Оқыту процесі-тұтас жүйе

Loading...


Дата18.10.2020
өлшемі1.4 Mb.

Оқыту процесі-тұтас жүйе.

Сарқан Гуманитарлық колледжі

Орындаған: 303 А топ студенті Қырықбай Айжан

Тексерген: Кылышбаева А.К

«Принцип» (лат.) – негізгі, бастапқы, қағида, ұстанымдар деген мағынаны білдіреді.

Оқытуға қойылатын талаптардың бастапқы белгілі жүйесін – оқыту процесінің принциптері деп атайды.

Оқыту процесінде кез-келген мұғалім дидактиканың принциптерін басшылыққа ала отырып, оқытудың мазмұнын, амал-тәсілдерін, ұйымдастыру формаларын таңдап, шәкірттерін жоғары нәтижеге жеткізуі шарт.

Мұғалім дидактикалық принциптерді дұрыс таңдап, оқытуды дұрыс ұйымдастырса сабақ тиімді және нәтижелі болары даусыз. Оқушыларға ойдағыдай теориялық білім, практикалық дағды, қабілет және тәрбие беру міндеттерін толық жүзеге асыру үшін оқытушы әрбір сабағын мынандай дидактикалық принциптер негізінде өткізуі қажет:

1.оқу материалы, оның орналасуы мен оқытылуы ғылыми негізде жүйелі болуы қажет.

2.оқу материалы және оны түсіндіріп айту, көрнекті, ұғынықты болу қажет.

3.теория мен практиканың тығыз байланыстылығын ашып көрсете білу қажет.

4.оқушылар оқу материалын саналы және белсенді ұғынуы қажет.

5.оқушылардың алған білімі мен дағдылары берік болуы қажет.



Оқытудың үш функциясы бар:

білім беру,

тәрбиелік,

дамытушылық.



1. Оқытудың білім беру функциясы. Оқушыларға білімді толық игерту үшін негізгі талаптарды ескерген жөн. Олар:

1білімнің толықтылығы;

2білімнің жүйелілігі, үйлесімділігі, бірізділігі;

3білімнің ұғымдылығы – оқушылардың өз бетімен ізденіп білімді меңгеру үшін олардың ойын дамыту;

4білімнің әрекеттілігі – жаңа білім алу үшін бұрынғы 5білімді шеберлікпен пайдалану мүмкіндігін жасау.

Оқытудың білім беру функциясы қазіргі кезде ғылым негіздерін, іскерлікті, дағдыны игерген, өз бетімен білім ала алатын, жоғары білімді маман даярлауда әлеуметтік міндетті шешуге бағытталуы қажет.



2. Оқытудың тәрбиелік функциясы - оқыту барысында тәрбиенің мақсат, міндеттері, мазмұны, тәсілдері анықталады. Тәрбие мен оқытудың байланысы біржақты қарастырылмайды, керісінше, біртұтастық принципке негізделіп бірлікте қарастырылады. Демек, білім бере отырып тәрбиелейді, тәрбиелей отырып білім береді.

3. Оқытудың дамытушылық функциясы. Оқыту барысында оқушыларға білім беру, тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезімі, шығармашылық қабілеті т.б. көптеген тұлғалық қасиеттері дамиды. Демек, тұлға жан-жақты қалыптасып дамиды. Дамудың ерекшелігі – ол өз алдына жеке өмір сүрмейді, ол оқытудың, білім беру және тәрбиелеу қызметінің жалғасы болып есептеледі. Тәрбие мен білім беру дамуды артына салып отырады.

Оқыту процесі тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі. Білім беру саласында оқыту процесінің мәні зор, өйткені оқу барысында оқушының сана-сезімі, адамгершілік, тұлғалық қасиеттері, эстетикалық талғамы қалыптасып дамиды. Сол сияқты, ақыл-ойы, танымы, іскерлігі мен дағдысы қалыптасады.

Оқыту процесі – мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге білім, іскерлік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет барысы.

Оқыту процесі жүйе ретінде қарастырылады, ол өзінің белгілі құрылымы және компоненттерімен сипатталады. Олар:

2) мұғалім оқушының өмірге, ғылымға көзқарасын және қарым-қатынасын қалыптастыруы (сабақ беру) ;

1) ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі (білім беру мазмұны);

4) оқыту әдістері;

3) оқушылар ұжымы (оқу);

5) оқыту құралдары: дидактикалық және техникалық құралдары;

6) оқыту нәтижелері.

Білім – адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін, оны ойлау операциясы – талдау, салыстыру, жіктеу, жинақтау арқылы терең ұғыну қажет (оқушы ойлау операциясына сүйеніп, өз білімін шындыққа айналдырады.)

Іскерлік – алған білім негізінде оқушының практикалық әрекеті іске асырылады. Білімсіз қандай болса да іскерлік мүмкін емес (мысалы, сауатты жазу үшін грамматикалық ережелерді білу керек , т.с.с.)

Дағды  бұл қайта-қайта орындалатын практикалық әрекеттерге машықтандыру (мысалы, тез оқу дағдысы – жүйелі түрде жаттығу нәтижесі т.с.с.).

Оқытудың педагогикалық, психологиялық ерекшеліктері:

1)    оқыту – мақсатты процесс;

2)    оқыту – таным процесі;

3)    оқыту -  даму негізі

4)    оқыту – екі жақты процесс;

5)    оқыту -  жоспарлы процесс;

6)    оқыту – бұл күрделі процесс.



Оқыту – күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл-ойы мен шығармашылық қаблетін, біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады.

Оқыту – екі жақты процесс. Оқыту оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс. Өйткені, оқыту – мұғалімнің білім берудегі негізгі іс-әрекеті болса, ал оқу – баланың өзінің танымдық, практикалық іс-әрекеті.

Оқыту – мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп отырады. Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын түп қазық – мақсаттың жүзеге асуы.

Оқыту – даму негізі. Педагогикалық процесс өзіне тән екі белгіні: организмнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан-жақты жетілуін түйістіреді.

Оқыту – таным процесі. Танымның ерекшелігі оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі.

Оқыту – жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес таным қызметінің формасы мен әдістерін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге .

Дидактика тарихында оқытудың үш түрі қалыптасқан

түсіндірмелі-илюстрациялы (дәстүрлі

проблемалы,

багдарламалы (компютерлік).

1. Түсіндірмелі - иллюстрациялы оқыту дәстүрлі оқыту деп аталуы тарихта ұзақ уақыт бойы өміршең болғанына байланысты.Дәстүрлі оқыту жаңадан пайда болған түсіндіру жолдары мен көрнекіліктерді өзіне кіріктіріп отырады.

2. Бағдарламалы (компьютерлік) оқытудың негізгі мақсаты - оқыту процесін басқаруды жетілдіру, тексеруден өзін-өзі тексеруге, оқытудан өзін-өзі оқытуға көшу. Бағдарламалы оқытуда жаңа бағдарланған оқулықтар, оқыту құжаттары, үйрету машиналары қолданылады. Оқытудың бұл турі 1960 жылдан бастап Б.Скиннер, Н.Краудер бастамасынан кейін, педагогика, психология және кибернетиканы ұштастырып падаланылады.

3. Проблемалық оқыту. Заманауи білімдендірудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау екені даусыз. Шығармашылық дегеніміз жаңалықты (жаңа нысана, жаңа білім, жаңа проблема, жаңа әдіс) ашу. Осыған орай, проблемалық оқытудың өзі де шығармашыл процесс. Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді.

Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
бойынша жиынты
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
дістемелік сыныстар
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
жалпы білім
ауданы кіміні
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мерзімді жоспар
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...