-
Осы Саясат Қор тәуекелдерін басқару саясатына сәйкес жасалды.
-
Осы Саясаттың миссиясы тәуекел-менеджмент жүйесін қолдау болып табылады. Ол Қоғамға тәуекелдердің Қоғамға қолайлы деңгейін қамтамасыз ету және тәуекелдерді бірдейлестіру, бағалау, басқару және мониторингтеу есебінен түскен осындай салымдардан неғұрлым көп пайда табу үшін ресурстарды тиімді басқару және басымдықтары бойынша бөлу мүмкіндігін береді.
-
Тәуекелдерді шоғырландырылған негізде басқару Қоғамның барлық кәсіпорындарында ТБЖ енгізу жолымен жүзеге асырылады.
-
Қоғам методологиялық, консультациялық қолдау көрсетеді, сондай-ақ Қоғам кәсіпорындарында ТБЖ енгізу процесі кезінде ТБЖ-ны дамыту мен жетілдіру қызметін үйлестіреді.
-
ТБЖ саласындағы регламенттеуші құжаттар, олардың Қоғамның мақсаттарына, ауқымы мен қызмет ерекшелігіне сәйкестігін қамтамасыз ету, тәуекел-менеджменттің озық тәжірибесі мен жинақталған тәжірибені, сондай-ақ жаңа реттеуші талаптарды, тәжірибе мен тәуекел-менеджменттің стандарттарын ескере отырып, қажетіне қарай (кемінде жылына бір рет) қайта қаралып (осы Саясатты қоса алғанда) отырады.
-
Саясат Қоғамның интернет-сайтында орналастырылады және оның негізгі ережелері Қоғамның жылдық есебінде ашылады. Тәуекелдерді басқару саласындағы саясат пен басқа да құжаттар қолжетімділік құқығы шеңберінде интернет арқылы Қоғамның барлық қызметкерлері мен лауазымдық тұлғалары үшін қолжетімді. ТБЖ-дағы өзгерістер Қоғамның барлық қызметкерлері мен лауазымдық тұлғаларына электрондық пошта арқылы жеткізіледі.
-
-
ТБЖ негізгі мақсаты қатерлер мен мүмкіндіктерді басқарудың тиімділігін арттыру болып табылады, ол Қоғамды капиталдандыруды ұлғайту процесіне ықпал етуге тиісті. ТБЖ Даму стратегиясына сәйкес алдына мынадай мақсаттар қойып отыр:
-
Қоғамның Жалғыз акционерінің мүддесін қорғау;
-
Қоғамның стратегиялық және оперативтік орнықтылығын қамтамасыз ету;
-
Қоғамға қолайсыз тәуекелдер туындаған кезде оның шығынға ұшырауын азайту;
-
Қоғамның тәуекелдерді айқындау, бағалау және басқарудың бірыңғай және дәйекті тәсілдерін әзірлеу және қолдану, тәуекелдер туралы ақпарат алмасу рәсімдерін саты (басқару) және жайғасым (тәжірибе алмасу) бойынша оңайлату.
-
ТБЖ негізгі міндеттері:
-
стратегиялық және операциялық мақсаттарға жетуге қатер төндіретін жағдайлардың алдын алу, егер олар туындаса, олардың әсерін қолайлы деңгейге дейін азайту;
-
күтпеген жағдайларға тиімділікпен ден қою және басқару;
-
тиімді ішкі бақылау ортасын қамтамасыз етудің жалпы процесінің бір бөлігі болып табылатын тәуекелдерді басқарудың жүйелі процесіне қолдау көрсету;
-
мүдделі тараптарға Қоғамның тәуекелдерді тиімді басқаратындығы туралы ақылға сыйымды кепілдіктер беру.
Тәуекелдерді басқарудың негізгі принциптері
Қоғам Тәуекелдерді басқарудың мынадай негізгі принциптерін белгілейді:
-
Тұтастық – Қоғам мен оның кәсіпорындарының ТБЖ қиығындағы жиынтық қатерлерінің элементтерін қарау;
-
Ашықтық – ТБЖ-ны дербес немесе оқшау тұрғыда қарауға тыйым салу;
-
Құрылымдылық – тәуекелдерді басқарудың кешенді жүйесінің нақты құрылымы бар;
-
Хабардарлық – тәуекелдерді басқару шынайы, дұрыс және өзекті ақпараттың болуымен ерекшеленеді;
-
Үздіксіздік – тәуекелдерді басқару процесі тұрақты негізде жүзеге асырылады;
-
Кезеңділік – тәуекелдерді басқару процесі оның негізгі компоненттерінің тұрақты қайталанатын құрылған циклы болып көрінеді;
-
Үздіксіз жетілдіру – стратегиялық мақсаттарды, сыртқы ортадағы өзгерістерді, тәуекелдерді басқарудың әлемдік тәжірбиесіндегі жаңалықтарды ескере отырып, ақпарттық жүйелерді, рәсімдерді және технологияларды қоса алғанда, тәуекелдерді басқару жөніндегі жұмысты жетілдіру.
ТБЖ ұйымдық құрылымы -
ТБЖ-ның қоғамдағы ұйымдық құрылымы сатылы және деңгейлес ақпарат ағынын қамтамасыз етеді.
-
Төменнен жоғары қарай саты бойынша түсетін ақпарат Жалғыз акционерді, Директорлар кеңесін, Қоғам Басқармасын ағымдағы қызмет, қызмет барысында қабылданған тәуекелдер, оларды бағалау, бақылау, ден қою әдістері мен оларды басқару деңгейі туралы мәліметтермен қамтамасыз етеді.
-
Жоғарыдан төменге бағытталатын шешім Қоғам мен оның кәсіпорындарына Жалғыз акционер, Басқарма, Директорлар кеңесі шешімдерді қабылдау, сондай-ақ Қоғам тәуекелдерін басқару жөніндегі құжаттарды бекіту арқылы мақсаттарды, стратегияларды және қойылған міндеттерді жеткізуді қамтамасыз етеді.
-
Ақпаратты деңгейлес жіберу Қоғамның құрылымдық бөлімшелері мен оның кәсіпорындарының тәуекелді басқару жөніндегі жауапты қызметкерлерінің өзара әрекеті деп түсіндіреді.
-
Қоғамның ТБЖ құрылымы Қоғамның мынадай органдары мен бөлімшелерін тарта отырып, бірнеше деңгейде берілген (1-сурет):
Тәуекел-офицер
Ішкі аудит комитеті
Ішкі аудит қызметі
Корпоративтік хатшы
Жалғыз акционер
Директорлар кеңесі
Басқарма
Тәуекелдерді басқару комитеті
Тәуекелдерді басқару қызметін ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлімше
1-құрылымдық бөлімше
2-құрылымдық бөлімше
№ құрылымдық бөлімше
№1-сурет «ТБЖ ұйымдық құрылымы»
Достарыңызбен бөлісу: |