Қоғамның пайда болуы туралы теориялардың өзіңіз қайсысы дұрыс деп санайсыз? Қазіргі Қазақстанның әлеуметтік құрылымы қандай элементтерден тұрады



бет1/4
Дата03.03.2022
өлшемі23.06 Kb.
#186180
  1   2   3   4
Байланысты:
АНАР НАУБЕТОВА
1. руссязык в мире, 1. руссязык в мире, Әлеуметтану 1 тақырыпқа тапсырма, № 2- дәріс.Қоғам, әлеуметтік құрылым және стратификация., 1. руссязык в мире-1, Саясаттану тапсырма (1), №11 тақырып Ққзт (2), МБФ РК2, Психология пәні №4,5 тақырып, №1 тақырып Философия Арыстан А, Моя будущая профессия В (3), 1к ЖМ силл 2021-2022 (2), Психология пәні №6,7 тақырып, 7. гос и религ праздники

1-тапсырма. Қоғамның пайда болуы туралы теориялардың өзіңіз қайсысы дұрыс деп санайсыз? Қазіргі Қазақстанның әлеуметтік құрылымы қандай элементтерден тұрады?

Әлеуметтік құрылым туралы социологияда әртүрлі концепциялар аз емес. Оларды топтастырғанда 2 бағытты ажыратуға болады. Социоло.гтардың бір тобы әлеуметтік құрылымды, олардың элементтерін, процестерін нақты өмірде бар деп түсінсе, ал екінші бағыт өкілдері таптарды, әлеуметтік топтарды, жалпы әлеуметтік құрылымды, тек қана сананың, адамдардың ойының нәтижесі деп түсінеді. 1-ші бағыт : құрылымдық функционализм, ал екінші бағыт- символдық интеракционизм деп аталады. Біз осы 1-ші концепцияны, яғни құрылымдық функционализмді қолдаймыз. Әлеуметтік құрылым біртұтас әлеуметтік организм ретінде қарастырылады. Осы организмнің өзі оны құратын элементтерден тұрады. Ал ол элементтер өзара қарым-қатынаста, байланыста болуы негізінде ол құрылымды жасайды.Менің ойымызша қоғамның әлеуметтік құрылымы нақты, объективтік құбылыс, ол өзгеріп,   дамып отырады, оның жаңа элементтері, бөлшектері пайда болуда.

Әлеуметтік құрылым дегеніміз - әлеуметтік топтардың, страталардың, таптардың және әлеуметтік институттардың жиынтығы, олардың байланыстары, ара-қатынастары. Әлеуметтік құрылымның басты негізгі элементтері - әлеуметтік топтар, страталар, таптар. Әлеуметтік құрылымға кіретін үлкен топ-ол тап. Тап деген ұғым екі мағына береді. –ші кең мағынада тап дегеніміз- өндіріс құрал-жабдықтарына белгілі қатысы бар, қоғамдық еңбек бөлінісінде нақтылы алатын орны бар, ерекше әдістер арқылы алынатын табыстың өзіндік мөлшері бар үлкен әлеуметтік топтар. Көбіне тап дегеніміз тар мағынада қолданылады. Бұл мағынада тап дегеніміз: әлеуметтік топтар, страталар. Олардың басты белгілері: кіріс, табыс, мамандық, билік, білім деңгейі т.б

Қазіргі Қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымын, оның бағыттары мен болашағы туралы айту үшін біздің қоғамның адамзат дамуының қай деңгейінде тұрғанына назар аударған жөн.       

Әлеуметтану ғылымында қоғамды сараптаудың көптеген тәсілдері калыптасқан. Маркстік теория бойынша қоғамның типін белгілеуде өндіріс тәсілі, яғни өндіріс құрал-жабдықтарына меншіктің түрі мен қоғамның таптық құрылымы алынады. Осы тұрғыдан талдай келе, марксизм қоғам дамуын 5 тарихи сатыға, қоғамдық-экономикалық формацияларға жіктейді: а) алғашқы қауымдық құрылыс; ә) құл иеленушілік қоғам; б) феодалдық қоғам; в) капиталистік қоғам; г) коммунистік қоғам.    

Индустриалды қоғам ең алдымен еңбек бөлінісінің дамуы және күрделі жүйесі арқылы сипатталады. Ал еңбек бөлінісі өндіріс құрал жабдықтары кімнің меншігі екеніне байланысты. Бүгінгі жағдайымызды ескерсек, бізге индустриалды қоғам дәрежесі сәйкес келеді. Бірақ индустриалды қоғамға тән сипаттарға біз түгелдей ие емеспіз. Өйткені индустриалды қоғам теориясын жасаған ғалымдардың пікірінше, қоғам, біріншіден, еңбек бөлінісінің дамуы және күрделі жүйесі арқылы сипатталады, бұл өндірістің нақты салаларға мамандандырылуы мен басқару жүйелерінен байқалады. Бұл сипатты біздің қоғамнан тапқанмен индустриалды қоғамға тән рынокқа арнап кең көлемде жаппай тауар өндіру және отандық тауар өндірісіне, ғылыми-техникалық прогреске көңіл бөлу бізде жеткілікті деп айтуға әлі ерте сияқты.      

 Дегенмен қазіргі жағдайда нарықтық экономикаға, әртүрлі меншіктің дамуына, саяси алуандыққа, көппартиялыққа өтуге байланысты әлеуметтік құрылымның бөлінуі күшейе түсуде. Республикамызда бұрыннан белгілі жұмысшылар мен шаруалардан басқа фермерлер, жалгерлер, кооператив мүшелері, жеке және ұжымдық меншік иелері, жеке саудамен айналысатын құрылымдар, кәсіпкерлер және т.б. бар.    Еліміз егемендік алғаннан кейінгі кезеңде қоғамда меншік иесі жоғарғы тап пайда болды. Бұл тапқа солармен қатар көлеңкелі экономиканың пысықтары, алыпсатарлықпен айналысқан кәсіпкерлер және т.б. кіреді. Бұл таптың өкілдері де халықтың белгілібір пайызын құрайды



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
Жалпы ережелер
республикасы білім
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
атындағы жалпы
туралы хабарландыру