12
|
4-тарау. Мекемелердегі күн тәртібі
1-Параграф. Күн тәртiбi
17. Әрбiр мекемеде сотталғандардың қандай да бір құрамымен жұмыс жасау ерекшелiктерiн, жыл мезгілін, жергiлiктi жағдайды және басқа да нақты жағдайлар ескеріле отырып, мекеме бастығы бекіткен қатаң регламенттелген күн тәртiбi ұйымдастырылады.
18. Күн тәртібіне ұйқыдан тұру, тексеру, ұйқыға жату, дәретханаға бару, дене шынықтыру, тамақ ішу, жұмысқа тарату, жұмыста, оқуда, тәрбие және спорттық-бұқаралық іс-шараларда, кездесу бөлмелерінде, дүкенде, медициналық бөлімде болу, телефон арқылы сөйлесу уақыттары кіреді. Сотталғандардың үзіліссіз сегіз сағаттық ұйқысы және оларға жеке уақыт беру көзделеді. Сотталғандардың жасақ бойынша аптасына кемінде бір рет моншада жуынуы қарастырылады. Жасақтардың моншада жуыну күні мен уақыты мекеме бастығы немесе оның міндетін атқарушы адам бекіткен кестемен белгіленеді, бұл ретте, бір сотталғанның жуыну ұзақтығы 1 сағаттан кем болмауы тиіс.
Сотталғандар күн тәртібінен бос уақытта, мекеме әкімшілігі белгілеген орындарда дене шынықтыру жаттығуларымен айналысады.
19. Күн тәртiбi көзге түсетiн жерге (плацқа, камераларда, жасақ, карантин бөлімшесінің үй-жайларына) iлiнедi, персоналға және сотталғандардың назарына жеткiзiледi. Күн тәртібі үлгiсі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген.
Жаппай іс-шараларды өткізу орны мен тәртібі (тексеру, дене шынықтыру, жұмысқа тарату, спорттық іс-шаралар) мекеме бастығының бұйрығымен бекітіледі.
|
5-тарау. Мекемелердегі күн тәртібі
1-Параграф. Күн тәртiбi
65. Әрбiр мекемеде сотталғандардың қандай да бір құрамымен жұмыс жасау ерекшелiктерiн, жыл мезгілін, жергiлiктi жағдайды және басқа да нақты жағдайлар ескеріле отырып, барлық сотталғандармен орындауға және сақтауға міндетті, мекеме бастығы бекіткен қатаң регламенттелген күн тәртiбi ұйымдастырылады.
66. Күн тәртібіне ұйқыдан тұру, тексеру, ұйқыға жату, дәретханаға бару, таза ауада дене шынықтыру, тамақ ішу, жұмысқа тарату, жұмыста, оқуда, тәрбие және спорттық-бұқаралық іс-шараларда, кездесу бөлмелерінде, дүкенде, медициналық бөлімде болу, телефон арқылы сөйлесу уақыттары кіреді. Сотталғандардың үзіліссіз сегіз сағаттық ұйқысы және оларға жеке уақыт беру көзделеді. Сотталғандардың жасақ бойынша аптасына кемінде бір рет моншада жуынуы қарастырылады. Жасақтардың моншада жуыну күні мен уақыты мекеме бастығы немесе оның міндетін атқарушы адам бекіткен кестемен белгіленеді, бұл ретте, бір сотталғанның жуыну ұзақтығы 1 сағаттан кем болмауы тиіс.
67. Сотталғандар таңертеңгі дене шынықтырудан басқа мекеме әкімшілігі белгілеген орындарда күн тәртібінен бос уақытта таза ауада жеке дене жаттығуларымен айналысуға құқылы.
68. Сотталғандарға спорттық мүкәммал мен зауытта жасалған тренажерларды пайдалануға, оның ішінде қоян-қолтық ұрыс үшін қолдан жасалған құралдарды, грушаларды, штангаларды, гантельдерді және т. б. дайындауға жол берілмейді.
|