Қолданыстағы редакция Ұсынылатын редакция


Ұзақ кездесуге келген адамның тамақ өнімдері де мұқият тексеріледі



бет26/59
Дата19.01.2023
өлшемі1.42 Mb.
#417152
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   59
Байланысты:
!@02= B01;8F0 -- -- -07
тест органоиды (1), Брайан Трейси. Тайм-менеджмент.
246. Ұзақ кездесуге келген адамның тамақ өнімдері де мұқият тексеріледі.
247. Жеке басын тексеру және жеке адамның заттарын тінту адам кездесу бөлмесінен шыққан кезде де жүргізіледі.
248. Кіріс немесе шығыс тұлғада тексеруден жасырылған, берілгені үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген, сотталғандарға сақтауға және пайдалануға рұқсат етілмеген ақшаны, бағалы қағаздарды, сондай-ақ өзге де заттарды, құжаттарды, киімдерді, бұйымдарды, заттектерді тапқан кезде тексеру тобының қызметкерлері мекеме бастығының режим және жедел жұмыс жөніндегі орынбасарына, жедел, режимдік бөлімдердің, бөлімшелердің, топтардың бастығына хабарлайды және сотқа жіберу үшін материалдар жасайды.
249. Тасымалданғаны, берілгені және сақтағаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделген нәрселер мен заттар анықталған кезде мекеме әкімшілігі аумақтылығы бойынша ішкі істер органдарының жедел-тергеу тобын (ЖТТ) дереу шақырады.
250. Қысқа мерзімді кездесу кезінде бақылаушы үнемі бөлмеде болады және қандай да бір берілістерге жол бермеуге ерекше назар аудара отырып, сотталғандар мен олардың туыстарының мінез-құлқын бақылауды жүзеге асырады.
251. Мінез құлық қағидаларын бұзған кезде қысқа мерзімді кездесуді бақылаушы жол берілген бұзушылық туралы баянат жасай отырып, ал ұзақ мерзімді кездесуді МБКК рұқсатымен жол берілген бұзушылық туралы баянат жасай отырып және мекеме бастығына, БӘЖ бастығына (бұдан әрі - БӘЖБ), ҚАЖ бақылаушылар жасағының бастығына (бұдан әрі - БЖБ) дереу баяндап тоқтатады.
252. Кездесуді тоқтату туралы түпкілікті шешімді кездесуге рұқсат берген адам қабылдайды. Кездесуді тоқтату себебі туралы арызда және кездесулерді есепке алу карточкасында жазба жүргізіледі.
253. Кездесу бөлмесінің бақылаушысы сотталғандарға және кездесуге келген адамдарға өрт (басқа да дүлей зілзалалар) кезінде мінез-құлық қағидаларын, қауіпсіздік шараларын және эвакуациялау тәртібін түсіндіреді, ол туралы нұсқама кітабына адамдардың танысқаны туралы қол қойғызып жазба жасайды.
254. Әкімшілік не қылмыстық жауаптылыққа әкеп соққан құқық бұзушылыққа жол берген адамдар анықталған жағдайда кездесу бөлмесінің бақылаушысы кездесуге келген адамды жауаптылыққа тарту туралы сот қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап кездесуді есепке алу карточкасының «ескерту» бағанына ҚАК-де көзделген кезеңге сотталғандармен кездесуден айыру түріндегі құқықтық шектеулер туралы жазба енгізеді. Сот қаулысының көшірмесі сотталғанның жеке ісіне тігіледі.
255. МБКК немесе БӘЖБ (БЖБ) ұйқыға жатар алдында және көтерілгеннен кейін ұзақ кездесу бөлмелеріндегі сотталғандардың болуын және олардың жүріс-тұрыс қағидаларын сақтауын тексереді. Ұйықтағаннан кейін және көтерілуге дейін - кездесу бөлмелеріне бармай-ақ қабырғалардың, есіктердің, терезелер мен торлардың жай-күйін тексереді.
256. Мекеменің шегінен тыс ұзақ кездесуге келген адамдардың қысқа мерзімге шығуына мекеме бастығы немесе оның орнындағы адам дәлелді жазбаша өтініш бойынша рұқсат береді. Олар қайтып оралғаннан кейін тексеру тобының қызметкерлері кездесу бөлмесі бойынша бақылаушымен бірге оларды, сондай-ақ олардың заттары мен өнімдерін тексеруді жүзеге асырады.
257. Мекеменің күзетілетін аумағындағы барлық объектілерді қамту мақсатында жалпы тінту іс-шараларын жүргізу кезінде ұзақ және қысқа мерзімді кездесулер бөлмелерінің жұмысы тоқтатылады.
258. Сотталғандар ұзақ мерзімді кездесулер кезеңiнде жұмыстан алдын-ала немесе соңынан өтейтiндей болып босатылады.
259. Сотталғанға бiрiншi кездесу карантин бөлiмшесiнен бөлiнгеннен кейiн, тергеу изоляторында бұрын кездесу алғанына қарамастан, мекемеге келiсiмен берiледi.
260. Қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзімді кездесу құқығы болған кезде қайсысын бiрiншi алуды сотталған анықтайды бұл ретте кездесулер жалпы кезек тәртібімен беріледі. Одан кейiнгi кездесулер он екi айды сотталғанға бiр жылда тиесiлi аталған түрдегi кездесулер санына бөлгендегi бөлiкке тең кезеңнiң өтуi бойынша берiледi.
261. Кезектi кездесулердi беру мерзiмi жылдың аяқталуына немесе жаңа жылдың басталуына қарамастан, сотталғанға берiлген соңғы аталған түрдегi кездесу күнiнен, сондай-ақ өзге мекемеден ауысып келген кезден бастап есептеледi.
262. Сотталғанды ұстаудың бір жағдайынан басқасына ауыстырған кезде кездесулер берудің кезеңділігі соңғысы жазаны өтеудің алдыңғы жағдайларында берілген күннен бастап есептеледі.
263. Пайдаланылмаған кездесулерді жинауға жол берілмейді. Көтермелеу ретінде алған пайдаланылмаған кездесулер барлық жазасын өтеу мерзімі ішінде сақталады.
264. Мекемелердің қалыпты қызметiне кедергi келтiретiн эпидемияға қарсы iс-шаралар өткiзу, табиғи апаттар, төтенше жағдайлар, сондай-ақ мекемеде ерекше режим жағдайын енгізу кезiнде кездесулер мекеме бастығының бұйрығымен уақытша тоқтатылады.
Жоғарыда көрсетілген себептер бойынша сотталғанға берiлмеген кездесу кейінірек беріледі.
265. Эпидемияға қарсы іс-шаралар және басқа да төтенше жағдайлар кезеңінде ҚҰЖ-ға ауыстырылған сотталғандарға пайдаланылмаған кездесулер сақталады және ҚҰЖ аяқталғаннан кейін беріледі.
266. Мекемелер әкiмшiлiгi кездесуге келген адамдардың сұрауы бойынша кездесудiң ұзақтығын қысқартады. Кездесулердi бiрiктiруге немесе бiр кездесудi бiрнеше кездесуге бөлуге жол берiлмейдi.
267. Сотталғандар кездесуге белгiленген киiм нысанында және ұқыпты күйiнде келуi тиіс. Ұзақ мерзімді кездесулер кезеңiнде олар қалауы бойынша туысқандары әкелген киiмдердi, iш киiмдердi және аяқ киiмдердi пайдалана алады. Сотталғандар кездесуге дейiн және одан кейiн толық тiнтуден өтедi.
268. Сотталғанға бiр мезгiлде жанында сотталғанның кәмелеттiк жасқа толмаған аға-інілері, әпке-қарындастары, балалары, немерелерi бола алатын екi ересек адаммен мерзiмi ұзақ кездесуге рұқсат етiледi. ӨББА-ға сотталғандарға ұзақ мерзімді кездесулер олардың дағдылы және жеңiлдетiлген жағдайларда жазаларын өтеуi кезiнде рұқсат етіледі.
269. Сотталғандармен кездесуге келген адамдар оларға мекеме әкiмшiлiгi немесе БӘЖ (ҚАЖ бақылаушылар) кездесу тәртiбiн түсiндiрген соң ақшаларын, сондай-ақ сотталғандардың сауқат, сәлемдемелер мен бандерольдер арқылы және мекеме жанындағы дүкендерден және электрондық сауда алаңынан алуға, өздерінде болуға рұқсат етiлетiн заттар мен нәрселердің тiзбесiнде көрсетілмеген заттар мен құндылықтарын тексеру тобының қызметкерлеріне сақтауға тапсырады.
270. Кездесуге келген адам сотталғанға мекемеде осы Қағидаларда көзделмеген заттар, бұйымдар және заттектерді беруге ниетi бар деп санауға жеткiлiктi негiздер болған кезде, мекеме қызметкері мұндай адамға өзiне тиесiлi заттар мен киiмдердi тексеруге келiскен жағдайда ғана кездесу берiлетiнiн хабарлайды.
271. Тізбеде көзделмеген, қарап тексеруден жасырын нәрселер, бұйымдар немесе заттар табылған немесе қарап тексеруден бас тартылған жағдайда, адам кездесуге жіберілмейді.
272. Ұзақ мерзімді кездесуге келген адам тексеруден бас тартқан жағдайда ұзақ мерзімді кездесу берілмейді, алайда ол заңда белгіленген тәртіппен қысқа мерзімді кездесуді пайдалануға құқылы.
273. Кездесуге келген адамдар, сондай-ақ сотталғандардың өздері кездесу өткізу тәртібінің талаптарын, сондай-ақ кездесу кезінде мекеме әкімшілігі белгілеген мінез-құлық қағидаларын бұзған жағдайда, ол дереу тоқтатылады.
274. Сотталғандармен кездесуге келген адамдардың қысқа мерзiмдi кездесу бөлмелерiне қандай да бiр тамақ өнімдерін немесе заттарды алып кiруiне жол берiлмейдi. Ұзақ мерзімді кездесуге тамақ өнімдерін (арақ-шарап өнімдері мен сыраны қоспағанда) кіргізуге рұқсат етіледі.
275. Оң әлеуметтік байланыстарды қолдау мақсатында отбасылық мұрағаттың фото және бейне материалдарын қарау үшін аудио-бейне жазу құрылғысы және интернетке шығу функциясы жоқ портативті DVD-ойнатқыштарды ұзақ уақыт кездесу бөлмелерінің үй-жайына алып кіруге, сондай-ақ жеке фотоаппаратқа немесе мобильді құрылғыға бірнеше жеке фото-бейне түсірілімдерді жүзеге асыруға жол беріледі. Түсірілім (ұзақтығы 5 минуттан аспайтын) мекеменің ішкі тәртібіне сәйкес мекеме әкімшілігінің, БӘЖ өкілдері (ҚАЖ бақылаушылары) кейіннен кездесу аяқталғанға дейін ұзақ мерзімді кездесу бөлмелерінің үй-жайындағы сейфке фотоаппаратты немесе мобильді құрылғыны бере отырып жүзеге асырылады.
276. Ұзақ мерзімді кездесу бөлмесіне кіргізілетін тамақ өнімдері және басқа заттарды тексеру тобы қызметкерлері мен кездесулер бөлмесі бойынша бақылаушы тексереді.
277. Сотталғандардың ұзақ мерзiмi кездесу бөлмесiнен қандай да бiр тамақ өнiмдерiн немесе заттарды алып шығуына рұқсат етiлмейдi.
278. Мекеме шегінен тыс ұзақ мерзiмдi кездесуге рұқсат берiлген кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде жазасын өтейтін сотталғанға осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат қағазы берiледi. Кездесу кезінде қадағалауды жүзеге асыру тәртібін мекеме бастығы анықтайды. Сотталғанға мекеме аумағынан тыс кездесу орнын өз еркiмен тастап кетуге жол берілмейді.
279. Сотталғанның көтермелеу тәртібі ретінде кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекеменің шегінен тыс жерге мекеме қызметкерлерінің, сондай-ақ ата-аналары, немесе жақын туыстарының еріп жүруімен шығуы мекеме бастығының бұйрығы негізінде жүргізіледі.
280. Сотталғанға көтермелеу тәртібі ретінде демалыс және мереке күндерін қауіпсіздігі барынша төмен мекемелер шегінен тыс өткізуге рұқсатты қауіпсіздігі барынша төмен мекеме орналасқан елдi мекеннің шегiнде мекеме бастығының бұйрығы негізінде ұсынылады.
281. Ұзақ мерзімді кездесулер кезінде тұру үшін бөлмелер ұсыну жөніндегі қызметтерді кездесуге келген адамдар не сотталғандардың өздері өз қаражаты есебінен ақы төлеу кезінде қолданылатын прейскурант бойынша тәуліктік тарифке сәйкес төлейді. Келушілер ұзақ кездесу бөлмелерінен шығару уақытынан бұрын өз қалауы бойынша шыққан жағдайда, ұзақ кездесу кезінде тұру үшін бөлмелер ұсыну жөніндегі қызметтер үшін ақшалай қаражат қайтарылмайды.
282. Кездесу түрлерін ауыстыру сотталғанның жазбаша өтінімі бойынша жүргізіледі.
283. Сотталғандарға заң көмегін алу үшін олардың өтінімдері бойынша саны шектелмей, ұзақтығы төрт сағатқа дейін адвокаттармен кездесу, құпиялылығын қамтамасыз ететiн жағдайларда берiледi. Сотталғанның қалауы бойынша кездесулер бөлу қоршауынсыз оңаша берiлуi мүмкiн, ал ӨББА-ға және ӨЖ-ге сотталғандарға арнайы жабдықталған бөлмеде берiледi.
Сақтауға және пайдалануға тыйым салынған заттарды, заттектер мен тамақ өнімдерін сотталғанға берген не беруге әрекет жасаған жағдайда немесе сотталғанмен - кездесуге келген адамға, кездесу дереу тоқтатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   59




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет