Қожа Ахмет Яссауидің софылық философиясы


ХХ-ғасыр философиясы: феноменология, өмір философиясы



бет40/41
Дата24.12.2021
өлшемі80.5 Kb.
#148301
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
Қожа Ахмет Яссауидің софылық философиясы

41. ХХ-ғасыр философиясы: феноменология, өмір философиясы.

Өмір философиясы - буржуазиялық философиядағы субъективтік идеалистік бағыт. 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың бас кезінде қалыптасып, әрі қарай өміршендік көрсеткен философиялық ағымдардың бірі. Германияда Шопенгауэр мен Ницшенің, Зиммель және Францияда Бергсон ілімдерінің негізінде «Өмір философиясы» пайда болды.

19-20 ғасырлар аралығында Германия мен Францияда қалыптасқан буржуазиялық философияның субьективтік-идеалистік бағыты.

Өмір философиясы дегеніміз - жаңа философиялық мәдени логикалық бағыт. Басты өкілдері - Шопенгауэр, Ницше, Дильтей, Бергсон, Шпенглер тағы басқалар. Өмір философиясы барлық тіршілік иелеріне рухқа, не материяға ұқсамайтын, бірақ түйсік сезімі арқылы, тануға болатын өмір көрінісінің формасы мен әлдеқандай бір алғашқы реалдылық ретінде қарастырады. Бұл философияның пайда болуына биология, психология сияқты ғылымдардың жедел дамуы түрткі болды.

Өмір философиясындағы басты ұғым - өмірдің мәні мен мағынасына алуан түрлі, оны қай позициядан, қалай түсіндіруге байланысты. Мұндағы өмір ұғымы бәрінен бұрын тірі организм өмір сүруінің шарты ретіндегі биологиялық - натуралистік мағынасында қолданылады. Өмір деген сөздің мағынасына тоқтасақ. Өмір – материя қозғалысының формасы, ол физикалық және химияық формалардың сапасы жағынан неғұрлым жоғары болады, бірақ оларды «қаз – қалпына» алынған түрде қамтиды. Жеке – дара биологиялық организмдер мен олардың жиынтықтарында (популяцияларда, түрлерде және тағы басқа) іске асырылады. Әрбір организм өздігінен ұйымдасатын ашық жүйе болып табылады, ол жүйеде: зат алмасу, өсу, даму даму және көбею процестерінің болуы тән.

Феноменология– негізін салушылар Гуссерль мен оның шәкірттері – Л.Ландгребе, Э.Финк, т.б. болып табылатын,қазіргі батыс философиясына ерекше ықпал еткен субъективтік идеолистік бағыт. Ф-ның негізгі ұғымы "интенционалдық” деп аталады. Бұл ұғым сананың объектіге қатысын көрсетеді. Ф-лық ұғым бойынша "объект болмаса,субъекті де болмайды”. Феноменологиялық тәсілдің негізгі талаптары: 1) субъективтік тәжірибеден тыс тұратын, яғни,санадан тыс тұратын объективтік шындық туралы пікірден бас тарту; 2) танымдық субъектіні (белгілі бір жанды) сезімі бар психофизиол нәрсе емес, сананың «таза» нәтижесі деп түсіндіру. Оны Ф. «трансценденталдық редукция » деп атайды




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді