МКЖК монша кешенінің үй-жайларын, шаштаразға және кір жуатын орынға арналған үй-жайды, сотталғандардың төсек жабдықтары мен сыртқы киімдерін жууға арналған үй-жайды қамтиды.
76. МКЖК жұмысы мекеме бастығы немесе оны алмастыратын тұлға бекітетін кестеге сәйкес ұйымдастырылады. Кесте сотталғандар моншаға (душ бөлмесіне) аптасына кемінде бір рет, шаштаразға - қажеттілігіне қарай, кесте мен күн тәртібіне сәйкес бара алатындай есеппен әзірленеді.
77. Сотталғандардың төсек жабдықтары мен сыртқы киімдерін жууды мекеме әкімшілігі кесте мен күн тәртібіне сәйкес аптасына кемінде бір рет қамтамасыз етеді. Бұл ретте сотталғандардың жасақтардың (камералардың) орналасуында іш киімін қоспағанда, төсек жабдықтары мен сыртқы киімдерін жууға жол берілмейді.
78. Сотталғандардың өз есебінен мекемелер үшін тұрмыстық техника мен жабдықтарды, құрылыс материалдарын, сабын-жуу құралдарын сатып алуына, сондай-ақ мекемелерде әртүрлі іс-шараларды қаржыландыруға және жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруға жол берілмейді.
Параграф 2. Көтерілу
79. Мекемелерде көтерілу күн тәртібімен белгіленген уақытта жүзеге асырылады. Дабыл (қоңырау) шалғаннан кейін сотталғандар төсектен көтеріліп, киінеді. Содан кейін дене шынықтыру үшін сыртқа шығуға дайындалады.
80. Дене шынықтыру аяқталғаннан кейін сотталғандарға дәретханаға және белгіленген үлгі бойынша төсектерді жинауға уақыт беріледі. Ылғалды жинауға кірісетін жасақ, камера бойынша кезекшілер анықталады.
81. Ылғалды жинау кезінде сотталғандардың негізгі бөлігі ТЖҮЖ-ға немесе үй-жайдың аумағына өтуге құқылы.
82. Үй-жайларды, еденді, жиһазды ылғалды жинау сапалы және адал қолмен, сондай-ақ жинау үшін мүкәммалмен жүргізіледі. Жинау жүргізу сапасына бақылауды мекеме әкімшілігінің өкілдері немесе БӘЖ (ҚАЖ бақылаушылары), сондай-ақ ерікті ұйымда тұрған, мекеме үй-жайларының санитариялық жай-күйіне жауапты сотталғандар жүзеге асырады.
Параграф 3. Дене шынықтыру
83. Қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес, ҚАК-нің 124-бабының 2-бөлігіне сәйкес, адамгершілік, әлеуметтік-құқықтық, еңбек, дене тәрбиесі және тәрбиенің өзге де түрлерін жүзеге асыру шеңберінде, ҚАЖ мекемелерінде сотталғандардың дене шынықтырулар және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады.
84. Дене шынықтыру Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес дене тәрбиесінің негізгі нысаны болып табылады және барлық сотталғандар үшін міндетті болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |