Қолданыстағы редакция Ұсынылатын редакция



бет28/59
Дата19.01.2023
өлшемі1.42 Mb.
#417152
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   59
Байланысты:
!@02= B01;8F0 -- -- -07
тест органоиды (1), Брайан Трейси. Тайм-менеджмент.



24

4-Параграф. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға телефон арқылы сөйлесу ұсыну тәртiбi

101. Әлеуметтік байланыстарын сақтау үшін сотталғандарға телефондық сөйлесулер жеке ісінде көрсетілген жақын туыстарымен және өзге де адамдармен олардың өтінімдері бойынша ұсынылады.


Телефон арқылы сөйлесулер, оның ішінде техникалық мүмкіндіктер болған кезде бейнебайланыс жүйесін пайдаланумен, сотталғанның жазбаша өтінімі бойынша беріледі, онда абоненттің мекенжайы, телефон нөмірі және 15 минут сөйлесу ұзақтығы көрсетіледі. Телефон арқылы сөйлесулер сотталғандардың немесе олардың жұбайы (зайыбы), жақын туыстарының жеке қаражаттары есебінен төленеді. Телефон арқылы сөйлесулер алдында мекеме қызметкері сотталғанды сөйлесу бақыланатыны туралы ескертеді және жеке өзі өтінімде көрсетілген телефонның нөмірін тереді.
102. Телефон арқылы сөйлесулер, оның ішінде техникалық мүмкіндіктер болған кезде бейнебайланыс жүйесін пайдаланумен, сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін мекеме бастығы не оны алмастыратын адамның атына сотталғанның жазбаша өтінімі негізінде, кезектілігі және кестеге сәйкес ұсынылады.
103. Жұбайы (зайыбы), жақын туыстарын, сотталғанмен некеде жоқ, онымен ортақ балалары бар адамдарды қоспағанда, мекемелерде ұсталатын сотталғандардың арасында телефон арқылы сөйлесулерге жол берілмейді.
104. Жазаны өтеудің қатаң жағдайларында ұсталатын сотталғандарға, сондай-ақ тәртiптiк изоляторға, жалғыз адамдық камераға және уақытша оқшаулау үй-жайларында қамалған сотталғандарға жұбайы (зайыбы), жақын туысы қайтыс болған немесе науқастың өміріне қатер төндіретіндей қатты ауырған, оның отбасына айтарлықтай материалдық залал келтірген дүлей зілзала болған айрықша жағдайларда телефон арқылы сөйлесуге рұқсат беріледі.
Жоғарыда көрсетілген себептер бойынша ерекше мән-жайлардың бары қайтыс болу туралы куәлікпен, денсаулық сақтау органдарының және жергілікті атқарушы органдардың анықтамаларымен расталады.
Осы телефон арқылы сөйлесулерді ұсынған кезде мекеме әкімшілігі сотталғанның қауіпсіздігін және оқшаулануын қамтамасыз етеді.
Айрықша жеке жағдайларға халықтың ауруларының алдын алуды және емдеуді, Республикалық не өңірлік деңгейдегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды қамтитын әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар да жатады. Бұл жағдайда жазаны өтеудің қатаң жағдайларындағы, жалғыз адамдық камерадағы, уақытша оқшаулау үй-жайындағы сотталғандарға жақын туыстарымен телефон арқылы сөйлесу айына бір рет беріледі.
105. Сөйлесулер жүргізу, телекоммуникация құралдарын пайдалану қағидаларын бұзған немесе сөйлесу кезiнде этика және мораль нормаларын сақтамаған жағдайда сөйлесулер дереу тоқтатылады.

4-Параграф. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға телефон арқылы сөйлесу ұсыну тәртiбi

293. Әлеуметтік байланыстарын сақтау үшін сотталғандарға телефондық сөйлесулер жеке ісінде көрсетілген жақын туыстарымен және өзге де адамдармен олардың өтінімдері бойынша ұсынылады.


294. Телефон арқылы сөйлесулер, бейнебайланыс жүйесін пайдаланумен, сотталғанның жазбаша өтінімі бойынша беріледі, онда абоненттің мекенжайы, телефон нөмірі және 15 минут сөйлесу ұзақтығы көрсетіледі.
295. Телефон арқылы сөйлесулер сотталғандардың немесе олардың жұбайы (зайыбы), жақын туыстарының жеке қаражаттары есебінен төленеді. Телефон арқылы сөйлесулер алдында мекеме қызметкері сотталғанды сөйлесу бақыланатыны туралы ескертеді және жеке өзі өтінімде көрсетілген телефонның нөмірін тереді.
296. Телефон арқылы сөйлесулер, бейнебайланыс жүйесін пайдаланумен, сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін мекеме бастығы не оны алмастыратын адамның атына сотталғанның жазбаша өтінімі негізінде, кезектілігі және кестеге сәйкес ұсынылады.
297. Жұбайы (зайыбы), жақын туыстарын, сотталғанмен некеде жоқ, онымен ортақ балалары бар адамдарды қоспағанда, мекемелерде ұсталатын сотталғандардың арасында телефон арқылы сөйлесулерге жол берілмейді.
298. Жазаны өтеудің ҚҰЖ-да сотталғандарға, сондай-ақ ТИ-ға, ЖАК-ға және УОҮЖ-ға қамалған сотталғандарға жұбайы (зайыбы), жақын туысы қайтыс болған немесе науқастың өміріне қатер төндіретіндей қатты ауырған, оның отбасына айтарлықтай материалдық залал келтірген дүлей зілзала болған айрықша жағдайларда телефон арқылы сөйлесуге рұқсат беріледі.
Жоғарыда көрсетілген себептер бойынша ерекше мән-жайлардың бары қайтыс болу туралы куәлікпен, денсаулық сақтау органдарының және жергілікті атқарушы органдардың анықтамаларымен расталады.
Осы телефон арқылы сөйлесулерді ұсынған кезде мекеме әкімшілігі сотталғанның қауіпсіздігін және оқшаулануын қамтамасыз етеді.
299. Айрықша жеке жағдайларға халықтың ауруларының алдын алуды және емдеуді, Республикалық не өңірлік деңгейдегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды қамтитын әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар да жатады. Бұл жағдайда жазаны өтеудің ҚҰЖ-ғы, ЖАК-ғы, УОҮЖ-ғы сотталғандарға жақын туыстарымен телефон арқылы сөйлесу айына бір рет беріледі.
300. Сөйлесулер жүргізу, телекоммуникация құралдарын пайдалану қағидаларын бұзған немесе сөйлесу кезiнде этика және мораль нормаларын сақтамаған жағдайда сөйлесулер дереу тоқтатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   59




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет