Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы


«ҚИК» ИҰ» АҚ-тың тұрғын үйі» бағыты бойынша тұрғын үйлерді өткізу рәсімдері



бет15/17
Дата16.01.2017
өлшемі198.5 Kb.
#288
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

7. «ҚИК» ИҰ» АҚ-тың тұрғын үйі» бағыты бойынша тұрғын үйлерді өткізу рәсімдері

      1. Тұрғын үйлерді өткізу тәртібі.



      «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйлерін сату сатып алу құқығымен жалға беру және сатып алу құқығынсыз жалға беру арқылы мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:


      1) ЖАО арқылы тұрғын үйлерді өткізу:


      ЖАО-мен тұрғын үйлерді бөлу бойынша ынтымақтастық туралы үлгі келісім жасасу;


      тұрғын үйді салған жағдайда, құрылыс аяқталатын күнге дейін кемінде 6 (алты) ай бұрын сату бойынша сипаттамалары (саны мен алаңы, ай сайынғы жалдау төлемінің мөлшері және әрбір пәтер үлгісі бойынша сату тәсілдері) туралы ақпаратпен «ҚИК» ИҰ» АҚ-ның ішкі құжаттарына сәйкес ЖАО арқылы сатуға белгіленген тұрғын үй-жайлардың тізімдерін ЖАО-ға жіберу;


      5-кіші бөлімге сәйкес келісімдерде көзделетін мерзімде ЖАО-дан Бағдарламаның іріктеп алынған үміткерлерінің бекітілген тізімдерін алу;


      ЖАО ұсынған тізімдердегі реттік нөмірмен айқындалатын кезектілікке сәйкес үміткерлерге пәтер таңдау мүмкіндігін, оның ішінде еншілес ұйымдардың беруі, оларға тұрғын үйлерді бекітіп беру және шарттары «ҚИК» ИҰ» АҚ-ның ішкі қағидаларында айқындалатын сатып алу құқығымен жалдау немесе сатып алу құқығынсыз жалдау шарттарын жасасу;


      2) мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жасалған келісімдер/ меморандумдар аясында тұрғын үйлерді сату.


      Жалға беру төлемінің мөлшері «ҚИК» ИҰ» АҚ-тың ішкі құжаттарында құрылысты қаржыландыруға бөлінген қаражатты қайтару қағидаттары негізге алына отырып айқындалады.


      2. Жалдау шартын жасау тәртібі мен жалға беру шарттары.


      5-кіші бөлімге сәйкес іріктеуден өткен әлеуетті жалдаушылармен жалға берілетін тұрғын үйдің түрлері бойынша мынадай негізгі шарттар қамтылған жалдау шарттары жасалады:


      1) Сатып алу құқығымен жалдау мынаны көздейді:


      жалдау мерзімі – 20 жылға дейін, табыс жеткіліксіз болған жекелеген жағдайларда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жиырма тоғыз жасқа толмаған және (немесе) кәмелет жасына толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалар үшін жалдау шартының мерзімі 30 жылға дейін ұзартылуы мүмкін;


      жалға алушының жалдау төлемін және мүлікті күтіп-ұстау шығыстарын, оның ішінде мүлік салығын, жер салығын, коммуналдық және басқа пайдалану шығыстарын төлеуі;


      5 жыл жалдау мерзімі өткеннен кейін жалға берілген тұрғын үйді «ҚИК» ИҰ» АҚ-ның ішкі құжаттарында белгіленген шарттарымен сатып алу мүмкіндігі туралы шарт;


      5 жыл жалдау мерзімі өткеннен кейін кемінде 6 айлық жалға алу төлемі мөлшерінде ішінара мерзімінен бұрын төлеу мүмкіндігі туралы шарт;


      жалға алушының табысы жеткіліксіз болған жағдайда жалдау төлемін енгізу бойынша кепіл берушілерді тарту мүмкіндігі туралы шарт;


      жалға алушының жалға беру шарты бойынша міндеттері тиісті түрде және толық орындалған кезде тұрғын үйді меншігіне беру туралы шарт;


      жалдау төлемдері енгізілмеген, сондай-ақ жалдау шарты бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда, жалға алушыны және оның отбасы мүшелерін жалға берілген тұрғын үйден шығару тәртібі;


      жалға алушының жалға берілген тұрғын үйді жөндеуі туралы шарт.


      2) Сатып алу құқығынсыз жалға беру мынаны көздейді:


      Бағдарламаға қатысушы еңбек ету қабілетін жоғалтқан жағдайда, сондай-ақ көп балалы отбасыларға және тұрғын үй комиссиясы дербес қарайтын өзге жағдайларда кейіннен 5 жылға мерзімін ұзарту мүмкіндігімен жалға беру мерзімі – 10 жылға дейін;


      индекстеу кезіндегі инфляция коэффициентіне сәйкес жалдау төлемдерін үш жылда 1 (бір) рет индекстеу;


      жалдаушының жалдау төлемін және мүлікті күтіп-ұстау шығыстарын, оның ішінде мүлік салығын, жер салығын, коммуналдық және басқа да пайдалану шығыстарды төлеуі;


      жалға алушының табысы жеткіліксіз болған жағдайда, жалдау төлемін енгізу бойынша кепіл берушілерді тарту мүмкіндігі туралы шарт;


      жалға алушының жалға берілген тұрғын үйді жөндеуі туралы шарт;


      жалға алушының тұрған жерінен көшуі, тұрғын үй сатып алуы, коммуналдық тұрғын үй немесе сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй алуы туралы ақпарат түскен жағдайда, тұрғын үйге мұқтаждар есебінен алып тасталған, жалдау төлемдерін жасамаған және шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайларда жалға алушыны және оның отбасы мүшелерін жалға берілетін тұрғын үйден шығару тәртібі.


      «ҚИК» ИҰ» АҚ жалға беру мерзімі аяқталғанға дейін 2 (екі) ай қалғанда жалға алушы ұсынған тұрғын үйге мұқтаждығын растайтын құжаттардың және/немесе шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде жалға алушының коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алғаны туралы ЖАО ақпаратының негізінде жалға алу шартын ұзартудың тәртібі мен шарттарын айқындайды.


      Мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жұмыскерлері үшін (IV топқа қатысушы) жалдау шарттарын жасасу тәртібі және жалдау шарттары «ҚИК» ИҰ» АҚ-мен жасасқан келісімдерге/меморандумдарға сәйкес айқындалады.


      3. «ҚИК»ИҰ» АҚ.


      1) Бағдарламаға қатысушылармен (жалға алушылармен) жалдау шартын жасайды;


      2) тұрғын үйді жалға береді;


      3) ай сайынғы жалдау төлемдерін қабылдауды және оларға мониторингті жүзеге асырады;


      4) жалға алушы сатып алу құқығымен жалға алу шарты бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындаған жағдайда жалға берілетін тұрғын үйді оның меншігіне береді;


      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына, «ҚИК»ИҰ» АҚ-ның ішкі құжаттары мен жалдау шартына сәйкес өзге де іс-шараларды жүзеге асырады.


      4. Бағдарламаға қатысушылар:


      1) әлеуетті жалға алушылар тізіміне енгізілген кезде «ҚИК»ИҰ» АҚ-мен тиісті жалдау шарттарын жасасады;


      2) жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу жөніндегі уәкілетті органда жалдау шартын міндетті мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етеді;


      3) тұрғын үйді жалға алады;


      4) ай сайынғы жалдау төлемін, мүлікті күтіп-ұстау шығыстарын, оның ішінде мүлік салығын, жер салығын, коммуналдық және басқа пайдалану шығыстарын төлеуді жүзеге асырады;


      5) «ҚИК»ИҰ» АҚ-ның ішкі құжаттарына және жалдау шартына сәйкес өзге де міндеттемелерді орындайды.

8. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша тұрғын үйді өткізу рәсімдері

      Жылжымайтын мүлік қоры тұрғын үйлерді және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларды өткізуді жалға беру, сатып алу құқығымен жалға беру және тікелей сату арқылы мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:



      1. Жылжымайтын мүлік қорының тұрғын үйлерді ЖАО арқылы өткізуді:


      1) ЖАО-мен тұрғын үйлерді бөлу жөніндегі ынтымақтастық туралы үлгі келісімге қол қою;


      2) құрылыс аяқталатын күнге дейін кемінде 6 (алты) ай бұрын сату бойынша сипаттамалары (саны мен алаңы, ай сайынғы жалдау төлемінің мөлшері және әрбір пәтер үлгісі бойынша өткізуді тәсілдері) туралы ақпаратпен Жылжымайтын мүлік қорының ішкі құжаттарына сәйкес ЖАО арқылы өткізу белгіленген тұрғын үй-жайлардың тізімдерін ЖАО-ға жіберу;


      3) тиісті қаржы институттарына Жылжымайтын мүлік қорының ішкі қағидаларында айқындалатын жалдау төлемдерінің ең жоғары сомасын есептеу әдістемесін жіберу;


      4) 5-кіші бөлімде көзделген мерзімде және тәртіппен Бағдарламаның іріктелген үміткерлерінің бекітілген тізімдерін ЖАО-дан алу;


      5) ЖАО ұсынған тізімдердегі реттік нөмірімен айқындалатын кезектілікке сәйкес үміткерлерге пәтер таңдау мүмкіндігін, оның ішінде аффилиирленген компаниялардың беруі, оларға тұрғын үйлерді бекітіп беру және шарттары Жылжымайтын мүлік қорының ішкі қағидаларында айқындалатын сатып алу құқығымен жалдау немесе сатып алу құқығынсыз жалдау шарттарын жасасу.


      2. Жылжымайтын мүлік қоры (аффилиирленген компания) тұрғын үй-жайларды бөлуде ЖАО пулынан жеке тұлғаға:


      1) ай сайынғы жалдау төлемдерін төлеу үшін төлем қабілеттілігі жетіспеген;


      2) сатып алу құқығымен жалдау шартын жасасқан кезде кепілді жарнаның қажетті сомасын немесе сатып алу-сату шартын жасау үшін қажетті қаражат сомасын төлемеген;


      3) ЖАО тізімі бекітілген күннен бастап күнтізбелік 40 (қырық) күн мерзімде талап етілген құжаттарды ұсынбаған жағдайда бас тартуға құқылы.


      Жылжымайтын мүлік қоры ЖАО сатып алу-сату немесе жалдау шарттарын жасасудан бас тартылған адамдар туралы тиісті ақпаратты жібереді;


      3. Жылжымайтын мүлік қорының ЖАО арқылы сатуға белгіленбеген тұрғын үйі, сондай-ақ осы кіші бөлімнің 1) тармақшасына сәйкес бөлінбеген және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайлар Жылжымайтын мүлік қорының ішкі қағидаларына сәйкес өткізілуге жатады.


      Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді бөлу тұрғын үйі жоқ немесе тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж адамдарға басым құқық беру қағидаты сақтала отырып жүргізіледі.


      4. Жалға беру төлемінің мөлшері Жылжымайтын мүлік қорының құрылысын қаржыландыруға және қаржылық орнықтылығына бөлінген қаражаттың қайтарымдылығы қағидаттарын негізге ала отырып айқындалады.


      Жылжымайтын мүлік қоры (Жылжымайтын мүлік қорының аффилиирленген компаниясы) мен жалға алушының арасында сатып алу құқығымен жалдау шарты жасалады. Бұл ретте сатып алу құқығымен жалдау шартында жалға алушының үй-жайды мерзімінен бұрын жеке меншігіне сатып алу құқығы көзделуі мүмкін.


      Жеке тұлғалар өздерінің тұрғын үй-жайды сатып алу, оның ішінде сатып алу құқығымен жалдау шартымен сатып алу құқығын бір реттен асырмай қолдана алады.


      Жылжымайтын мүлік қорының сатып алу құқығымен тұрғын үй-жайларды сатуы 15 жылға дейін жүзеге асырылады. Жалға алушыны сатып алу құқығымен тұрғын үйді жалдау шарты бойынша өзінің міндеттемелерін толық орындағаннан кейін Жылжымайтын мүлік қоры тұрғын үй-жайды жалға алушының жеке меншігіне беретін болады.

3. Тұрғын үй құрылысының тетіктері

1. ЖАО-ның «ЖАО кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй» және «ҚТҚЖБ

желісі бойынша тұрғын үй» бағыттары бойынша тұрғын үй


салу тетіктері

      1. Тұрғын үй құрылысын қаржыландыру шарттары:



      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджеттен ЖАО-ға:


      ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» бағытын іске асыру үшін жылдық 0,01% мөлшерлемемен кредиттер;


      ҚТҚЖБ желісі бойынша «ЖАО кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй» және «Жас отбасылар үшін тұрғын үй» бағыттарын іске асыру үшін нысаналы трансферттер;


      инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға, жайластыруға және сатып алуға нысаналы трансферттер бөледі;


      2) кредит беру шарттарына сәйкес ЖАО «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша бюджеттік кредитті өтейді;


      3) тұрғын үй және ИКИ құрылысы кезінде ЖАО әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды (бұдан әрі – ӘКК) тарта алады. Жобалар ӘКК арқылы іске асырылған жағдайда ЖАО бағыттарға байланысты тиісінше тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру үшін ӘКК-ке бюджеттік кредит немесе нысаналы трансферт бөледі.


      2. ЖАО-ның тұрғын үй салу тетігі:


      «ЖАО кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй» бағыты бойынша жобалау, салу, реконструкциялау және (немесе) жеке құрылыс салушылардан дайын тұрғын үйді сатып алу;


      ынтымақтастық жөніндегі ниеттер туралы жасалған келісімдер шеңберінде «ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй» бағыты бойынша жобалау, салу, реконструкциялау және (немесе) жеке құрылыс салушылардан дайын тұрғын үйді сатып алу. ЖАО мен ҚТҚЖБ-ның өзара іс-қимыл жасау тәртібі осы бөлімнің 2-кіші бөлімінің 1-тармағында көрсетілген;


      ИКИ жобалау, дамыту және жайластыру, сондай-ақ жеке құрылыс салушылардан ИКИ сатып алу (тұрғын үй объектісінің сыртқы желілерге, кварталішілік және магистральдық жүйелерге қосылу нүктесіне дейін тұрғын үй объектісінің ішкі желілерін, ауланың ішіндегі аумақты абаттандыруды қоспағанда);


      бекітілген бас жоспарларға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына және елді мекендерде құрылыс салу қағидаларына сәйкес құрылысқа берілген жер учаскелерін айқындау және оларға ИКИ жүргізу.


      3. Жобаларға қойылатын талаптар және бағалық бағдарлар.


      1) Жайлылық деңгейі бойынша тұрғын үйлер:


      «ЖАО кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй» бағыты бойынша – 4-сыныпты;


      «ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй» бағыты бойынша – 3 және 4-сыныпты болуға тиіс.


      Тұрғын үйлердің алаңы 35-тен 75 шаршы метрге дейін болуға тиіс.


      2) Құрылыстың бағалық параметрлері.


      «ЖАО кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй» бағыты бойынша жайлылығы 4-сыныпты тұрғын үйдің 1 шаршы метрін салудың және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алудың құны өңірлерде 90 мың теңгеден аспайды (инженерлік желілердің құнын және өңірдің сейсмикалығын есептемегенде) және Астана мен Алматы қалаларында 120 мың теңгеге дейін (инженерлік желілердің құнын есептемегенде) болады.


      «ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй» бағыты бойынша таза әрленген тұрғын үйдің 1 шаршы метрі үшін сату бағасы:


      жайлылығы 4-сыныпты тұрғын үй – Астана және Алматы қалаларында – 120 мың теңгеге дейін (инженерлік желілердің құнын есептемегенде), Атырау, Өскемен және Ақтау қалаларында – 110 мың теңгеге дейін (инженерлік желілердің құнын есептемегенде), қалған өңірлерде – 90 мың теңгеге дейін (инженерлік желілердің құнын есептемегенде және өңірдің сейсмикалығын есептемегенде);


      жайлылығы 3-сыныпты тұрғын үй – Астана және Алматы қалаларында – 142,5 мың теңгеге дейін (инженерлік желілердің құнын есептемегенде), Атырау, Өскемен және Ақтау қалаларында – 115 мың теңгеге дейін (инженерлік желілердің құнын есептемегенде), қалған өңірлерде (инженерлік желілердің құнын есептемегенде және өңірдің сейсмикалығын есептемегенде) – 100 мың теңгеге дейін құрайтын болады;


      Алматы қаласының шекарасына іргелес Алматы облысының аумағында қала құрылысын ерекше реттеу аймағында таза әрленген тұрғын үйдің бір шаршы метрі үшін баға Алматы қаласы бойынша жайлылығы 3 және 4-сыныпты тұрғын үйдің бағасы сияқты көзделеді. Қала құрылысын ерекше реттеу аймағы «Алматы қаласының қала маңы аймағының бас жоспары туралы (Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасы)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1097 қаулысында айқындалған.


      Жоғары сейсмикалы аудандар үшін тұрғын үйдің бір шаршы метрін салу құнына мынадай түзету коэффициенттері рұқсат етіледі:


      10 балл – 1,27;


      9 балл – 1,22;


      8 балл – 1,16;


      7 балл – 1,1.


      Тұрғын үй құрылысы ауданының сейсмикалығы «Сейсмикалық аудандардағы құрылыс» Қазақстан Республикасының 2.03-30-2006 ҚНжЕ-ге сәйкес айқындалады.


      Өңірлер бойынша тұрғын үйдің жалпы алаңының бір шаршы метрінің түпкілікті құны тұрғын үйлердің жобалау-сметалық құжаттамасына (бұдан әрі – ЖСҚ) мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысының негізінде айқындалады.


      Өңірлер бойынша тұрғын үйдің жалпы алаңының бір шаршы метрінің түпкілікті құны сейсмикалық түзету коэффициенттерін ескере отырып, осы кіші бөлімде көрсетілген бағалық параметрлерден аспауға тиіс.


      Тұрғын үй құрылысының құнынан асатын шығындар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. 2015 жылдан бастап құрылыстың құнына инфляция коэффициентін қолдануды ескере отырып, тұрғын үй салуға қаражат бөлу көзделіп отыр.


      3) Тұрғын үйді реконструкциялау мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысының негізінде ЖСҚ-да белгіленген қаражат шегінде жүзеге асырылады. Тұрғын үйді реконструкциялаған жағдайда бір шаршы метрдің құны Бағдарлама шеңберіндегі жаңа тұрғын үй құрылысы құнының 60 %-ынан аспауға тиіс.


      4) Бағдарлама бойынша тұрғын үйдің 1 шаршы метрін салудың баға параметрлерін сақтау және тұрғын үй құрылысы көлемін ұлғайту мақсатында мердігерлік құрылыс ұйымдарымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттарын пайдалануға болады.


      Осыған байланысты, ЖАО объектілерді жобалау кезінде жапсарлас салынған сауда және кеңсе алаңдарын және/немесе қосымша қабаттарды көздей алады, олардың құрылысын қаржыландыруды мердігерлік құрылыс ұйымдары өз бетінше жүзеге асырады және кейін сатуға құқылы.


      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидатын іске асырған кезде ЖАО алаңдарды және мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан үй-жайлардың құнын меншікті қаражат есебінен салынып жатқан үй-жайлардан бөле отырып, мемлекеттік сараптаманың қорытындыларын ресімдейді, сондай-ақ конкурс шарттарында мердігерлік құрылыс ұйымдарының сауда және кеңсе алаңдары, қосымша қабаттар бөлігінде жобалауға арналған шығындарды өтеуін, тұрғын, сауда және кеңсе алаңдарын пайдалануға жеке енгізуін көздейді.


      Бұл ретте, ЖАО және мердігерлік құрылыс ұйымдары бекітілген және келісілген жұмыстар жүргізу кестесіне сәйкес құрылысты қаржыландыруды жүзеге асырады.

2. ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй

      1. ЖАО мен ҚТҚЖБ арасындағы өзара іс-қимыл жасау тәртібі.



      1) ЖАО мен ҚТҚЖБ құрылыстың әрбір объектісі және Бағдарламаның бағыты, оның ішінде «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша пулдарды қалыптастыруға қатысты ынтымақтастық туралы шартқа қол қояды, атап айтқанда:


      құрылыс аяқталғанға дейін 3 (үш) айдан кешіктірмей І топтың өтініш берушілерінің тізімін ұсыну мерзімі бойынша;


      алдын ала тізімнен кейінгі үміткерлерді ұсыну рәсімдері және үміткерлердің төлем қабілеттілігіне бағалау жүргізу мерзімі бойынша;


      құрылыс объектісіндегі бөлінбеген пәтерлерді беру тәртібі бойынша;


      Бағдарламаның басқа бағыттарының тізіміне енгізілген қатысушылар бойынша ақпарат алу және алмасу;


      тұрғын үйді сатып алу-сату және сатып алу құқығымен жалға беру шарттарының үлгі нысандарын келісу;


      ҚТҚЖБ объектілерді салу барысын мониторингтеуі;


      ЖАО-ның тұрғын үйдің пайдалануға берілуін қамтамасыз етуі;


      тұрғын үй құрылысы объектілерінің пайдалануға беруге дайындығы туралы ҚТҚЖБ-ге хабарлау және салынған тұрғын үй объектілерін пайдалануға қабылдауда ҚТҚЖБ-ның қатысуы;


      2) ҚТҚЖБ II топтағы қатысушылар арасында сатып алушылар мен жалға алушылардың пулдарын қалыптастырады, ЖАО I және III топтағы қатысушылар арасында сатып алушылар мен жалға алушылардың пулдарын қалыптастырады;


      3) ЖАО тұрғын үйді салуды және пайдалануға беруді қамтамасыз етеді;


      4) ҚТҚЖБ сатып алынатын пәтерлердің төлемі есебінен I, II және III топтардағы қатысушылардан Бағдарламаға қатысушылардың жинаған және/немесе меншікті қаражатынан қарыз сомасын ЖАО-ға аударуды жүзеге асырады.


      2. ҚТҚЖБ қаражатын Бағдарламаға қатысушыларға қарыз беру үшін пайдалану.


      2011 жылы ҚТҚЖБ жарғылық капиталы 57 млрд. теңге сомаға ұлғайтылып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 мамырдағы № 672 қаулысымен мынадай бағыттарға қайта бөлінеді:


      1) екінші деңгейдегі банктерде (бұдан әрі – ЕДБ) шартты депозиттер орналастыруға – 6 млрд. теңге;


      2) 2008 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға қатысушылардың тұрғын үй сатып алуы үшін жылдық 4 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беруге – 26 млрд. теңге;


      3) алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендетуге – 25 млрд. теңге.


      Сондай-ақ, 2012 жылы «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» бағыты бойынша Бағдарламаға қатысушыларға алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру үшін ҚТҚЖБ-ге 12,2 млрд. теңге сомасында бюджеттік кредит бөлінді.


      3. Тұрғын үй құрылысының жобаларын шартты депозит арқылы іске асыру.


      Тұрғын үй құрылысына жеке меншік инвестициялар тартуды ынталандыру мақсатында түпкілікті қарыз алушы үшін тиімді сыйақы мөлшерлемесін жылдық 7 %-дан асырмау талабымен, мемлекеттік сараптама қорытындысымен расталған құрылыс құнының 100 %-ына дейінгі мөлшерде жылдық 3 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша 5 жылға дейінгі мерзімге шартты депозиттерді орналастыру жолымен құрылыс салушыларға кредит беру үшін ЕДБ-ні қорландыру жүзеге асырылатын болады.


      Осы тетікті іске асыру үшін бос қаражатты, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 мамырдағы № 672 қаулысымен айқындалған іс-шараларды қаржыландыруға арналған жарғылық капиталдың қаражатын пайдалану мүмкіндігі болған жағдайда 20 млрд. теңгеге дейінгі мөлшердегі ҚТҚЖБ қаражатын жұмсау жоспарланып отыр. Осы тетікті іске асыру үшін белгіленген тәртіппен ҚТҚЖБ-ның жарғылық капиталынын қаражатын қайта бөлу қажет.


      Шартты депозиттерді орналастыру арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыру тетігі, шарттары және тәртібі ҚТҚЖБ-ның ішкі құжаттарымен регламенттеледі.


Каталог: upload -> files
files -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
files -> «II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
files -> Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін "Үздік педагог" атағын беру және мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің
files -> Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
files -> Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
files -> Есэдо го (версия 13. 2) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп
files -> «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»
files -> «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан