Қолданыстағы редакция Ұсынылатын редакция


-Параграф. Сотталғандарды жұмысқа тарату



бет17/59
Дата19.01.2023
өлшемі1.42 Mb.
#417152
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   59
Байланысты:
!@02= B01;8F0 -- -- -07
тест органоиды (1)
4-Параграф. Сотталғандарды жұмысқа тарату

90. Сотталғандар күн тәртiбiнде белгiленген уақытта жасақ, бригада бойынша жұмысқа тарату үшiн арнайы бөлiнген жерде сапқа тұрғызылады, бұл ретте карточкасы, тегi бойынша тексеру жүргiзiледi, олардың сыртқы пішіні және жынысы мен климаттық жағдайды ескере отырып, үлгісі бойынша белгіленген киім нысаны тексеріледі, сондай-ақ тексеру жүргізіледі.


91. Мекемеде пайдалануға көзделмеген заттарды, бұйымдарды және заттектерді алып өтуіне жол бермеу мақсатында сотталғандар өндірістік аймақтан шыққан кезде де тексеріп қарауға немесе тінтуге жатады.
92. Мекеме бастықтары мекеме аумағында орналасқан кәсіпорындардың бастықтарымен бірлесіп, еңбек жағдайын ескере отырып, сотталғандардың өндіріс объектілеріндегі жүріс-тұрыс тәртібін белгілейді, онда сотталғандардың объектілерге саппен келуі, цех (учаске) бастықтарының немесе шеберлерінің нұсқама өткізулері, жұмыс қорытындысын шығару, жұмыс орындарын тапсыру тәртібі қарастырылады.
93. Мекеме әкімшілігі өндірістік объектілердегі сотталғандарға ұдайы бақылау мен қадағалауды қамтамасыз етеді.
94. Сотталғандарды камералық ұстау жағдайында еңбекке тарту арнайы жабдықталған жұмыс камераларында ұйымдастырылады. Сотталғандар, олардың заттары мен киімдері, сондай-ақ жұмыс камерасы жұмыс басталар алдында және аяқталғаннан кейін тексеріледі және тінтіледі. Жұмыс камералары болмаған кезде еңбек өндірістік аймақтың оқшауланған жергілікті учаскелерінің аумағында ұйымдастырылады.
95. Сотталғандарды пайдалануға жол берілмейтін жұмыстар мен лауазымдар тізбесі осы Қағидаларға 8-қосымшада белгіленген.
96. Мекеме әкімшілігінің өкілдері объектіде және БӘЖ (ҚАЖ бақылаушылар) белгіленген уақытта белгілі бір бағыттар бойынша өндірістік ғимараттарды, тұрмыстық үй-жайларды, объектінің аумағын және сотталғандардың жұмыс орындарын қарайды. Сотталғандар қатарындағы шеберлер мен бригадирлер мекеме әкімшілігі өкілдерінің және бақылаушылардың талап етуі бойынша объектідегі (цехтағы) жағдай және сотталғандардың бар-жоғы туралы баяндайды.
97. Мекеме аумағында жұмыс құралдары, лак-бояу, майлау және жанғыш заттар, тескіш-кескіш және соққы-ұсақтау құралдары жұмыс уақытынан тыс уақытта өндірістік және тұрғын аймақтың жұмыс объектілерінде орналасқан, тиісті таңбасы және тізімдемесі бар, құлыппен жабылған арнайы жабылатын үй-жайларда (металл шкафтарда) сақталады. Олардың беруі мен пайдалануы мекеме әкімшілігінің өкілдері мен өндірістік учаскелердің қызметкерлері қатаң бақылайды. Үй-жайлардың (металл шкафтардың) кілттері кешкі уақытта МБКК-ға тапсырылады.
98. Күтпеген дүлей зілзалалар, авариялар мен апаттар (өзендердің қатты төгілуі, дамбалар мен бөгеттердің жарылуы, жер сілкінісі, дауыл мен дауыл, қар күркіреуі, өрт) туындаған жағдайда мекеме әкімшілігінің өкілдері сотталғандарды салдарын жою бойынша еңбегіне ақы төлемей жұмысқа тартуға құқылы.




14

3-Параграф. Тамақтану

22. Сотталғандар асханаға күн тәртібімен белгiленген сағатта таза киім мен аяқ киімде саппен келеді.


Сотталғандар асхана үй-жайына саптың оң жағынан, кезектілікті сақтай отырып, бір-бірден кіреді.
Тамақтану жасақ, бөлiмше, бригада бойынша асханада немесе жұмыс объектiлерiндегi тамақ тарататын үй-жайда жүзеге асырылады. Егер асхана тұрғын және өндiрiстiк аймақтардың түйіскен жерінде орналасса, жұмыстағы ауысымды тамақтандыру тұрғын аймақтағы адамдарды өндiрiсте жұмыс iстейтін сотталғандардан оқшаулауды қамтамасыз ете отырып, асханада ұйымдастырылуы мүмкін.
Сотталғандарға асханадан азық-түліктерді және ыдыс-аяқтарды шығаруға жол берілмейді.
23. Тамақтанар алдында сотталғандар сыртқы киімдері мен бас киімдерін шешеді.
Сотталғандар кезек бойынша үстелге отырады. Сотталғандар асханадан шығуды барлық сотталғандар тамақ ішкеннен кейін жүзеге асырады.
24. Ауыз сумен қамтамасыз ету, тамақты қоректік сипаттары мен құндылығы бойынша дайындау санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 1255 қаулысымен бекітілген Күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің балалар үйлеріндегі балаларды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.
25. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде таңғы, түскi және кешкi ас асханаларда ұйымдастырылады.
26. Коммуналдық-тұрмыстық объектiлердiң (монша, шаштараз, кiр жуатын үй) үздiксiз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында мекеме бастығының рұқсатымен осы объектiлерде жұмыс iстейтін сотталғандар жеке кесте бойынша тамақтанады.
27. Жазаны өтеудің жеңілдікті жағдайларында ұсталатын, сондай-ақ мекеменің аумағынын тыс жерде тұратын сотталғандар тұратын жерлерiнде немесе жұмыс объектiлерiнде тамақтанады.
28. Камераларда ұсталатын сотталғандар тамақты камерада қабылдайды, ал жазаны өтеудің жеңiлдетiлген және жеңілдікті жағдайларындағы сотталғандар асханада тамақтанады.
29. Туберкулезден емдеуге арналған емдеу-профилактикалық мекемелерінде ұсталатын сотталғандар және мекемелердің медициналық бөлімдерінде стационарлық ем алып жатқан ауыр сырқаттанған сотталғандар медициналық көрсеткіштердің негізінде берілген емдеуші дәрігердің жазбаша рұқсатымен тамақты тұратын жерлерінде (медициналық палаталарда не туберкулездің микробактерияларын бөлетін сотталғандарға арналған бөлімшелердегі ас қабылдау бөлмелерінде) қабылдайды.
30. Тәртіпті сақтау және сотталғандардың даулы жағдайларына жол бермеу мақсатында тамақтану кезiнде асханаларда мекеме әкiмшiлiгінің өкiлдерi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері болады.

5-Параграф. Тамақтану

99. Сотталғандар асханаға күн тәртібімен белгiленген сағатта таза киім мен белгіленген ұлгідегі аяқ киімде саппен келеді.


100. Асхана үй - жайына сотталғандар, әдетте, мекеме әкімшілігі өкілдерінің немесе БӘЖ (ҚАЖ бақылаушыларының) рұқсатынан, содан кейін сотталғандар кезектілікті сақтай отырып, саптың оң жағына бір-бірден кіреді. Асханаға кірген кезде сыртқы киімдері мен бас киімдерін шешеді. Тамақтану пунктінде кезектілік тәртібі сақталады.
101. Тамақтану жасақ, бөлiмше, бригада бойынша асханада немесе жұмыс объектiлерiндегi тамақ тарататын үй-жайда жүзеге асырылады. Егер асхана тұрғын және өндiрiстiк аймақтардың түйіскен жерінде орналасса, жұмыстағы ауысымды тамақтандыру тұрғын аймақтағы адамдарды өндiрiсте жұмыс iстейтін сотталғандардан оқшаулауды қамтамасыз ете отырып, асханада ұйымдастырылуы мүмкін.
102. Сотталғандарға асханадан азық-түліктерді және ыдыс-аяқтарды шығаруға жол берілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   59




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бағдарламасына сәйкес
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
сәйкес оқыту
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасы
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
республикасы білім
Жалпы ережелер
бекіту туралы
нтізбелік тақырыптық
арналған жиынтық
жалпы білім
болып табылады
Қазақстан республикасының
Зертханалық жұмыс
арналған әдістемелік
рсетілетін қызмет
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
Қысқа мерзімді
білім берудің
пәнінен тоқсанға
тақырыптық жоспар
қызмет стандарты
туралы жалпы
атындағы жалпы
пайда болуы
әдістемелік ұсыныстар
Жұмыс бағдарламасы
қарым қатынас
емтихан сұрақтары
пәнінен тоқсан