Қолданыстағы редакция Ұсынылатын редакция


Еркін бақылаушы сотталғанды тексеріп қарауды жүргізеді, содан кейін оны сүйемелдеуді қамтамасыз етеді



бет32/59
Дата19.01.2023
өлшемі1.42 Mb.
#417152
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   59
Байланысты:
!@02= B01;8F0 -- -- -07
тест органоиды (1), Брайан Трейси. Тайм-менеджмент.
Еркін бақылаушы сотталғанды тексеріп қарауды жүргізеді, содан кейін оны сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
357. ТИ, ҚО, УОҮЖ немесе ҚО-да ұсталатын сотталғандар камерадан тыс жерде жүріп-тұру кезінде қолдарын арқасынан ұстайды.
358. ТИ, ЖАК, УОҮЖ немесе ҚО-да ұсталатын сотталғандарға:
1) мекеме әкімшілігі өкілдерінің немесе БӘЖ (ҚАЖ бақылаушыларының) рұқсатынсыз ТИ, ЖАК, УОҮЖ немесе ҚО камераларынан және басқа да үй-жайларынан шығуға;
2) келіссөздер жүргізуге, ТИ, ЖАК, УОҮЖ немесе ҚО басқа камераларында немесе өзге де үй-жайларында ұсталатын адамдарға қандай да бір заттарды беруді жүзеге асыруға, олармен тақылдасуға немесе хат жазысуға;
3) камералық жабдық пен жинау мүкәммалын мақсатсыз пайдалануға;
4) электр-, сантехникалық жабдықтардың жұмысына араласуға, мекеме әкімшілігі өкілдерінің немесе БӘЖ (ҚАЖ бақылаушыларының) рұқсатынсыз сантехниканы жөндеуге немесе камерадағы жарықтандыруды реттеуге;
5) камералардағы санитариялық тораптарды ластауға;
6) сотталғандардың негізгі құқықтары мен міндеттері, оларды ТИ, ЖАК, УОҮЖ немесе ҚО ұстау ерекшеліктері туралы ақпаратты камера қабырғасынан алуға;
7) дабыл сигнализациясы құралдарының жалған іске қосылуын шақыруға;
8) камералық есікте тамақ ішуге арналған желкөзді ашуға;






28

3-Параграф. Сотталғанды қауіпсіз орынға ауыстыру

137. Сотталғандар мен басқа да адамдар тарапынан сотталғанның жеке басына қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасау қатері туындаған кезде, сотталған осындай қатер төнбейтін қауіпсіз орынға ауыстыру туралы мекеме әкімшілігіне жазбаша жүгінуге құқылы. Бұл жағдайда, мекеме бастығы сотталғанды қауіпсіз орынға ауыстыру бойынша шараларды дереу қабылдайды қолданады.


Бұндай қатер төнудің пайда болуын анықтаған жағдайда, мекеме әкімшілігі оны немесе қатер көзін қауіпсіз орынға ауыстыру бойынша шұғыл шараларды және олардың келісіміне қарамастан, сотталғанның жеке басына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықты жасау мүмкіншілігін жоятын басқа да шараларды қабылдайды.
Мекеме бастығы болмаған жағдайда, мекеме бастығы келгенше сотталғанды қауіпсіз орынға ауыстыру туралы шешімді кезекші қабылдайды.
138. Сотталғанды мекеме бастығының немесе жазаны орындайтын органның қаулысы бойынша 30 тәулiкке дейінгі мерзiмге, шұғыл жағдайларда бастық келгенше кезекшi, бiрақ 24 сағаттан аспайтын мерзiмге қауіпсіз орынға ауыстырады. Қауіпсіз орынға ауыстыру туралы қаулының көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей прокурорға жолданады.
139. Қажет болған жағдайда аталған мекемеде заңдылықтың сақталуын қадағалауды жүзеге асыратын прокурордың келiсiмiмен қауiпсiз орында ұстау мерзiмi отыз тәулiкке дейiн ұзартылуы мүмкiн. Сотталғанды қауiпсiз орынға ауыстыру жазалау болып табылмайды.
140. Осы мекемеде сотталғанның жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда, мекеме бастығы сотталғанды басқа мекемеге оның жазасын одан әрі өтеу үшін жіберу (сотталғанның жеке басына қатер төндiретін адамды ауыстыру) бойынша шешiм қабылдайды.
141. Жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк мектептерде оқитын адамдар қауiпсiз жерде болу кезінде сабаққа шығарылмайды. Оларға өз бетiнше оқу және оқытушылардан кеңес алу мүмкiндiгі берiледi.
142. Мекеме бастығы қауіпсіздік шараларын қолдану туралы шешім қабылдайтын және қылмыстық сот ісін жүргізудің қатысушысы болып табылатын сотталған адамға қатысты қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын органдарға көмек көрсетеді.
143. Қауіпсіз орын ретінде тәртіптік изоляторлардың және уақытша оқшаулау үй-жайларының камералары пайдаланылуы мүмкін, онда сотталған оны қауіпсіз орынға ауыстырғанға дейін белгіленген ұстау жағдайларында болады.

3-Параграф. Сотталғанды қауіпсіз орынға ауыстыру

359. Сотталғандар мен басқа да адамдар тарапынан сотталғанның жеке басына қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасау қатері туындаған кезде, сотталған осындай қатер төнбейтін ҚО-ға ауыстыру туралы мекеме әкімшілігіне жазбаша жүгінуге құқылы. Бұл жағдайда, мекеме бастығы сотталғанды ҚО-ға ауыстыру бойынша шараларды дереу қабылдайды қолданады.


360. Бұндай қатер төнудің пайда болуын анықтаған жағдайда, мекеме әкімшілігі оны немесе қатер көзін ҚО-ға ауыстыру бойынша шұғыл шараларды және олардың келісіміне қарамастан, сотталғанның жеке басына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықты жасау мүмкіншілігін жоятын басқа да шараларды қабылдайды.
361. Мекеме бастығы болмаған жағдайда, мекеме бастығы келгенше сотталғанды ҚО-ға ауыстыру туралы шешімді МБКК қабылдайды.
362. Сотталғанды мекеме бастығының немесе жазаны орындайтын органның қаулысы бойынша 30 тәулiкке дейінгі мерзiмге, шұғыл жағдайларда бастық келгенше МБКК, бiрақ 24 сағаттан аспайтын мерзiмге ҚО-ға ауыстырады. ҚО-ға ауыстыру туралы қаулының көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей прокурорға жолданады.
363. Қажет болған жағдайда аталған мекемеде заңдылықтың сақталуын қадағалауды жүзеге асыратын прокурордың келiсiмiмен ҚО-да ұстау мерзiмi отыз тәулiкке дейiн ұзартылуы мүмкiн. Сотталғанды ҚО-ға ауыстыру жазалау болып табылмайды.
364. Осы мекемеде сотталғанның жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда, мекеме бастығы сотталғанды басқа мекемеге оның жазасын одан әрі өтеу үшін жіберу (сотталғанның жеке басына қатер төндiретін адамды ауыстыру) бойынша шешiм қабылдайды.
365. Жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк мектептерде оқитын адамдар ҚО-да болу кезінде сабаққа шығарылмайды. Оларға өз бетiнше оқу және оқытушылардан кеңес алу мүмкiндiгі берiледi.
366. Мекеме бастығы қауіпсіздік шараларын қолдану туралы шешім қабылдайтын және қылмыстық сот ісін жүргізудің қатысушысы болып табылатын сотталғанға қатысты қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын органдарға көмек көрсетеді.
367. Қауіпсіз орын ретінде ТИ-дың және УОҮЖ-ның камералары пайдаланылуы мүмкін, онда сотталған оны ҚО-ға ауыстырғанға дейін белгіленген ұстау жағдайларында болады.






29

4-Параграф. Сотталғандарды мекемелердің камераларында ұстау жағдайлары

144. Ұстаудың камералық жағдайында бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеудің ерекшеліктері ҚАК-нің 146-148-баптарында белгіленген.


145. Ұстаудың камералық жағдайындағы мекемелеріне сотталғандарды қабылдау осы Қағидалардың 2-тарауының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
146. Сотталғандар мекеменің камераларына ҚАК-нің 115-бабының 1-тармағында белгіленген тұрғын алаңы нормаларына сәйкес орналастырылады. Мекеменің әрбір камерасы жеке жатын орындарымен, киімге, iшкиiмге және ыдысқа арналған шкафтармен, радионүкте, санитариялық тораппен және қолжуғышпен жабдықталады. Әрбір корпус монша қондырғыларымен және душтармен жабдықталады.
147. Камералық ұстау мекемесіне келген сотталғандарды кезекші немесе оның орынбасары жедел бөлініс қызметкерінің және психологтың келісімі бойынша карантин бөлімшесінің камераларына орналастырады. Карантинде болудың белгіленген мерзімі аяқталғаннан кейін сотталғандарды мекеме комиссиясы камералар бойынша бөледі. Бірге қылмыс жасаған, сондай-ақ туыстық байланыстары бар сотталғандар жеке (бөлек корпустарға) орналастырылады. Мекеме әкімшілігі олардың арасында байланыстарды болдырмау бойынша шаралар қабылдайды.
Террористік немесе экстремистік қылмыстар үшін сотталғандарды қоспағанда күш қолданумен байланысты емес қылмыстар үшін сотталғандар бөлек ұсталады.
148. Камераларда ұсталатын сотталғандардың телебағдарламаларды көруі және радиобағдарламаларды тыңдауы, мекеменің кітапханасынан алынған көркем және өзге әдебиетті қолдану жұмыстан бос уақытта және күн тәртібінде түнгі демалуға бөлінген уақыттан басқа, міндетті бұқаралық іс-шаралар кезінде жүзеге асырылады.
149. Мекемелерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін тергеу изоляторларына ауыстырылған, оларға ұстау жағдайларына қарамастан күнделікті ұзақтығы бір жарым сағаттық сейілге шығу құқығы берілетін сотталғандарды қоспағанда, мекеменің камераларында ұсталатын сотталғандардың сейілге шығулары ҚАК-нің 111, 134, 138, 140, 141, 145, 146, 150, 159-баптарына сәйкес жүргiзiледi.
150. Камерадан шығару және камераға қамау кезінде сотталғандар толық емес тiнтуден өткiзiледi. Сотталғандардың сатуына және пайдалануына тыйым салынған заттарды, бұйымдарды, заттектерді, құжаттар мен тамақ өнімдерін, қашуға дайындалуға арналған нәрселерді анықтау мақсатында камераларды тексеру жүргiзiледi, сондай-ақ құлыптардың, терезе торларының және басқа да жабдықтардың дұрыстығы тексерiледi.
151. Мекемелердің камераларында сотталғандарды тексеру корпустарда тексеру карточкалары бойынша жүргiзiледi.
152. Сотталғандардың жеке гигиена заттарын қоспағанда, жеке заттары сақтау камераларына тапсырылады. Сотталғандарға тиесiлi темекi бұйымдары мен сiрiңке, оттықтар сақтау камераларындағы арнайы жабдықталған шкафтарда (жәшiктерде) сақталады. Сотталғандардың сақтау камераларынан заттарын және тамақ өнімдерін алуы бекiтiлген кестеге сәйкес жүзеге асырылады.
153. Сотталғандарды дәрiгердiң қабылдауына (медициналық тексеруге) алдын ала жазу бақылау қызметі кезекшiлiгінің ауысымы және сотталғандарды салыстырып тексеру кезiнде сотталғандардың өтініші бойынша жүзеге асырылады. Ауруханаға жатқызылған жағдайда сотталған мекеменің медициналық санитарлық бөлiмiнің стационарына ауыстырылады.
154. Сотталғандарға темекі шегуге осы мақсаттарға арналған арнайы орындарда ғана рұқсат етіледі.

4-Параграф. Сотталғандарды мекемелердің камераларында ұстау жағдайларының ерекшеліктері

368. Ұстаудың камералық жағдайында бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеудің ерекшеліктері ҚАК-нің 146-148-баптарында белгіленген.


369. Ұстаудың камералық жағдайындағы мекемелеріне сотталғандарды қабылдау осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
370. Сотталғандар мекеменің камераларына ҚАК-нің 115-бабының 1-тармағында белгіленген тұрғын алаңы нормаларына сәйкес орналастырылады. Мекеменің әрбір камерасы жеке жатын орындарымен, киімге, iшкиiмге және ыдысқа арналған шкафтармен, радионүкте, қалған үй-жайдан биіктігі 1 метрден аспайтын экранмен қоршалған санитариялық торап және қолжуғыш жабдықталады. Әрбір корпус монша қондырғыларымен және душтармен жабдықталады.
371. Камералық ұстау жағдайларымен мекемесіне келген сотталғандарды МБКК немесе оның орынбасары жедел бөлініс қызметкерінің және психологтың келісімі бойынша карантин бөлімшесінің камераларына орналастырады. Карантинде болудың белгіленген мерзімі аяқталғаннан кейін сотталғандарды мекеме комиссиясы камералар бойынша бөледі.
372. Бірге қылмыс жасаған, сондай-ақ туыстық байланыстары бар сотталғандар жеке (бөлек корпустарға) орналастырылады. Мекеме әкімшілігі олардың арасында байланыстарды болдырмау бойынша шаралар қабылдайды.
373. Террористік немесе экстремистік қылмыстар үшін сотталғандарды қоспағанда күш қолданумен байланысты емес қылмыстар үшін сотталғандар бөлек ұсталады.
374. Камераларда ұсталатын сотталғандардың телебағдарламаларды көруі және радиобағдарламаларды тыңдауы, мекеменің кітапханасынан алынған көркем және өзге әдебиетті қолдану жұмыстан бос уақытта және күн тәртібінде түнгі демалуға бөлінген уақыттан басқа, міндетті бұқаралық іс-шаралар кезінде жүзеге асырылады.
375. Мекемелерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін тергеу изоляторларына ауыстырылған, оларға ұстау жағдайларына қарамастан күнделікті ұзақтығы бір жарым сағаттық сейілге шығу құқығы берілетін сотталғандарды қоспағанда, мекеменің камераларында ұсталатын сотталғандардың сейілге шығулары мекеменің түріне және ұстау жағдайларына байланысты ҚАК-ның талаптарына сәйкес жүргiзiледi.
376. Камерадан шығару және камераға қамау кезінде сотталғандар толық емес тiнтуден өткiзiледi. Сотталғандардың сақтауына және пайдалануына тыйым салынған заттарды, бұйымдарды, заттектерді, құжаттар мен тамақ өнімдерін, қашуға дайындалуға арналған нәрселерді анықтау мақсатында камераларды тексеру жүргiзiледi, сондай-ақ құлыптардың, терезе торларының және басқа да жабдықтардың дұрыстығы тексерiледi.
Мекеме қызметкерлерінің, БӘЖ (ҚАЖ бақылаушыларының) талап етуі бойынша сотталғандар қызметкерге бір-бірден келеді, қолдарын жоғары көтереді, содан кейін толық емес тінту жүргізілгеннен кейін камерадан дәлізге шығарылады және қабырға бойымен қатарлық тәртіппен отырады, бұл ретте қолдарын желкесінде «құлыпқа» қалпында ұстайды және камераларды қараудың аяқталуын күтеді.
377. Камераға қамалған кезде мекеме қызметкерінің, БӘЖ (ҚАЖ бақылаушыларының) талабы бойынша сотталған бетін қабырғаға бұрып, қолын жоғары көтереді және алақанының артқы жағымен қабырғаға тіреледі, бұл ретте аяқтары иық енінен бөлек орналасады. Толық емес тінту жүргізілгеннен кейін және қызметкердің талабы бойынша камераға кіреді.
378. Мекемелердің камераларында сотталғандарды тексеру корпустарда тексеру карточкалары бойынша жүргiзiледi.
Мекеме қызметкерінің немесе БӘЖ (ҚАЖ бақылаушылары) талап етуі бойынша сотталғандар мекеме әкімшілігі көрсеткен орындарда белгіленген киім нысанында сапқа тұрғызылады. Тегін оқу кезінде сотталған «Мен» немесе «Я» деп жауап береді және өзінің аты мен әкесінің атын (бар болса) атайды.
379. Бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезеңінде камерада ұсталушы сотталғандардың ұзақ жоқтығына күдік туындаған жағдайда бақылаушының талабы бойынша сотталғандар қолдарын ашық алақандары бар тігістер бойынша орналастыра отырып, камераның ортасына сапқа тұрғызылады. Камерада адамдардың бар екеніне және бұзушылықтардың жоқ екеніне көз жеткізгеннен кейін бақылаушы қызмет атқаруды жалғастырады.
380. Сотталғандардың жеке гигиена заттарын қоспағанда, жеке заттары сақтау камераларына тапсырылады. Сотталғандарға тиесiлi темекi бұйымдары мен сiрiңке (кәмелетке толмаған сотталғандардан басқа), оттықтар сақтау камераларындағы арнайы жабдықталған шкафтарда (жәшiктерде) сақталады. Сотталғандардың сақтау камераларынан заттарын және тамақ өнімдерін алуы бекiтiлген кестеге сәйкес жүзеге асырылады.
381. Әрбір сөмкеде сотталғанның фотосуреті, сотталғанның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) көрсетілген және осы Қағидалардың белгіленген талаптарына сәйкес заттар мен заттардың ішкі тізімдемесі салынған бирка түріндегі тақтайша бекітіледі.
382. Жеке гигиена құралдары (бір рет қолданылатын ұстара станоктары, қайшылар, тырнақтарды қырқуға арналған құралдар) күзет орны бақылаушысының немесе корпус бойынша жетекшінің бақылауымен пайдалану уақытына кесте мен күн тәртібіне сәйкес беріледі. Қалған уақытта бекетте жабдықталған арнайы ұяшықтарда сақталады.
383. Сотталғандарды дәрiгердiң қабылдауына (медициналық тексеруге) алдын ала жазу бақылау қызметі кезекшiлiгінің ауысымы және сотталғандарды салыстырып тексеру кезiнде сотталғандардың өтініші бойынша жүзеге асырылады.
384. Ауруханаға жатқызылған жағдайда сотталған мекеменің медициналық санитарлық бөлiмiнің стационарына ауыстырылады.
385. Сотталғандарға камераларда және үй-жайларда темекі шегуге жол берілмейді, тек осы мақсаттар үшін арнайы бөлінген отрядтардың жергілікті учаскелері немесе серуендеу аулалары аумақтарының ашық ауадағы орындарында темекі шегуге рұқсат етіледі.
386. Режимдік корпустар бойынша жүріп-тұру тек екі қатар саппен, баспалдақ марштарымен бір қатарда жүзеге асырылады, бұл ретте сотталғандарға жүріп-тұру кезінде өзара сөйлесуге, мекеменің басқа камераларында немесе өзге де үй-жайларында, серуендеу аулаларында ұсталатын адамдарға қандай да бір заттарды беруге жол берілмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   59




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
ғылым министрлігі
сәйкес оқыту
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасы
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
республикасы білім
Жалпы ережелер
бекіту туралы
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
арналған жиынтық
болып табылады
Қазақстан республикасының
Зертханалық жұмыс
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
рсетілетін қызмет
Қазақ әдебиеті
Қысқа мерзімді
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
атындағы жалпы
туралы жалпы
қызмет стандарты
пайда болуы
әдістемелік ұсыныстар
Жұмыс бағдарламасы
қарым қатынас
коммуналдық мемлекеттік
емтихан сұрақтары