Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы



бет16/17
Дата16.01.2017
өлшемі198.5 Kb.
#288
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

3. «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі

      Ескерту: 3-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.06.2015 № 451 қаулысымен.



      «ҚИК» ИҰ» АҚ жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысын ұйымдастыруды жүргізеді және/немесе үшінші тұлғалардан тұрғын үй құрылыс объектілерін (салынып жатқан, құрылысы аяқталмаған, салынған және пайдалануға берілмеген, салынған және пайдалануға берілген (дайын тұрғын үй) тұрғын үй объектілерін) сатып алады.

      «ҚИК» ИҰ» АҚ жалға берілетін тұрғын үйлерді екі бағыт бойынша іске асырады:


      1) сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй;


      2) сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй.


      1. Құрылысты қаржыландыру тетігі.


      Жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысын (сатып алуды) қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты, «ҚИК» ИҰ» АҚ-ның меншікті қаражаты есебінен және мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:


      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі:


      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан «ҚИК» ИҰ» АҚ-тың жалға берілетін тұрғын үйін салу (сатып алу) аудандарында ИКИ-ді жобалауға, дамытуға және (немесе) жайластыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 35 млрд. теңге мөлшеріндегі нысаналы даму трансферттерін, оның ішінде 2015 жылы – 17,5 млрд. теңге және 2016 жылы – 17,5 млрд. теңге;


      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатынан жалға берілетін тұрғын үйлерді салуды (сатып алуды) қаржыландыру үшін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ға 145 млрд. теңге сомасында облигациялық қарыз бөледі;


      2) «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ «ҚИК» ИҰ» АҚ-ға 145 млрд. теңге, оның ішінде 2015 жылы – 92,5 млрд. теңге, 2016 жылы – 52,5 млрд. теңге мөлшерінде қарыз қаражатын береді.


      Тұтастай алғанда, жалға берілетін тұрғын үйлер салуды (сатып алуды) қаржыландыруға 250 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр, оның ішінде:


      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 145 млрд. теңге мөлшеріндегі қаражаты;


      2) 2017 – 2019 жылдары облигацияларды орналастырудан түскен «ҚИК» ИҰ» АҚ қаражаты – 50 млрд. теңге дейін;


      3) басқа көздер, оның ішінде 2017 – 2019 жылдары бөлінген 25,8 млрд. теңге мөлшеріндегі қаражатты, сондай-ақ жалдау ақысын өтеуден және қаржыландырудың өзге көздерінен алынған қаражатты қайта пайдалану;


      4) «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен бөлінген 29,2 млрд. теңге мөлшеріндегі қаражат.


      «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы шеңберінде салынған (салынып жатқан) тұрғын үйлерді салуды және сатуды «ҚИК» ИҰ» АҚ осы Бағдарламада көзделген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырады. Осы мақсатта «ҚИК» ИҰ» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайтудың қаржы-экономикалық негіздемесіне тиісті түзетулер енгізілетін болады.


      Жалға берілетін тұрғын үй салуға (сатып алуға) қаражат мынадай тәртіппен:


      1) сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге 210 млрд. теңгеге дейін, оның ішінде:


      мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жасалған келісімдер/меморандумдар шеңберінде 45 млрд. теңгеге дейін, оның ішінде:


      8 млрд. теңгеге дейінгісі моноқалаға;


      2 млрд. теңгеге дейінгісі ауылдық жерлерге инвестицияланады;


      2) жекелеген келісімдермен/меморандумдармен бекітілген ЖАО-ның келісімі болған жағдайда, сатып алу құқығынсыз берілетін тұрғын үйге 40 млрд. теңгеге дейін бөлінеді.


      Жер учаскесінің, ЖСҚ, ИКИ болуына қарай және дайын тұрғын үй объектілерін сату туралы ұсыныстарды ескере отырып, Бағдарламаны іске асыру процесінде жалға берілетін тұрғын үйді салуға (сатып алуға) бөлінген қаражатты қайта бөлуге рұқсат етіледі.


      2. ЖАО-ның жер учаскелерінде тұрғын үй салуға қойылатын шарттар мен талаптар:


      1) ЖАО «ҚИК» ИҰ» АҚ-ға жалға берілетін тұрғын үйлер салу үшін ИКИ және қайта қолдану үшін ЖСҚ (бар болса) бар жер учаскелерін береді;


      2) «ҚИК» ИҰ» АҚ ЖАО-мен әрбір құрылыс объектісі бойынша ынтымақтастық туралы жеке келісім жасасады, ол келісімде ИКИ жүргізу және жайластыру мерзімдері, Бағдарлама қатысушыларын іріктеудің және есепке алудың шарттары жалға берілетін (сатып алумен және сатып алусыз) тұрғын үйлерді беру тетіктері көрсетіледі.


      3. «ҚИК» ИҰ» АҚ осы кіші бөлімнің 5-тармағының талаптарына және «ҚИК» ИҰ» АҚ-ның ішкі құжаттарында белгіленген талаптарға сәйкес келетін тұрғын үй объектілерінің құрылысын ұйымдастырады, оның ішінде:


      1) ЖСҚ-ны әзірлеуге тендер өткізеді және мемлекеттік сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді;


      2) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге, мердігерлік құрылыс-монтаждау ұйымдарын (бұдан әрі – мердігер) айқындауға тендер өткізеді;


      3) өткізілген тендерлердің қорытындылары бойынша мердігерлермен тиісті шарттар жасасады;


      4) жалға беруге жататын тұрғын үйдің құрылысын қаржыландырады;


      5) жалға беруге жататын тұрғын үй құрылысының процесін және кезеңдерін бақылайды;


      6) құрылыстың барлық кезеңдерінде техникалық қадағалауды қамтамасыз етеді;


      7) жалға беруге жататын тұрғын үйлердің құрылысы аяқталғаннан және белгіленген тәртіппен құқық белгілейтін құжаттары ресімделгеннен кейін мердігерлер пайдалануға берген объектілерді қабылдауды қамтамасыз етеді;


      8) Бағдарламаны іске асыру барысында туындайтын өзге іс-шараларды жүзеге асырады.


      «ҚИК» ИҰ» АҚ Бағдарламаны табысты іске асыру мақсатында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымдарына құрылысты ұйымдастыру және/немесе тұрғын үй құрылысының объектілерін (салынып жатқан, құрылысы аяқталмаған, салынған және пайдалануға берілмеген, салынған және пайдалануға берілген (дайын үйлер) тұрғын үй объектілерін) сатып алу функцияларын, оның ішінде ЖСҚ әзірлеу мен түзетуді ұйымдастыру, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру, құрылыстың барлық кезеңіндегі техникалық қадағалауды жүргізу, жалға берілетін тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдау мен беру, тұрғын үйді «ҚИК» ИҰ» АҚ меншігіне беру қызметтерін ұсынуға құқығы бар.


      «ҚИК» ИҰ» АҚ-ның жеке инвесторлармен бірлесіп Бағдарламаның талаптарына сәйкес келетін, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына және «ҚИК» ИҰ» АҚ ішкі құжаттарына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаты негізінде, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктерге шартты депозит орналастыру арқылы қаржыландыру жолымен тұрғын үйлер құрылысына (бірлесіп қаржыландыруға) қатысуға құқығы бар.


      «ҚИК» ИҰ» АҚ 2015 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан жалға берілетін тұрғын үй құрылысына және сатып алуға бөлінген қаражат есебінен 2017 жылғы Универсиада аяқталғаннан кейін тұрғын үйді Бағдарлама шарттарына сәйкес кейіннен жалға бере отырып, Алматы қаласындағы Атлетика ауылы объектілерінің жалпы ауданы кемінде 86 033 шаршы метр тұрғын бөлігінің құрылысын қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы.


      4. «ҚИК» ИҰ» АҚ үшінші тұлғалардан, оның ішінде инвестициялық стратегиялық жобалар (стратегиялық жобалар) шеңберінде осы кіші бөлімнің 5-тармағында белгіленген жобаларға қойылатын талаптарға және «ҚИК» ИҰ» АҚ ішкі құжаттарымен белгіленген талаптарға сәйкес келетін тұрғын үй құрылысының объектілерін (салынып жатқан, құрылысы аяқталмаған, салынған және пайдалануға берілмеген, салынған және пайдалануға берілген (дайын үйлер) тұрғын үй объектілерін, оның ішінде жапсарлас салынған коммерциялық алаңдар мен қосымша қабаттарды) сатып алуға құқығы бар.


      5. Жобалар мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:


      1) сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің (пәтердің және (немесе) бір қабатты жеке тұрғын үйдің) жалпы алаңы 80 шаршы метрден аспауға тиіс, 5%-дан аспайтын ауытқуға жол беріледі.


      10 %-дан аспайтын ауытқуға жол берілетін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйдің жалпы алаңы:


      бір бөлмелі пәтер бойынша – 20 шаршы метрден;


      екі бөлмелі пәтер бойынша – 30 шаршы метрден;


      үш бөлмелі пәтер бойынша – 45 шаршы метрден аспауға тиіс.


      2015 жылы «ҚИК» ИҰ» АҚ белгіленген шектердің жалпы алаңнан ауытқуы 20 %-дан аспайтын салынып жатқан, сатып алу құқығымен жалға берілетін құрылысы аяқталмаған, салынған және пайдалануға берілмеген, салынған және пайдалануға берілген (дайын тұрғын үйлер) тұрғын үй объектілерін сатып алуға Ұлттық қордан бөлінетін қаражаттың 30 %-ынан аспайтын көлемін жұмсайды;


      2) таза әрленген тұрғын үйді салудың және (немесе) сатып алудың баға параметрлері.


      Таза әрленген тұрғын үйдің (пәтердің және (немесе) бір қабатты жеке тұрғын үйдің) жалпы алаңының 1 шаршы метрін салудың базалық құны Астана және Алматы қалаларында 185 мың теңгеге дейін (ИКИ құнын есептемегенде), қалған өңірлерде 150 мың теңгеге дейін (ИКИ құнын есептемегенде) құрайды, бағасы 2015 жылдан бастап жыл сайын инфляция коэффициентіне және (немесе) құрылыстағы баға индексінің өзгеруіне сәйкес түзетілетін болады.


      Таза әрленген тұрғын үйді (пәтердің және (немесе) жеке тұрғын үйді) салудың құны тұрғын үйлердің ЖСҚ-на жасалған мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысының негізінде және (немесе) тиісті аттестаты бар сарапшылардың қорытындысының негізінде айқындалатын болады.


      Таза әрленген тұрғын үйдің (пәтердің және (немесе) бір қабатты жеке тұрғын үйдің) жалпы алаңының 1 шаршы метрін сатып алудың (сатып алынатын) базалық құны Астана және Алматы қалаларында 200 мың теңгеге дейін (ИКИ құнын есептемегенде), қалған өңірлерде 165 мың теңгеге дейін (ИКИ құнын есептемегенде) құрайды, бағасы 2015 жылдан бастап жыл сайын инфляция коэффициентіне және (немесе) құрылыстағы баға индексінің өзгеруіне сәйкес түзетілетін болады.


      Астана қаласының серіктес қаласы ретінде Қосшы ауылында таза әрленген тұрғын үйдің (пәтердің және (немесе) бір қабатты жеке тұрғын үйдің) 1 шаршы метрін салудың және/немесе сатып алудың (сатып алынатын) базалық құны Астана қаласы бойынша тұрғын үйдің бағасына ұқсас белгіленеді.


      Алматы қаласының шекарасына іргелес Алматы облысының аумағында қала құрылысын ерекше реттеу аймағында таза әрленген тұрғын үйдің (пәтердің және (немесе) бір қабатты жеке тұрғын үйдің) 1 шаршы метрін салудың және/немесе сатып алудың (сатып алынатын) базалық құны Алматы қаласы бойынша тұрғын үйдің бағасына сәйкес белгіленеді. Қала құрылысын ерекше реттеу аймағы «Алматы қаласының қала маңы аймағының Бас жоспары туралы (Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасы)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1097 қаулысында айқындалған.


      6. «ҚИК»ИҰ» АҚ-ның Бағдарлама шеңберінде қойылған міндеттерді іске асыру үшін еншілес ұйымдар құруға құқығы бар. Бұл ретте «ҚИК» ИҰ» АҚ мен оның еншілес ұйымдарының арасындағы өзара қарым-қатынастар жекелеген келісімдермен/шарттармен регламенттеледі.

4. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның тұрғын үйі

      Осы бағыт бойынша тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру үшін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның меншікті қаражаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты пайдаланылатын болады.



      Тұрғын үй объектілерін салу тетіктері:


      1. Жеке құрылыс салушылардың (инвесторлардың) инвестициялық өтінімдері бойынша құрылысты ұйымдастыру.


      Жылжымайтын мүлік қоры ішкі рәсімдерге сәйкес жеке құрылыс салушылар (инвесторлар) ұсынған тұрғын үй объектілерін салу жөніндегі жобаларды (бұдан әрі – жобалар) іріктейді және қарайды.


      Жобалар мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:


      1) ауыртпалықтан бос, инфрақұрылымды дамыту жоспарларына сәйкес ЖАО тиісті ИКИ-мен қамтамасыз еткен немесе қамтамасыз етуді жоспарлаған жер учаскесінің болуы;


      2) мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бар ЖСҚ-ның болуы;


      3) тұрғын үйдің жайлылық сыныбы – «Тұрғын үй ғимараттары» Қазақстан Республикасының ҚНжЕ 3.02-43-2007 бойынша 3-сыныптан жоғары емес. Жылжымайтын мүлік қорының бір пәтерінің жалпы ауданы 120 шаршы метрден және/немесе бір пәтерлі аз қабатты үйдің (коттедждің) жалпы ауданы 200 шаршы метрден аспауға, Қазақстан Республикасының ҚНжЕ талаптарына сәйкес коммерциялық үй-жайлар және машина орындары болуға тиіс. Тұрғын үйдің (пәтердің) жалпы алаңының 1 шаршы метрін салудың базалық құны 2012 жылғы бағамен Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалалары мен олардың қала маңы аймақтарында – 150 000 теңгеден, Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінде – 120 000 теңгеден аспауға тиіс. Келесі жылдары тұрғын үйдің (пәтердің) жалпы алаңының 1 шаршы метрін салу құны құрылыстағы баға индексінің өзгеруі ескеріле отырып түзетілетін болады;


      4) құрылыс салушының (инвестордың) жобаға қатысу үлесі жер учаскесін (кадастрлық құны бойынша) сатып алуға, ЖСҚ әзірлеуге және мемлекеттік сараптама жүргізуге жұмсалған шығындарды және/немесе объектінің құрылысы аяқталғанға дейінгі мерзімге берілген тиісті кепілдіктермен не қаржыландырудың расталған көздерімен қамтамасыз етілген ақшалай қаражатты және/немесе жобаны Жылжымайтын мүлік қорының қатысуымен іске асыру басталған сәтке дейін объектіде орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі бойынша жасалған техникалық аудит қорытындысымен расталған аяқталмаған құрылысты қоса алғанда, жоба құнының 20 %-ынан кем болмауға тиіс.


      Іріктеу кезінде құрылыс салушының (инвестордың) қаржыландырудағы үлесі көбірек болған жобаларға басымдық беріледі.


      2. ЖАО-ның жер учаскелерінде Жылжымайтын мүлік қорының жобаларын іске асыруы.


      ЖАО Жылжымайтын мүлік қорына тиісті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз ету жоспарланған жер учаскелерін берген жағдайда, Жылжымайтын мүлік қоры жобаларды іске асыруға қатысу үшін құрылыс компанияларын (инвесторларды) тарта отырып, осы кіші бөлімнің 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін тұрғын үй салуды ұйымдастырады. Бұл ретте Жылжымайтын мүлік қоры құрылыс компанияларын инвесторлар және/немесе жоба бойынша бас мердігерлер ретінде тартуы мүмкін.


      3. Жобаларды нысаналы депозит арқылы іске асыру.


      Құрылысты қаржыландыру үшін Жылжымайтын мүлік қоры нысаналы жедел банк салымдары туралы шарттар жасасу арқылы екінші деңгейдегі банктерге нысаналы депозиттер орналастырады, осыған сәйкес екінші деңгейдегі банктер нысаналы салымның қаражаты есебінен тұрғын үй объектілерін салу үшін құрылыс салушыларға кредит беруді жүзеге асырады.


      Нысаналы депозиттің сомасын өтеу есебінен Жылжымайтын мүлік қорының меншігіне берілетін тұрғын үй осы кіші бөлімнің 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкес келуге тиіс.


      Жылжымайтын мүлік қорының екінші деңгейдегі банктерге нысаналы депозиттер орналастыру шарттары мен тәртібі Жылжымайтын мүлік қорының ішкі құжаттамасымен регламенттеледі.


      4. Жылжымайтын мүлік қорының салынып жатқан жылжымайтын мүлік объектілерінде осы кіші бөлімнің 1-тармағының 1-3) тармақшаларында көрсетілген тиісті тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды сатып алуды қамтамасыз етуге құқығы бар.


      5. Құрылыс аяқталып, объектілер пайдалануға берілгеннен кейін үй-жайлар жобаға қатысу үлесіне сәйкес бөлінеді.


      Сонымен бірге, құрылыс салушыға (инвесторға) Жылжымайтын мүлік қоры қаржыландырған үй-жайларды еркін бағамен, бірақ жалпы алаңның 50 %-ынан аспайтындай етіп өткізу құқығы берілуі мүмкін, бұл ретте Жылжымайтын мүлік қорына үй-жайдың құны және тиісті шарт жасалған кездегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың қолданыстағы мөлшерлемесінен кем болмайтын мөлшерде сыйақы төленеді.


      Жылжымайтын мүлік қоры салынған инвестицияның сақталуы мен қайтарымдылығы қағидаттарын басшылыққа ала отырып, объекті құрылысының барысына тұрақты мониторингті жүзеге асырады.


      6. Тұрғын үйдің (пәтердің) жалпы алаңының 1 шаршы метрін тікелей сатудың базалық құны Жылжымайтын мүлік қоры өткізетін алғашқы жылы Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларында және олардың қала маңы аймақтарында 180 мың теңгеден аспайды, Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінде 144 мың теңгеден аспайды. Одан кейінгі жылдары тікелей сатудың құны тұрғын үйдің (пәтердің) жалпы алаңының 1 шаршы метрін салу құнының өзгеруі ескеріле отырып нақтыланатын болады.

5. Астана қаласындағы авариялық тұрғын үйді бұзу жөніндегі пилоттық жоба шеңберіндегі тұрғын үй

      1. Астана қаласы бойынша пилоттық жобаның жалпы сипаттамасы.



      Аталған бағытты әзірлеу кезінде Анкара қаласының авариялық және тозған тұрғын үйді бұза отырып, әлеуметтік тұрғын үй салуға негізделген «ТОКІ» мемлекеттік кәсіпорнының қатысуымен қалалық ортаны жаңарту бағдарламасын іске асыру бойынша тәжірибесі қолданылды.


      Астана қаласының қалыптасқан бөлігінде алаңы 588 мың шаршы метр 2978 үй немесе 11264 пәтер реконструкциялауды және бұзуды талап етеді, олар реконструкцияланатын 42 ауданға, 315,6 га аумаққа бөлінген. Оның ішінде:


      1) 5 қабатты – 66 үй;


      2) 4 қабатты – 13 үй;


      3) 3 қабатты – 19 үй;


      4) 2 қабатты – 174 үй;


      5) 1 қабатты (барак) – 127 үй;


      6) усадьбалық типтегі үйлер – 2579 үй.


      Бұзылатын тұрғын үйдің орнына жобаланатын тұрғын үй алаңы 3,1 млн. шаршы метрді құрайды.


      2. Пилоттық жобаны іске асыру:


      2017 жылдың соңына қарай алаңы 150,0 мың шаршы метр 228 авариялық үйді бұзу және 3519 отбасын көшіру іс-шараларын орындауды;


      тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды нарық бағалары бойынша сатудан және жобаны іске асыру барысында ілеспелі қызметтерді көрсетуден түскен қаражатты қайта инвестициялау есебінен авариялық үй құрылыстарының меншік иелерін көшіру үшін тұрғын үй салу бойынша жергілікті бюджетке түсетін жүктемені төмендетуді;


      коммуналдық тұрғын үй қорын, 2018 жылдан бастап іске асырылатын жобаның 10 %-ын коммуналдық тұрғын үй қорына және 90 %-ын – жеке меншікке сату үлесімен толықтыруды;


      астана мәртебесіне сәйкес келетін сәулеттің қазіргі заманғы келбетін жасай отырып, астананың «ескі» кварталдарын кешенді қайта жаңартуды қамтамасыз етеді.


      3. Авариялық тұрғын үйді бұзу және азаматтарды көшіру тетігін іске асыру.


      Астана қаласының әкімдігі:


      1) Астана қаласының қалалық ортасын реконструкциялау жобасын, авариялық тұрғын үйді бұзуды және тұрғын үй қорын салуды іске асыру үшін уәкілетті ұйымды құрады;


      2) үй құрылыстарын комиссиямен тексеріп қарауды жүргізеді, оның нәтижелері бойынша олардың табиғи тозуын көрсетіп және тұрғын үйді авариялық деп тану үшін негіздерді белгілей отырып, техникалық тексеріп қарау актілері жасалады;


      3) заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай шеңберінде жер учаскелерін алып қоюды және босатуды жүргізеді;


      4) реконструкциялау аудандарын айқындайды, құрылысты жүзеге асыру үшін жер учаскелерін бөледі;


      5) магистральдық инженерлік желілердің құрылысын және абаттандыруды қамтамасыз етеді;


      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес авариялық үй құрылыстарының иелерін қолданыстағы және кейін уәкілетті ұйым коммуналдық тұрғын үй қорынан берген үлестер есебінен қалыптастырылатын тұрғын үймен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;


      7) авариялық тұрғын үйлердің меншік иелеріне бұзылатын тұрғын үйлердің орнына алаңы бойынша тең келетін, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес жаңа пәтерлер береді;


      8) авариялық тұрғын үйлерде тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне реквизицияланатын мүліктің құнын өтеуді ұйымдастырады. Авариялық тұрғын үйде орналасқан тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі келіскен жағдайда, реквизицияланатын мүлік үшін өтемақы Бағдарламаның осы бағыты бойынша салынып жатқан объектілердегі тұрғын емес үй-жайлардың алаңы бойынша тепе-тең көлемде тұрғын емес үй-жайлар беру арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.


      Уәкілетті ұйым (Астана қаласы әкімдігінің 100 % қатысуымен):


      1) тұрғын үйлерді жобалайды және салуды жүзеге асырады;


      2) авариялық үй құрылыстарының меншік иелерін көшіру үшін коммуналдық тұрғын үй қорына салынған тұрғын үйдің үлесін тапсыруды қамтамасыз етеді;


      3) тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың бір бөлігін нарықта сатады;


      4) тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сатудан түскен табыстарды қайта инвестициялау есебінен және жобаны іске асыру барысында ілеспелі қызметтерді көрсету арқылы одан кейінгі құрылысты ұйымдастырады.


      Пилоттық жоба шеңберінде жобаны қайта инвестициялау мақсатында нарықта сату үшін жайлылығы 3-4-сыныптағы тұрғын үй және элиталық және бизнес сыныпты кеңсе үй-жайлары мен паркингтері бар коммерциялық тұрғын үй салу көзделіп отыр.


      Тұрғын үйдің жалпы алаңының бір шаршы метрі құрылысының құны тұрғын үйлердің ЖСҚ-сына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысының негізінде айқындалады.


      Тұрғын үйдің жалпы алаңының 1 шаршы метрін сату құны 192 400 теңгеден төмен емес деп көзделетін болады, бұл ретте сату бағасы салынып жатқан тұрғын үйдің жайлылық деңгейіне және сатылатын сәтте жылжымайтын мүлік нарығының қалыптасқан конъюнктурасына байланысты болады.


      4. Қаржыландыру тетігін іске асыру:


      1) «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасының шеңберінде Астана қаласы әкімдігінің уәкілетті ұйымына 40 млрд. теңге, оның ішінде 2012 жылы – 20 млрд. теңге, 2014 жылы – 20 млрд. теңге мөлшерінде кредиттік қаражат береді;


      2) Қазақстан Республикасының Үкіметі Астана қаласы әкімдігінің уәкілетті ұйымының «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ бұдан бұрын қабылдаған міндеттемелерін өтеуі үшін республикалық бюджеттен 40 млрд. теңге, оның ішінде 2013 жылы – 20 млрд. теңге, 2015 жылы – 20 млрд. теңге мөлшерінде нысаналы ағымдағы трансферт бөледі;


      3) одан әрі жобаны қаржыландыру басқа көздердің есебінен жүзеге асырылады: жеке инвестицияларды тарту, ЕДБ-ден қарыз алу, уәкілетті ұйымның жарғылық капиталын толықтыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер, тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сатудан және жобаны іске асыру барысында ілеспелі қызметтерді көрсетуден түскен кіріс.


Каталог: upload -> files
files -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
files -> «II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
files -> Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін "Үздік педагог" атағын беру және мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің
files -> Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
files -> Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
files -> Есэдо го (версия 13. 2) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп
files -> «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»
files -> «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы