69. Отрядтардың жергілікті учаскелері турниктермен және брустармен, сондай-ақ аумақта жеткілікті орын бар болса футбол, баскетбол және волейбол алаңдарымен жабдықталады.
Камералық ұстау жағдайлары бар мекемелерде турниктер мен брустар серуендеу аулаларында жабдықталады.
70. Күн тәртiбi көзге түсетiн жерге (плацқа, камераларда, жасақ, карантин бөлімшесінің үй-жайларына, тұрмыстық және өндірістік объектілерде) iлiнедi, персоналға және сотталғандардың назарына жеткiзiледi. Күн тәртібі үлгiсі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген.
71. Жаппай іс-шараларды өткізу орны мен тәртібі (тексеру, дене шынықтыру, жұмысқа тарату, спорттық іс-шаралар) мекеме бастығының бұйрығымен бекітіледі.
72. Сотталғандармен тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысты ұйымдастыру үшін жасақтарда мекеме бастығы бекіткен кестеге сәйкес Тәрбие жұмысы үй - жайының (бұдан әрі-ТЖҮЖ) жұмысы қамтамасыз етіледі. Кесте сотталғандар жұмыс пен іс-шаралардан бос уақытта, күн тәртібіне сәйкес, сондай-ақ мекеме әкімшілігінің тәрбие жұмысын ұйымдастыру қажеттілігіне қарай (сабақтар, дәрістер, әңгімелесулер) пайдалана алатындай есеппен әзірленеді.
73. ТЖҮЖ-да сотталғандар жұмыс пен іс-шаралардан бос уақытта теледидар қарауға, музыка тыңдауға, үстел ойындарын ойнауға, оқуға құқылы.
74. ТЖҮЖ-да аталған заттар отрядына есептегенде 1 бірліктен аспайтын еркін қолжетімді телеарналарды көру мүмкіндігі бар теледидар орнатылады (порнографиялық материалдары жоқ стандартты тегін арналар жиынтығы бар кәбілдік немесе спутниктік теледидар техникалық мүмкіндік болған кезде қамтамасыз етіледі), музыкалық ойнатқыш, DVD-ойнатқыш, жасақ сотталғандарын отырғызу үшін жеткілікті орындықтар, табуреткалар, орындықтар, үстел ойындарына арналған үстелдер, техникалық мүмкіндік болған жағдайда кабельдік және спутниктік теледидар (порнографиялық материалдары жоқ стандартты тегін арналар жиынтығы бар), тамақ қалдықтары мен қоқыстарға арналған бак орнатылады.
75. Сотталғандардың санитариялық-гигиеналық нормаларды сақтауы үшін мекеме әкімшілігі мекеме аумағында монша-кір жуу кешенінің (бұдан әрі - МКЖК) жұмысын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |