Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы



бет17/17
Дата16.01.2017
өлшемі198.5 Kb.
#288
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

6. Жеке меншік тұрғын үй

      Қазақстанда тұрғын үй құрылысының жалпы көлеміндегі негізгі үлесті (50 % – 60 %-ға дейін) жеке тұрғын үй құрылысы (бұдан әрі – ЖТҚ) алады.



      ЖТҚ-ны ынталандыру үшін мыналарды көздеу қажет:


      1) аз қабатты тұрғын үйлер салудың үлгі жобаларын тарату бойынша ЖАО қызметін ұйымдастыру. Бұл жобалар азаматтарға тегін берілуі тиіс;


      2) ЖАО ЖТҚ-ға арналған алаңдарды бекітілген бас жоспарларға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына және елді мекендерде құрылыс салу қағидаларына сәйкес алаптармен бөлуге тиіс;


      3) ЖТҚ-ға бөлінген алаптар тұрғын үйлердің құрылысы басталғанға дейін ИКИ-мен қамтамасыз етілуге тиіс;


      4) ЖАО-ның азаматтарға жер учаскелерін заңнамада белгіленген тәртіппен беруі.


      Тұрғын үйдің қолжетімділігі деңгейін арттыру және тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайту үшін қосымша ынталандыру шараларын жасау жөніндегі жоғарыда көрсетілген іс-шаралармен қатар ЖАО тұрғын үй проблемасын дербес шешетін азаматтардың бастамаларына жәрдем көрсетуі керек.


      Осы бағытта тәуекел деңгейі үлестік құрылысқа қарағанда мейлінше төмен тұрғын үй құрылыс кооперативтері (бұдан әрі – ТҚК) өздерін оң жағынан танытты. Мемлекеттің меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскесін құрылыс үшін бөлу ТҚК құрудың міндетті шарты болуға тиіс. Бұл ретте құрылыс салынатын учаскеге ЖАО қажетті инженерлік желілер мен коммуникациялар жүргізуге тиіс. ТҚК-ның меншігіне жер учаскесін ресімдеу тұрғын үй пайдалануға берілгеннен кейін жүзеге асырылуға тиіс.

Өңірлерді дамытудың    

2020 дейінгі бағдарламасына


4-қосымша         

Тұрғын үй қорын жаңғырту тетігі

      Бағдарлама аясында кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу (бұдан әрі – жөндеу) ғана жүзеге асырылатын болады.



      Терможаңғырту элементтерімен күрделі жөндеуді жүргізу нәтижесінде жылу тұтынуды үнемдеу 30 пайызға дейін жетеді.


      Ағымдағы жөндеуді үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің қайтарымды қаражаты есебінен жүргізуге рұқсат етіледі.


      Ғимаратты (объектіні) күрделі жөндеу – қажет болған жағдайда конструкциялық элементтері мен инженерлік жабдық жүйелерін ауыстыра отырып, оның ресурсын қалпына келтіру, сондай-ақ пайдалану көрсеткіштерін жақсарту мақсатында ғимаратты жөндеу.


      Тұрғын ғимараттарды күрделі жөндеу ұйымдастыру-технологиялық жобалау құжаттамасына – жобаға (жұмыс жобасына), күрделі жөндеуді ұйымдастыру жобасына және жұмыстарды жүргізу жобаларына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.


      Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері келісімдерінің және жөндеу жүргізу туралы шешім қабылдаған үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің барлығы қол қойған шарттардың болуы көп пәтерлі тұрғын үйде жөндеу жүргізу үшін негіз қалаушы факторлардың бірі болып табылады.


      Ортақ мүлікті жөндеу жұмыстары мыналарды көздейді:


      1) жұмыс түрлерінің ең аз жиынтығы – бұл тұрғын үйдің шатырын, кіреберісін және жертөлесін жөндеу (жылылау) (бұл ретте жұмыс түрлерінің ең көп жиынтығында көзделген бір элемент басқа элементпен ауыстырылуы мүмкін);


      2) жұмыс түрлерінің ең көп жиынтығы – бұл шатырды, кіреберісті, жертөлені, қасбетті, лифтіні (бар болса) жөндеу (жылылау).


      Үйдің шатырын, қасбетін және кіреберісін жөндеу талап етілмеген жағдайда жертөлені (инженерлік желілерді қоса алғанда) жөндеу жоғарыда баяндалғанға жатпайды.


      Ғимаратты терможаңғырту жөнiндегi кешендi жұмыстар кезiнде тұтынылатын жылуды реттеудiң автоматтандырылған жүйесi (орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған) және үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары орнатылады, оларды қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін болады.


      Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне жөндеу жүргізу тетігі республикалық бюджеттен жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО) бюджетіне жарғылық капиталында мемлекет қатысатын мамандандырылған уәкілетті ұйымдарды капиталдандыруға бағытталатын нысаналы трансферттер бөлуді көздейді.


      Мамандандырылған уәкілетті ұйымды капиталдандыру үшін бюджеттік өтінімді қалыптастыру экономикалық сараптаманың қорытындысы мен кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін техникалық тексеру актілерін қоса берілген қаржы-экономикалық негіздеменің (бұдан әрі – ҚЭН) негізінде жүргізіледі.


      Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеуге қаржы қаражатын бөлген кезде жеке өңірлердің ортақ тұрғын үй қорында күрделі жөндеу жүргізуді қажет ететін көппәтерлі тұрғын үйлердің үлесі ескерілетін болады.


      ЖАО қажет болған жағдайда аталған тетікті жүзеге асыру үшін жергілікті бюджет қаражатын пайдаланады.


      Кондоминиум объектісін басқару органы мен оператор (бас мердігер) болып табылатын мамандандырылған уәкілетті ұйым және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері арасында кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеуге шарт жасалады.


      Мамандандырылған уәкілетті ұйым қосалқы мердігерлерді тарту мүмкіндігімен ортақ мүлікке жөндеу жүргізеді.


      Кондоминиум объектісін басқару органының әрбір кондоминиум объектісіне екінші деңгейдегі банктерде (бұдан әрі – ЕДБ) ашылған жинақ есепшоты болады.


      Шартта белгіленген мерзім ішінде үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері ЕДБ-дегі жинақ есепшотына ай сайынғы жарналарды төлейді.


      Жинақталған қаражат ЕДБ-дегі есепшоттан мамандандырылған уәкілетті ұйымға орындалған жұмыстар үшін бөліп ақы төлеу ретінде аударылады.


      Тұрғындар қайтарған соманы мамандандырылған уәкілетті ұйым кондоминиумның басқа объектілерін жөндеуге жұмсайды.


      Бұл тетікті жүзеге асыру үшін оның қатысушылары мынадай іс-әрекеттерді орындайды.


      ЖАО:


      1) үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің өтінімдері бойынша жөнделуі тиіс үйлердің тізбесін қалыптастырады;


      2) тұрғын үй инспекцияларының тиісті актілерді беруімен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне техникалық тексеру жүргізуді ұйымдастырады;


      3) тұрғын үйге энергетикалық аудит жүргізуді ұйымдастырады;


      4) мамандандырылған уәкілетті ұйымның жарғылық капиталын ұлғайту үшін ҚЭН әзірлейді;


      5) ҚЭН-ге экономикалық сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді;


      6) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органға растау құжаттарын қоса бере отырып бюджеттік өтінімді жолдайды;


      7) үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспабын және жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйесін міндетті түрде орната отырып, жөндеу жүргізуді ұйымдастырады. Кондоминиум объектісі ортақ мүлікке жөндеу жүргізуді қажет етпеген жағдайда, жөндеу жүргізбей не инженерлік желілерді қоса алғанда (қажет болған жағдайда), жертөле жайларын жөндей отырып, аталған жабдықты орнату ғана жүргізіледі;


      8) жөндеу жұмыстарының жүргізілу барысын бақылауды және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінен орындалған жұмыстар үшін қаражаттың қайтарылуына мониторингті қамтамасыз етеді;


      9) аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді ұйымдастырады;


      10) кондоминиум объектілері басқару органдарымен және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерімен жөндеу жұмыстарын орындауға шарттар жасаған кезде үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің 8-ден 15 жылға дейін (күрделі жөндеу жұмыстары түрлеріне байланысты) қаражатты қайтару мерзімін сақтауын қамтамасыз етеді.


      Бұл ретте жөндеу үшін қаражатты одан әрі пайдалануды болжауға мүмкіндік беретін қаражатты қайтару кестелерін жасау қажет.


      Мамандандырылған уәкілетті ұйым:


      1) кондоминиум объектілерін басқару органдарымен және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерімен жөндеу жұмыстарын орындауға шарт жасасуды;


      2) шартқа сәйкес жөндеу жұмыстарын орындауды;


      3) қажет болған жағдайда, қосалқы мердігерлік ұйымдармен шарттар жасасуды;


      4) жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында жіберілген кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдауды;


      5) үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінен – шартқа қатысушылардан берешектерді сот тәртібімен өндіріп алуды ұйымдастыруды;


      6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманы (бұдан әрі – ЖСҚ) және шығыстар сметасын әзірлеуді қамтамасыз етуді және оны үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерімен келісуді жүзеге асырады.


      Кондоминиум объектісін басқару органы:


      1) кондоминиум объектісін тіркеуді жүзеге асырады;


      2) екінші деңгейдегі банктерде кондоминиум объектісіне ағымдағы және жинақ есепшоттарының ашылуын қамтамасыз етеді;


      3) мамандандырылған уәкілетті ұйым әзірлеген ЖСҚ, шығыстар сметасының, ақаулар ведомостерінің келісілуін ұйымдастырады;


      4) мамандандырылған уәкілетті ұйыммен жасалған шартқа қол қоюды қамтамасыз етеді;


      5) орындалған жұмыстарды қабылдауға қатысады;


      6) жалпы жиналыстың шешімін орындаудан бас тартқан және шартқа қатыспайтын үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы талап арыз беруді жүзеге асырады.


      Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналысы:


      1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне жөндеу жүргізу туралы шешім қабылдайды;


      2) қосалқы мердігер ұйымды таңдауды келісуді жүзеге асырады (оны тарту қажет болған кезде);


      3) ЖСҚ немесе кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеуге шығыстар сметасын келіседі;


      4) әрбір пәтерге (үй-жайға) жүктелетін кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеуге жұмсалатын шығындар сомасын бекітеді, ол жеке (бөлек) меншіктегі тұрғын және (немесе) тұрғын емес алаңдардың пайдалы алаңының осы кондоминиум объектісіндегі үй-жайлардың барлық тұрғын және тұрғын емес алаңдарының пайдалы алаңдарының сомасына қатынасы бойынша айқындалады;


      5) орындалған жұмыстарды қабылдауға қатысу үшін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері қатарынан өкілдерді таңдауды жүзеге асырады.


      Орындалған жұмыстарды қабылдауға тұрғын үй инспекциялары, кондоминиум объектісін басқару органдары, жөнделетін объектілердің үй-жайлары (пәтерлері) меншік иелерінің өкілдері және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары қатысады.


      Сондай-ақ, 2014 жылдан бастап ЖАО-ға кейіннен жөндеу жұмыстары жүргізілетін үйлерде энергетикалық аудит жүргізуге трансферттер бөлінеді.


      Кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн жөндеу аяқталып, жылыту маусымы өткеннен кейін жергілікті атқарушы органдар осы жөндеудің энергия тиімділігін бағалау үшін қайта энергетикалық аудит жүргізеді.


      Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеу жөніндегі жобаларды іске асыру сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізілуге тиіс.


      Секторды технологиялық дамыту үшін кемінде 5-10 жылда бір рет барлық нормативтік-техникалық құжаттаманы қайта қарау қажет, бұл осы саладағы қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарды қайта қарауды, бекітуді және жаңаларын әзірлеуді көздейді.


      Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға жұмсалатын шығындарды төлеу үшін тұрғын үй көмегі көрсетіледі.


      Пәтерлердің (үй-жайлардың) меншік иелерін тұрғын үй қорын терможаңғырту процесіне тарту мақсатында халық арасында энергия үнемдеуді насихаттау шараларын жүргізу қажет. Халықтың қалың бұқарасына, кондоминиум объектілерін басқару органдарына, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (бұдан әрі – ТКШ) мамандарына және білім алушы жастарға энергия үнемдеу саясатын насихаттау бойынша қызметтер көрсетілетін болады. Энергия үнемдеуді насихаттау жөніндегі іс-шаралармен қамтылған қала халқының үлесі іс-шараларды жүргізу нәтижесінде жыл сайын ұлғаятын болады.


      Халық арасында энергия үнемдеуді насихаттау Бағдарламаны табысты іске асырудың негізі болып табылады және мынадай негізгі іс-шараларды қамтиды: ағартушылық және арнайы әдебиетті тираждау және тарату, өңірлік семинарлар, көрмелер және конференциялар ұйымдастыру, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамдық акциялар мен жарнамалық науқандар өткізу.


      Саланы кадрлық қамтамасыз ету шеңберінде практикалық оқыту үлесін ұлғайту, ТКШ саласы үшін ғылыми кадрлар даярлау, ТКШ саласы мамандарының біліктілігі мен құзыретін арттыру жүйесін дамыту арқылы жоғарғы, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында кадрлар даярлау жүйесін жетілдіру қажет.


      Нәтижесінде көп қабатты тұрғын үйге өзінің жеке меншік тұрғын үй ретіндегі иелік ету қатынасы және энергияны үнемдеу қалыптасуға тиіс, жалпы осы іс-шаралардың барлығы тиімді меншік иесін қалыптастыруға және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің энергияны тұтынуын азайтуға бағытталатын болады.


      Терможаңғырту бірінші кезекте осы қалалар халқының қолайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталады.


      Бағдарлама шеңберінде күрделі жөндеуді қажет ететін көппәтерлі тұрғын үйлер көрсеткіштерінің тұрақты мониторингі жүзеге асырылады, бұл жерде респонденттер ретінде жергілікті атқарушы органдар болуы мүмкін, ал кейін респонденттер ретінде кондоминиум объектісін басқару органдарын және сервистік қызмет субъектілерін тарту шаралары қаралатын болады.


      Бұрын 2011 – 2012 жылдары Бағдарламаны іске асыру бойынша оператордың бірі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (бұдан әрі – ӘКК) болып табылған. Оларда үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің қайтарымды қаражатын жинау әлі де жүзеге асырылатын ӘКК рөлін ескере отырып, жөндеу жүргізу үшін ӘКК-ге қайтарылатын ақша қаражатын пайдалану бойынша жұмысты жалғастыру, сондай-ақ осы қаражатты мамандандырылған уәкілетті ұйымдар арқылы тікелей пайдалану тетіктерін қарау қажет.


      Перспективада мамандандырылған уәкілетті ұйымның рөлін кәсіпкерлік құрылымдар, ал оларды қаржыландыруды мамандандырылған қаржы институттары (агенттіктер) және ЕДБ өзіне алады.

Өңірлерді дамытудың   

2020 дейінгі бағдарламасына


5-қосымша        

«Жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылай қолдау» басымдығы бойынша Бағдарламаны іске асыру кезінде қаржыландырудың және қатысушылардың өзара іс-қимыл жасауының тетігі

      1. Қаржыландыру лимитін бөлу:



      1) облыс әкімі әрбір ауданға және облыстық маңызы бар қалаға қаржыландыру лимитін ауылдық округтерде, сондай-ақ ауылдық округтің құрамына кірмейтін ауылдарда және кенттерде тұратын халықтың санына байланысты жеткізеді;


      2) аудан әкімі және облыстық маңызы бар қала әкімі әрбір ауылдық округке қаржыландыру лимитін әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары және орташа әр ауылдық округте, сондай-ақ ауылдық округтің құрамына кірмейтін ауылда, кентте тұратын халықтың санына байланысты жеткізеді.


      Бұл ретте аудан әкімі және облыстық маңызы бар қала әкімі қаржыландыру лимитін бөлген кезде ауылдық округтің құрамына кірмейтін даму әлеуеті төмен ауылдар мен кенттерді алып тастайды және оны ауылдық округтерге, әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары және орташа ауылдық округтің құрамына кірмейтін ауылдарға және кенттерге қайта бөледі;


      3) ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері барлық ауылдарға, кенттерге және ауылдық округтерге есептелген қаражат көлемін жергілікті қоғамдастық жиынының шешіміне сәйкес бөледі.


      2. Іріктеу рәсімі:


      1) жергілікті қоғамдастықтың жиналысында аудан әкімі, облыстық маңызы бар қала әкімі жеткізген қаражат көлемінің шеңберінде іс-шаралар айқындалады және жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен ресімделеді;


      2) мақұлданған іс-шаралар бойынша ұсыныс (жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі) ауылдық округтің әкіміне, сондай-ақ ауылдық округтің құрамына кірмейтін ауылдың және кенттің әкімдеріне түседі;


      3) ауылдық округтің әкімі, ауылдық округтің құрамына кірмейтін ауылдың және кенттің әкімдері мақұлданған іс-шаралар бойынша ұсыныстарды (жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімін) аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдігіне жібереді;


      4) аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдігі бағытты ескере отырып, ұсынылған іс-шаралардың тізбесін қалыптастырады және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген құжаттарды қоса бере отырып, Бағдарламаның үйлестірушісіне жібереді;


      5) Бағдарламаның үйлестірушісі іс-шаралар бойынша ұсынылған құжаттарды қарайды және олар бойынша қорытынды қалыптастырады;


      6) Бағдарламаның үйлестірушісі іс-шараларға берілген қорытындылардың нәтижесін аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдігіне жолдайды.


      Өз кезегінде аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдігі Бағдарлама үйлестірушісінің қорытындысын ауылдық округтердің, сондай-ақ ауылдық округтің құрамына кірмейтін ауылдардың және кенттердің әкімдеріне жібереді.


      Ауылдық округтердің, сондай-ақ ауылдық округтердің құрамына кірмейтін ауылдардың, кенттердің әкімдері жергілікті қоғамдастықтың жиналыстарында қолдау көрсетілген және қолдау көрсетілмеген іс-шаралар туралы ақпаратты жеткізеді.


      3. Бағдарлама үйлестірушісі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген мерзімдерде бюджеттік жоспарлау саласындағы жергілікті уәкілетті органға бюджеттік өтінімді ұсынады.


      4. Бюджет қаражатын пайдаланудың мониторингі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражатын және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін пайдалану мониторингін жүргізу әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің       


2014 жылғы 28 маусымдағы


№ 728 қаулысына   


қосымша        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір

шешімдерінің тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011–2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 473 қаулысы.

      2. «2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы № 570 қаулысы.



      3. «Өңірлерді дамыту бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 862 қаулысы.



      4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.



      5. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 862 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 1485 қаулысы.



      6. «Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуiрдегi № 473 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 501 қаулысы.



      7. «2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы № 570 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 621 қаулысы.



      8. «Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 683 қаулысы.



      9. «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысы.



      10. «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 1189 қаулысы.



      11. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 862 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 қазандағы № 1258 қаулысы.



      12. «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1777 қаулысы.



      13. «Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 сәуiрдегi № 473 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 28 ақпандағы № 200 қаулысы.



      14. «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 мамырдағы № 560 қаулысы.



      15. «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 1022 қаулысы.



      16. «Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 683 және «Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» 2012 жылғы 16 қарашадағы № 1449 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 7 қарашадағы қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.



      17. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 862 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1492 қаулысы.



      18. «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 286 қаулысы.



      19. «Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 473 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 410 қаулысы.







© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

Каталог: upload -> files
files -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
files -> «II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
files -> Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін "Үздік педагог" атағын беру және мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің
files -> Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
files -> Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
files -> Есэдо го (версия 13. 2) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп
files -> «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»
files -> «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы