Қолданыстағы редакция Ұсынылатын редакция


Сотталғанның психоэмоционалдық жағдайы туралы анықтама және сотталғанға ұзақ кездесуге келген адамдардың қолхаты сотталғанның жеке ісіне тігіледі



бет36/59
Дата19.01.2023
өлшемі1.42 Mb.
#417152
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   59
Байланысты:
!@02= B01;8F0 -- -- -07
тест органоиды (1), Брайан Трейси. Тайм-менеджмент.
Сотталғанның психоэмоционалдық жағдайы туралы анықтама және сотталғанға ұзақ кездесуге келген адамдардың қолхаты сотталғанның жеке ісіне тігіледі.
403. Ұзақ мерзімді кездесу бөлмесіне кездесуге келген адамдар бірінші болып шақырылады, содан кейін сотталған кіргізіледі. Кездесу аяқталғаннан кейін сотталғанды, содан кейін кездесуге келген адамдарды бірінші болып шығарады.
404. Сотталғанды ұзақ кездесу бөлмелерінің үй-жайына ертіп бару артқы жағында кісенделген кісендерде жүзеге асырылады, ал көзге ашық емес материалдан жасалған таңғыш киіледі, оған міндетті түрде қызметтік итпен кинолог маман қатысады.
405. Ұзақ кездесу бөлмесіне кірер алдында сотталған металл есіктің бүйірінде орналасады. Металл есік пен кесетін торды ашқаннан кейін кісендер алынып, сотталған бөлмеге кіреді.
406. Жатын кереуетті, себезгі кабинасын және санитариялық торапты қоспағанда, ұзақ кездесу бөлмесінің барлық аймақтары бейнебақылау астында болады.
407. Камерадан шығарылғаннан кейін сотталған толық жеке тінту жүргізу үшін арнайы жабдықталған үй-жайға ілесіп жүреді.
408. ӨББА-ға және ӨЖ-ға сотталғандарды туыстарымен және өзге де адамдармен қысқа мерзімді кездесу, жеке мәселелері бойынша қабылдау сотталғандар металл шыбықтардан жасалған кабинаға орналастырылатын арнайы жабдықталған бөлмелерде жүргізіледі. Кабинада сотталғанның қолын «артынан» қалпында кісендермен бекітуге арналған кронштейні бар еденге бекітілген металл орындық орнатылады. Туыстарының тұрған жері ағаш қалқамен бөлінеді. Кездесу өткізу кезінде резервтік топтың екі бақылаушысы және кездесу бөлмесінің бақылаушысы қатысады.
409. ӨББА-ға және ӨЖ-ға сотталғандардың телефон арқылы сөйлесулері таксофон аппараты бойынша есік желдеткіші бар торлы есігі бар металл шыбықтардан жасалған арнайы кабиналарда жүргізіледі. Кабинаның сыртқы жағынан байланысты шұғыл ажырату жағдайына тумблер жабдықталады. Сотталғанды кабинаға жібергеннен кейін кісендері алынады.
410. Таксофон аппараттары бір режимдік корпусқа кемінде 1 бірлік есебімен жарақталады. Телефон арқылы сөйлесу сотталған ұсталатын режимдік корпуста ғана жүзеге асырылады.
411. Камераның есігін ашу алдында кезекші бақылаушы есіктің желкөзін ашып, сотталғандарға сапқа тұру туралы команда береді. Сотталғандар мекеме әкімшілігі көрсеткен жерде есікке қарама-қарсы арқасымен сапқа тұрады, аяқтары бірге қолдары тігісінен, саусақтары ашық алақандарымен қойылады.
Содан кейін камера бойынша кезекші мекеме әкімшілігінің немесе БӘЖ өкілдеріне бетпен бұрылады, басын төмен қаратып, белгіленген үлгі бойынша баяндама жасайды, «Сәлеметсіз бе!» немесе «Здравствуйте!», камера бойынша кезекші сотталған Ахметов! туған жылы, баптар бойынша сотталған (баптардың нөмірлерін, ӨББА-ға немесе ӨЖ-ға үкімнің күнін тізбелеп айту). Камерада _____ адам бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   59




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
ғылым министрлігі
сәйкес оқыту
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасы
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
республикасы білім
Жалпы ережелер
бекіту туралы
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
арналған жиынтық
болып табылады
Қазақстан республикасының
Зертханалық жұмыс
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
рсетілетін қызмет
Қазақ әдебиеті
Қысқа мерзімді
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
атындағы жалпы
туралы жалпы
қызмет стандарты
пайда болуы
әдістемелік ұсыныстар
Жұмыс бағдарламасы
қарым қатынас
коммуналдық мемлекеттік
емтихан сұрақтары