Қолданыстағы редакция Ұсынылатын редакция


Сәлемдемені тексеруді кездесу бөлмесінің бақылаушысы тексеру тобының қызметкерлерімен бірлесіп мынадай тәртіппен жүргізеді



бет22/59
Дата19.01.2023
өлшемі1.42 Mb.
#417152
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   59
Байланысты:
!@02= B01;8F0 -- -- -07
тест органоиды (1), Брайан Трейси. Тайм-менеджмент.
165. Сәлемдемені тексеруді кездесу бөлмесінің бақылаушысы тексеру тобының қызметкерлерімен бірлесіп мынадай тәртіппен жүргізеді:
1) бақылаушы сәлемдеме әкеліп тұрған адамға сотталғандарға сақтауға және пайдалануға рұқсат етілмеген ақша, бағалы қағаздар, сондай-ақ өзге де заттар, құжаттар, киімдер, бұйымдар, азық-түліктер туралы ескертеді және оларды тапсыруды ұсынады, содан кейін сәлемдемені тексеруге кіріседі;
2) әрбір зат мұқият тексеріледі. Нан өнімдері (бөлке, тоқаш, нан және т.б.) екі-үш бөлікке бөлінеді. Сұйық өнімдер басқа ыдысқа құйылады немесе щуппен тексеріледі. Консервілер, банкелер және ораулар ашылып, басқа ыдысқа салынады немесе щуппен тексеріледі. Майшабақ екі-үш бөлікке бөлінеді. Шұжық өнімдері бірнеше бөлікке бөлініп, кесіледі. Ұсақ өнімдер (махорка, шай және т.б.) хабарды жеткізген адамдардың өздері әкелген басқа целлофан пакеттеріне себіледі. Кәмпиттер орамада қабылданады, бірақ ішінара ашылады. Темекі қаптамалары іріктеліп ашылады, бірақ қаптамамен бірге беріледі. Хат немесе сотталғандарға сақтауға және пайдалануға рұқсат етілмеген заттарды жасыру үшін пайдаланылуы мүмкін басқа да азық-түліктер осындай тәртіпте тексеріледі. Тексеру азық-түлік сапасын жоғалтпайтындай жағдайда жүргізіледі. Киімдер мен заттар мұқият тексеріледі;
3) сәлемдемені қабылдаған соң бақылаушы өтініштің бір данасын қабылдағаны туралы қол қойып, сәлемдеме әкелген адамға қайтарады, екіншісін – сәлемдемені берген соң және алушы қол қойған соң өзінде қалдырады.
166. Сауқаттарды, бандерольдерді және хат-хабарларды жеткізуге жауапты мекеме қызметкері жақын жердегі пошта бөлімшесінде мекеменің мекен-жайына келіп түскені туралы аптасына кемінде бір рет біледі және оларды мекемеге жеткізу жөнінде шаралар қабылдайды. Оларды пошта бөлiмшесiнен алған кезде қаптамалардың, тапсырыс хаттар конверттерінің тұтастығын мұқият тексередi. Бүлінгені анықталған жағдайда екi данада актi жасайды (еркін нысанда), онда бүлінудің сипатын көрсетеді және оған пошта бөлiмшесi жұмыскерiнің қолын қойғызады. Бiр данасын пошта бөлімшесінде қалдырады, екiншiсiн - жинақтау-папкасына тiгедi.

167. Сотталған жүкті әйелдер және бала емізетін аналар еркі бойынша медициналық қорытындымен айқындалатын санда және түр-түрімен азық-түлік сауқаттары мен сәлемдемелерді ала алады.


168. Сауқат, сәлемдеме және бандерольдердiң ішіндегіні, сондай-ақ тапсырыс хаттарды адресаттардың қатысуымен жауапты жұмыскер мекеменің қызметкерлерiмен бiрге ашып қарайды. Тізбеде көзделмеген табылған заттар, бұйымдар мен заттектер алынады және олар бойынша мемлекет кірісіне айналдыру, сақтауға беру немесе туыстарына беру не жою туралы шешім қабылданады.
169. Мекеме дүкеніне әкелінетін тауарлар мен азық-түлікті тексеріп қарауды мекеме қызметкерлері техникалық тексеріп қарау құралдары мен тексеріп қарау құралдарын пайдалана отырып, жедел қызметкерлердің баянаты бойынша тексеріп қарайды.
170. Сотталғандардың мекемеде сауқаттар, сәлемдемелер мен бандерольдер алуы белгіленген кесте бойынша жүзеге асырылады. Сотталған сауқаттар, сәлемдемелер мен бандерольдер беруге арналған үй-жайға келген соң сотталған өз кезегін күтеді. Мекеме әкімшілігі өкілдерінің немесе БӘЖ (ҚАЖ бақылаушыларының) талап етуі бойынша сотталған үй-жайға кіреді, белгіленген нысан бойынша сәлем береді және ұсынылады. Келіп түскен сауқатқа, сәлемдемеге немесе бандерольге қатысты қойылған сұрақтарға нақты және анық жауап береді және қаптаманың бүтіндігін тексергеннен кейін оларды ашуға және алуға келісім береді немесе бас тартады.
171. Сотталған келіп түскен сауқатты, сәлемдемені немесе бандерольді алудан бас тартқан жағдайда мекеме әкімшілігінің немесе БӘЖ өкілдері (ҚАЖ бақылаушылары) акт жасайды және сәлемдеме адресатқа үстеме төлеммен қайтарылады.
172. Сауқат, сәлемдеме немесе бандероль беру кезінде сотталғандарға мекеме әкімшілігі немесе БӘЖ (ҚАЖ бақылаушылары) өкілдерінің рұқсатынсыз өздері тексерілген өнімдерді, заттар мен заттарды алуға жол берілмейді. Сөйлесу, алаңдату және алынған сауқатқа қатысы жоқ сұрақтар қою және де мекеме әкімшілігі өкілдерінің немесе БӘЖ (ҚАЖ бақылаушыларының) рұқсатынсыз сауқаттар, сәлемдемелер мен бандерольдер беру үй-жайынан уақытынан бұрын кетуге жол берілмейді.
173. Сауқаттан, сәлемдемеден немесе бандерольден тыйым салынған заттар табылған және алып қойылған жағдайда сотталғаннан әкімшілік немесе қылмыстық іс материалдарына қоса тіркеу үшін жазбаша түсініктеме алынады.
174. Сауқатты, сәлемдемені немесе бандерольді алғаннан кейін сотталған сауқаттарды, сәлемдемелерді және бандерольдерді беру журналына қол қояды және мекеме әкімшілігі өкілдерінің немесе БӘЖ (ҚАЖ бақылаушыларының) рұқсатымен үй-жайдан шығады.
175. Сауқаттар, сәлемдемелер мен бандерольдер ішіндегісінің тізбесі мен салмағы осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сотталғандардың атына келіп түскен сауқаттарды, сәлемдемелерді, бандерольдерді беруді және олардың салымдарын есепке алу журналында тіркеледі.
176. Бір сауқат пен сәлемдеменің ең жоғарғы салмағы 20 килограмнан аспайды.
177. Мекемеге келген сотталғандардың туысқандарына немесе өзге адамдарға мекеме әкiмшiлiгі немесе БӘЖ (ҚАЖ бақылаушылары) тиiстi сауқат, сәлемдеме, бандерольдердiң орнына оларды сотталғандарға беру мақсатында мекеме жанындағы дүкендері және электрондық сауда алаңы арқылы тамақ өнімдерін және бiрiншi кезекте қажетті заттарды сатып алу мүмкiндiгi бар екенiн түсiндiредi. Мұндай жағдайда аталған адамдар сотталғандарға беру үшiн тамақ өнімдерінің және бiрiншi кезекте қажетті заттардың саны, салмағы көрсетілген екi данадағы өтiнiм бередi және олардың құнын төлейдi. Сотталғандар мұндай сәлемдемелердi алғаннан соң өтiнiмнің бiрiншi данасы осы сәлемдемелердiң құнын төлеген адамға берiледi, екiншi данасы жеке iске тiгiледi.
178. Саны мен түр-түрі медициналық қорытындыда айқындалған, сондай-ақ сотталған жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарға арналған сауқаттар мен сәлемдемелер тексеруден кейін адресаттарға беріледі.
179. Сотталғандар медициналық қорытындыға сәйкес алатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар салынған сауқаттар, сәлемдемелер немесе бандерольдер сотталғанға берілмейді, бірақ тиісті сотталғанды емдеу кезінде кейіннен қолдану үшін мекеменің медициналық бөлімдерінің жауапты қызметкерлеріне беріледі. Бұл ретте көрсетілген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар жазаны өтеу жағдайларына сәйкес рұқсат етілген сауқаттар, сәлемдемелер мен бандерольдер санына енгізілмейді.
180. ТИ-да ұсталған сотталғандарға сауқат және бандерольдер жазалау шарасын өтегеннен кейін тапсырылады, ӨББА-ға және ӨЖ-ге сотталғандарға мекеме әкiмшiлiгi камерада тапсырады. Мекеме әкiмшiлiгi сауқат және бандерольдердің ішіндегілердің сақталуын қамтамасыз етедi, алайда ішіндегі заттардың ұзақ уақыт сақтау салдарынан табиғи бұзылуына жауапты болмайды.
181. Мекеме әкімшілігінің рұқсатымен сотталғандар өз қаражаты есебінен туысқандарына және өзге де адамдарға мекеме жанындағы дүкеннен немесе электрондық сауда алаңынан сатып алынған тамақ өнімдерін және бiрiншi кезекте қажетті заттарды, сондай-ақ өзiнiң жеке пайдалануындағы немесе қоймада сақтаудағы заттар мен бұйымдарды сауқат және бандерольмен жiбере алады. Жіберуге арналған затты мекеме әкімшілігінің өкілдері сотталғанның қатысуымен қарап тексереді.






20

3-Параграф. Мекемелерде пайдалануға тыйым салынған заттар мен құжаттарды алып қою

60. Тiзбеде көзделмеген заттарды, бұйымдарды, заттектерді, құжаттарды және тамақ өнімдерін алып қоюды мекеме қызметкерлері мен сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдар жүзеге асырады.


Заттар, бұйымдар, заттектер, құжаттар және тамақ өнімдері сотталғандардан анықталған сәтте алынады, үлгісі ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру қағидаларында көрсетілген ол жөнінде баянат немесе акт жасалады және тексеріледі. Актіде тыйым салынған затты алған күн, уақыты, орны, сотталғанның және тыйым салынған затты анықтаған және алуды жүргізген қызметкердің деректері көрсетіледі.
Егер мән-жайлар кейінге қалдыруға болмайтын болса, тінту дереу, оның ішінде тәуліктің кез келген уақытында жүргізіледі.
61. Сотталғандардан, сондай-ақ мекеме аумағынан табылған иесін табу мүмкін емес ақшаны, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтарды осы Қағидаларға сәйкес мекеме әкімшілігі алады және сот шешімі бойынша мемлекет кірісіне аударылуға жатады.
Сотталғандардың сауқат, сәлемдемелер мен бандерольдер арқылы және мекеме жанындағы дүкендерден немесе электрондық сауда алаңынан алуға, өздерінде болуға рұқсат етiлетiн заттар мен нәрселердің тiзбесiне кірмейтін сотталғандардан, сондай-ақ мекеме аумағы мен мекемеге іргелес аумақтан алынған заттар, бұйымдар, заттектер, құжаттар және тамақ өнімдері мекеме әкімшілігінің комиссиялық шешімі бойынша туысқандарына немесе сақтауға беріледі немесе мекеме бастығының қаулысы бойынша жойылады, бұл туралы акті (еркін нысанда) жасалады.
62. Алынған ақшаны және бағалы заттарды оларды алған лауазымды тұлғаның актiсi немесе баянаты бойынша, бiр тәулiк мерзiмнен (демалыс және мереке күндерін қоспағанда) кешiктiрмей, кезекшi мекеме басшылығы тексеру туралы материалдарды жинауды жүзеге асыру тапсырылған қызметкерге сотталғандардан алынған ақша мен бағалы заттарды есепке алу журналына қолын қойдырып береді.
63. Тізбеде белгіленген саннан артық сотталғандарда бар заттар алынады және сақтау үшiн қоймаға тапсырылады.

7-тарау. Мекемелерде пайдалануға тыйым салынған заттар мен құжаттарды алу тәртібі

182. Тiзбеде көзделмеген заттарды, бұйымдарды, заттектерді, құжаттарды және тамақ өнімдерін алып қоюды мекеме қызметкерлер, БӘЖ (ҚАЖ бақылаушылар) сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдар жүзеге асырады.


Заттар, бұйымдар, заттектер, құжаттар және тамақ өнімдері сотталғандардан анықталған сәтте алынады, ол жөнінде баянат немесе акт еркін нысанда жасалады және тексеріледі. Актіде тыйым салынған затты алған күн, уақыты, орны, сотталғанның және тыйым салынған затты анықтаған және алуды жүргізген қызметкердің деректері көрсетіледі.
Егер мән-жайлар кейінге қалдыруға болмайтын болса, тінту дереу, оның ішінде тәуліктің кез келген уақытында жүргізіледі.
183. Сотталғандардан, сондай-ақ мекеме аумағынан табылған иесін табу мүмкін емес ақшаны, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтарды осы Қағидаларға сәйкес мекеме әкімшілігі немесе БӘЖ (ҚАЖ бақылаушылар) алады және сот шешімі бойынша мемлекет кірісіне аударылуға жатады.
184. Сотталғандардан алынған, сондай-ақ мекеменің аумағында және оған іргелес аумақта табылған, рұқсат етілгендер тізбесіне кірмейтін заттар, бұйымдар, заттектер, құжаттар мен тамақ өнімдері мекеме әкімшілігінің комиссиялық шешімі бойынша туыстарына немесе сақтауға беріледі не мекеме бастығының қаулысы бойынша жойылады, ол туралы акт жасалады (еркін нысанда).
185. Алынған ақшаны және бағалы заттарды оларды алған лауазымды тұлғаның актiсi немесе баянаты бойынша, бiр тәулiк мерзiмнен (демалыс және мереке күндерін қоспағанда) кешiктiрмей, МБКК мекеме басшылығы тексеру туралы материалдарды жинауды жүзеге асыру тапсырылған қызметкерге сотталғандардан алынған ақша мен бағалы заттарды есепке алу журналына қолын қойдырып береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   59




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
ғылым министрлігі
сәйкес оқыту
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасы
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
республикасы білім
Жалпы ережелер
бекіту туралы
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
арналған жиынтық
болып табылады
Қазақстан республикасының
Зертханалық жұмыс
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
рсетілетін қызмет
Қазақ әдебиеті
Қысқа мерзімді
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
атындағы жалпы
туралы жалпы
қызмет стандарты
пайда болуы
әдістемелік ұсыныстар
Жұмыс бағдарламасы
қарым қатынас
коммуналдық мемлекеттік
емтихан сұрақтары