Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы


«Үшінші деңгейдегі» қалалар (шағын және моноқалалар)



бет4/17
Дата16.01.2017
өлшемі198.5 Kb.
#288
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
«Үшінші деңгейдегі» қалалар (шағын және моноқалалар)

      Қазіргі уақытта Қазақстанда 41 шағын қала бар, олардағы халық саны 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 904,2 мың адамды құрайды. 33 шағын қала тиісті ауылдық аудандардың әкімшілік орталықтары болып табылады. 8 шағын қала ауылдық аудандардың орталықтары болып табылмайды. Географиялық орналасу бойынша қалалардың мынадай типтерін бөліп көрсетуге болады:


      1) агломерациялардың ықпал ету аймағында – Ақкөл, Алға, Қандыағаш, Есік, Қапшағай, Қаскелең, Талғар, Леңгір;


      2) республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль және теміржол магистральдары бойында – Ақкөл, Атбасар, Ерейментау, Есіл, Макинск, Щучинск, Алға, Қандыағаш, Шалқар, Жаркент, Қапшағай, Қаскелең, Сарқанд, Аягөз, Шу, Приозерск, Арал, Ембі, Үшарал, Үштөбе, Зайсан, Шар, Шемонаиха, Арыс, Сарыағаш, Булаево, Мамлютка, Тайынша;


      3) шекара маңындағы аумақтарда Жаркент, Үшарал, Зайсан, Сарыағаш, Шардара, Шар, Шемонаиха, Мамлютка, Булаево.


      Моноқалалардың тізбесіне 27 қала енгізілген, олардағы халық саны 1,53 млн. адамды немесе елдің қала халқының 16,8 %-ын құрайды, оның ішінде 16 қала тиісті аудандардың әкімшілік орталығы болып табылады. Моноқалаларда Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетінің
3 басым бөлігі шоғырланған.

      Көліктік орналасу бойынша моноқалаларды екі топқа бөлуге болады: теміржол желілерінің бойында орналасқан қалалар (20 қала) және теміржолдан алыс не теміржол тұйығында орналасқан қалалар (7 қала).


      Елдің 27 моноқаласының ішінде 7 қала – халықаралық маңызы бар автомобиль жолдары бойында, 14 қала – республикалық маңызы бар, 7 қала – жергілікті маңызы бар жолдардың бойында орналасқан.


      1999 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 41 шағын қаладағы халықтың жалпы санының өсуіне қарамастан (14,3 %-ға), көптеген шағын қалаларда халық саны азайды. Сондай-ақ, он жылдық кезеңде моноқалалардағы халықтың жалпы өсуіне (4 %-ға) қарамастан, олардың 11-інде халық санының 11,8 %-ға
4 қысқаруы болды.

      Шағын қалалар халқының жан басына шаққандағы ақшалай табысы орташа республикалық деңгейдің 65 %-ын ғана құрайды, ал көптеген моноқалалардың жан басына шаққандағы кірістері орташа облыстық деңгейге жетпейді. Айталық, Арқалық, Кентау, Балқаш, Саран қалаларында жан басына шаққандағы орташа ақшалай кірісі орташа облыстық деңгейдің 80-85 %-ын құрады. Моноқала халқы кірістерінің негізгі көзі кәсіпорындар мен ұйымдардағы (негізінен бюджеттік) жалақы болып табылады, олардың үлесі кірістердің жалпы сомасының 50 – 60 %-ы, кірістердің 20 – 30 %-ы зейнетақылар, стипендиялар, әртүрлі жәрдемақылар, 10 – 15 %-ы қосалқы шаруашылықтан түсетін түсім, қалғаны – жақындар мен достарының көмегі құрайды.


      Шағын қалалардың өнеркәсіптік өндірісінің жалпы көлемі 2012 жылы 719 311 млн. теңге болды, бұл өнеркәсіптік өндірістің жалпы республикалық көлемінің 4,26 %-ын құрады. Шағын және моноқалалардағы өнеркәсіптік өндіріс бір-екі саланың ерекше мамандандырылуымен сипатталады, ал басқа салалар шамалы дамыған немесе өнеркәсіптік кәсіпорындар мүлде жоқ.


      Елдің көптеген шағын және моноқалаларында негізінен бұрынғы қала құраушы кәсіпорындардың немесе басым саланың жағдайына байланысты проблемалар кешені пайда болды.


      Проблемалардың бірі – инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымның қанағаттанарлықсыз жағдайы. Су құбыры, кәріз, жылу және электр желілерінің жоғары дәрежеде тозуы айтарлықтай қаржылық салымды қажет етеді. Мәселен, моноқалалардың жартысында (14 қалада) электр желілерінің тозуы 70 %-ға дейін жетті.


      Шағын және моноқалалардың дамуын тежейтін негізгі проблемалардың бірі – өндірістік инфрақұрылымның қанағаттанғысыз жағдайы болып табылады. Әсіресе көлік алыстығы және автомобиль жолдарының нашар жағдайының проблемасы өте өзекті.

       4-кесте. Шағын/моноқалалар арасындағы аса сыни көрсеткіштер бойынша ақпарат










Шағын қалалар

Моноқалалар

Электр желілерінің тозуы, %

Степногорск (85), Шемонаиха (87), Приозерск (82)

Ақсай (94), Риддер (82), Жітіқара (81,3), Зыряновск (82)

Жылу желілерінің тозуы, %

Степногорск (80), Приозерск (80), Лисаковск (70,6), Текелі (80)

Ақсай (95), Текелі (80), Зыряновск (80), Серебрянск (78), Курчатов (68)

Су құбыры желілерінің тозуы, %

Атбасар (82), Макинск (80), Щучинск (64), Талғар (75), Қарқаралы (50), Приозерск (79), Леңгір (70)

Жаңатас (95 %), Зыряновск (82 %), Серебрянск (75 %), Курчатов (74 %), Қаратау (60 %), Кентау (60 %)

Үйлердің авариялылығы, %

Қазалы (21), Зайсан (19), Приозерск (10,8), Шар (9), Есіл (6)

Арқалық (84,7), Абай (36,7), Жаңаөзен (10,9), Қаратау (8,4), Жаңатас (7,1)

Халық санының азаюы, %

Ерейментау (28,3), Степняк (24), Державинск (20,6), Сергеевка (22,5), Мамлютка (19,3), Булаево (18,9), Шар (16,7)

Арқалық (33,5), Қаражал (19,5), Абай (19,3), Жаңатас (18,2), Серебрянск (16,3)

      Қазақстанның шағын және моноқалаларын дамыту бойынша тиімді шараларды әзірлеу үшін ұқсас елді мекендерді дамытуда шет елдердің табысты мысалдары зерттелді.

      Шағын қалаларда қалыптасқан жағдайдың сипаты мен ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан үшін АҚШ, Швеция, сондай-ақ тұтас Еуропалық одақ (бұдан әрі – ЕО) тәжірибелерін бейімдеуге және қолдануға болады.


      Мысалға, көмірді өндіруді және тоқыма өнеркәсібі өндірісінің көлемін төмендету нәтижесінде БигСтоунГэп (АҚШ) қаласы күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайға тап болды. Қала экономикасын қайта құру және табиғат пен рекреакциялық орындарға жақындығы артықшылықтарын пайдалану арқасында, жұмыссыздық деңгейін тұрақтандыруға және қала халқының санын ұлғайтуға қол жеткізілді.


      Тағы бір мысал: Фармвилль қаласының темекі саласына тәуелдігі шағын және орта бизнесті (бұдан әрі – ШОБ) белсенді қолдау жолымен қаланың экономикасын әртараптандыру және «бизнесті» үлкен қаладан «тарту» арқылы жойылған болатын. Бұл жерде үлкен қаланың, 2 теміржол желісі мен тас жолға жақындығының артықшылықтары пайдаланылды.


      Кемшіліктерді артықшылықтарға айналдырудың табысты мысалдарының бірі Кируна (Швеция) қаласы болды. Темір өндіру көлемін азайту және жұмыспен қамтылғандарды қысқарту нәтижесінде қала банкротқа ұшырау алдында тұрды. Қала экономикасын әртараптандыру үшін қала құраушы кәсіпорын ғылыми-зерттеу тәжірибе-конструкторлық жаңалықтарды (бұдан әрі – ҒЗТКЖ), аэроғарыштық саланы және туристік индустрияны дамытуға ауқымды инвестициялар салды.


      Технологиялық құрылыстың ауысуы өнеркәсіптің дәстүрлі салаларында жұмыспен қамтылғандарды жаппай қысқартуға (тоқыма өнеркәсібінде – жартысынан көбін, металл өңдеу саласында – үштен бірін) және Хелмонд (Нидерланды) қаласында жұмыссыздықтың 27 %-на әкеп соқты. Билік қабылдаған шаралардың нәтижесінде «пулмен», халықаралық нарықта белсенді жұмыс істейтін ғылыми-техникалық прогресті кеңінен қолдануға және кәсіпкерлікке бағдарланған технологиялық жаңалықтармен сипатталатын көптеген отандық және шетелдік компаниялар тартылды. Қала саны 48-ден 70 мың адамға дейін өсті, ал жұмыссыздық 27-ден 6,8%-ға дейін қысқарды.


      Польшада шағын қалаларды дамыту саясаты халық сауаттылығын жоғарылату және адами капиталды дамыту мақсатын көздеген. Осыған байланысты көлік инфрақұрылымын дамыту, энергияның балама көздерін, ақпараттық қоғамды дамыту, қоршаған ортаны жақсарту, білім беруді жақсарту жөніндегі жобалар іске асырылды.


      Әртүрлі елдер өздерінің моноқалаларының проблемаларын шешу үшін әртүрлі жолдарды таңдады. Германия, Аустралия, Жапония және АҚШ сияқты елдер моноқалаларының проблемалары біздің проблемаларға аса жақын.


      Мысалы, Германияда Рур бассейнінің көмір өнеркәсібіндегі құлдырауға байланысты пайда болған проблемаларды шешу үшін мемлекет көмір саласын субсидиялауға «көмір пфенингі» салығын енгізді.


      Моноқалаларды дамытудың әлемдік тәжірибесінде Теннант-Крик қаласы (Аустралия) тәжірибесінің орны ерекше. Қаланың көмір шахталары сарқылғаннан кейін жұмыспен қамту деңгейін сақтау үшін мемлекет және қала құраушы кәсіпорын мамандар мен шахтерларды басқа кен орындарына көшіруді ұйымдастырды, бұл жұмыс орындарын және кадр әлеуетін сақтап қалуға да мүмкіндік берді.


      Жапонияда да моноқалалардың проблемаларын шешуді мемлекет пен қалақұраушы кәсіпорын бірлесіп жүзеге асырды. Бұл жерде қызметкерлердің бір бөлігін компанияның басқа қалалардағы өндірістік қуаттарына ауыстыру ұйымдастырылды. Бұл ретте қала құраушы кәсіпорын экономиканың әртүрлі салаларында жаңа шағын кәсіпорындар құрды (электроника және ақпараттық жүйелер, өмірге қажетті тауарлар мен азық-түлік өндіру, технопарк құру).


      Бирмингем қаласының (АҚШ) тәжірибесі моноқаланың экономикасын әртараптандырудың табысты мысалдарының бірі ретінде саналады. Қаланың табиғи артықшылықтарын және инвестициялар тарту бойынша үкіметтің ойластырылған саясатын (мысалы, шағын өндірушілерге бос өндіріс алаңдарын беру, жоғары білім инфрақұрылымын дамыту және басқа шаралар) пайдалана отырып, қала металлургиялық қала құраушы кәсіпорындарының жабылуына байланысты проблемаларды шеше алды.


      Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, мемлекет тарапынан да, қала құраушы кәсіпорын тарапынан да бірлескен жоғары мүдделілік болған қалалар өздерінің проблемаларын шешуде неғұрлым табысты болды.


      Қайта даярлау курстарын, бизнес-инкубаторларды ұйымдастыру, қалақұраушы кәсіпорынның жаңа өндірістерді құруы, салық жеңілдіктері сияқты негізгі күштер кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған моноқалаларда едәуір алға басу байқалады.



Қазақстандағы шағын және моноқалалар дамуының SWOT-талдауы


Мықты тұстары

Әлсіз тұстары

өндіріс және көлік инфрақұрылымының болуы;

перспективалы қалалардағы халықтың табиғи өсуінің оң көрсеткіштері;


шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай;


кадр базасының болуы;


жаңа өндірістік қуаттарды орналастыру үшін бос аумақтардың болуы


өнеркәсіпті әртараптандырудың төмен деңгейі;

шығарылатын өнімдер бәсекеге қабілетті болмауына байланысты қолда бар өндірістік қуаттарды жүктеудің толық болмауы;


өнеркәсіптік кәсіпорындардағы (моноқалаларда – шикізат нарықтарындағы жағдайға байланысты) өндірістің төмендеуі, шығарылған өнімдердің сұранысқа ие болмауы;


экономикалық жағынан белсенді халық үлесінің төмен болуы;


еңбек ету орындарының болмауы;


халықты қолайлы өңірлерге кетуі;


халықтың өмір сүру деңгейі көрсеткіштерінің төмен болуы;


халықтың әлеуметтік мекемелер қызметтерімен әлсіз қамтамасыз етілуі;


инженерлік, әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымның, қалаішілік жолдардың жоғары дәрежеде тозуы


Мүмкіндіктер

Қатерлер

экономиканы толық қайта құру, маркетинг және қалалардың әлеуетті брендтерін табу;

экономиканы әртараптандыру және жаңа мамандықтарды меңгеру;


жұмыс істейтін кәсіпорындарды жаңғырту, жаңаларын (стратегиялық, «зәкірлі» инвесторларды) тарту, аутсорсинг;


білікті мамандарды тарту, жергілікті кадрларды даярлау және қайта даярлау;


халықтың өмір сүру деңгейін арттыру;


өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, көлік, туризм және рекреация саласындағы шағын және орта бизнесті дамыту;


мемлекеттік-жекешелік әріптестікті (бұдан әрі –МЖӘ) дамыту


қала құраушы кәсіпорындардың тоқтауына байланысты жаппай жұмыссыздық;

өнеркәсіптік кәсіпорындардың технологиялық артта қалуы, бұл шығарылатын өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін азайтады;


қалалардың депопуляциясы;


инвестициялық тартымдылықтың төмендеуі


__________

3 Ақтөбе облысы Хромтау қаласының аумағында Қазақстандағы хром кенінің барлық көлемі және ТМД-дағы хром кенінің 95 %-ы өндіріледі, Степногорск қаласы Ақмола облысының өнеркәсіптік өндірісі жалпы көлемінің қомақты үлесін алатын өнеркәсіптік өндірісінің орталығы болып табылады.

4 Дереккөз: шағын және моноқалалар бойынша деректерді «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ және жергілікті атқарушы органдар ұсынған.

      Ауылдық аумақтар

      Әлеуметтік-экономикалық даму мониторингінің қорытындылары бойынша 6838 АЕМ бар, онда 7,7 млн. адам тұрады. АЕМ жалпы санының 1080 – жоғары, 5293 – орташа, ал 465 – төмен даму әлеуетіне сәйкес келеді. Бұл ретте АЕМ-нің жартысынан көбінде халық саны аз және онда ауыл халқының небәрі 9,3 % тұрады.



      Орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге ауыл халқының 74 %-ы қол жеткізген, ал жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының 23 %-ы күрделі жөндеуді қажет етеді.


            Ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерін шешу әртүрлі бағдарламалық құжаттарда көзделген, алайда осы бағытта кешенді тәсілдің болмауы күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік бермейді.


      Сонымен, мемлекеттік қолдауға қарамастан, ауыл халқы көші-қонының оң сальдосы тек қана Алматы мен Маңғыстау екі облыста ғана бар, бұл ауылдық елді мекендер бойынша өңірлік саясатта жеткілікті жұмыстың болмауына байланысты.


      Ауылдардан халықтың кетуі негізінен аграрлық өңірлерде (Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында) байқалады.

Көші-қон арқылы ауыл тұрғындары санының өсуі/азаюы

(2011 – 2013 жылдары)

 

      Осыған байланысты, ауылдық аумақтарды дамытудың ортақ проблемаларын шешумен қатар, ауыл халқының анағұрлым жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз ете отырып, тірек АЕМ-ді кешенді дамытудың жаңа кезеңін бастау қажет.

      Тірек ауылдарды дамыту үшін Беларусь Республикасының ауылдық аумақтарының даму тәжірибесі зерделенді.


      Беларусь Республикасында Ауылды жаңғырту мен дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы іске асырылды, ол ауылды басым әлеуметтік-экономикалық дамыту және агроөнеркәсіптік кешен жұмысының тиімділігін арттыру үшін жағдай жасауға бағытталған.


      Осы Мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаттары мен міндеттері мыналар болды:


      1) Беларусь ауылдарының әлеуметтік және өндірістік саласын жаңғырту және дамыту, ауыл шаруашылығы өндірісін орнықты жүргізу үшін жағдайларды қамтамасыз ету;


      2) ауыл халқының табысын жоғарылату, ауылдық жерде тұру беделдігі және ауылда демографиялық жағдайды жақсарту үшін негіздер құру;


      3) ауыл шаруашылығы өнімін және азық-түлігін ішкі нарыққа және экспорттық ресурстарды қалыптастыру үшін жеткілікті көлемде тиімді өндіруді қамтамасыз ету.


      Агроқалашықтар ауылдағы әлеуметтік стандарттардың жүргізушілері болып айқындалды.


      Осы құжатта агроқалашық ауыл кенттерінің сапалы түрде жаңа түрі ретінде айқындалған: агроқалашық – халқының саны, әдетте, мың адамнан аз абаттандырылған елді мекен, онда тұрып жатқан халықты және іргелес аумақтардың тұрғындарын әлеуметтік стандарттармен қамтамасыз ету үшін өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым құралатын болады.


      Агроқалашықтар аумағы тарихи қалыптасқан әкімшілік құрылым болып табылатын базалық деңгейдегі әкімшілік-аумақтық бірліктердің негізінде құралады. Бағдарламаны іске асыру барысында агроқалашықтар екі топқа бөлінген. Біріншісі – толыққанды қонысты құру бағыты алынып, бұрыннан және жүйелі түрде іске асырылып жатқан қоныстар. Бұл жерде әртүрлі түрлендіру мен жетілдіру жоспарлы сипатқа ие және төтенше, радикалды болып қабылданбайды. Агроқалашық мәртебесіне ие болу үшін басқа қоныстар көптеген тұрғыдан айтарлықтай өзгеруі тиіс. Бұл жағдайда елеулі қаржылай салымды талап ететін айқын көрінетін және түбегейлі жаңалықтар қажет.


      Беларусь Республикасында қол жеткізілген оң нәтижелер Қазақстан Республикасының жаңа өңірлік саясатын іске асыру шеңберінде тірек АЕМ-ді дамытуда ұқсас тәсілдер мен құралдарды қолдануды өзекті етеді.

      Шекара маңындағы аумақтар

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының құрлықтағы жалпы ұзақтығы 13394 км құрайды. Республикада 12 шекара маңындағы облыс, 62 шекара маңындағы аудан және олардың аумақтарында орналасқан 1297 елді мекен бар.



      Бұл мән-жайлар даму және осындай жағдайға байланысты барлық артықшылықтарды пайдалану өзектілігінің жоғары деңгейін және осыдан туындайтын кемшіліктерді ескеру және нивелирлеу қажеттілігін болжайды.


      Еліміздің оңтүстік өңірлерінде іргелес елдердің шекара маңы аумақтарының қалың қоныстануына, сондай-ақ дамыған инфрақұрылымның көліктік қолжетімділік пен шекара маңы саудасының болуына байланысты елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің серпінді өсуі үшін барлық алғышарттар бар.


      Экономикасы өтпелі елдер үшін олардың шекара маңында орналасуы «әлеуеттер әртүрлілігі» жағдайында – ең арзан жұмыс күші және көліктік шығындары төмен кезінде инфрақұрылым сияқты бәсекелі артықшылықтары бар аумаққа өндірісті көшіруге мүдделі анағұрлым дамыған көршімен шекаралас орналасуы (мысалы, АҚШ шекарасындағы Мексиканың Сонора штаты, Чехия, Мажарстан шекаралары ЕО ескі елдерімен) экономикалық тұрғыдан өте тиімді. Алайда дамыған елдермен шекаралас болғанның өзінде егер институционалдық орта инвестициялар үшін қолайсыз болса, шекара маңы әсері нашар болады (мысалы, Ресейдің солтүстік-батыс шекарасы және ЕО).


      Қазақстан мен Ресей шекарасында «әлеуеттің әртүрлілігі» жоқ, Ресейдің көршілес өңірлерінде де Қазақстан өңірлері сияқты дамудың анық артықшылығы жоқ. Қазақстанның батыс облыстарында және Тюмень облысында жан басына шаққандағы жоғары ЖӨӨ статистикалық көлем болып қалуда, мұнай-газ табыстарының басым бөлігі орталық бюджетке орталықтандырылады, бұл жылдам дамуға және өңірлерде жаңа жұмыс орындарын құруға кедергі жасайды. Орташа немесе нашар дамыған өңірлердің шекара маңы өзара іс-қимылы көп емес немесе алмасудың аз номенклатурасына, көлеңкелі сауданың қомақты үлесіне ие.


      Еліміздің оңтүстік-шығысындағы шекара маңындағы өңірлерінде көршілес мемлекеттер экономикасының қарқынды өсуі, халықтың қалаларға кетуі және елеулі аумақтардың депопуляциясы, көршілес мемлекеттердің тарапынан шекара маңындағы өңірлерге демографиялық қысым сияқты жағымсыз факторларды күшейтті.


      Айталық, 2000 жылы Қытайда «Батысты кең ауқымды дамыту стратегиясы» бағдарламасы қабылданды. Қытайдың алдағы жылдарға экономикалық дамуының ресми ұраны «Тұрақты Шығыс, дамып келе жатқан Батыс» деп жария етілді. 2000 – 2009 жылдары Батыс Қытайда жалпы ішкі өнім (бұдан әрі – ЖІӨ) жыл сайын орташа есеппен 11,9 %-ға өсті, бұл ел бойынша орташа деңгейден артты. 2009 жылы ел әлемдік қаржылық дағдарыс кезінде қиын кезеңдерді бастан өткізгеннің өзінде мемлекетте қарқынды даму үрдісі сақталды. Батыс Қытайда елдің шығыс бөлігіне
5 қарағанда, ЖІӨ 2,8 %-ға жоғары болды. Бұл ретте, Шығыс Қазақстан облысында халық санының депопуляциясы байқалады, 2003 жылы 1466 мың адамды құраса, 2013 жылы халық саны 1394 мыңға дейін төмендеді.

      Сонымен қатар, Қытаймен серпінді дамып келе жатқан тауар айналымы, халықаралық шекара маңындағы сауда орталықтарын құру, басқа елдерге шығумен республика аумақтарының ішіне қарай көлік байланыстарын дамыту жөнінде қабылданған шаралар, үлкен туристік әлеует осы өңірлердің экономикасын дамыту үшін алғышарттар жасайды.


      Көліктік қолжетімділік жоғары болғандықтан, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының 12 ресейлік және 7 қазақстандық өңір орналасқан шекара маңындағы аумақтарының жоғары ықпалдасуы байқалады.


      Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша даму деңгейі жоғары шекара маңындағы өңірлерге Шығыс Қазақстан (шекара маңындағы ресейлік аймақ) және Атырау облыстары, дамыған өңірлерге – Оңтүстік Қазақстан облысы, орташа дамыған өңірлерге – Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан (шекара маңындағы қытайлық аймақ), Жамбыл, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары, даму деңгейі төмен өңірлерге – Қызылорда облысы жатады.


      Осыған байланысты, ауылдық аумақтарды дамытудың жалпы проблемаларын шешумен қатар, әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенділігі мен үйлесімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін шекара маңындағы аумақтарды кешенді дамытудың жаңа кезеңін бастау қажет.


________


5 Елдің батысын игеру стратегиясы шегінде мына мегажобалар ең маңызды болып саналады: су ресурстарын оңтүстіктен солтүстікке қарай бұру; Цинхай-Тибет теміржолы; «Батыс-Шығыс» газ құбыры; батыс және шығыс өңірлері арасындағы электр беру желісі. Сондай-ақ Қытайдың батыс өңірлерінің топырақ құнарлығы қалпына келтіріліп жатқан егін егетін жерлерінің орман-шөп жамылғысын қалпына келтіруді көздейтін кең ауқымды және қымбат тұратын экологиялық жоба жүзеге асырылып жатыр.


Каталог: upload -> files
files -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
files -> «II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
files -> Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін "Үздік педагог" атағын беру және мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің
files -> Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
files -> Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
files -> Есэдо го (версия 13. 2) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп
files -> «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»
files -> «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы