Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы


Тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру тетігі



бет13/17
Дата16.01.2017
өлшемі198.5 Kb.
#288
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру тетігі

1. Мемлекеттік қолдау шаралары

      Тұрғын үй құрылысы мемлекеттік қолдаудың мынадай шараларымен қамтамасыз етіледі:



      1) елді мекендердің бас жоспарларына, егжей-тегжейлі жоспарлаудың жобалары мен құрылыс салу қағидаларына сәйкес дайындалған жер учаскелерін бөлу;


      2) құрылыс салу жоспарланған учаскелерге мақсатты түрде жылумен, сумен, газбен және электрмен жабдықтаудың, телефондандырудың инженерлік желілерін, су бұруды (кәрізді), инженерлік құрылыстарды қамтитын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жеткізу;


      3) озық технологияларды қолдану негізінде құрылыс көлемінің өсуін және мерзімін қысқартуды, өзіндік құнын төмендетуді қамтамасыз ететін құрылысты индустрияландыру.

Жер ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы

      Тұрғын үй құрылысына бөлінген жер учаскелерінің болуы тұрғын үйдің қолжетімділігінің құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.



      Осы мақсат үшін жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО):


      1) жаппай құрылыс салуға жарамды жер учаскелеріне тексеру жүргізуі;


      2) бекітілген бас жоспарларға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына және елді мекендерде құрылыс салу қағидаларына сәйкес жаппай тұрғын үйлер салынатын басым аудандарды айқындауы;


      3) жер учаскелерін дайындау бойынша алдын ала жұмыстар жүргізуі;


      4) бос жер учаскелерінің болуы туралы ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз етуі;


      5) құрылыс салушыға жер учаскелерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес беруді қамтамасыз етуі қажет.


      Жаппай құрылыс салуға бөлінген алаптар тұрғын үй құрылысы басталғанға дейін жылумен, сумен, газбен және электрмен жабдықтаудың, телефондандырудың инженерлік желілерін, су бұруды (кәрізді), инженерлік құрылыстарды қамтитын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен (бұдан әрі – ИКИ) қамтамасыз етілуі тиіс.

Тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу жөніндегі шаралар туралы

      Салынып жатқан тұрғын үйді уақтылы пайдалануға беру мақсатында тұрғын үй құрылысы салынатын аудандар ИКИ-мен қамтамасыз етілуі қажет.



      ИКИ-ді жобалау, дамыту және салу, сондай-ақ жеке құрылыс салушылардан ИКИ-ді сатып алу (сыртқы, ішкі кварталдық және магистралдық желілерге қосылу нүктелеріне дейінгі тұрғын объектінің ішкі желілерінен тыс алаңішілік аумақтарды абаттандыруды қоспағанда) республикалық және жергілікті бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.


      Бұл ретте жеке құрылыс салушылар ИКИ құрылысының сметалық құны бойынша тиісті мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алуға тиіс.


      ИКИ құрылысының іске асырылып жатқан ірі инвестициялық жобаларының бірі Алматы облысындағы ИКИ-ді дамытуды қолдау болып табылады, оның ішінде «G4 City» төрт серіктес қалалар мен «Алтын сай» серіктес қала. ИКИ салу жобаларын қаржыландыру Алматы облысының уәкілетті ұйымы «Алатау» акционерлік қоғамын капиталдандыру арқылы жүзеге асырылады.

Құрылыс индустриясын және индустриялық үй

құрылысын дамыту жөніндегі шаралар туралы

      Құрылыс материалдарының өнеркәсібі экономиканың ірі құрамдас бөлігі болып табылады және құрылыс үшін материалдық негіз бола отырып, экономиканың басқа салаларындағы өсу қарқынына және тұтастай алғанда, қоғамның әлеуметтік жағдайына айтарлықтай әсер етеді.



      Құрылыс индустриясын дамыту жөніндегі бағдарламада жиналмалы-қаңқалы үй құрылысынан басқа тұрғын үй құрылысының мерзімдерін қысқарту және құнын төмендету мақсатында басымдық ретінде ірі панельді үй құрылысын дамыту көзделген.


      Өңірлерде мемлекеттің қаражаты есебінен тұрғын үйлерді іске қосу көлемдерін негізге ала отырып, осы Бағдарламаны іске асыру шеңберінде үй салу комбинаттарының оңтайлы саны, өте тиімді технология, өндірістің қуаты, қаржыландыру схемасы мен құрылымы, оның ішінде «Өнімділік 2020» бағдарламасының құралдары немесе әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (бұдан әрі – ӘКК) жарғылық капиталына кіру есебінен қаржыландыру айқындалатын болады.

Тұрғын үй құрылысының бағыттары

      Ескерту. Кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.04.2015 № 284; 17.06.2015 № 451 қаулыларымен.

      Бағдарлама аясында тұрғын үй құрылысының мынадай негізгі бағыттары көзделеді:

      1. ЖАО-да кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй


      2. ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй:


      1) халықтың барлық санаты үшін;


      2) жас отбасылар үшін.


      3.
«Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ҚИК» ИҰ» АҚ) тұрғын үйі:

      1) сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй;


      2) сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй.


      4. «Самұрық
-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ) тұрғын үйі.

      5. Авариялық тұрғын үйді бұзу жөніндегі пилоттық жобалар шеңберіндегі тұрғын үй.


      6. Жеке меншік тұрғын үй.


      Әлеуметтік инфрақұрылымды одан әрі дамыту мақсатында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы белгіленген мемлекеттік нормативтерге сәйкес келетін жобалар бойынша бірінші қабаттарында әлеуметтік мақсаттағы объектілерді (балабақшаларды, балалардың шағын-орталықтарын, емханаларды және басқаларды) орналастыра отырып, тұрғын үйлер салуға жол беріледі.

Бағыттар бойынша тұрғын үй құрылысын іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

                                                     мың шаршы метр



Көрсеткіштің атауы

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

Республика бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру, барлығы, оның ішінде:

7100

7300

7500

7700

8500

экономикалық өсу орталықтары бойынша

1. «Бірінші деңгейдегі» қалаларда (агломерациялар, олардың қала маңындағы аймағын қоса алғанда), оның ішінде:

3238,5

3275,8

3118,4

3084,1

3322,4

1) ҚТҚЖБ желісі бойынша халықтың барлық санаттарына арналған тұрғын үй

118

120,6

130,9

137,9

137,5

2) ҚТҚЖБ желісі бойынша жас отбасыларға арналған тұрғын үй

62,5

65,7

72,4

16,6

76,4

3) ЖАО-да кезекте тұрғандарға арналған тұрғын үй

77,8

86

84

82,7

81,5

4) «ҚИК» ИҰ» АҚ-ның тұрғын үйі

246,4

154,0

203,0

82,0

91,0

5) «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның тұрғын үйі

84,0

84,0

84,0

84,0

84,0

6) Астана қаласында авариялық тұрғын үйді бұзу жөніндегі пилоттық жобалар шеңберіндегі тұрғын үй

25,0

30,0

40,0

40,0

40,0

7) жеке меншіктегі тұрғын үй

2 624,8

2735,5

2 504

2 640,9

2 812,0

2. «Екінші деңгейдегі» қалаларда (облыс орталықтары, Семей және Түркістан қалалары), оның ішінде:

2404,6

2532

2873,8

3060,4

3489,1

1) ҚТҚЖБ желісі бойынша халықтың барлық санаттарына арналған тұрғын үй

183,1

192,1

214,4

234,4

250,8

2) ҚТҚЖБ желісі бойынша жас отбасыларға арналған тұрғын үй

91,9

86,9

101,4

157,8

112,5

3) ЖАО-да кезекте тұрғандарға арналған тұрғын үй

99,8

101,6

100,3

101,7

103,7

4) «ҚИК» ИҰ» АҚ-ның тұрғын үйі

141,7

236,0

123,0

65,0

80,0

5) «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның тұрғын үйі

66,0

66,0

66,0

66,0

66,0

6) жеке меншіктегі тұрғын үй

1 822,1

1849,4

2268,7

2435,5

2 876,1

3. «Үшінші деңгейдегі» қалаларда (шағын және моноқалаларда), оның ішінде:

1 158

1 190

1 203

1 244

1 344

1) ЖАО-да кезекте тұрғандарға арналған тұрғын үй

59,8

66,9

66,0

66,5

67,6

2) ҚТҚЖБ желісі бойынша жас отбасыларға арналған тұрғын үй

37,3

37,6

43,3

68,1

48,2

3) «ҚИК» ИҰ» АҚ-ның тұрғын үйі

10

17

9

6

7

4) жеке меншіктегі тұрғын үй

1 051

1 068

1 085

1 103

1 222

4. Тірек АЕМ мен шекара маңындағы аумақтарды қоса алғанда, ауылдық аумақтарда:

298,5

302,6

304,9

312,0

344,1

1) ЖАО-да кезекте тұрғандарға арналған тұрғын үй

21,6

20,4

20,2

23,6

23,9

2) «ҚИК» ИҰ» АҚ-ның тұрғын үйі

3

4

2

1

2

3) жеке меншіктегі тұрғын үй

273,9

278,2

282,7

287,4

318,2

      Осы қосымшада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



      1) өтініш беруші (үміткер) – тұрғын үй алу үшін (жеке меншікке, жалға алуға, кейіннен сатып алу құқығымен жалға алуға) Бағдарламаға қатысуға өтініш берген тұлға;


      2) Бағдарламаға қатысушы – қаржы институты белгілеген тәртіппен төлем қабілеттілігін растаған және тұрғын үйді бөлу рәсімінен өткен тұлға;


      3) тұрғын үй құрылысының мемлекеттік және салалық бағдарламалары:


      Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 – 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;


      Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 383 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – 2008 – 2010 жылдарға арналған Мембағдарлама);


      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 329 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасы;


      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысымен бекітілген «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы;


      4) төлем қабілетін бағалау – өтініш берушінің мүмкіндігін бағалау үшін жүргізілетін шаралар кешені, тұрғын үй сатып алуға берілетін қарызға уақтылы және толықтай қызмет көрсету және өтеу, тұрғын үйді кейіннен сатып алу құқығымен жалға алу кезінде тұрғын үй-жинақ шотында ақша жинау, жалдау төлемін төлеу;


      5) тұрғын үйге мұқтаж адамдарды есепке алу – «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 71-бабына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан және жеке меншік тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдар жалға алған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу;


      6) ЖАО-ның кезегінде тұрғандар – жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебінде тұрғандар;


      7) тұрғын үйді өткізетін операторлар – ЖАО, ҚТҚЖБ, Жылжымайтын мүлік қоры;


      8) тұрғын үй құрылысының (сатып алудың) операторлары – ЖАО, «ҚИК» ИҰ» АҚ, «Самұрық
-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Жылжымайтын мүлік қоры).

2. Тұрғын үйді өткізу тетігі

1. Бағдарламаға қатысушылар

      «ЖАО кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй» бағыты бойынша «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 67-бабының 1-тармағында көрсетілген ЖАО-да кезекте тұрған тұлғалар қатысады.



      ЖАО кезекте тұрғандар Бағдарламаның мынадай бағыттары: ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтық барлық санаты үшін», «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бойынша I топ қатысушысы не өтініш берген және Бағдарламаның белгіленген талаптарына сәйкес келген жағдайда II немесе III топ қатысушылары ретінде қатыса алады.


      Топтар қатысушыларына қойылатын талаптар мен критерийлер және қалыптастыру тәртібі осы бөлімнің ережелерінде көзделеді.


      ЖАО кезекте тұрғандар Бағдарламаның аталған бағыттарының шеңберінде тұрғын үйді жеке меншікке немесе сатып алу құқығымен жалға алған жағдайда тұрғын үйге мұқтаждар есебінен алынып тасталады.


      Бағдарламаның «ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй», «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның тұрғын үйі» бағыттары бойынша мынадай қатысушылар көзделеді:


      1) I топ, оның ішінде:


      «ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша – Заңның 68-бабының 2), 4), 10) тармақшаларын қоспағанда, Заңның 67-бабының 1-тармағының 1-1), 2), 3) тармақшаларында көзделген адамдар санатына жататын ЖАО-да кезекте тұрғандар;


      «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша – ЖАО-да кезекте тұрғандар, Заңның 67-бабының 1-тармағының 1-1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар санатына жататындар, атап айтқанда:


      көп балалы отбасылар;


      толық емес отбасылар;


      мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;


      жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.


      оралмандар;


      мемлекеттiк қызметшiлер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi.


      Аталған бағыттың қатысушыларын қалыптастыру мынадай кіші топтар мен критерийлер бойынша жүргізіледі:


      1-кіші топ – ЖАО-да осы санатта кезекте тұрғандар, кемінде 3 жыл некеде тұрған, балалары (баласы) бар және жұбайлардың екеуінің де жасы 35 жасқа толмаған (Бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде), сондай-ақ балаларды (баласы) жасы 35-ке толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір/тұл қалған ата-ананың бірі ғана тәрбиелеп отырған толық емес отбасы;


      2-кіші топ – 1-кіші топқа кірмейтін, көрсетілген санаттағы ЖАО-да кезекте тұрғандар.


      Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынға қайта ұйымдастырылған жағдайда, аталған санат бойынша тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған адамдар «Бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері» санатына теңестіріледі;


      2) II топ: ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағытына қатысушы халықтың барлық санаты;


      3) III топ: мынадай талаптарға сәйкес келетін тұлғалар санаты:


      кемінде екі жыл некеде тұрған жас отбасы, жұбайлардың екеуінің де жасы 29-дан аспауы қажет (Бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде), сондай-ақ балаларды (баласы) жасы 29-ға толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір/тұл қалған ата-ананың бірі ғана тәрбиелеп отырған толық емес отбасы.


      Кемінде екі жыл тіркелген некеде тұру кезеңі «үшінші деңгейдегі» қалаларда (шағын және моноқалаларда) немесе АЕМ тұрғын үй алуға үміткер жас отбасыларға қатысты болмайды. Қазақстан Республикасы шағын және моноқалаларының тізбесі осы Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген.


      ІІІ топқа жататын адамдар санаты ҚТҚЖБ желісі бойынша «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» бағытына қатысады.


      4) IV топ:


      «ҚИК» ИҰ» АҚ келісімдер/меморандумдар жасаған мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметкерлері;


      «ҚИК» ИҰ» АҚ, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаты негізінде келісімдер/меморандумдар жасаған моноқалаларға немесе тірек ауылдық елді мекендерге көшуді ынталандыру және кадрлардың кетуін төмендету мақсатында өз қызметкерлеріне тұрғын үй салуды және/немесе сатып алуды ұйымдастыратын мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қызметкерлері. Бұл ретте көрсетілген заңды тұлғалардың, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттарында тұрғын үй салуды және/немесе сатып алуды ұйымдастыруға құқығы бар.


      Өтініш берушілер Бағдарлама талаптарына сәйкес келгенде және Бағдарламаның 3-кіші бөлімінің 2-тармағында көзделген талаптарды сақтаған жағдайда топтардың біріне қатысушысы ретінде қатыса алады.


Каталог: upload -> files
files -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
files -> «II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
files -> Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін "Үздік педагог" атағын беру және мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің
files -> Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
files -> Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
files -> Есэдо го (версия 13. 2) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп
files -> «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»
files -> «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы