Қолданыстағы редакция Ұсынылатын редакция


Сотталғанды ҚҰЖ-ға немесе ЖАК-қа ауыстырған кезде оған жұбайымен (жұбайымен), жақын туыстарымен бір телефон арқылы сөйлесу құқығы беріледі



бет29/59
Дата19.01.2023
өлшемі1.42 Mb.
#417152
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   59
Байланысты:
!@02= B01;8F0 -- -- -07
тест органоиды (1), Брайан Трейси. Тайм-менеджмент.
301. Сотталғанды ҚҰЖ-ға немесе ЖАК-қа ауыстырған кезде оған жұбайымен (жұбайымен), жақын туыстарымен бір телефон арқылы сөйлесу құқығы беріледі.






25

7-тарау. Сотталғандарға мекеменің шегiнен тыс жерге шығулар беру тәртiбi

106. Мекемелерде ұсталатын сотталғандарға, сондай-ақ қауіпсіздігі аралас мекемеде белгіленген тәртіпте қалдырылған және шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды атқару үшін толық қауіпсіз мекемесіне жіберілген сотталғандарға мекеменің шегінен тыс жерге қысқа мерзімге шығуларға рұқсат етіледі.


107. Мекеменің шегінен тыс жерге қысқа мерзімге шығулар жұбайы (зайыбы), жақын туысы қайтыс болған немесе науқастың өміріне қатер төндіретіндей қатты ауырған, оның отбасына айтарлықтай материалдық залал келтірген дүлей зілзалаға байланысты, бару-қайту жолына қажет (бес тәулiктен аспайтын) уақытты есептемегенде, жеті тәуліктен аспайтын мерзімге беріледі.
Қысқа мерзiмді шығуға рұқсат беру туралы өтiнiшке айрықша жеке мән-жайлардың барын растайтын құжаттар ҚАК-нің 113-бабында көрсетілген: денсаулық сақтау органдарының, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының анықтамалары және берiлген жерi бойынша iшкi iстер органдары куәландырған құжаттар, сотталғанның босатылғаннан кейін еңбекке және тұрмыстық орналасу мәселелерiн алдынала шешу үшiн берген өтiнiмге және еңбекке және тұрмыстық орналастыру жөнiндегi аға инспектордың дәлелдi ұсынымхаты қоса берiледi.
108. Мекеменің шегінен тыс жерге ұзақ мерзiмге шығулар жыл сайынғы ақылы демалыс уақытына, қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға олардың өтінімдері бойынша беріледі.
109. Мекемелердің балалар үйлерiнде балалары бар сотталған әйелдерге балаларын туған-туыстарына не балалар үйiне орналастыру үшiн бару-қайту жолына қажет уақытты есептемегенде, мекеменiң шегiнен тыс жетi тәулiкке дейiнгi мерзiмге қысқа мерзiмге шығуға, ал мекемеден тыс жерде кәмелетке толмаған мүгедек балалары бар сотталған әйелдерге олармен кездесуi үшiн жылына дәл сондай мерзiмге бiр рет қысқа мерзiмге шығуға рұқсат етiлуi мүмкiн.
110. Сотталғанның мекеменің шегінен тыс жерге шығуы туралы өтiнiмі сотталғанның жеке басын және мiнез-құлқын ескере отырып, тәулiктік мерзімде мекеме бастығы қарайды.
Мекеменің шегінен тыс жерге шығуға рұқсатты сотталғанның жазбаша өтінімі негізінде мекеме бастығы береді және мекеме бастығының бұйрығымен ресімделеді.
111. Ұзақ мерзiмге немесе қысқа мерзiмге шығуға рұқсат алған сотталғанға осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлiк берiледi, шығу тәртiбi түсiндiрiледi және оған бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден жалтарғаны үшін ҚК 427-бабы бойынша қылмыстық жауапкершiлігі туралы ескертiледi, ол туралы осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат беріледi. Шығуға байланысты шығыстарды төлеуге ақшаны сотталғанның жеке қаражатынан, оның жазбаша өтiнiмi бойынша мекеменiң бухгалтериясы бередi.
112. Жол жүру билеттерiн сотталған өз бетiнше немесе өзге адамдардың көмегімен сатып алады, мұндай мүмкіншілік болмаған жағдайда мекеме әкiмшiлiгi оған көмек көрсетедi.
113. Шығу кезеңiнде сотталған өзiне тиесiлi азаматтық киiмi мен аяқ киiмiн алады.
114. Сотталған белгiленген жерге келгеннен соң бiр тәулiк iшiнде iшкi iстер органдарының кезекшi бөлiмiне, ал ауылдық жерлерде учаскелік полиция инспекторына келеді, куәлiгiне келгенi туралы белгi жасатады, келу мақсатын, болатын жерi мен мерзiмiн, кететiн күнін хабарлайды. Шығу уақыты аяқталғаннан кейін сотталған сол iшкi iстер органында куәлiгiне мекемеге кеткенi туралы белгi қойдырып алады. Мекемеге түнгi уақытта немесе таңертең ерте кететін кезде белгi кететін күннiң алдындағы күнi қойылады. Келген және кеткен күні туралы белгiлер iшкi iстер органының мөрiмен куәландырылады.
115. Сотталған мекемеге келгеннен кейін куәлiгiн, жол жүру билеттерiн көрсетедi. Сотталғанның белгiленген мерзiмде шығуын қиындататын (жеңілдемейтін күш, яғни бұндай жағдайларда төтенше және күтпеген) мән-жайлар туындаған жағдайда, сотталғанның келген жерiндегi iшкi iстер органы бастығының қаулысы бойынша бұл туралы мекеме әкiмшiлiгiне мiндеттi түрде жедел хабарлай отырып, мекемеге кету мерзiмi бес тәулiкке дейiн ұзартылады.
116. Шығу уақытында ауырып қалған және сотталғанды ауруханаға жатқызу қажет болған кезде сотталған не оның ата-анасы немесе жақын туыстары ол туралы сотталғанның жазасын өтеп жатқан мекеменiң әкiмшiлiгiне және келген жерiндегi iшкi iстер органына дереу хабарлайды. Бұл жағдайда сотталған денсаулық сақтау органдарының ең жақын емдеу мекемесiне жiберiледі. Емдеу аяқталған және шыққан соң сотталған жазасын өтеу орнына келедi.
117. I және II топтағы мүгедек болып табылатын және денсаулық жағдайы бойынша үнемі күтiмдi қажет ететiн сотталғандарға, сондай-ақ кәмелетке толмаған сотталғандарға мекеме шегiнен тыс жерде шығуға туысының немесе өзге де еріп жүрген адамның бірге жүруімен рұқсат етiледi.
118. ҚАК-нің 113-бабының 3-бөлігінде көрсетілген сотталғандарға мекеменің шегінен тыс жерге шығулар берілмейді.

9-тарау. Сотталғандарға мекеменің шегiнен тыс жерге шығулар беру тәртiбi

302. Мекемелерде ұсталатын сотталғандарға, сондай-ақ қауіпсіздігі аралас мекемеде белгіленген тәртіпте қалдырылған және шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды атқару үшін толық қауіпсіз мекемесіне жіберілген сотталғандарға мекеменің шегінен тыс жерге қысқа мерзімге шығуларға рұқсат етіледі.


303. Мекеменің шегінен тыс жерге қысқа мерзімге шығулар жұбайы (зайыбы), жақын туысы қайтыс болған немесе науқастың өміріне қатер төндіретіндей қатты ауырған, оның отбасына айтарлықтай материалдық залал келтірген дүлей зілзалаға байланысты, бару-қайту жолына қажет (бес тәулiктен аспайтын) уақытты есептемегенде, жеті тәуліктен аспайтын мерзімге беріледі. Материалдардың жинақтауын және қалыптастыруын мекеменің жасақ бастығы жүзеге асырады.
304. Қысқа мерзiмді шығуға рұқсат беру туралы өтiнiшке айрықша жеке мән-жайлардың барын растайтын құжаттар ҚАК-нің 113-бабында көрсетілген: денсаулық сақтау органдарының, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының анықтамалары және берiлген жерi бойынша iшкi iстер органдары куәландырған құжаттар, сотталғанның босатылғаннан кейін еңбекке және тұрмыстық орналасу мәселелерiн алдынала шешу үшiн берген өтiнiмге және еңбекке және тұрмыстық орналастыру жөнiндегi аға инспектордың дәлелдi ұсынымхаты қоса берiледi.
305. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазасын өтеп жүрген сотталғандарға мекемеден тыс жерге жыл сайынғы ақылы демалыс уақытына олардың өтінімі бойынша тұрғылықты жері бойынша жылына бір реттен асырмай ұзақ сапарлар беріледі. Материалдардың жинақтауын және қалыптастыруын мекеменің сотталғандардың еңбек ұйымдастыру иснпекторы жүзеге асырады.
306. Мекемелердің балалар үйлерiнде балалары бар сотталған әйелдерге балаларын туған-туыстарына не балалар үйiне орналастыру үшiн бару-қайту жолына қажет уақытты есептемегенде, мекеменiң шегiнен тыс жетi тәулiкке дейiнгi мерзiмге қысқа мерзiмге шығуға, ал мекемеден тыс жерде кәмелетке толмаған мүгедек балалары бар сотталған әйелдерге олармен кездесуi үшiн жылына дәл сондай мерзiмге бiр рет қысқа мерзiмге шығуға рұқсат етiлуi мүмкiн.
307. Сотталғанның мекеменің шегінен тыс жерге шығуы туралы өтiнiмі сотталғанның жеке басын және мiнез-құлқын ескере отырып, тәулiктік мерзімде мекеме бастығы қарайды.
308. Мекемеден тыс жерге шығуға рұқсат басталғанға дейін лауазымды тұлға материал қалыптастырады. Сотталғандардан өтінімдерін, ҚАК-нің 113-бабында көрсетілген ерекше жеке мән-жайлардың болуын растайтын қажетті құжаттарды қабылдайды және оларға жеке іс бойынша анықтаманы, мінездемені, денсаулық жағдайы туралы анықтаманы қоса тіркеп, кездесуді ұсыну (не бас тарту) туралы комиссиялық шешім қабылдайтын мекеме бастығына немесе оны алмастыратын адамға ұсынады.
309. Ұзақ мерзiмге немесе қысқа мерзiмге шығуға рұқсат алған сотталғанға осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлiк берiледi, шығу тәртiбi түсiндiрiледi және оған бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден жалтарғаны үшін ҚК 427-бабы бойынша қылмыстық жауапкершiлігі туралы ескертiледi, ол туралы осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат беріледi. Шығуға байланысты шығыстарды төлеуге ақшаны сотталғанның жеке қаражатынан, оның жазбаша өтiнiмi бойынша мекеменiң бухгалтериясы бередi.
310. Сотталғандардың қысқа мерзімді немесе ұзақ шығуы осы Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қысқа мерзімді, ұзақ шығулар/шығулар, ауруханалардағы сотталғандарды есепке алу журналында тіркеледі.
311. Жол жүру билеттерiн сотталған өз бетiнше немесе өзге адамдардың көмегімен сатып алады, мұндай мүмкіншілік болмаған жағдайда мекеме әкiмшiлiгi оған көмек көрсетедi.
312. Шығу кезеңiнде сотталған өзiне тиесiлi азаматтық киiмi мен аяқ киiмiн алады.
313. Сотталған белгiленген жерге келгеннен соң бiр тәулiк iшiнде iшкi iстер органдарының кезекшi бөлiмiне, ал ауылдық жерлерде учаскелік полиция инспекторына келеді, куәлiгiне келгенi туралы белгi жасатады, келу мақсатын, болатын жерi мен мерзiмiн, кететiн күнін хабарлайды. Шығу уақыты аяқталғаннан кейін сотталған сол iшкi iстер органында куәлiгiне мекемеге кеткенi туралы белгi қойдырып алады. Мекемеге түнгi уақытта немесе таңертең ерте кететін кезде белгi кететін күннiң алдындағы күнi қойылады. Келген және кеткен күні туралы белгiлер iшкi iстер органының мөрiмен куәландырылады.
314. Сотталған мекемеге келгеннен кейін куәлiгiн, жол жүру билеттерiн көрсетедi. Сотталғанның белгiленген мерзiмде шығуын қиындататын (жеңілдемейтін күш, яғни бұндай жағдайларда төтенше және күтпеген) мән-жайлар туындаған жағдайда, сотталғанның келген жерiндегi iшкi iстер органы бастығының қаулысы бойынша бұл туралы мекеме әкiмшiлiгiне мiндеттi түрде жедел хабарлай отырып, мекемеге кету мерзiмi бес тәулiкке дейiн ұзартылады.
315. Шығу уақытында ауырып қалған және сотталғанды ауруханаға жатқызу қажет болған кезде сотталған не оның ата-анасы немесе жақын туыстары ол туралы сотталғанның жазасын өтеп жатқан мекеменiң әкiмшiлiгiне және келген жерiндегi iшкi iстер органына дереу хабарлайды. Бұл жағдайда сотталған денсаулық сақтау органдарының ең жақын емдеу мекемесiне жiберiледі. Емдеу аяқталған және шыққан соң сотталған жазасын өтеу орнына келедi.
316. I және II топтағы мүгедек болып табылатын және денсаулық жағдайы бойынша үнемі күтiмдi қажет ететiн сотталғандарға, сондай-ақ кәмелетке толмаған сотталғандарға мекеме шегiнен тыс жерде шығуға туысының немесе өзге де еріп жүрген адамның бірге жүруімен рұқсат етiледi.
317. ҚАК-нің 113-бабының 3-бөлігінде көрсетілген сотталғандарға мекеменің шегінен тыс жерге шығулар берілмейді.




26

8-тарау.Сотталғандардың қатаң жағдайларда жазасын өтеу тәртібі, сотталғандарды тәртіптік изоляторларда, жалғыз адамдық камераларда және уақытша оқшаулау үй-жайларында, қауіпсіз орында, мекемелердегі камераларда ұстау шарттары

1-Параграф. Сотталғандардың қатаң жағдайда жазасын өтеуi


119. Жазасын қатаң жағдайда өтеп жатқан сотталғандардың тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алуы, оларға кездесулер, сейілдеулер, телефон арқылы сөйлесулер беру ҚАК-нің 109, 136, 138, 140, 141, 143, 145, 146, 151, 159-баптарында көзделген.


120. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда қатаң жағдайда жазасын өтейтін сотталғандар тұратын үй-жайлар санитарлық-гигиеналық нормалар мен талаптарды сақтай отырып, коммуналдық-тұрмыстық объектiлердiң толық кешенiмен жабдықталады. Сотталғандар мекемеде жазасын өтейтін адамдардың негізгі бөлігінен оқшау ұсталады.
121. Қатаң жағдайда жазасын өтейтіндер тұратын үй-жайларды санитарлық тазартуды онда ұсталатын сотталғандар жасақ бастығы бекіткен кесте бойынша жүргізіледі.
122. Жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк мектептерде оқитын адамдар жазасын қатаң жағдайда өтеу кезеңінде сабаққа шығарылмайды. Оларға өз бетiнше оқу және оқытушылардан кеңес алу мүмкiндiгi берiледi.
123. Мәдени-бұқаралық іс-шаралар, еңбекке пайдалану, тамақтану, медициналық тексеру, санитарлық тазарту, амбулаторлық емдеу, сотталғандарды жеке мәселелерi бойынша қабылдау олардың тұратын жері бойынша ұйымдастырылады.
123-1. Қатаң жағдайда жазасын өтейтін сотталғандар тек сейілдеу кезiнде ғана темекi тартады. Сотталғандарға тиесiлi темекi бұйымдары, оттықтар мен сiрiңкелер осы үй-жайдағы сақтау камерасында арнайы жабдықталған шкафта (жәшiкте) сақталады.

10-тарау. Сотталғандардың мекемелердегі камераларда, ҚҰЖ-да, ТИ-да, ЖАК-да, УОҮЖ-да, ҚО-да жазасын өтеу тәртібі,

1-Параграф. Сотталғандардың қатаң жағдайда жазасын өтеу тәртібі


318. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда ҚҰЖ-да жазасын өтейтін сотталғандар тұратын үй-жайлар санитарлық-гигиеналық нормалар мен талаптарды сақтай отырып, коммуналдық-тұрмыстық объектiлердiң толық кешенiмен жабдықталады. Сотталғандар мекемеде жазасын өтейтін адамдардың негізгі бөлігінен оқшау ұсталады.
319. Жазасын ҚҰЖ-да өтеп жатқан сотталғандардың тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алуы, оларға кездесулер, сейілдеулер, телефон арқылы сөйлесулер беру ҚАК-мен мекеменің түріне байланысты көзделген.
320. ҚҰЖ жасағындағы сотталғандар басқа сотталғандармен байланысуды болдырмайтын жабылатын үй-жайларда ұсталады, оларда қалған үй-жайдан биіктігі 1 метрден аспайтын экранмен қоршалған санитариялық торап, жатын секциясы, ТЖҮЖ-мен біріктірілген тамақ ішетін үй-жай (шайхана) жабдықталады. Тамақтану және телебағдарламаларды қарау тәрбие жұмысын жүргізу үшін бір мезгілде ТЖҮЖ қызмет ететін тамақ ішетін үй-жайда (шайханада) ұйымдастырылады. Себезгі қондырғылары тұрғын үй-жайлардан бөлек жабдықталады.
321. Күндізгі уақытта күтіп-бағу ҚҰЖ жасағының сотталғандары ұйықтайтын секциядан басқа барлық үй-жайларды пайдаланады (ұйықтайтын секция қалған үй-жайлардан металл тормен қоршалады), оны сотталғандарға тек ұйқы кезінде ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Төсектерді көтергеннен және салғаннан кейін жатын секция құлыпқа жабылады. Ұйқыға жатардан 1 сағат бұрын сотталғандар ұйқыға дайындалу үшін түнгі камераға ауыстырылады.
322. Камералық ұстау жағдайлары бар мекемелерде ҚҰЖ жасағының сотталғандары камераларда ұсталады. Камераларда басқа үй-жайлардан биіктігі 1 метрден аспайтын экранмен қоршалған санитариялық торап жабдықталады. Тамақтану камераларда жүзеге асырылады. Телебағдарламаларды қарауды бақылау және қадағалау жөніндегі бақылаушы күн тәртібінде белгіленген уақытта теледидарды өту дәлізінен қосу арқылы жүзеге асырады.
323. Жабылатын үй-жайлардан шығу уақыты 1,5 сағаттан аспайтын серуен өткізу кезеңіне рұқсат етіледі. Серуенге сотталғандар камера бойынша шығарылады, серуендеу жасақтың жергілікті учаскесіндегі серуендеу аулаларында жүргізіледі.
324. Тамақ ішу тамақ ішетін үй-жайларда (шайханада) күн тәртібімен белгіленген уақытта жабылатын үй-жайларда жүзеге асырылады. Камералық ұстау жағдайларымен ҚҰЖ жасақтарында тамақ ішу камераларда жүзеге асырылады. Телебағдарламаларды қарауды күн тәртібінде белгіленген уақытта бақылау және қадағалау жөніндегі бақылаушы теледидарды өту дәлізінен қосу арқылы камера бойынша жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   59




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бағдарламасына сәйкес
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
сәйкес оқыту
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасы
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
республикасы білім
Жалпы ережелер
бекіту туралы
нтізбелік тақырыптық
арналған жиынтық
жалпы білім
болып табылады
Қазақстан республикасының
Зертханалық жұмыс
арналған әдістемелік
рсетілетін қызмет
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
Қысқа мерзімді
білім берудің
пәнінен тоқсанға
тақырыптық жоспар
қызмет стандарты
туралы жалпы
атындағы жалпы
пайда болуы
әдістемелік ұсыныстар
Жұмыс бағдарламасы
қарым қатынас
емтихан сұрақтары
пәнінен тоқсан