Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы



бет2/17
Дата16.01.2017
өлшемі198.5 Kb.
#288
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

3. Ағымдағы ахуалды талдау

      Қазіргі кезеңде Қазақстанның өңірлік саясаты ұлттық экономиканың маңызды экономикалық өсу нүктелері болып табылатын урбандалу және агломерациялар процестерін ынталандыруды және реттелетін дамытуды, экономикалық және демографиялық әлеуеті бар перспективалы елді мекендерді дамытуды және қолдауды қамтитын ұтымды аумақтық ұйымдастыруды қалыптастыруды қамтамасыз етуге арналған, бұл урбандалу процестерін дамытудың және өңірлік дамудың әлемдік үрдістеріне сәйкес келеді.



      Статистика комитетінің және Дүниежүзілік банктің деректері бойынша Қазақстанда урбандалу коэффициенті шамамен 54 – 55 %-ды құрайды, бұл Орта Азия елдері үшін ең жоғары болып табылады, алайда дамыған елдерден тым кейіндеп қалуда. Аустралия, Канада және АҚШ сияқты елдердің осы әдістемені ескере отырып айқындалған урбандалу коэффициенттері 70 – 80 % аралығында.


      Өсіп келе жатқан қалалар, халықтың артып келе жатқан ұтқырлығы және өндірісті мамандандыруды арттыру дамудың ажырамас серіктестері болып табылады. Бұл өзгерістер, әсіресе, Солтүстік Америкада, Батыс Еуропада және Солтүстік Шығыс Азияда да байқалады. Алайда Шығыс және Оңтүстік Азия және Шығыс Еуропа елдерінде де ауқымы мен қарқыны бойынша ұқсас өзгерістер орын алуда.


      Қазіргі уақытта Қазақстанның аумақтық ұйымдастырылуы жетілдіріліп жатқандығын атап өткен жөн. Бұл, ең алдымен, ірі қалалар – агломерациялардың үдемелі өсуімен айқындалады.


      Қазіргі заманғы Қазақстанда қалалық агломерацияларды қалыптастырудың негізгі үрдістерін қарай отырып, аумақтардың анық көрінетін табиғи аймақтарына және жоспарлы экономикадан қалған қоныстандыру ерекшеліктеріне байланысты олардың әркелкі екендігін атап өткен жөн.


      Экономикалық даму орталықтары арасында орналасқан, көліктік байланысты қамтамасыз ететін аумақтар жүк ағындарын көбейту, инновацияларды тарату, инфрақұрылымдарды дамыту арқасында қосымша серпін алады. Сондықтан олар «өсу полюстерімен» бірге тұтастай өңірдің немесе елдің экономикалық дамуының кеңістіктегі қаңқасын анықтайтын даму осьтеріне (дәлізге) айналады.


      Екінші жағынан алғанда, жоспарлы экономикадағы қалыптасқан орталықтардың, мысалы перспективасыз моноқалалардың, шағын қалалардың, АЕМ ыдырауы депрессивті аумақтардың пайда болуына әкелді және қоғамда күрделі әлеуметтік процестерді (көші-қон, инфрақұрылымның құлдырауы, жұмыссыздық, әлеуметтік маргиналдану) туғызды.


      Елдің аумақтық ұйымдастырылуындағы жүргізіліп жатқан процестерге қарамастан, өңірлік саясатта, әсіресе өңірлерді қаржыландыру мәселелерінде (бюджет саясаты) бұрынғы тәсілдер сақталуда. Осылайша, бюджет қаражатын экономикалық өсу перспективалары мен тиісті демографиялық әлеуеті жоқ жекелеген елді мекендерді дамытуға жұмсау практикасы жалғасуда.


      Осыған байланысты, мемлекет ресурстарын өңірлердегі шын мәнінде қажетті және перспективалы жобаларға шоғырландыру қажет. Бұл түпкі нәтижесінде бюджет шығыстарының жоғары тиімділігіне әкеледі. Бұдан басқа, жобаларды айқындаған кезде инновациялық технологияларды қолданатын жобаларға басымдық берілетін болады.


      Жаңа өңірлік саясатқа сәйкес экономикалық аумақтарды санаттарға жіктеу – «бірінші деңгейдегі» қалалар (агломерациялар), «екінші деңгейдегі» қалалар (облыс орталықтары, Семей және Түркістан қалалары), «үшінші деңгейдегі» қалалар (шағын және моноқалалар), тірек ауылдық елді мекендер, шекара маңындағы аумақтар.



      «Бірінші деңгейдегі» қалалар (агломерациялар)

      Қалалық агломерациялар әлемнің көптеген елдерінде қазіргі заманауи қоныстанудың объективті түрде басты нысандары болуда, олардың қалыптасуы жаңа урбанистік өткелді білдіреді.


      АҚШ-та бүкіл халықтың 76 %-дан астамы агломерацияларда тұрып жатыр, олардың ең ірісі Нью-Йорк (11,3 мың шаршы км, 23,3 млн. адам) және Лос-Анджелес (5,8 мың шаршы км, 18,6 млн. адам) агломерациялары.


      Еуропада әлемдік деңгейдегі агломерациялар Лондон (11 мың шаршы км, 13,4 млн. адам) және Париж (12 мың шаршы км, 12 млн. адамнан астам) агломерациялары.


      Қытайда – Шанхай (7,1 мың шаршы км, 18,6 млн. адам), Бразилияда – Рио-де-Жанейро (4,6 мың шаршы км, 12,1 млн. адам), Аргентинада – Буэнос-Айрес (2,7 мың шаршы км, 14,6 млн. адам), Үндістанда – Колката (1,8 мың шаршы км, 15,6 млн. адам) және басқа дамып келе жатқан елдерде урбандалған аумақтар жылдам қарқынмен қалыптасып жатыр.


      Дамып келе жатқан елдерде агломерациялардың дамуы өзіндік ерекшелікке ие. Оларға кейбір жетекші және ірі орталықтарда халық пен экономиканың барлық салаларының өсіп келе жатқан шоғырлану үлгісі тән. Халықтың ауылдық жерден ірі және аса ірі орталықтарға келуі жоғары қарқынмен жалғасатын болады.


      Егер қалалық орталықтардың дамуы «өз бетінше» жүзеге асырылса, ауылдық жерден халықтың бақыланбайтын көші-қон процестері тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымға шамадан тыс жүктемені қалыптастыруға, шеткері қала қоныстарында әлеуметтік-экономикалық маргиналдану аймақтарының пайда болуына әкеп соғуы мүмкін, өңіраралық үйлеспеушілікті одан әрі нығайтуға ықпал етуі және экономиканы әртараптандыруға кедергі болуы мүмкін.


      Экономикалық артта қалушылық пен теңдессіздікті консервациялауға және әлеуметтік тұрақсыздыққа ықпал ете отырып, осындай үрдістер Латын Америкасы мен Африка елдеріндегі көптеген қалалық агломерацияларға тән.


      Олардың көбіндегі аяқталмаған демографиялық өткел агломерациялар халқының статистикалық белгіленген санының өсуі үшін қосымша жағдайлар жасайды. Ірі қалалық кезеңде осындай «жалған урбандалу» қаупі шамадан тыс жүктелген қалаларды және шын мәнінде нақты қалалық экономика болмағанда ауылдық тыныс-тіршілікті сақтайтын халқы көп қала маңы аймағын қалыптастыруға негізделген.


      Қытай Халық Республикасы Ғылым академиясының География ғылымдары мен табиғи ресурстар институты ұсынған «Қытайдың қалалық агломерацияларын дамыту – 2010» баяндамасына сәйкес Қытай 23 қалалық агломерация құрады.


      Қалалық агломерациялар Қытайдың экономикалық дамуының болашақ құрылымында ең перспективалық аудандары болып табылады. 10 – 20 жылдан кейін Қытай әлемдік деңгейдегі ең бәсекеге қабілетті және инновациялық ілгерілетілген агломерациялардың топтарын құруға тиіс, ал әрбіреуінің халқының саны кемінде 20 млн. адам болуға тиіс.


      Қазіргі уақытта Қазақстанда бірінші деңгейдегі агломерацияларға жататын Астана, Алматы және Шымкент қалаларында орталықтары бар және екінші деңгейдегі агломерацияға (перспективалық агломерацияға) жататын Ақтөбе қаласында орталығы бар агломерациялар «бірінші деңгейдегі» қалалар болып белгіленді, себебі қалыптасып жатқан қалалық агломерациялар елдің барлық халқының үштен бір бөлігінен астамын шоғырландырады.


      Олардың ішінде барынша ауқымдысы (халық санын және қала маңымен бірге орталық-қаланы қамтитын агломерациялар құрылымының күрделілігін ескере отырып) Алматы мен Шымкент айналасында дамып келеді. Қарқынды өсуі қоныстандыру жүйесіндегі жаңа елорданың рөлін арттыруға бағытталған мемлекеттің заманауи саясатына негізделген Астана әлі дамыған қала маңы аймағын қалыптастырып үлгерген жоқ. Республиканың батысында Ақтөбе қаласында орталығы бар агломерация перспективалы болып табылады.


      Бұл ретте Астана агломерациясының құрамына бірыңғай агломерациялық құрылым жасауға қабілетті Қарағанды қаласы және оның маңындағы елді мекендер (серіктес қалалар, кенттер) тартылады.


      Екінші деңгейдегі (Ақтөбе) агломерациялардың толыққанды дамуы тек ұзақ мерзімді перспективада, шамамен 2017 жылдан кейінгі мерзімде болжанады.


      Қазақстанда агломерациялар қалалық агломерацияларды қалыптастыру және дамытудың негізгі критерийлері бойынша айқындалады:


      1) демографиялық сыйымдылық, өңір халқының жоғары тығыздығын, көші-қон ағынын, ресурстық базаны (жер, су, азық-түлік ресурстарын) қамтиды (1-кесте).

      1-кесте. Агломерациялардың 2012 жылдың басындағы саны мен демографиялық сыйымдылығы бойынша ақпарат



Р/с №

Атауы

Халық саны

Демографиялық сыйымдылық (орталықтың халық тығыздығы), мың адам

агломерациялар

қалалар

мың адам

үлесі, %

мың адам

үлесі, %

1.

Астана

859,2

5,2

742,9

8,2

2 460

2.

Алматы

2500

15

1450,3

15,9

10 087

3.

Шымкент

1400

8,4

1025,5

11,3

4 074

4.

Ақтөбе

525,8

3,2

415,8

4,6

1 331






Барлығы

5285

31,7

3634,5

39,9











Қазақстан Республикасы бойынша

16675,4

100

9114,6

100






      2012 жылы «бірінші деңгейдегі» қалалар халқының саны 5554,5 мың адамды құрады, бұл Қазақстан Республикасы жалпы халқы санының 33,3 %-ын немесе елдің қала халқының санынан 41,8 %-дан астамын құрайды. Бұл ретте Астана, Алматы және Шымкент қалалары халқының саны Қазақстанның жағдайында агломерациялық әсер (500 мың адам) іске асырылатын деңгейден жоғары, ал Ақтөбе қаласы халқының саны осы деңгейге әзірше жеткен жоқ.

      Қазақстан Республикасында агломерациялық даму проблемасына қатысты орталық қалаларда халық санының бақылаусыз өсуін шектеу мәселесі маңызды болып табылады, бұл қалалық инфрақұрылымға ауыртпалық салады;


      2) логистикалық әлеует, бұл ыңғайлы географиялық орналасуды, халықаралық көліктік дәліздердің өтуін, көлік торабы мен инфрақұрылымның болуын білдіреді;


      қазіргі уақытта агломерациялардың және агломерациялардың ықпал ету аймағына кіретін (серіктес қалаларды, көршілес қалаларды, кенттерді, ауылдарды қоса алғанда) елді мекендердің шекаралары белгіленді. Агломерация ареалын делимитациялау (шекара белгілеу) үшін изохрон әдісі пайдаланылды, ол агломерация орталығына бару үшін қажет уақыт шығыны негізінде агломерация шекарасын анықтаудан тұрады. Агломерация шекарасы ретінде бірінші деңгейдегі агломерациялар үшін 1,5 сағаттық изохрона және екінші деңгейдегі агломерациялар үшін 1,0 сағаттық изохрона қабылданды. Аталған әдістің көмегімен агломерация аумағының шегінде елді мекендер сәйкестендірілген:


       Астана агломерациясының көлік жетімділігінің 1,5-сағаттық изохронасына Ақмола облысының Аршалы, Целиноград және Шортанды аудандары кіреді;


      Алматы агломерациясының ықпал ету аймағына: орталық – Алматы қаласы, Алматы облысының бес әкімшілік ауданы: Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, сондай-ақ Қапшағай қалалық әкімшілік аумағы жатады. Ықпал ету аймағы қала мен қала маңының тығыз байланысының негізінде (күнделікті еңбек маятниктік көші-қоны шамамен 250 мың адамды құрайды
1) анықталды және Қапшағай, Қаскелең, Талғар, Есік қалыптасқан серіктес қалаларының, Ұзынағаш ауылының және Gate City (қаржы орталығы), Golden City (мәдени орталық), Growing City (өнеркәсіптік орталық), Green City (туристік орталық) төрт жаңа серіктес қалалардың орналасуын ескереді;

      Шымкент агломерациясының ықпал ету аймағына: орталық – Шымкент қаласы, Арыс қаласы, Бәйдібек, Түлкібас, Қазығұрт, Төлеби, Ордабасы және Сайрам аудандары кіреді;


      перспективалы Ақтөбе агломерациясының көліктік қолжетімділігінің 1,0 сағаттық изохронасына орталық – Ақтөбе қаласы, Хромтау, Алға, Қандыағаш қалалары, Алға, Қарғалы, Мартөк, Мұғалжар, Қобда мен Хромтау аудандарының бірқатар ауылдық елді мекендері кіреді;


      Алматы, Шымкент, Ақтөбе
2, Астана қалалары арқылы өтетін халықаралық көлік дәліздерін салуға байланысты агломерациялардағы логистикалық әлеуетті ұлғайту ұсынылып отыр.

      Сонымен бірге, бүгінгі күні жолаушылар айналымы бойынша статистикалық деректердің болмауы орталық қала мен серіктес қалалардың арасындағы көліктік қолжетімділікті анықтауды қиындатады;


      3) экономикалық әлеует, яғни орталық қаланың дамығандығы (өнеркәсіптік, сервистік, еңбек, қаржылық, ғылыми әлеует).


      Астана – республиканың астанасы, елді әлеуметтік-экономика дамыту көшбасшыларының бірі болып табылатын қала. Астананы көшіру туралы шешім қаланың, жақын орналасқан облыстардың және жалпы елдің кеңістік құрылымының серпінді дамуына бірден-бір ықпалын тигізді. Тиімді экономикалық-географиялық орналасу мен көп көлемді материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарының агломерациялық даму әлеуеті әлі іске асырылмаған Астана қаласын агломерация орталығы ретінде қалыптастыру үшін зор маңызы бар.


      Республикалық көлемдегі қаланың жалпы өңірлік өнімінің (бұдан әрі – ЖӨӨ) үлесі 8,5 %-ды құрайды (2012 жылғы деректер). Қала экономикасының негізін мыналар құрайды: өзге қызметтер (26,9 %), көтерме және бөлшек сауда (22,7 %), көлік және байланыс (14,7 %), құрылыс (12,3 %).


      Астана қаласы халқының өмір сүру деңгейін талдау барлық қарастырылатын көрсеткіштер бойынша оң серпінді анықтады. Астана қаласының экономикалық тұрғыдан белсенді халқының саны 2012 жылы 417,6 мың адамды құрады және 2000 – 2012 жылдар аралығында 2,3 есе өсті.


      Алматы – агломерациялық орталық ретінде белсенді қалыптасып келе жатқан елдің ең ірі мегаполисі. Алматы қаласының тартылыс аймағына Талғар, Есік, Қаскелең, Қапшағай қалалары және тығыз экономикалық, еңбек және әлеуметтік байланыстары бар жанында орналасқан кенттер мен ауылдар жатады. Алматы қаласы ұлттық және әлемдік нарықтармен байланысты қамтамасыз ететін адами, қаржылық ресурстардың, білім беру және ғылыми әлеуеттің, дамыған инфрақұрылымның жоғары шоғырлануымен ерекшеленеді.


      Алматы қаласы ЖӨӨ-сінің салалық құрылымын талдау ол қаланың экономикалық базасын көрсетілетін қызметтер секторы құрайтынын көрсетеді (жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларды, қаржыны, білімді, денсаулық сақтауды және сауда мен жөндеуден басқа өзге қызметтерді қоса алғанда – 45,5 %). Үлестік салмақ бойынша екінші позиция бөлшек/көтерме саудаға тиесілі – 33,9 %, одан кейін көлік пен байланыс – 15,0 %, өнеркәсіп – 5,6 %, құрылыс – 3,2 %.


      Қаланың экономикалық белсенді халқы 2012 жылы 774,7 мың адамды құрады және 2008 – 2012 жылдар кезеңінде 9,8 %-ға өсті.


      Қазіргі уақытта Алматы қаласының қала маңындағы аймағын дамыту Алматы қаласының қала маңындағы аймағының аумақтарын дамытудың қала құрылысы жоспарлаудың қабылданған кешенді жобасы шеңберінде жүзеге асырылады.


      Шымкент – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, білім беру және мәдени орталығы. Бұл ретте экономикалық әлеуеті бар қала елдің оңтүстігінің агломерациялық орталығы бола алады. Сонымен қатар, оның «жалған урбанизация» үлгісінде дамуына жол бермеу мақсатында аталған процесті реттеу қажет.


      2008 – 2012 жылдар аралығында Шымкент қаласы халқының саны орта есеппен 2,1 %-ға артып отырғаны байқалған.


      Ақтөбе қаласы Ақтөбе облысының әкімшілік орталығы болып табылады. Ақтөбе қаласының аумағы, әкімшілік тұрғыдан бағынысты бес ауылдық округті қоса алғанда (Благодарный, Қарғалы, Құрайлы, Новый, Сазды) 2,3 мың шаршы км тең. Облыстық көлемдегі өнеркәсіптік өндірістің үлесі 17,7 пайызды, яғни 232,7 млрд. теңгені құрайды (2012 жылғы деректер бойынша). Негізгі үлестік салмақ өңдеу өнеркәсібіне тиесілі – 77 пайыз;


      4) орталық қаланың (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімшілік мәртебесі, бұл Қазақстанның жағдайында маңызды, себебі бюджеттік ресурстарды бақылауды көздейді.


      Қазіргі уақытта республикада өңірлерді қаржыландыру қалыптасқан бюджетаралық қатынастар жүйесі шеңберінде іске асырылады, ол донор өңірлерден реципиент өңірлерге (экономикалық тұрғыдан артта қалушы облыстарға бюджеттік субвенциялар беру) бюджет қаражатын қайта бөлуге негізделген. Республикадағы осындай бюджетаралық қатынастар жүйесі өздерінің аумақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуының өсу қарқынын ұлғайтуға жергілікті атқарушы органдарды (донор өңірлерді де, сондай-ақ реципиент өңірлерді де) қажетті жағдайда ынталандырмайды.



Қазақстанда агломерациялар дамуының SWOT-талдауы


Мықты тұстары

Әлсіз тұстары

білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және бос уақыт салаларында қызмет көрсетудің жоғары деңгейі (елдің басқа өңірлерімен салыстырғанда);

халықтың табиғи және көші-қон арқылы өсуінің оң көрсеткіштері;


шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар;


кадрлық базаның болуы


қоныстанудың төмен тығыздығы, 2 млн. адамнан астам халқы бар орталық-қалалардың болмауы;

орталық қалалардың және іргелес аумақтардың (елді мекен жүйелерінің) ортақ жүйелі инфрақұрылымының болмауы;


орталық-қалалар ішінде тиімсіз көліктік инфрақұрылым (көлік кептелістері);


ірі қалалардағы жағымсыз экологиялық жағдай (газдану, «жасыл экономиканың» смарт-технологияларын қолданбау, қоғамдық көліктің дамымауы, қалалардың ішінде экологиялық емес және энергияны қажетсінетін өндірістердің болуы);


қалаларда рекреация және жасыл аймақтардың жеткіліксіз дамуы;


елдің ірі қалаларында тартымды брендттердің (танымал халықаралық имидждің) болмауы;


елдің ірі қалаларының жаһандық және өңірлік нарықтардағы төмен бәсекеге қабілеттілігі;


орталық қала мен қала маңындағы елді мекендердің бірыңғай заманауи қала құрылысы құжаттамасының болмауы


Мүмкіндіктер

Қатерлер

экономиканың толық қайта құрылуы (индустрияланудан кейінгі даму);

көптеген және әртараптандырылған еңбек нарығының қалыптасуы;


тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізудің сыйымды нарығының тартымдылығын арттыру;


«инфрақұрылымдық әсер» құру (қуатты көлік кешендері, мультимодальды тораптар, ақпараттық коммуникациялар);


ірі орталықпен көрші болу әсері, яғни барлық агломерация тұрғындарының агломерациялардың әртүрлі аймақтарының еңбек, білім беру, сауда, мәдени және басқа да мүмкіндіктерге толық көлемде қол жеткізуі


біліктілігі төмен еңбек ресурстарының бақылаусыз жаппай келуінің салдарынан «жалған урбанизация»;

тұрғын үй тапшылығы;


жоғары жұмыссыздық;


қалалық әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымға шамадан тыс салмақ салу;


қала шетінде ретсіз құрылыс салу;


келетін халықтың маргиналдануы мен асоциализациясы (қылмыстың көбеюі)


_________

1 Дереккөз: "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ және жергілікті атқарушы органдар.

2 "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" жобасы.

      




Каталог: upload -> files
files -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
files -> «II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
files -> Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін "Үздік педагог" атағын беру және мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің
files -> Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
files -> Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
files -> Есэдо го (версия 13. 2) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп
files -> «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»
files -> «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы