Қолданыстағы редакция Ұсынылатын редакция


Мекеме бастығының немесе оны алмастыратын адамның жазбаша рұқсаты сотталғандарға олардың туыстарымен немесе өзге де адамдармен кездесу беруге негіз болып табылады



бет25/59
Дата19.01.2023
өлшемі1.42 Mb.
#417152
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   59
Байланысты:
!@02= B01;8F0 -- -- -07
тест органоиды (1)
236. Мекеме бастығының немесе оны алмастыратын адамның жазбаша рұқсаты сотталғандарға олардың туыстарымен немесе өзге де адамдармен кездесу беруге негіз болып табылады.
237. Кездесуге арналған өтінімін кездесу бөлмесінің бақылаушысы түскі үзіліс, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс уақытында сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін қабылдайды.
238. Кездесу басталғанға дейін бақылаушы келген адамдардан өтінімдер, құжаттар қабылдайды және оларға осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сотталғанның кездесулерін, сауқаттарын, сәлемдемелерін және бандерольдерін есепке алу карточкасын қоса тіркейді, кездесу берудің негізділігін тексереді және кездесу беру (не бас тарту) туралы шешім қабылдайтын мекеме бастығына немесе оны алмастыратын адамға баяндайды.
239. Кездесу беру бөлігінде ұсынылған материалдардың толықтығын және олардың сапалы ресімделуін кездесу бөлмесінің бақылаушысы қамтамасыз етеді. Бақылаушы алдағы кездесу туралы МБКК-ге хабарлайды, режим қызметінің қызметкерлерін хабардар етеді. Сотталғандардың кездесу бөлмелерінің үй-жайына келуін МБКК қамтамасыз етеді.
240. Қысқа мерзімді кездесу берілген кезде бөлмеге бірінші кезекте сотталған кіргізіледі, содан кейін кездесуге келген адамдар сол жерге жіберіледі. Ұзақ кездесу бөлмелеріне бірінші болып кездесуге келген адамдар, содан кейін сотталғандар шақырылады. Қысқа мерзімді кездесу аяқталғаннан кейін кездесуге келген адамдар бөлмеден, ал ұзақ мерзімді кездесу бөлмелерінен сотталғандар бірінші болып шығады.
241. Кездесу ұзақтығын есептеуі қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді кездесу бөлмесіне кездесуге келген адамдар тіркелген сәттен басталады. Бұл туралы кездесу бөлмесінің бақылаушысы сотталғанның кездесулерді есепке алу, сауқаттарды, сәлемдемелерді және бандерольдерді беру карточкасының «Ескерту» бағанында кездесу уақытының басталғаны және аяқталғаны туралы белгі қояды.
242. Тексеру тобының қызметкерлері кездесу бөлмесі бойынша бақылаушымен бірлесіп кездесуге келген адамдарға сотталғандарға сақтауға және пайдалануға рұқсат етілмеген ақшаны, бағалы қағаздарды, сондай-ақ өзге де заттарды, құжаттарды, киімдерді, бұйымдарды, заттектерді, тамақ өнімдерін алып өткені, бергені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы ескертеді.
Тізбеде көзделмеген заттарды, бұйымдар мен заттектерді алып өтуге әрекет жасау фактісі расталған жағдайда, ұзақ кездесу құқығы берілген адамдар дереу шығарылады, кездесу тоқтатылады және пайдаланылды деп есептеледі, осыған байланысты қолда бар заттарды уақытша сақтауға ерікті түрде өткізуді ұсынады.
243. Әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатын құқық бұзушылықтарға жол берген адамдар сот қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап бір жылға сотталғандармен қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кездесулерден айырылады.
Қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатын құқық бұзушылықтарға жол берген адамдар сотталғанмен қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кездесулер сот үкімі заңды күшіне енген күннен бастап сотталғанның жаза мерзімін өтеудің бүкіл кезеңіне берілмейді.
244. Жеке тексеру, жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын тінту тұрғын үй-жайлардың санитариялық-гигиеналық талаптарына сай келетін жеке үй-жайда жүргізіледі және мекемеде пайдалануға рұқсат етілмеген заттарды, киімдерді, бұйымдарды, заттектерді, құжаттар мен тамақ өнімдерін табу үшін қажетті шектерде жүзеге асырылады.
Тексеру тобының қызметкері кездесу бөлмесінің бақылаушысымен бірге қалталардың, сөмкелердің ішіндегісін тексеру үшін тексеру үстеліне қоюды ұсынады. Заттарды, қалталар мен сөмкелердің, заттардың ішіндегісін қарап, киімді, аяқ киімді, бас киімді, Сөмкелер мен пакеттерді қарап, металл детектормен тексереді.
245. Мекемеде адам сканеріне арналған техникалық жабдық болмаған немесе жарамсыз жағдайда, медицина қызметкерінің міндетті қатысуымен дененің табиғи қуыстарына, протездер мен медициналық таңғыштарға тексеру жүргізіледі. Келген адамның сотталғандарға сақтауға және пайдалануға рұқсат етілмеген ақшасы, бағалы қағаздары, сондай-ақ өзге де заттары, құжаттары, киімдері, бұйымдары, заттектерді, тамақ өнімдері жоқ екеніне көз жеткізгеннен кейін қызметкер тексерілген заттар мен заттарды қайтарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   59




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бағдарламасына сәйкес
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
сәйкес оқыту
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасы
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
республикасы білім
Жалпы ережелер
бекіту туралы
нтізбелік тақырыптық
арналған жиынтық
жалпы білім
болып табылады
Қазақстан республикасының
Зертханалық жұмыс
арналған әдістемелік
рсетілетін қызмет
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
Қысқа мерзімді
білім берудің
пәнінен тоқсанға
тақырыптық жоспар
қызмет стандарты
туралы жалпы
атындағы жалпы
пайда болуы
әдістемелік ұсыныстар
Жұмыс бағдарламасы
қарым қатынас
емтихан сұрақтары
пәнінен тоқсан