284. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 233-бабына сәйкес сотталғандардың некесін тіркеу үшін олардың өтінімдері бойынша азаматтық хал актілерін тіркеуге уәкілетті лауазымды адамдармен және сотталғанмен некеге тұруға тілек білдірген адаммен қысқа мерзімді кездесулер беріледі.
285. Адвокаттармен заң көмегін алу үшін және некені тіркеу үшін кездесулертүскі үзіліс уақытын қоспағанда, жұмыс уақытында сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін өткізіледі және жазаны өтеу шарттарына сәйкес тиісті кездесулер санына есептелмейді.
286. ҚАЖ мекемесі жағдайында некені тіркеген адамдар мен сотталғандар үшін алғашқы ұзақ кездесу берілген кезде медицина қызметкері олармен өз денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын сақтауға бағытталған сақтық шараларын сақтау қажеттігі туралы түсіндіру әңгімесін жүргізеді, сондай-ақ емделуден жалтарғаны және басқа адамдарға АИТВ инфекциясын жұқтырғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы ескертеді. 287. Емдеу-профилактикалық мекемелердегi сотталғандарға кездесулер сотталғандарда медициналық жағынан қарсы көрсеткiштер болмаған жағдайда ҚАК-нің белгіленген нормалар бойынша беріледі.
288. Жұқпалы аурулар туындауын және таралуын ескерту мақсатында емдеу-алдын алу мекемелеріндегі сотталғандарға, бактерия бөлетін туберкулезбен ауыратындарға ұзақ мерзiмді кездесулер берілмейді.
289. Кездесулер беру туралы барлық өтінімдер осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кездесулер беру туралы өтінімдерді тіркеу журналында тіркеледі және сотталғандардың жеке ісінің материалдарына тігіледі. Журналды кездесу бөлмесіндегі қадағалау жөніндегі бақылаушы жүргізеді.
290. Кездесуге келген адамдардың және сотталғандардың ұзақ мерзімді кездесу бөлмелерінің үй-жайында болған кезеңде, онда бөгде сотталғандардың болуына жол берілмейді. Ортақ пайдаланылатын үй-жайлардағы тазалық пен тәртіпті сотталғандардың өздері және кездесуге келген адамдар сақтайды. 291. Жиналған қоқысты, тамақ қалдықтарын шығару және санитариялық торапты жинау қажет болған кезде тазалаушы ретінде жұмысқа орналастырылған сотталған және мекеме әкімшілігі өкілінің немесе кездесу бөлмесі бойынша бақылаушының еріп жүруімен ғана жүргізіледі. 292. Айына кемінде бір рет ұзақ және қысқа мерзімді кездесу бөлмелерінің үй-жайында мекеме бастығы бекіткен кестеге сәйкес күрделі тазалау жүргізу бойынша санитариялық күн ұйымдастырылады. Санитариялық күн кезеңінде қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кездесулер берілмейді.