Оқылым 9-сынып 1-тапсырма. Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз. Байлық дегеніміз не?



бет1/4
Дата06.08.2022
өлшемі29.1 Kb.
#278204
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
оқылым 9 сынып
1-сабақ.6, карточка

ӘР СЫНЫП БОЙЫНША ОҚУШЫЛАР САНЫНА ҚАРАЙ КӨБЕЙТІЛУІ КЕРЕК
Оқылым
9-сынып
1-тапсырма. Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.
Байлық дегеніміз не?
Бесінші сыныпта «Байлық дегеніміз не?» атты ашық сабақ жүріп жатты. Оқушылар бір-бірімен әңгімелесіп, өз ойларын айту үшін дайындалып жатыр. Мұғалім үстел бетіндегі қағаздарға қарап, іске кірісті.
Балалар, байлық дегеніміз не?
Бірінші партада отырған Сәбит қолын көтерді.
— Байлық дегеніміз – көп ақша, жаңа машина, — деп ойланып қалды.
— Отыр, Сәбит. Тағы кім жауап береді?
Келесі Алмас қол көтерді.
Байлыққа қора-қора қой, үйір-үйір жылқы және алты бөлмелі әдемі үй жатады.
Мұғалім бұл жауаптарға көңілі толмағанын білдірді.
— Қане, кім қалай жауап береді? Иә, Сайлаубек, сен айта қойшы!
Байлық дегеніміз-кітап, білім,- деп жауап айтты.
— Жарайды, отыра ғой. Жақсы жауап.
Біраз уақыттан бері қол көтеріп отырған Сәулеге де сөз берілді.
— Біздің үйде түрлі-түсті теледидар, бейнемагнитофон және жаңа үй жиһаздары көп. Байлық дегеніміз осы.
— Жақсы, отыра бер.
Бұдан кейін Серік, Нұрболат, Құралай есімді оқушылар үйдегі байлықтарын ортаға салды. Оқушылардың берген жауаптары мұғалім көңілінен шықпады.
Бір кезде оның көзі артқы партада үндемей, өзімен-өзі отырған Аманжолға түсті.
— Аманжол, сен неге үндемей отырсың? Қане, байлық дегеніміз не? Айта қойшы.
— Апай, мен бай емеспін. Мен үшін ең үлкен байлық – әкем мен анам, — деп жауап берді. Мұғалімге оқушының жауабы қатты ұнады.
— Көрдіңдер ме, балалар, байлық дегеніміз тек ақша емеС) Сендердің ең бірінші байлықтарың – Аманжол айтқандай, ата-аналарың мен бауырларың, туысқандарың. Сондықтан әрқашан отбасыларың аман болсын. Міне, байлық деген – осы.
Бұл жауаптан кейін ешкім қол көтермеді. Оқушылар ойланып қалды.


Мәтін бойынша тест тапсырмалары:
1. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
А) Бірінші байлық дегеніміз не?
В) Отбасы тәрбиесі қандай?
С) Қалай бай болуға болады?
Д) Ашық сабақ қайда өтті?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
Жалпы ережелер
республикасы білім
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
атындағы жалпы
туралы хабарландыру