Қолданыстағы редакция Ұсынылатын редакция



бет23/59
Дата19.01.2023
өлшемі1.42 Mb.
#417152
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   59
Байланысты:
!@02= B01;8F0 -- -- -07
тест органоиды (1)
186. Мекемелерде сотталғандарды жеке тінту, үй-жайларды, тұрғын аймақтардың аумақтарын және өндірістік объектілерді жалпы, жоспарлы және жоспардан тыс тінту жүргізіледі.
187. Сотталғандардың саны Тізбеден асатын және белгіленген салмақтан асатын заттар алынады және сақтау үшін қоймаға тапсырылады.
188. Сотталғандардың заттарын қоймаларда және заттарды сақтау үй-жайларында (каптерка) жасақтарда сақтау оларға жапсырмалары бар, өлшемі 7x10 см, өлшемі 30х40 мм, сотталғанның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) көрсетілген және осы Қағидалардың белгіленген талаптарына сәйкес заттар мен заттардың ішкі тізімдемесі салынған, сотталғанның фотосуреті бар, ақ түсті материалдан бирка түріндегі сөмкелерде қамтамасыз етіледі.
189. Бірінші қажеттіліктегі және күнделікті пайдаланылатын киімдерді (іш киім, гигиена тауарлары және т.б.) сақтау үй-жайында (каптерка) жасақта, ал белгіленген салмақтан тыс заттар мен маусым бойынша киім мекеме қоймаларында қамтамасыз етіледі.
190. Сотталғандарды жеке тінту толық тінту және толық емес тінту болып бөлінеді. Тінтуді тінтілетін адаммен жынысы бір адам жүргізеді.
191. Тінту мен қарап-тексеруді жүргізуге мекеме қызметкерлері мен БӘЖ (ҚАЖ бақылаушыларын) тартуға жол беріледі. Тінту және тексеру кезінде техникалық құралдар мен қызметтік иттер пайдаланылады.
192. Толық тінту мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) мекеме қызметкерлерінің, БӘЖ (ҚАЖ бақылаушыларының) талап етуі бойынша сотталғанға сотталғандарға сақтауға және пайдалануға рұқсат етілмеген заттар мен заттектерді тапсыруы, содан кейін бас киімін, аяқ киімін, киімін, сондай-ақ іш киімін рет-ретімен шешіп алуы қажет.
2) мекеме қызметкерлерінің, БӘЖ (ҚАЖ бақылаушыларының) талап етуі бойынша сотталған саусақтардың, аяқтардың арасы, құлақ қуыстары, медициналық таңулар мен аяқ-қол протездері және ауыз қуыстары, сондай-ақ мекемеде адам сканеріне арналған техникалық жабдық болмаған не жарамсыз жағдайда организм қуысындағы табиғи жолдарды көрсетеді. Ағзаның несіп жолдарын тексеру үшін медициналық және физиологиялық көрсеткіштері бойынша көрсетілген жаттығуды жасай алмайтын адамдарды қоспағанда (І және ІІ топтағы мүгедектер, жүкті әйелдер, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдер, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектер), сотталғанға 10-ға дейін отырып-тұру түріндегі жаттығуды жасау ұсынылады. Отырып-тұру тік тұру – күйінен, аяқтары иық деңгейінде, қолдары желкеде немесе алға қарай созылған жағдайда жүзеге асырылады;
193. Сотталғанды толық емес тінтуді мекеме мен БӘЖ қызметкерлері (ҚАЖ бақылаушылар) сотталғанның кез келген жерінде сақтауға және пайдалануға рұқсат етілмеген заттарды жасыру мүмкіндігі туралы күдік туындаған кезде жүргізеді.
194. Толық емес тінту кезінде мекеме қызметкерлерінің, БӘЖ (ҚАЖ бақылаушыларының) талап етуі бойынша, кешіктіру лауазымды адамдарға немесе сотталғандардың өздеріне нақты қатер төндіруі не сотталғандардың тыйым салынған заттарды жоюы (бүлдіруі) мүмкін жағдайларды қоспағанда - тінту дереу жүргізіледі, сотталғанға сақтауға және пайдалануға рұқсат етілмеген заттар мен заттарды тапсыру, содан кейін толық емес тінту кезде өз заттарын беру қажет.
195. Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзған не қылмыс жасаған сотталғанға толық тінту жүргізбеген кезде мекеме қызметкерлерінің, БӘЖ (ҚАЖ бақылаушыларының) талап етуі бойынша сотталған қолдарын жоғары көтеріп, аяқтарын иық еніне қойып, қолдарын қабырғаға (бар болса) тіреуі қажет. Егер тіреу болмаса, сотталған қолдарын жоғары көтеріп тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   59




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бағдарламасына сәйкес
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
сәйкес оқыту
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасы
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
республикасы білім
Жалпы ережелер
бекіту туралы
нтізбелік тақырыптық
арналған жиынтық
жалпы білім
болып табылады
Қазақстан республикасының
Зертханалық жұмыс
арналған әдістемелік
рсетілетін қызмет
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
Қысқа мерзімді
білім берудің
пәнінен тоқсанға
тақырыптық жоспар
қызмет стандарты
туралы жалпы
атындағы жалпы
пайда болуы
әдістемелік ұсыныстар
Жұмыс бағдарламасы
қарым қатынас
емтихан сұрақтары
пәнінен тоқсан