тексеру жүргізіледі. Жұмыс мүкәммалын қарау және тексеру нәтижелерін корпус бойынша аға қызметкер осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӨББА-ға сотталғандарға жұмыс құралын қабылдау-беру журналында көрсетеді.