Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы


Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар



бет14/17
Дата16.01.2017
өлшемі198.5 Kb.
#288
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

2. Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар

      1. I топқа қойылатын негізгі талаптар:



      1) Заңға сәйкес тұрғын үйге мұқтаждар есебіне тұрғанын және тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін растау;


      2) 3-кіші бөлімнің 1-тармағында көрсетілген тұрғын үйді сату талаптары бойынша міндеттемелерді тиісті кірістермен орындау мүмкіндіктерін растау.


      Адам басына пайдалы алаңының көлемі кемінде он бес шаршы метр және он сегіз шаршы метрден аспайтын, бірақ кемінде бір бөлмелі пәтер немесе жатақханадағы бөлме болған кезде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатымен тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған адамдар І топ ретінде Бағдарламаға қатысуға жіберілмейді.


      2. ІІ және ІІІ топтарға қойылатын негізгі талаптар:


      1) Қазақстан Республикасы азаматтығының немесе оралман мәртебесінің болуы;


      2) өтініш берген күнге соңғы екі және одан да көп жыл тіркеуде болуы ескерілетін Астана және Алматы қалаларын қоспағанда, тұру мерзіміне қарамастан, тұрғын үй алуға үміттенген елді мекенде тұрақты тіркеуде болуы.


      Астана және Алматы қалалары бойынша жоғарыда көрсетілген тәртіпті қоспағанда, ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» бағыты бойынша қатысқан кезде өтініш беруші тұрғын үй алуға үміттенген елді мекенде тұрғылықты жері бойынша тіркеуде болуы талап етілмейді;


      3) Бағдарламаға қатысушының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелет жасына жетпеген балаларының), сондай-ақ өтініште көрсетілген отбасы құрамына кіргізілген өзге де отбасы мүшелерінің:


      әрбір отбасы мүшесіне ауданы 15 шаршы метрден аз болатын жатақханадағы бөлменің болуын;


      осы тұрғын үйдің орналасқан жері бойынша ЖАО-ның тиісті анықтамасымен расталатын құлайын деп тұрған апатты жағдайдағы балшықтан құйылған және қаңқалы-қамысты тұрғын үйді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында жеке меншік үйінің немесе кейіннен сатып алу құқығымен жалға алынған тұрғын үйінің жоқтығы (ортақ бірлескен меншігі, осы тармақта көрсетілген өзге отбасы мүшелерімен үлестік меншіктің үлесі, тұрғын үй бірлігі).


      4) Бағдарламаға қатысушыда және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының (зайыбының), кәмелетке толмаған балаларының), сондай-ақ отбасы құрамына енгізілген және өтініште көрсетілген отбасының басқа мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үйді ауыстыру немесе өзіне меншік құқығында тиесілі тұрғын үйді иеліктен шығару арқылы тұрғын үй жағдайларын әдейі нашарлатуы фактілерінің болмауы;


      5) 3-кіші бөлімнің 1-тармағында көрсетілген тұрғын үйді сату шарттары бойынша тиісті кірістермен міндеттемелерді орындау мүмкіндіктерін растау.


      IV топтың Бағдарламаға қатысушыларына қойылатын шарттары, тәртібі мен талаптары «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамымен (бұдан әрі – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ) келісім бойынша келісімдермен/меморандумдармен және «ҚИК» ИҰ» АҚ-ның ішкі құжаттарымен анықталады.

3. Бағдарламаға қатысушыларға тұрғын үйді өткізу шарттары

      Ескерту. 3-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.04.2015 № 284 қаулысымен.



      1. Тиісті табыс деңгейі болған кезде Бағдарлама қатысушысына тұрғын үй:

      1) ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» және «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыттары бойынша жеке меншікке немесе сатып алу құқығымен жалға алуға;


      2) ҚТҚЖБ желісі бойынша «Жас отбасылар үшін тұрғын үй» бағыты бойынша сатып алу құқығымен жалға алуға;


      3) «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша сатып алу құқығымен және сатып алу құқығынсыз жалға алуға өткізіледі.


      2-кіші бөлімнің 1-тармағының 2) тармақшасында, 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген талаптарды орындау мақсатында өтініш берушілер ҚТҚЖБ, «ҚИК» ИҰ» АҚ және «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның ішкі талаптарына сәйкес тиісті табысты (төлем қабілеттілігін бағалау) растайды.


      ҚТҚЖБ желісі бойынша «ҚТҚЖБ барлық санаттағы тұрғындар үшін» бағыты бойынша өтініш беруші бастапқы кезде тұрғын үйді сатып алушы ретінде төлем қабілеттілігін растайды.


      Төлем қабілеттілігі шегін растамаған жағдайда, ай сайынғы жиынтық (отбасылық) табысының ең жоғарғы деңгейі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 20 еселенген мөлшерінен аспаған кезде тұрғын үйді жалға алушы ретінде қаралады.


      Жиынтық (отбасылық) табысқа (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығы мен өзге де шегерімдерді, соның ішінде отбасының әрбір мүшесін асырауға кететін шығындардың белгіленген ең аз деңгейін есепке алғанда) қатысты мәліметтер болған жағдайда, үміткерлер жалдау төлемінің ең жоғары сомасын есептеу бойынша «ҚИК» ИҰ» АҚ және «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның автоматтандырылған бағдарламасы арқылы табыстың тиісті деңгейіне алдын ала талдау (төлем қабілеттілігін бағалау) жүргізуге құқылы.


      2. Бағдарлама аясында Бағдарламаның барлық бағыттары және Қазақстанның барлық өңірлері бойынша 1 бірліктен аспайтын тұрғын үйді жеке меншікке сатып алуға немесе жалға алуға рұқсат етіледі.


      Аталған талаптың орындалуына бақылау тұрғын үйді өткізу операторларына жүктеледі.


      Бағдарламаға қатысушы жалдау шарттарын жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жөніндегі уәкілетті органда міндетті мемлекеттік тіркеуге тиіс.


      Бағдарлама аясында:


      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен соттан тыс тәртіппен мәжбүрлі немесе соттың шешімі бойынша кепілдікке алынған тұрғын үйді сату жағдайларын қоспағанда, Бағдарламаға қатысушының сатып алу-сату шартымен меншікке сатып алған тұрғын үйді сатып алған күнінен бастап екі жыл ішінде;


      2) Бағдарламаға қатысушы жалға алған тұрғын үйді жалға алған күнінен бастап 10 жылдық мерзім ішінде меншікке сатып алған жағдайда үш жылдық кезең ішінде;


      3) Бағдарламаға қатысушының жалға алған тұрғын үйді меншікке сатып алған жағдайда сатып алу құқығымен жалға алу мерзімінің өтуі бойынша екі жылдық кезең ішінде тұрғын үйді иеліктен шығаруға жол берілмейді.


      Бағдарламаға қатысушының жалға алынған тұрғын үйді қосымша жалға беруіне, жалға алушылардың жалға беру келісімшартын қайта табыстау жолымен сыйлыққа беруіне немесе айырбастауына тыйым салынады.


      3. 1, 2-кіші бөлімдердің талаптарына сәйкес келетін І және ІІІ топтардан үміткерлер Бағдарламаның белгілі бір бағыты бойынша ЖАО хабарландыруларды және тұрғын үйді жүзеге асыру тәсілдерін (пәтерлер саны мен түрлері, жүзеге асыру тәсілдері – сату, сатып алу құқығымен жалға беру, сатып алу құқығынсыз жалға беру) жариялаған жағдайда пәтердің белгілі бір түріне өтініш (бұдан әрі – өтініш) пен мынадай құжаттарды тапсырады:


      1) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;


      2) неке қию (некені бұзу), жұбайының/зайыбының қайтыс болуы туралы, балаларының туу туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы өтініш;


      3) өтініш берушінің және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығы бар үйінің немесе кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы анықтама;


      4) өтініш берушінің және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің тиісті елді мекенде тұратынын растайтын тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мекенжай анықтамасы;


      5) өтініш берушінің (Заңның 67-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалар санаттарының I тобы үшін) және жұбайының (ІІІ топтың өтініш берушісі үшін) жұмыс орнынан анықтамасы;


      6) отбасы мүшелерінің мүгедектігін немесе кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрінің болуын растайтын анықтама;


      7) тұрғын үйдің техникалық жағдайы туралы (III топтың өтініш берушісі үшін) қорытынды;


      8) Бағдарламаға қатысуға өтініш берген сәтте кезектілік нөмірін көрсете отырып, тұрғын үйге мұқтаждардың есебіне қою туралы анықтама (І топ үшін);


      9) «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша өз қаражаты және (немесе) қарыз қаражаты есебінен тұрғын үйді сатып алуға әзірлігі туралы өтініш (І топ үшін);


      10) өтініш иесінің табыстар алғанын растайтын анықтама.


      Аудан орталықтарында, қалаларда, республикалық, облыстық маңызы бар қалаларда, астанада үміткерлерден өтініштер мен құжаттар қағаз жеткізгіште немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы қабылданады, ауылдық елді мекендерде, кенттерде - қағаз жеткізгіште ауылдық округтердің (ауылдардың, кенттердің) әкімдері қабылдайды. 2015 жылғы 1 қазаннан бастап аудан орталықтарында, қалаларда, республикалық, облыстық маңызы бар қалаларда, астанада үміткерлерден өтініштер мен құжаттар «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы ғана қабылданады.

4. Бөлінетін тұрғын үй нормалары және

Бағдарлама бағыттарының операторлары

      1. Тұрғын үй мынадай мөлшерде және тәртіппен бөлінеді:



      1) «ЖАО-да кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй» бағыты бойынша мемлекеттік (коммуналдық) жалға берілетін тұрғын үй Заңның 74-бабына сәйкес ЖАО толық көлемде кезекте тұрғандарға бөледі;


      2) «ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санаты үшін тұрғын үй» бағыты бойынша:


      5-кіші бөлімге сәйкес ЖАО қалыптастыратын I топ пулына қатысушылар арасында – 50 %;


      6-кіші бөлімге сәйкес ҚТҚЖБ қалыптастыратын II топ пулына қатысушылар арасында – 50 %.


      Топтардың арасында тұрғын үй тепе-тең мөлшерде және бірдей пәтерлер түрімен бөлінеді.


      ЖАО мен ҚТҚЖБ арасында пәтерлерді бөлу тәртібі әрбір құрылыс объектісі бойынша ынтымақтастық туралы тиісті шартта айқындалады. Құрылыс объектісінде пәтер саны тақ болған жағдайда, бұл қалдық ҚТҚЖБ-ға бекітіледі.


      I топтан Бағдарламаға қатысушылар пулын қалыптастыру кезінде өтініш берушінің табысы (қажет болған кезде) тиісті деңгейде расталмаған жағдайда, ЖАО екі реттен асырмай алдын ала тізімдегі кейінгі өтініш берушілерден іріктеу жүргізуге құқылы. Өтініш берушілер болмаған жағдайда, ЖАО бөлінбеген пәтерлерді ҚТҚЖБ-ға береді.


      ІI топтан тұрғын үй алуға үміткерлер болмаған жағдайда, ҚТҚЖБ бөлінбеген пәтерлерді ЖАО-ға береді.


      І және ІІ топтан өтініш берушілер болмаған жағдайда, ҚТҚЖБ 6-кіші бөлімде көзделген тәртіпке сәйкес Астана және Алматы қалалары үшін 2-кіші бөлімнің 2-тармағы 2) тармақшасының және басқа өңірлер үшін 3), 4) тармақшаларының талаптарына сәйкес келмейтін ҚТҚЖБ салымшылары арасында тұрғын үйлерді бөледі;


      3) ҚТҚЖБ желісі бойынша «Жас отбасы үшін тұрғын үй» бағыты бойынша 5-кіші бөлімге сәйкес ЖАО қалыптастыратын III тобы пулына қатысушылардың арасында жалға берілетін тұрғын үй толық көлемде бөлінеді;


      4) «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша 5-кіші бөлімге сәйкес ЖАО қалыптастыратын I топтың пулына қатысушылар арасында жалға берілетін тұрғын үй мынадай мөлшерде бөлінеді;


      1-кіші топ қатысушылары үшін 50%;


      2-кіші топ қатысушылары үшін 50 %;


      Бұл ретте, тұрғын үй әртүрлі санаттағы ЖАО-да кезекте тұрғандар арасында есепке алудың жеке тізімдеріне сәйкес тең мөлшерде бөлінеді.


      Кіші топтардың бірінен тұрғын үй алуға үміткерлер жетіспеген жағдайда, тұрғын үй үміткерлер арасында осы қосымшада белгіленген тәртіппен басқа кіші топ үміткерлері арасында бөлінеді немесе өтініштерді қайта қабылдауға болады.


      Мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғалар үшін (ІV топтар) жалға берілетін тұрғын үйдің көлемі «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ келісімі бойынша «ҚИК» ИҰ» АҚ-мен жасалған келісімдерге/меморандумдарға сәйкес анықталады;


      5) «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша 5-кіші бөлімге сәйкес ЖАО қалыптастыратын I топтың пулы үшін тұрғын үйді ЖОА арқылы сатуға Жылжымайтын мүлік қоры айқындағанның 100 %-ы.


      I топтан тұрғын үй алуға үміткерлер болмаған жағдайда, Жылжымайтын мүлік қоры 8-кіші бөлімге сәйкес үміткерлерді іріктеуге және тұрғын үйді бөлуге байланысты іс-шаралар жүргізеді.


      2. Тұрғын үйді сату операторлары тұрғын үйлерді бөлу рәсімдерінің ашықтығын, пәтерлерді бөлу туралы шешім қабылданғанға дейін өтініштер берілген сәттен бастап қатысушылардың өтініштерін қарауды қамтамасыз етеді, өздерінің интернет-ресурстарында:


      1) үміткерлердің алдын ала тізімін және бас тарту бойынша себептері көрсетілген өтініш берушілердің тізімін;


      2) Бағдарламаға қатысушылардың түпкілікті тізімін жариялайды (Бағдарламаға қатысушының балы, санаты және Бағдарламада көзделген өзге талаптары көрсетіледі).

5. I және III топтардың Бағдарламаға қатысушылары үшін тұрғын үйді өткізу рәсімдері

      1. ЖАО функциялары:



      1) жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен тұрғын үй комиссиясының жұмыс істеу тәртібін белгілеу;


      2) ҚТҚЖБ, «ҚИК ИҰ» АҚ, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ өзара іс-қимылы тәртібін белгілеу;


      3) бұқаралық ақпарат құралдарында және өздерінің интернет-ресурстарында Бағдарламаның негізгі бағыттарын кеңінен насихаттауды, сондай-ақ халық арасында түсініктеме жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету;


      4) бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстар арқылы «ҚИК» ИҰ» АҚ-тан, жылжымайтын мүлік қорынан алынған ақпараттың және ҚТҚЖБ-мен жасалған келісімдердің негізінде Бағдарламаны іске асыру бағыттарын, азаматтардың санаттарын көрсете отырып, тұрғын үйді сату шарттары, тұрғын үйдің сипаттамалары, құжаттарды қабылдау орындары, құжаттарды қабылдау басталатын және аяқталатын күні туралы хабарландыру жариялауды қамтамасыз ету;


      5) ҚТҚЖБ, «ҚИК ИҰ» АҚ, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-мен жасалған келісімдерде анықталатын мерзімдерде I және III топтардың қатысушылары бойынша пулдарды қалыптастыруын, бірақ бағытын көрсете отырып, тұрғын үйді сату шарттары туралы ақпаратты және 4-кіші бөлімнің 2-тармағына сәйкес Бағдарламаға қатысушылардың тізімдері жарияланған күнінен бастап 6 (алты) айдан кешіктірмей, қамтамасыз ету;


      6) 3-кіші бөлімнің 2-тармағында көзделген талаптарды сақтау мақсатында өңірлерге және Бағдарламаның барлық бағыттары бойынша I және III топ үміткерлерінің қатысуына мониторинг жүргізу;


      7) Бағдарлама бағыттары шегінде сатып алу немесе сатып алу құқығымен жалға алу арқылы тұрғын үй алған Бағдарламаға қатысушыларды тұрғын үйге мұқтаждар есебінен алып тастау.


      2. I топ үшін тұрғын үйді сату рәсімдері


      I топтың қатысушылары арасында тұрғын үйді сату ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санаты үшін тұрғын үй», «ҚИК ИҰ» АҚ тұрғын үйі», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша пулдарды қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады.


      Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу сатылатын пәтерлердің санына және пәтерлердің түрлеріне сәйкес мынадай тәртіппен жүргізіледі:


      1) үміткерлерден өтініштер мен құжаттарды қабылдау, өтініш берушілерді Бағдарламаның талаптарына сәйкестігіне тексеру және тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою тізіміне және осы есепке қою күніне сәйкес үміткерлердің алдын ала тізбесін және бас тарту бойынша себептері бар өтініш берушілердің тізбесін қалыптастыру;


      2) төлем қабілеттілігін бағалауға жолдама алу үшін кейінгі алдын ала тізімге енгізілген өтініш берушілердің келуін көрсетіп, тізімді және хабарландыруды жариялау.


      Өтініш берушінің тиісті табысы расталмаған жағдайда, Бағдарламаның тиісті бағытындағы алдын ала тізімнен келесі өтініш берушілерден іріктеу жүргізіледі;


      3) өтініш берушінің және жұбайының (зайыбының) жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, тұрғын үй комиссиясының шешімімен Бағдарламаға қатысушылардың, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша тұрғын үйді тікелей сатып алуға өтініш білдіргендердің түпкілікті тізімін бекіту;


      4) іріктелген Бағдарламаға қатысушыларды хабардар ету және бекітілген тізімдерді:


      ҚТҚЖБ-ға Бағдарламаға қатысушылармен тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарттарға қосымша келісімдер жасау және 6-кіші бөлімге сәйкес одан әрі іс-шаралар үшін;


      «ҚИК» ИҰ» АҚ-ға 7-кіші бөлімге сәйкес Бағдарламаға қатысушылар арасында тұрғын үйді бөлу үшін;


      Жылжымайтын мүлік қорына 8-кіші бөлімге сәйкес Бағдарламаға қатысушылар арасында тұрғын үйді бөлу үшін жіберу.


      3. ІІІ топ үшін тұрғын үйді сату рәсімі


      Бағдарламаға қатысушыны іріктеу сатылатын тұрғын үйлер саны және тұрғын үйлер үлгісіне сәйкес мынадай тәртіппен жүргізіледі:


      1) үміткерлерден өтініштер мен құжаттарды қабылдау, өтініш берушілерді Бағдарламаның талаптарына сәйкестігін тексеру және балдық жүйені ескере отырып, үміткерлердің алдын ала тізімін құру (балдың ең көп саны бойынша):


      бірінші бала үшін – 20 балл, келесі екінші және кейінгі балалар үшін 30 балл;


      мүгедек болып табылатын және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын отбасының әрбір мүшесі үшін – 10 балл;


      тұрғын үй құрылысындағы мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде өткен іріктеу кезінде салынған тұрғын үйдің тізіміне қосылмаған үміткерлер үшін – қосымша 5 балл;


      кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың санатына жататын ерлі-зайыптылардың әрқайсысы үшін – 10 балл.


      Жалға берілетін тұрғын үйді бөлу кезектілігі жиналған балл санымен айқындалады. Үміткерлерде балл саны тең болған жағдайда, отбасындағы ерлі-зайыптылардың біреуі мемлекеттік қызметкер немесе бюджеттік ұйымның және білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік кәсіпорынның қызметкері болған отбасыларға басымдық беріледі. Тізімге енгізу туралы шешімді ЖАО тұрғын үй комиссиясы көпшілік дауыспен шешеді;


      2) төлем қабілеттілігін бағалауға жолдама алу үшін алдын ала тізімге енгізілген өтініш берушілердің келуін көрсетіп, тізімді және хабарландыруды жариялау;


      Өтініш берушінің тиісті табысы расталмаған жағдайда, Бағдарламаның тиісті бағытындағы алдын ала тізімнен келесі өтініш берушілерден іріктеу жүргізіледі;


      3) өтініш берушінің және жұбайының жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, тұрғын үй комиссиясының шешімімен Бағдарламаға қатысушылардың түпкілікті тізімін бекіту;


      4) Бағдарламаның іріктелген қатысушыларын хабардар ету, ҚТҚЖБ-ға бекітілген тізімдерді жіберу және 6-кіші бөлімнің 3-тармағына сәйкес Бағдарламаға қатысушылармен жалға беру шарттарын жасасу.

6. «ҚТҚЖБ тұрғын үй желісі» (жас отбасылар және халықтың барлық

санаты үшін тұрғын үй) бағыты бойынша тұрғын үйді өткізу


рәсімдері

      1. ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үйді өткізу тәртібі



      Тұрғын үйді сату мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:


      1) «Жас отбасылар үшін тұрғын үй» бағытына қатысушылар үшін 5-кіші бөлімінің 3-тармағына сәйкес;


      2) «Халықтың барлық санаты үшін тұрғын үй» бағытына қатысушылар үшін:


      І топ бойынша 5-кіші бөлімінің 2-тармағына сәйкес;


      ІІ топ бойынша осы Бағдарламаның талаптарына және ҚТҚЖБ-ның ішкі құжаттарына сәйкес.


      ҚТҚЖБ ЖАО-мен жасалған келісімде көрсетілген құрылыс аяқталатын күнге дейін 6 (алты) айдан аспайтын мерзімде бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет ресурстары арқылы ІІ топ үшін тұрғын үйді өткізу шарттары, тұрғын үйдің сипаттамалары, құжаттарды қабылдау орындары, құжаттарды қабылдау басталатын және аяқталатын күн туралы хабарлама жариялайды.


      Белгіленген мерзім ішінде ҚТҚЖБ мынадай талаптар бойынша ІІ топ бойынша тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулдарын қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады:


      1) пулдар Бағдарламаға қатысу үшін берілген өтініштердің негізінде ҚТҚЖБ салымшыларының қатарынан қалыптастырылады;


      2) пулдарды қалыптастырған кезде пулға қосудың басым құқығы пулға қатысушы салымшының тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шартының бағалау көрсеткіші және/немесе өзге сапалық сипаттамасына қарай ҚТҚЖБ анықтайтын ең жоғары балл жинаған ҚТҚЖБ салымшыларында болады;


      3) өтініш берушілердің осы қосымшаның 1, 2-кіші бөлімдерінде, 3-кіші бөлімінің 1, 2-тармақтарында белгіленген Бағдарламаның талаптары мен шарттарына сәйкестігі тексеріледі;


      4) пулға қосу үшін басымдық қатысушылар арасында мынадай ретпен айқындалады:


      тұрғын үйді ҚТҚЖБ қарыздары, тұрғын үй құрылыс жинақтары және меншікті қаражат есебінен алатын сатып алушылар;


      кейіннен сатып алу құқығымен тұрғын үйді жалдаушылар.


      Осы тармақшада айқындалған топтар ішінде пулдарға қатысушылар арасында тұрғын үйді бөлу кезінде таңдау басымдығы пулдарды қалыптастыру кезінде жинақталған балл санымен айқындалады.


      2. Тұрғын үйді сатып алу тәртібі


      «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» бағыты бойынша Бағдарламаға қатысушылар тұрғын үй құрылысы аяқталғаннан кейін тұрғын үйді:


      1) тұрғын үй, алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздары, жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтары және меншікті қаражат есебінен жеке меншікке;


      2) тұрғын үй қарыздары, жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтары мен меншікті қаражат есебінен кейіннен сатып ала отырып, тұрғын үйді жалдау арқылы сатып алуды жүзеге асырады.


      ҚТҚЖБ қарыздары, Бағдарламаға қатысушылардың меншікті қаражаты және жинақталған жинақтар сомаларының арақатынасы ҚТҚЖБ-ның ішкі құжаттарында айқындалады.


      Пулға қатысушыларға қарыз беру ҚТҚЖБ ішкі талаптары бойынша және сатып алынатын пәтерлерді ҚТҚЖБ-ға кепілге беру арқылы жүргізіледі.


      Тұрғын үй объектісі пайдалануға енгізілгеннен кейін ЖАО пулға қатысушылармен сатып алу-сату (немесе тұрғын үйді жалдау) шарттарын жасайды, тұрғын үйге деген меншік құқығын ресімдеу мен тіркеуді немесе Бағдарламаға қатысушының қаражаты есебінен жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу жөніндегі уәкілетті органда тұрғын үйге меншік құқығын немесе жалға алу шартын ресімдеу мен тіркеуді қамтамасыз етеді.


      Бағдарламаға қатысушының тұрғын үй қарыздарын алуы үшін негізгі критерийлер:


      1) «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын, қарыз алу үшін тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарттың талаптарын және ҚТҚЖБ-ның ішкі құжаттарын орындау;


      2) ҚТҚЖБ талаптарына сәйкес қарызға қызмет көрсету үшін төлем қабілеттілігін растау;


      3) сатып алынатын тұрғын үйді немесе сатып алынатын жалдамалы тұрғын үйді ҚТҚЖБ ішкі талаптарына сәйкес кепілге беру.


      Азаматтардың барлық санаттары және жас отбасылар үшін ҚТҚЖБ салымшыларының тарифтік бағдарламасына байланысты тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақылар мөлшерлемелері белгіленеді.


      3. Жалдау шарттарын жасасу тәртібі және жалдау талаптары


      Жалдаудың ең ұзақ мерзімі тұрғын үй пайдалануға берілген күннен бастап 8 жылдан артық болмауға тиіс. Сатып алу құқығымен жалға алу шарты жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу жөніндегі уәкілетті органда міндетті түрде тіркелуі тиіс.


      ЖАО салған және тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы сатылатын тұрғын үйді кейін сатып алу құқығымен жалға берудің ерекшелігі:


      1) ЖАО «ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй» бағытының тұрғын үйін жалға алушылар тізімін қалыптастырады;


      2) ЖАО Бағдарламаға қатысушылармен жалдау шартын жасасады, оның ішінде мыналар көзделеді:


      8 жылдан аспайтын кезеңге жалдау төлемін төлеу:


      жас отбасылар үшін – нөлдік мөлшерлеме бойынша;


      халықтың барлық санаттары үшін – Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік жалдау үйлеріне төленетін жалдау төлемін есептеу әдістемесіне сәйкес, бірақ 1 ш.м. үшін 100 теңгеден аспайтын жалдау төлемін төлеу;


      коммуналдық қызметтерді (электр қуаты, су, жылу) және өзге пайдалану шығыстарын жалға алушының есебінен төлеу;


      жалға алушының жалға берілетін тұрғын үйді сатып алу үшін және тұрғын үй құрылыс жинақ туралы шартқа сәйкес жалдау шарты жасалған күннен бастап 8 жылға дейінгі мерзім ішінде тұрғын үй құрылыс жинақтарына жарналар жинақтау бойынша міндеттемесі;


      ҚТҚЖБ-дан 3 ай ішінде тұрғын үй құрылыс жинақтарына жарналарды жинақтау бойынша төлемдердің болмауы туралы ақпарат түскен кезде ЖАО-ның жалдаушыны және оның отбасы мүшелерін жалға берілген тұрғын үйден шығару тәртібі.


      Бұл жағдайда ЖАО жалға алушыны пәтерден шығарады.


      Жалдаушы шарт міндеттерін орындамаған немесе ол ерікті түрде шыққан кезде ҚТҚЖБ ЖАО оның жалдамалы тұрғын үйде нақты тұрғаны үшін жалға алушы жинақтаған тұрғын үй құрылыс жинақтарынан және/немесе кепілдік жарнадан өтемақы аударады. Өтемақы сомасы жалға алу шарты жасалған күннен бастап тұрған әрбір ай үшін 8 жыл ішінде жинақ жинақтаудың стандартты талаптарында есептелген салымға ай сайынғы жарна көлемінің бір еселік мөлшерінде есептеледі.


      ЖАО жалдаушыны тұрғын үйден шығару немесе оның шығуы туралы, оның ішінде өтемақыны ЖАО аудару үшін тұрған ай саны туралы ақпаратты ҚТҚЖБ-ға береді.


      Жалдамалы тұрғын үйде тұру тәртібі мен талаптары және өзге қажетті шарттар.


      Жалдау шартының және/немесе тұрғын үй құрылыс жинақ шартының талаптарын орындамаған жағдайда Бағдарламаға қатысушыны жалдамалы тұрғын үйден шығару рәсімін ЖАО жүзеге асырады.


      ЖАО жасалған тұрғын үйді жалдау шарттарының көшірмелерін ҚТҚЖБ-ға береді;


      3) ҚТҚЖБ-ның Бағдарламаға қатысушылармен кейін сатып алу құқығымен тұрғын үй жалдау, жарналар жинақтау бойынша төлемдер жасалмаған жағдайда, жалға алушыдан тұрғын үй құрылыс жинағын жинақтау бойынша 6 еселік ай сайынғы жарна көлемінде кепілді жарна қабылдау талаптарын қамтитын тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарына қосымша келісімдер жасау.


      Бағдарламаға қатысушыда кепілдік жарнаның мөлшеріне тең немесе одан асатын мөлшерде жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтары сомасы болған кезде кепілдік жарнаны төлеу талап етілмейді;


      4) жалға алушының пәтерге кіруі, жасалған тұрғын үй құрылыс жинақ шартына сай тұрғын үй құрылыс жинағын жинақтауды жүзеге асыруы;


      5) алдыңғы жалдаушы шарттық міндеттемелерді орындамауына немесе өз еркімен шығуына байланысты кейінгі жалдаушыны іріктеу 5-кіші бөлімде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.


      ЖАО кейінгі жалға алушы үшін тұрғын үй құнын алдыңғы жалға алушының нақты тұрғаны үшін алынған өтемақы мөлшеріне азайтады;


      6) мерзімі аяқталғаны және жалға берілетін тұрғын үйді сатып алу үшін тұрғын үй құрылыс жинақтау шарттары орындалуы бойынша жалға берілетін пәтерлерге сатып алу-сату шарттарын жасау үшін ҚТҚЖБ тізімді ЖАО-ға жібереді;


      7) ЖАО-ның Бағдарламаға қатысушылармен сатып алу-сату шарттарын ресімдеуі және қол қоюы, банктік қарыз және кепіл шарттарын рәсімдеу үшін оларды ҚТҚЖБ-ға беруі.


Каталог: upload -> files
files -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
files -> «II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
files -> Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін "Үздік педагог" атағын беру және мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің
files -> Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
files -> Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
files -> Есэдо го (версия 13. 2) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп
files -> «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»
files -> «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы