Бұдан әрі, мекеме қызметкері, БӘЖ (ҚАЖ бақылаушылары) киім-кешектің үстінен сотталғанның денесін басынан аяғына дейін тексеріп қарауды жүзеге асырады. 196. Тыйым салынған заттар табылған жағдайда, сотталғандарға тінту жүргізуге кедергі жасауға, басқа сотталғандарды тінту жүргізуге араласуға, сотталғандарды мекемелер әкімшілігі немесе БӘЖ (ҚАЖ бақылаушылары) өкілдерінің заңды талаптарына қасақана бағынбауға шақыруға жол берілмейді. 197. Жалпы тінту іс-шараларын жүргізу, сотталғандардың топтасып бағынбаушылықтарын, жаппай тәртіпсіздіктерін жою, сондай-ақ этапты қабылдау кезінде сотталғандарды жеке тінту кезінде, қауіпсіздікті қамтамасыз ету ойлау бойынша, сотталғандар қатарға бөлінеді және елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдерді, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерді, жүкті әйелдерді, балалары бар әйелдерді, І және ІІ топтағы мүгедектерді және емдеу мекемелерінде ұсталатын сотталғандарды қоспағанда, бір-біріне тығыз орналастырылады. Бұл ретте сотталғандардың мінез-құлқына сапалы шолып бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру үшін қолдары желкесінде – «құлыптау» қалпында ұсталады. Жауын-шашынды және ауа-райы салқын (+10) төмен кезде сотталғандар үй-жайдың ішіндегі дәліздің бойымен отырғызылады.
21
6-тарау. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың хат жазысуы, ақшалай аударымдарды жiберуі және алуы, бас бостандығынан айыруға сотталғандардың кездесулері, бас бостандығынан айыруға сотталғандардың телефон арқылы сөйлесуі
1-Параграф. Сотталғандардың хат жазысу, ақшалай аударымдарын жіберу және алу
64. Сотталғандардың өз қаражаты есебiнен хаттарды, олардың санын шектеусiз алуы және жiберуi тек мекеме әкiмшiлiгi арқылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 21 тамыздағы № 86 қбпү бұйрығымен бекітілген Сотталғандар жіберетін және алатын хат-хабарға бақылау жүргізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9754 болып тіркелген) (бұдан әрі - Сотталғандар жіберетін және алатын хат-хабарға бақылау жүргізу қағидалары) сәйкес жүргiзiледi. Мекеменің әрбiр оқшауланған учаскесiнде, ал кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде мекеме әкiмшiлiгi белгiлеген орында пошта жәшiктерi iлiнедi, олардан демалыс және мереке күндерiнен басқа күндерi күн сайын соған уәкiлеттi лауазымды тұлғалар хаттарды жiберу үшiн алып отырады. Толық қауіпсіз мекемелерде, жалғыз адамдық камераларда және мекемелердің қауiпсiз орындарында сотталғандар хаттарын жiберу үшiн мекеме әкiмшiлiгiне бередi.
Мекемелерде лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттеріне сотталғандардың шағымдар беруіне арналған арнайы пошта жәшіктерінің жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі. Аптасына бір рет жиілігімен прокурор мекеме әкімшілігі өкілінің қатысуымен жүгінулерді алады, ол туралы тиісті акті толтырады. Арнайы пошта жәшіктері мекеме аумағында және үй-жайларда сотталғандарға қолжетімді жерде орнатылады.
65. Мекемеден кетiп қалған сотталғандардың атына келген хаттар 3 тәулiктен кешiктiрiлмей оның жаңа тұрғылықты жеріне жолданады.
Сотталғандардың басқа мекемелерде ұсталатын адамдарға жолданған хаттары, сондай-ақ басқа мекемелерден келіп түскен хаттар осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Сотталғандардың хаттарын тіркеу журналына тіркеледі.
66. Алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 05.10.2018 № 694 бұйрығымен.
67. Сотталғандардың хат жазысуы Сотталғандар жіберетін және алатын хат-хабарға бақылау жүргізу қағидаларына сәйкес бақылауға алынады.
68. Сотталғандарға келіп түскен ақшалай аударымдар мекеменің ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына аударылады. Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларында көзделген сотталғандардың атына жіберуге тыйым салынған заттар мен заттектерді хат-хабарлардан мекеме қызметкерлері коммиссиялық түрде тиісті акті (еркін нысанда) толтыру арқылы алады, оның бір данасы жіберушінің атына жолданады.
Табылған ақша, бағалы заттар, сондай-ақ Тізбеде көзделмеген басқа да заттар, бұйымдар және заттектер алып қойылады, олар бойынша Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес шешім қабылданады.
Жақын туыстарына және өзге де адамдарға аударым жіберу үшін сотталған мекемедегі ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы өзінің ақшасының нақты сомасын аудару туралы өтінішпен өтінім (еркін нысанда) толтырады. Өтінімдерді қабылдауды мекеме әкімшілігінің уәкілетті лауазымды адамдары жүзеге асырады. Ақша аударымының жөнелтілгені туралы түбіртекке сотталғанның қолы қойылып хабарланады, ол оның жеке ісіне тігіледі.
69. Өзге адамдарға ақшалай аударымдарды жiберу кезiнде сотталған, бұдан басқа өз өтiнiм ақша аударудың себебiн хабарлайды. Мекеме әкiмшiлiгiнiң осы өтiнiм бойынша шешiмi, әдетте, өтiнiм берiлген күннен бастап 5 жұмыс күнiнен кешiктiрмей қабылданады. Қабылданған шешiм туралы сотталғанға қол қойдыру арқылы хабарланады.
8-тарау. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың хат жазысуы, ақшалай аударымдарды жiберуі және алуы, бас бостандығынан айыруға сотталғандардың кездесулері, бас бостандығынан айыруға сотталғандардың телефон арқылы сөйлесуі
1-Параграф. Сотталғандардың хат жазысу, ақшалай аударымдарын жіберу және алу
198. Сотталғандардың өз қаражаты есебiнен хаттарды, олардың санын шектеусiз алуы және жiберуi тек мекеме әкiмшiлiгi арқылы жүргiзiледi.
199. Мекеменің әрбiр оқшауланған учаскесiнде, ал кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде мекеме әкiмшiлiгi белгiлеген орында пошта жәшiктерi iлiнедi, олардан демалыс және мереке күндерiнен басқа күндерi күн сайын соған уәкiлеттi лауазымды тұлғалар хаттарды жiберу үшiн алып отырады. Камералық ұстау жағдайымен мекемелерде, ЖАҚ-да және ҚО-да сотталғандар хаттарын жiберу үшiн мекеме әкiмшiлiгiне бередi.
200. Мекемелерде лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттеріне сотталғандардың шағымдар беруіне арналған арнайы пошта жәшіктерінің жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі. Аптасына бір рет жиілігімен прокурор мекеме әкімшілігі өкілінің қатысуымен жүгінулерді алады, ол туралы тиісті акті толтырады. Арнайы пошта жәшіктері мекеме аумағында және үй-жайларда сотталғандарға қолжетімді жерде орнатылады.
201. Мекемеден кетiп қалған сотталғандардың атына келген хаттар 3 тәулiктен кешiктiрiлмей оның жаңа тұрғылықты жеріне жолданады.
202. Сотталғандардың басқа мекемелерде ұсталатын адамдарға жолданған хаттары, сондай-ақ басқа мекемелерден келіп түскен хаттар осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Сотталғандардың хаттарын тіркеу журналына тіркеледі.
203. Сотталғандардың хат жазысуы Сотталғандар жіберетін және алатын хат-хабарға бақылау жүргізу қағидаларына сәйкес бақылауға алынады.
204. Сотталғандарға келіп түскен ақшалай аударымдар мекеменің ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына аударылады. Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларында көзделген сотталғандардың атына жіберуге тыйым салынған заттар мен заттектерді хат-хабарлардан мекеме қызметкерлері коммиссиялық түрде тиісті акті (еркін нысанда) толтыру арқылы алады, оның бір данасы жіберушінің атына жолданады.
205. Тізбеде көзделмеген табылған ақша, құндылықтар, сондай - ақ басқа да заттар, бұйымдар мен заттар алынады және заңда белгіленген тәртіппен тәркіленуге жатады.
206. Жақын туыстарына және өзге де адамдарға аударым жіберу үшін сотталған мекемедегі ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы өзінің ақшасының нақты сомасын аудару туралы өтінішпен өтінім (еркін нысанда) толтырады. Өтінімдерді қабылдауды мекеме әкімшілігінің уәкілетті лауазымды адамдары жүзеге асырады. Ақша аударымының жөнелтілгені туралы түбіртекке сотталғанның қолы қойылып хабарланады, ол оның жеке ісіне тігіледі.
207. Өзге адамдарға ақшалай аударымдарды жiберу кезiнде сотталған, бұдан басқа өз өтiнiм ақша аударудың себебiн хабарлайды. Мекеме әкiмшiлiгiнiң осы өтiнiм бойынша шешiмi, әдетте, өтiнiм берiлген күннен бастап 5 жұмыс күнiнен кешiктiрмей қабылданады. Қабылданған шешiм туралы сотталғанға қол қойдыру арқылы хабарланады.
22
2-параграф. Сотталғандардың өтiнiштерiн қабылдау, есепке алу және қарастыру
70. Сотталғандар тек өз атынан ғана өтiнiш береді.
71. Сотталғандардың өтініштері адресатқа мекеме әкімшілігі арқылы жөнелтіледі.
Сотқа, прокуратура органдарына және өзге де мемлекеттік органдарға жолданатын шағынымдарды сотталғандар электрондық құжат түрінде электрондық өтініштерді жіберуге арналған терминал арқылы бере алады.
Шешілуі не түсіндіруі мекеме әкімшілігінің құзыретіне жататын сотталғандардың өтініштерін мекеме әкімшілігі қарайды.
Лауазымды адам сотталғаннан өтінішті алғаннан кейін оны жасақ бастығына береді.
Жасақ бастығы сотталғанға өтініштерді қабылдау, есепке алу және адресатқа жөнелту тәртібін түсіндіріп, сотталғаннан өтінішті (өтінішхатты) алғаннан кейін осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Сотталғандардың өтініштерін қабылдау журналына сәйкес оған жыртылмалы талон береді және өтінішті мекеменің арнайы есепке алу бөлімінің қызметкеріне осы журналға қол қойғызып, тағайындау бойынша жіберу үшін береді не сотталғанның өтінішін мекеменің арнайы есепке алу қызметкері жеке мәселелері бойынша қабылдауды жүзеге асыру кезінде қабылдайды.
Өтініштер адресатқа келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мерзімде жолданады, бұл туралы сотталған қол қою арқылы хабарланады.
Мекеме әкімшілігі қарастыру субьектісі болып табылмайтын сотталғандардың өтініштері мекеме бастығы не оның міндетін атқарушы адам белгілейтін жауапты қызметкер (жұмыскер) Электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы ілеспе хатты жасамай немесе электрондық құжат түрінде электрондық өтініштерді жіберуге арналған терминал арқылы адресатқа жолдайды.
Егер сотталған жүгінген орган (ұйым) Электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесінің қатысушысы болып табылмаса, осы өтініш адресатқа пошта байланысы арқылы жолданады.
Электрондық құжат түріндегі өтініштерді жіберу үшін мекеме әкімшілігі сотталғандардың тікелей тұратын жерлерінде, камералық ұстау жағдайындағы мекемелерді қоспағанда арнайы терминалдар орнатады, онда мұндай терминалдар мекеме әкімшілігі белгілеген орындарда орнатылады. Сотталғандар терминалдардың қызметін күнделікті, кестеге және күн тәртiбiне сәйкес.
72. Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарларды қабылдауды және тіркеуді Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығымен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9744 болып тіркелген) сәйкес мекеменің кезекші қызметі жүзеге асырады.
73. Сәлемдемелер, сауқаттар алу, кездесулер беру, ақша жұмсау, еңбекақы есептеу, еңбектi пайдалану, медициналық көмек көрсету, заттай мүлiкпен қамтамасыз ету мәселелерi, сондай-ақ мекеменiң әкiмшiлiгi шеше алатын осындай сипаттағы өзге де мәселелер жөніндегі өтiнiштер оларды органдардың немесе жiберiлген адамның қарау нәтижелерiн күтпестен шешiледi.
74. Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша келіп түскен жауаптар келiсiмен, бiрақ үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей қолхат арқылы сотталғанға хабарланады және олардың жеке iсiне тiгiледi.
2-параграф. Сотталғандардың өтiнiштерiн қабылдау, есепке алу және қарастыру
208. Сотталғандар тек өз атынан ғана өтiнiш береді.
209. Сотталғандардың өтініштері адресатқа мекеме әкімшілігі арқылы жөнелтіледі.
210. Шешілуі не түсіндіруі мекеме әкімшілігінің құзыретіне жататын сотталғандардың өтініштерін мекеме әкімшілігі қарайды.
211. Сотқа, прокуратура органдарына және өзге де мемлекеттік органдарға жолданатын шағынымдарды сотталғандар электрондық құжат түрінде электрондық өтініштерді жіберуге арналған терминал арқылы бере алады.
212. Жасақ бастығы сотталғанға өтініштерді қабылдау, есепке алу және адресатқа жіберу тәртібін түсіндіре отырып, сотталғаннан өтінішті (өтінішхатты) алғаннан кейін оған осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сотталғандардың өтініштерін қабылдау журналына сәйкес үзбелі талон береді және өтінішті көрсетілген журналға қол қойғызып, тағайындау бойынша жіберу үшін мекеменің кеңсесіне (хатшылығына) береді.
213. Өтініштер адресатқа келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мерзімде жолданады, бұл туралы сотталған қол қою арқылы хабарланады.
Басқа мекемеге ауыстыру, кешірім жасау, жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы өтініштер (өтінішхаттар), сондай-ақ үкімді орындауға байланысты сотталғандардың басқа да өтінішхаттары сотталғандардың өтініштерін қабылдау журналына қол қойғызып, ҚАК 162-бабына сәйкес материалдарды қосу және оларды алған күннен бастап он күн ішінде тағайындау бойынша одан әрі жіберу үшін арнайы есепке алу қызметіне беріледі.
214. Сотталғандардың жазаларды орындайтын мекемелер мен органдардың қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге жолданған өтініштері бақылауға жатпайды және бір тәуліктен кешіктірілмей адресатқа жіберіледі.
215. Мекеме әкімшілігі қарастыру субьектісі болып табылмайтын сотталғандардың өтініштері мекеме бастығы не оның міндетін атқарушы адам белгілейтін жауапты қызметкер (жұмыскер) Электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы ілеспе хатты жасамай немесе электрондық құжат түрінде электрондық өтініштерді жіберуге арналған терминал арқылы адресатқа жолдайды.
Егер сотталған жүгінген орган (ұйым) Электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесінің қатысушысы болып табылмаса, осы өтініш адресатқа пошта байланысы арқылы жолданады.
216. Электрондық құжат түріндегі өтініштерді жіберу үшін мекеме әкімшілігі сотталғандардың тікелей тұратын жерлерінде, камералық ұстау жағдайындағы мекемелерді қоспағанда арнайы терминалдар орнатады, онда мұндай терминалдар мекеме әкімшілігі белгілеген орындарда орнатылады.
217. Сотталғандар терминалдардың қызметін күнделікті, кестеге және күн тәртiбiне сәйкес.
218. Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарларды қабылдауды және тіркеуді Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығымен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9744 болып тіркелген) сәйкес мекеменің кезекші қызметі жүзеге асырады.
219. Сәлемдемелер, сауқаттар алу, кездесулер беру, ақша жұмсау, еңбекақы есептеу, еңбектi пайдалану, медициналық көмек көрсету, заттай мүлiкпен қамтамасыз ету мәселелерi, сондай-ақ мекеменiң әкiмшiлiгi шеше алатын осындай сипаттағы өзге де мәселелер жөніндегі өтiнiштер оларды органдардың немесе жiберiлген адамның қарау нәтижелерiн күтпестен шешiледi.
220. Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша келіп түскен жауаптар келiсiмен, бiрақ үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей қолхат арқылы сотталғанға хабарланады және олардың жеке iсiне тiгiледi.
23
3-Параграф. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға кездесулер беру тәртiбi
76. Сотталғандарға: сәлемдеме алу құқығымен ұзақтығы екі сағат қысқа мерзімді, ұзақтығы 2 тәулік ұзақ мерзімді мекеме аумағында кездесулер берілді. Кәмелетке толмаған сотталғандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде сотталғандарға бұдан басқа ұзақтығы 5 тәулікке дейін мекеме аумағынан тыс жерде тұрумен ұзақ мерзімді кездесу беріледі. Сотталғанның немесе кездесуге келген адамның жазбаша өтініші бойынша кездесу бір тәулікке немесе кездесу ұзақтығы қысқаруы мүмкін. Бұл ретте, кездесу толықтай пайдаланылған болып саналады.
Сотталғанның асырап алған және кәмелетке толмаған балаларына онымен кездесу алардың заңды өкілдерінің еріп жүруімен беріледі.
Қысқа мерзімді кездесулер бөлме биіктігі бойынша органикалық шыныдан жасалған (сотталғандар және келушілер үшін) арнайы қалқалармен өзара бөлініп орнатылған үстелдер арқылы арнайы жабдықталған бөлмелерде өткізіледі. Бөлмелерде сөйлесу құрылғысы бар кабиналар орнатылады.
Жазаны өтеудің жеңілдікті жағдайындағы сотталғандарға қысқа мерзімді кездесулер сотталғандар мен келушілер үшін араларын оқшаулатқыш аралық жабынмен бөлмей орнатылатын үстелдер арқылы арнайы жабдықталған бөлмелерде ұсынылады.
Жазаны өтеудің дағдылы, жеңілдетілген және жеңілдікті жағдайларындағы сотталғандарға олар келіскен кезде қысқа мерзімді кездесулер сондай-ақ бейнебайланыс арқылы ұсынылады.
Жазаны өтеудің қатаң жағдайындағы сотталғандарға бейнебайланыс арқылы қысқа мерзімді кездесулер эпидемияға қарсы режимдік-шектеу шараларын өткізумен байланысты кездесулер тоқтатылған кезеңде ұсынылады.
Бейнебайланыс арқылы қысқа мерзімді кездесулер бейнекездесулер өткізу үшін техникалық жабдықтармен және байланыспен жабдықталған арнайы бөлмелерде ұсынылады.
77. Ұзақ мерзімді кездесулер, бактерия бөлетін туберкулезбен ауыратын сотталғандардан басқа, әйелімен (күйеуімен), жақын туысқандарымен, сотталғанмен некеде тұрмайтын, олардың ортақ кәмелетке толмаған балаларымен келген адамдарға беріледі.
78. Сотталғандарға олардың сұрауы бойынша ұзақ мерзімді кездесуді қысқа мерзімді кездесуге, ал кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде мекемеден тыс жерде тұрумен ұзақ мерзімді кездесуді мекеме шегінен тыс жерде шығумен қысқа мерзімді кездесуге ауыстыруға рұқсат беріледі.
79. Кездесуге рұқсатты сотталғанның не онымен кездесуге келген адамның өтінімі бойынша мекеменің бастығы немесе олардың міндеттерін бөлуге сәйкес оны алмастыратын адам береді. Кездесу беруден бас тартқан кезде сотталғандармен кездесуге өтінім білдірушінің өтінішіне бас тартудың себебі туралы белгі жасалады.
Сотталғанмен кездесу ұсынудан бас тартылған жағдайда кездесу бөлмесіндегі қадағалау бойынша бақылаушы не мекеме әкімшілігінің өкілі сотталғанға және кездесуге келген адамдарға бас тартудың дәлелді себебін түсіндіреді.
Кездесуге келген адамның жеке басын, сондай-ақ олардың сотталғанмен туыстық байланыстарын куәландыру "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көзделген құжаттармен, сондай-ақ неке қию туралы куәлік, қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының құжаттарымен расталады.
80. Кездесуге келген адамның не сотталғанның өтінімін мекеменің кездесу бөлмесі бойынша жауапты бақылаушысы қабылдайды. Өтінімнің үлгісі келушілерге арналған бөлмеде көрнекі ақпарат тақталарында ілінеді.
Жұбайымен (зайыбымен), жақын туыстарынан басқа өзге адамдармен қысқа мерзімді кездесулер мекеме бастығының не оның міндетін атқарушы адамның рұқсаты негізінде кездесуге келген адамның жазбаша өтінімі (еркін нысанда) бойынша ұсынылады.
81. Кездесуге келген адамдарды мекеме бастығы немесе оның орынбасары қабылдайды. Олар сотталғанның мінез-құлқы туралы хабарлайды және кездесу кезiндегi мінез-құлық қағидалары туралы, тыйым салынған сәлемдемелер беруге болмайтындығы туралы және белгiленген қағидалардың бұзылғаны байқалса, кездесудiң дереу тоқтатылатыны туралы ескертедi.
82. Сотталғандар ұзақ мерзімді кездесулер кезеңiнде жұмыстан алдын-ала немесе соңынан өтейтiндей болып босатылады.
83. Сотталғанға бiрiншi кездесу карантин бөлiмшесiнен бөлiнгеннен кейiн, тергеу изоляторында бұрын кездесу алғанына қарамастан, мекемеге келiсiмен берiледi. Қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзімді кездесу құқығы болған кезде қайсысын бiрiншi алуды сотталған анықтайды. Одан кейiнгi кездесулер он екi айды сотталғанға бiр жылда тиесiлi аталған түрдегi кездесулер санына бөлгендегi бөлiкке тең кезеңнiң өтуi бойынша берiледi.
Кезектi кездесулердi беру мерзiмi жылдың аяқталуына немесе жаңа жылдың басталуына қарамастан, сотталғанға берiлген соңғы аталған түрдегi кездесу күнiнен, сондай-ақ өзге мекемеден ауысып келген кезден бастап есептеледi.
Пайдаланылмаған кездесулерді жинауға жол берілмейді. Көтермелеу ретінде алған пайдаланылмаған кездесулер барлық жазасын өтеу мерзімі ішінде сақталады.
84. Мекемелердің қалыпты қызметiне кедергi келтiретiн эпидемияға қарсы iс-шаралар өткiзу, табиғи апаттар, төтенше жағдайлар, сондай-ақ мекемеде ерекше режим жағдайын енгізу кезiнде кездесулер мекеме бастығының бұйрығымен уақытша тоқтатылады.
Жоғарыда көрсетілген себептер бойынша сотталғанға берiлмеген кездесу кейінірек беріледі.
85. Мекемелер әкiмшiлiгi кездесуге келген адамдардың сұрауы бойынша кездесудiң ұзақтығын қысқартады. Кездесулердi бiрiктiруге немесе бiр кездесудi бiрнеше кездесуге бөлуге жол берiлмейдi.
86. Сотталғандар кездесуге белгiленген киiм нысанында және ұқыпты күйiнде келуi тиіс. Ұзақ мерзімді кездесулер кезеңiнде олар қалауы бойынша туысқандары әкелген киiмдердi, iш киiмдердi және аяқ киiмдердi пайдалана алады. Сотталғандар кездесуге дейiн және одан кейiн толық тiнтуден өтедi.
87. Сотталғанға бiр мезгiлде жанында сотталғанның кәмелеттiк жасқа толмаған аға-інілері, әпке-қарындастары, балалары, немерелерi бола алатын екi ересек адаммен мерзiмi ұзақ кездесуге рұқсат етiледi. ӨББА-ға сотталғандарға ұзақ мерзімді кездесулер олардың дағдылы және жеңiлдетiлген жағдайларда жазаларын өтеуi кезiнде рұқсат етіледі.
88. Сотталғандармен кездесуге келген адамдар оларға мекеме әкiмшiлiгi кездесу тәртiбiн түсiндiрген соң ақшаларын, сондай-ақ сотталғандардың сауқат, сәлемдемелер мен бандерольдер арқылы және мекеме жанындағы дүкендерден және электрондық сауда алаңынан алуға, өздерінде болуға рұқсат етiлетiн заттар мен нәрселердің тiзбесiнде көрсетілмеген заттар мен құндылықтарын тексеру тобының қызметкерлеріне сақтауға тапсырады.
89. Кездесуге келген адам сотталғанға мекемеде осы Қағидаларда көзделмеген заттар, бұйымдар және заттектерді беруге ниетi бар деп санауға жеткiлiктi негiздер болған кезде, мекеме қызметкері мұндай адамға өзiне тиесiлi заттар мен киiмдердi тексеруге келiскен жағдайда ғана кездесу берiлетiнiн хабарлайды. Тексеру кезінде сотталғандардың сауқат, сәлемдемелер мен бандерольдер арқылы және мекеме жанындағы дүкендерден және электрондық сауда алаңынан алуға, өздерінде болуға рұқсат етiлетiн заттар мен нәрселердің тiзбесiнде жасырынған заттар мен құндылықтар табылған жағдайда немесе тексеруден бас тартқан кезде ол адам кездесуге жiберiлмейдi.
Тексеру тәртібі ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру қағидаларымен регламенттеледі.
90. Келушi осы Қағидаларға сәйкес әзірленген мекеме әкімшілігі белгiлеген кездесу өткiзу кезіндегі мінез-құлық қағидасын, кездесу өткізу тәртібін бұзған кезде кездесу өткізу дереу тоқтатылады.
91. Сотталғандармен кездесуге келген адамдардың қысқа мерзiмдi кездесу бөлмелерiне қандай да бiр тамақ өнімдерін немесе заттарды алып кiруiне жол берiлмейдi. Ұзақ мерзімді кездесуге тамақ өнімдерін (арақ-шарап өнімдері мен сыраны қоспағанда) кіргізуге рұқсат етіледі.
Ұзақ мерзімді кездесу бөлмесіне кіргізілетін тамақ өнімдері және басқа заттарды тексеру тобы қызметкерлері мен кездесулер бөлмесі бойынша бақылаушы тексереді. Сотталғандардың ұзақ мерзiмi кездесу бөлмесiнен қандай да бiр тамақ өнiмдерiн немесе заттарды алып шығуына рұқсат етiлмейдi.
92. Мекеме шегінен тыс ұзақ мерзiмдi кездесуге рұқсат берiлген кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде жазасын өтейтін сотталғанға осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат қағазы берiледi. Кездесу кезінде қадағалауды жүзеге асыру тәртібін мекеме бастығы анықтайды. Сотталғанға мекеме аумағынан тыс кездесу орнын өз еркiмен тастап кетуге жол берілмейді.
Сотталғанның көтермелеу тәртібі ретінде кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекеменің шегінен тыс жерге мекеме қызметкерлерінің, сондай-ақ ата-аналары, немесе жақын туыстарының еріп жүруімен шығуы мекеме бастығының бұйрығы негізінде жүргізіледі.
Сотталғанға көтермелеу тәртібі ретінде демалыс және мереке күндерін қауіпсіздігі барынша төмен мекемелер шегінен тыс өткізуге рұқсатты қауіпсіздігі барынша төмен мекеме орналасқан елдi мекеннің шегiнде мекеме бастығының бұйрығы негізінде ұсынылады.
93. Ұзақ мерзiмдi кездесулер кезінде тұру үшін бөлмелер беру қызметтерін кездесуге келген адамдар не сотталғандар өздерінің жеке қаражаты есебінен төлейді.
94. Кездесу түрлерін ауыстыру сотталғанның жазбаша өтінімі бойынша жүргізіледі.
95. Сотталғандарға заң көмегін алуы үшiн олардың өтiнiмi бойынша адвокаттармен кездесулер олардың санына, ұзақтығына шектеу қоймай, құпиялылығын қамтамасыз ететiн жағдайларда берiледi. Сотталғанның қалауы бойынша кездесулер бөлу қоршауынсыз оңаша берiлуi мүмкiн, ал ӨББА-ға және ӨЖ-ге сотталғандарға арнайы жабдықталған бөлмеде берiледi.
Заңнамада белгіленген кездесулердің санына мұндай кездесулер кірмейді, олар түскі үзіліс уақытын қоспағанда, жұмыс уақытында сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін жүргізіледі.
96. Сотталғандардың некесін қию үшiн олардың өтінімдері бойынша азаматтық хал актiлерiн тiркеуге уәкiлеттi лауазымды тұлғалармен және сотталғанмен некеге тұруға ниет бiлдiрген адаммен қысқа мерзiмдi кездесулер берiледi.
97. Осы Қағидалардың 98 және 99-тармақтарында көзделген кездесулер түскі үзіліс уақытын қоспағанда жұмыс уақытында сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін өткізіледі және ҚАК-ның 92, 136, 138, 140, 141, 143, 145, 151, 159-баптарында көрсетілген кездесулер санына есептелмейді.
98. Емдеу-профилактикалық мекемелердегi сотталғандарға кездесулер сотталғандарда медициналық жағынан қарсы көрсеткiштер болмаған жағдайда ҚАК-нің 94, 137, 139, 141, 145, 147-баптарында белгіленген нормалар бойынша беріледі.
99. Жұқпалы аурулар туындауын және таралуын ескерту мақсатында емдеу-алдын алу мекемелеріндегі сотталғандарға, бактерия бөлетін туберкулезбен ауыратындарға ұзақ мерзiмді кездесулер берілмейді.
100. Кездесулер беру туралы барлық өтінімдер осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кездесулер беру туралы өтінімдерді тіркеу журналында тіркеледі және сотталғандардың жеке ісінің материалдарына тігіледі. Журналды кездесу бөлмесіндегі қадағалау жөніндегі бақылаушы жүргізеді.
3-Параграф. Сотталғандарға кездесулер беру тәртiбi
221. Сотталғандарға: сәлемдеме алу құқығымен ұзақтығы екі сағат қысқа мерзімді, ұзақтығы екі тәулік ұзақ мерзімді мекеме аумағында кездесулер берілді. Кәмелетке толмаған сотталғандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде сотталғандарға бұдан басқа ұзақтығы бес тәулікке дейін мекеме аумағынан тыс жерде тұрумен ұзақ мерзімді кездесу беріледі.
222. Сотталғанның немесе кездесуге келген адамның жазбаша өтініші бойынша кездесу бір тәулікке немесе кездесу ұзақтығы қысқаруы мүмкін. Бұл ретте, кездесу толықтай пайдаланылған болып саналады.
223. Қысқа мерзімді кездесулер бөлме биіктігі бойынша органикалық шыныдан жасалған (сотталғандар және келушілер үшін) арнайы қалқалармен өзара бөлініп орнатылған үстелдер арқылы арнайы жабдықталған бөлмелерде өткізіледі. Бөлмелерде сөйлесу құрылғысы бар кабиналар орнатылады.
224. Жазаны өтеудің жеңілдікті жағдайындағы сотталғандарға қысқа мерзімді кездесулер сотталғандар мен келушілер үшін араларын оқшаулатқыш аралық жабынмен бөлмей орнатылатын үстелдер арқылы арнайы жабдықталған бөлмелерде ұсынылады.
225. Жазаны өтеудің дағдылы, жеңілдетілген және жеңілдікті жағдайларындағы сотталғандарға олар келіскен кезде қысқа мерзімді кездесулер сондай-ақ бейнебайланыс арқылы ұсынылады.
226. Жазаны өтеудің қатаң жағдайындағы сотталғандарға бейнебайланыс арқылы қысқа мерзімді кездесулер эпидемияға қарсы режимдік-шектеу шараларын өткізумен байланысты кездесулер тоқтатылған кезеңде ұсынылады.
227. Бейнебайланыс арқылы қысқа мерзімді кездесулер бейнекездесулер өткізу үшін техникалық жабдықтармен және байланыспен жабдықталған арнайы бөлмелерде ұсынылады.
228. Ұзақ мерзімді кездесулер, бактерия бөлетін туберкулезбен ауыратын сотталғандардан басқа, әйелімен (күйеуімен), жақын туысқандарымен, сондай-ақ онымен бірлескен балалары бар (бар болған) сотталғандармен некеде тұрмайтын адамдармен бірге тұру құқығымен беріледі.
229. Сотталғанның асырап алған және кәмелетке толмаған балаларына онымен кездесу алардың заңды өкілдерінің еріп жүруімен беріледі.
230. Кездесуге келген адамның жеке басын, сондай-ақ олардың сотталғанмен туыстық байланыстарын куәландыру «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көзделген құжаттармен, сондай-ақ неке қию туралы куәлік, қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының құжаттарымен расталады.
231. Сотталғандарға олардың сұрауы бойынша ұзақ мерзімді кездесуді қысқа мерзімді кездесуге, ал кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде мекемеден тыс жерде тұрумен ұзақ мерзімді кездесуді мекеме шегінен тыс жерде шығумен қысқа мерзімді кездесуге ауыстыруға рұқсат беріледі.
232. Сотталғанның жазбаша өтінімі бойынша ұзақ және қысқа мерзімді кездесулерді хабар алу құқығынсыз екі сағатқа дейінгі бейне көрсетілімге ауыстыруға рұқсат етіледі. Осыдан кейін белгіленген күн пайдаланылған деп саналады. Сәлемдеменің орнына сотталған сауқат алу құқығын пайдаланады.
233. Кездесуге рұқсатты сотталғанның не онымен кездесуге келген адамның өтінімі бойынша мекеменің бастығы немесе олардың міндеттерін бөлуге сәйкес оны алмастыратын адам береді.
Кездесу беруден бас тартқан кезде сотталғандармен кездесуге өтінім білдірушінің өтінішіне бас тартудың себебі туралы белгі жасалады.
Сотталғанмен кездесу ұсынудан бас тартылған жағдайда кездесу бөлмесіндегі қадағалау бойынша бақылаушы не мекеме әкімшілігінің өкілі сотталғанға және кездесуге келген адамдарға бас тартудың дәлелді себебін түсіндіреді.
234. Кездесуге келген адамның не сотталғанның өтінімін мекеменің кездесу бөлмесі бойынша жауапты бақылаушысы жалпы кезек тәртібінде қабылдайды. Өтінімнің үлгісі келушілерге арналған бөлмеде көрнекі ақпарат тақталарында ілінеді.
235. Кездесуге келген адамдарды мекеме бастығы немесе оның орынбасары қабылдайды. Олар сотталғанның мінез-құлқы туралы хабарлайды және кездесу кезiндегi мінез-құлық қағидалары туралы, тыйым салынған сәлемдемелер беруге болмайтындығы туралы және белгiленген қағидалардың бұзылғаны байқалса, кездесудiң дереу тоқтатылатыны туралы ескертедi.