Образовательными потребностями методические рекомендации

Loading...


Pdf көрінісі
бет1/6
Дата01.04.2020
өлшемі443.52 Kb.
  1   2   3   4   5   6

Казақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы  

 

Министерство образования и науки Республики Казахстан  



Национальная академия образования имени И. Алтынсарина  

 

 



 

 

 



 

 

 

 

МЕКТЕПТІК КОНСИЛИУМДАР ҚҰРУ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕ 

ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРҒА ИНТЕНСИВТІ, КЕҢ ЖӘНЕ 

АРНАЙЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ  

 

Әдістемелік ұсынымдар  

 

 

СОЗДАНИЕ ШКОЛЬНЫХ КОНСИЛИУМОВ И ОБЕСПЕЧЕНИЕ 

ВСЕСТОРОННЕЙ ПОДДЕРЖКИ ДЕТЕЙ С ОСОБЫМИ 

ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫМИ ПОТРЕБНОСТЯМИ  

 

Методические рекомендации  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана  


2015  



Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  Ғылыми  кеңесімен 

баспаға ұсынылды (2015 жылғы 23 қараша № 10 хаттамасы)  

 

Рекомендовано  к  изданию  Ученым  советом  Национальной  академии 



образования им. И. Алтынсарина (протокол № 10 от 23 ноября 2015 года)  

 

 



Мектептік  консилиумдар  құру  және  ерекше  қажеттіліктері  бар  балаларға 

интенсивті,  кең  және  арнайы  қолдау  көрсету.  Әдістемелік  ұсынымдар.  – 

Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 32 б.  

 

Создание школьных консилиумов и обеспечение всесторонней поддержки 

детей  с  особыми  образовательными  потребностями.  Методические 

рекомендации.- Астана: НАО имени И. Алтынсарина, 2015. – 32 с.  



 

 

Әдістемелік  ұсынымдарда  мектептік  психологиялық-педагогикалық 

констилиум  қызметін  ұйымдастыру  негіздері  берілген.  Қосымшаларда 

мектептік консилиумның үлгілік құжаттарының үлгілері берілген. Ұсынымдар 

жалпы  білім  беру  мектептерінің  басшыларына,  мамандарға  (логопедтерге, 

арнайы  педагогтерге,  психологтарға,  әлеуметтік  педагогтарға  және  т.б.)  және 

педагогтарға арналған.  

 

В  методических  рекомендациях  изложены  организационные  основы 



деятельности  школьного  психолого-педагогического  консилиума.  В 

приложениях  приведены  образцы  документации  школьного  консилиума. 

Рекомендации  предназначены  руководителям,  специалистам  (логопедам, 

специальным педагогам, психологам, социальным педагогам и др.) и педагогам 

общеобразовательных школ.  

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

© Ы. Алтынсарин атындағы  

Ұлттық білім академиясы, 2015  

© 

Национальная академия образования 



им. И. Алтынсарина, 2015  

 



Мазмұны  

 

 

Кіріспе ........................................................................................................ 



Мектептік психологиялық-педагогикалық консилиумның қызметін 



ұйымдастыру және оның міндеттері ........................................................ 

 



Мектептік психологиялық-педагогикалық консилиумды жүргізу 

тәртібі ......................................................................................................... 

 



 

Қорытынды ................................................................................................ 

 

Глоссарий ...................................................................................................  10 



 

Пайдаланылған және ұсынылған әдебиеттер тізімі ...............................  11 

 

Қосымша.....................................................................................................  12 



 

 

 





Кіріспе  

 

Консилиум  –  бір  немесе  басқа  білім  саласындағы  сарапшылардың, 



мамандардың  мәжіліcі,  өзара  кеңесуі.  Психологиялық-педагогикалық 

консилиум  әлсін-әлсін  жиналып,  қандай  да  бір  мәселені,  мысалы, 

оқушылардың  алдын  ала  белгіленген  параметр  бойынша  оқығандарын,  оқи 

алатынын  және  шынайы  оқудағы  мүмкіндіктерін  талқылайтын  және 

бағалайтын мамандардың бірлестігін білдіреді. Консилиум мәжілісіндегі оқыту 

үдерісінің  сапасын  арттыру  бойынша  мұғалімдердің  жұмысы  жағдайында 

оқушылардың  болжамды  үлгерімдері  ғана  емес,  сонымен  бірге 

үлгермеушіліктің  себептері  талқыланады  және  оқушылардың  білімдері  мен 

жалпы  оқу  икемділіктеріндегі  ақтаңдақтарды  жеңу  бойынша  шаралар  жүйесі 

туралы шешім қабылданады.  

Алғаш  рет  оқушыны  алдын  ала  әзірленген  теория  мен  оқу  үдерісін 

тиімділеу  әдістемесінің  аясында оқытудың  мүмкін болатын нұқаларын ішінен 

ең  жақсысын  таңдау  негізіндегі  сапада  жалпы  білім  беру  мекемесіндегі 

педагогикалық  консилиум  әдістемесін  академик  Ю.К.  Бабанский  құрды  және 

сынап көрді.  

Арнайы  білім  беру  ұйымдарындағы  (арнайы  балабақшалар,  арнайы 

мектептер)  психологиялық-педагогикалық  консилиум  мамандар  (психолог, 

логопед,  дефектолог,  әлеуметті  педагог  және  т.б.)  мен  педагогтардың  өзара 

әрекеттесуі  ретінде  психофизикалық  дамуында  бұзылыстары  бар  балаларды 

кешенді және психологиялық-педагогикалық қолдаудың бірыңғай тәсілдемесін 

жасау  үшін  белсенді  қолданылады.  Консилиум  қарастырылған  санаттағы 

балалардың  білім  алудағы  қажеттіліктерінің  сан  алуандығына  байланысты 

оларды  оқыту  мәселелерін  шешудің  командалық,  мультидисциплинарлық 

тәсілдемесінің  маңызды  шартты  талабы  болып  табылады.  Консилиум 

мүшелерінің  жұмысының  негізгі  тәсілдеріне  талқылау  және  сараптамалық 

бағалау жатады.  

Инклюзивтік  білім  беру  практикасын  жалпы  білім  беру  мектептерінде 

дамыту  олардың  құрылымдарында  білім  алуда  ерекше  қажеттіліктері  бар 

оқушыларды  психологиялық-педагогикалық  қолдау  мамандарының  өзара 

әрекеттесу түрі ретіндегі консилиумдерді құру өзекті болып отыр.  

Осы  әдістемелік  ұсынымда  мектептік  психологиялық-педагогикалық 

консилиумдарын  ұйымдастыру  және  қызмет  істеуі  мәселелері  ашып 

көрсетіледі, қажетті құжаттардың үлгілері беріледі.  

 

 



 





Мектептік  психологиялық-педагогикалық  консилиумның  қызметін 

ұйымдастыру және оның міндеттері  

 

Білім  беру  ұйымының  психологиялық-педагогикалық  консилиумының 



негізгі  мақсаты  жалпы  білім  беру  үдерісіне  қосылған  білім  алуда  ерекше 

қажеттіліктері  бар  оқушыларды  қолдау  стратегиясын  және  оларды  оқыту  мен 

әлеуметтендірудің  табыстылығы  үшін  ересектердің  келісілген  әрекеттерін 

алқалық анықтау болып табылады.  

Консилиум міндеттері:  

білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды дамыту және\немесе 



оқыту жағдайларын талдау;  

оқушыларға психологиялық-педагогикалық көмектің мазмұнын анықтау 



және оны көрсететін мамандардың өзара әрекеттесуін үйлестіру;  

оқу  үдерісіндегі  балаларға  көмек  мазмұны  туралы  педагогтарға,  ата-



аналарға ұсынымдар әзірлеу;  

психологиялық-педагогикалық көмектің тиімділігін бағалау.  



Мектептік консилиум жұмысын құру негіздері:  

қарастырылған  мәселелерге  (әр  түрлі  мамандардың  өзара  тығыз 



байланысы) кешенді тәсілдеме;  

оқушылардың қажеттіліктерін динамикалық зерттеу;  



оқушылардың  қызығушылықтарын  сақтау  және  жеке  психофизикалық 

ерекшеліктерін есепке алу.  

Консилиум  директордың  бұйырығымен  құрылады  және  олардың 

қабылдаған  Ережелерінің  негізінде  қызмет  істейді  (А  қосымшасы).  Мектеп 

консилиумының  құрамы  иілімді  болып,  оның  тұрақты  және  уақытша 

қатысушылары болады. Тұрақты қатысушылар – оқу-тәрбие жұмысы бойынша 

мектеп  директорының  орынбасары,  психолог-педагог,  әлеуметтік  педагог, 

логопед мұғалім, дефектолог мұғалім. Тұрақты қатысушылар әрбір мәжіліске, 

оны  дайындау  жұмысына  қатысады,  оның  ұсынымдарының  орындалуын 

бақылайды.  Уақытша  қатысушылар  (сынып  жетекшілері,  пән  мұғалімдері, 

медициналық қызметкерлер) консилиумге қажеттіліктері бойынша қатысады.  

Консилиум  жоспарлы  және  жоспардан  тыс  болып  бөлінеді.  Жоспарлы 

консилиумдер жылына 3-5 рет өткізіледі. Жоспарлы консилиумдер жұмысының 

бағыттары:  

мектепке оқуға келген оқушылардың, білім алуда ерекше қажеттіліктері 



бар,  орта  буынға  өткен  оқушылардың  білім  алудағы  ерекше  қажеттіліктері 

талқыланады;  

білім  алуда  ерекше  қажеттіліктері  бар  оқушыларды  психологиялық-



педагогикалық қолдаудың мазмұнын әзірлеу;  

түзете дамыту міндеттерін жүзе асырудың табыстылығын динамикалық 



бағалау,  қажет  болған  жағдайда  оқушыларды  психологиялық-педагогикалық 

қолдаудың алдын ала әзірленген бағдарламаларын өзгерту;  

оқушыларды  психологиялық-педагогикалық  қолдаудың  тиімділігін 



бағалау.  

Консилиумның  тұжырымдамасы  білім  беру  үдерісінің  барлық 



қатысушыларына  (пән  мұғалімдеріне,  қосымша  білім  беру  педагогтеріне,  ата-

аналарға) хабарланады.  

Жоспардан  тыс  консилиумдар  білім  беру  үдерісінің  кез-келген 

қатысушысының,  оның  ішінде  білім  беру  ұйымының  басшылығының  немесе 

ата-анасының  (олардың  орындағылардың)  сұрауы  бойынша  өткізіледі. 

Жоспардан  тыс  консилиум  үшін  баланың  оқуына  және  дамуына  әсер  ететін 

жаңа  жағдайлардың  анықталуы  немесе  туындауы,  оның  дамуы  мен  оқуының 

жағымсыз динамикасы себеп бола алады. Мамандар мен ата-аналардың сұрау 

түрлері әр түрлі болуы мүмкін, бірақ қандай жағдайда болмасын олар баланың 

мәселелерін (дамудағы және оқудағы) немесе педагогтың, ата-ананың баламен 

өзара  әрекеттесуіндегі  мәселелерді  бейнелеуге  міндетті.  Жоспардан  тыс 

консилиумның қызметінің бағыттары:  

анықталған жағдайлар бойынша шұғыл шара қабылдау;  



өзгерген  жағдайға  немесе  жұмыстың  тиімсіздігіне  байланысты  түзете 

дамыту жұмысының бағыттарын өзгерту.  

 

 



 





Мектептік психологиялық-педагогикалық консилиумды жүргізу тәртібі  

 

Консилиумның  бірінші  мәжілісінде  консилиумдерді  жүргізу  кестесі 

құрылады  және  білім  алуда  ерекше  қажеттіліктері  бар  және  қолдау 

қызметкерлерінің  динамикалық  бақылауына  мұқтаж  балалардың  тізімі 

анықталады.  

Консилиумде  психологиялық-педагогикалық  қолдау  қызметінің  әрбір 

қызметкері  жүргізген  тексерудің  жинақталған  аналитикалық  материалдары 

талқыланады.  Олар  мамандардың  ұсынымдары  түрінде  безендіріледі  (Б 

қосымшасы). Мамандардың ұсынымдарында бала және оның жанұясы туралы 

мәліметтер педагог үшін түсінікті және қолжетімді тілде беріледі және бала мен 

оның  жанұясының  құпиялылыққа  деген  құқығын  бұзбайтындай  түрде 

жазылады.  

Консилиумде  оқушының  әрекетерін  бақылау  мен  зерттеу  нәтижелерін 

талқылауды консилиум төрағасы реттеуге және бақылауға міндетті. Консилиум 

жұмыс  шараларымен  оның  барлық  қатысушылары  таныс  болуға  тиісті.  Егер 

консилиумда уақытша қатысушылар болса, онда төраға жұмыс басталарда оны 

жүргізу  шарасын  еске  түсіреді.  Консилиум  жұмсысының  келесі  тәртібін 

ұстануға болады:  

1. 

Баланы  консилиумға  жіберген  маман  (педагог  немесе  ата-ана)  сөз 



сөйлейді.  Ол  баланың  дамуы  мен  оқуындағы  жағымды  жақтары  мен  өзін 

алаңдататын мәселелер туралы нақты айтып береді. Маманның (педагог немесе 

ата-ана)  сөзін  ешкім  бөлмейді,  сұрақ,  мінеп-сынау  сөздері,  ескерту 

айтылмайды.  Егер  оқушыда  ПМПК  тұжырымдамасы  болса,  онда  ол  туралы 

сынып мұғалімі баяндайды.  

2. 


Консилиум  мүшелері  баланың  дамуы  мен  оқу  жағдайларының  мән-

жағдайын  нақтылау  және  түсіну  үшін  маманға  (педагог  немесе  ата-ана) 

кезекпен сұрақ қояды. Маман (педагог немесе ата-ана) әрбір қойылған сұраққа 

жауап береді.  

3. 

Консилиумның  барлық  қатысушылары,  өз  кезегімен  консилиум  үшін 



алдын  ала  дайындаған  бала  туралы  ұсыныстарын  пайдалана  отырып, 

оқушының  дамуы  мен  оқу  әрекетінінің  ерекшеліктеріне  кәсіптік  сипаттама 

беріп,  мәселе  туралы  өзінің  пікірін  және  жағдайды  жақсартуға  қатысты 

ұсыныстарын айтады.  

4. 

Оқушыны  қолдауды  ұйымдастырудың  бірыңғай  тәсілдемесі  әзірленеді, 



түзете  дамыту  жұмысының  мазмұны  анықталады,  оқу  үдерісінде,  қосымша 

білім  беру  мен  жанұялық  тәрбилеуге  қатысты  жеке  тәсілдемелік  ұсынымдар 

беріледі.  

Консилиум мүшелерінің арасындағы ақпарат алмасу және сұрақтарға өзара 

жауап  беру  оқушының  психологиялық-медициналық-педагогикалық  мәртебесі 

сипатталатын,  оқушыны  қолдаудың  ұсынылған  түрі  мен  қатысатын  мамандар 

аталатын  консилиумның  тұжырымдамасын  жасау  үшін  негіз  болады  (В 

қосымшасы).  Тұжырымдамада  консилиумның  мамандарының  педагогтар 

ұжымымен  немесе  жеке  мұғалімдермен,  оқушының  ата-анасы  мен  мектеп 

әкімшілігімен  кеңес  беру  жұмысын  өткізу  қажеттілігі  туралы  нұсқау  берілуі 



мүмкін.  

Консилиум тұжырымдамасының негізінде оқуда ерекше қажеттіліктері бар 

оқушыны  психологиялық-педагогикалық  қолдаудың  жеке  бағдарламасы 

құрылады. Жарты жылға құрылатын қолдаудың жеке бағдарламасында баламен 

жүргізілетін  түзете  дамыту  жұмысының  бағыттары,  әрбір  бағыт  бойынша 

жұмыстың  мазмұны,  күтілетін  нәтиже  көрсетіледі.  Балаға  қатысты 

мамандардың  әрекеттері  үйлестіріледі.  Қажет  болған  жағдайда,  әр  түрлі 

мамандарды  баламен  жұмысқа  қосудың  бірізділігі  анықталады.  Бағдарламада 

міндетіне оқушының даму картасын жүргізетін, қолдау кезеңдерін бақылайтын, 

жасалған  жұмыстың  нәтижесін  қорытындылау  және  ары  қарайғы  жұмысты 

талқылау  мақсатында баланың  мәселелерін  консилиумде  қайтадан  талқылауға 

ұсыныс  беретін  жауапты  маман  бекітіледі.  Психологиялық-педагогикалық 

қолдаудың жеке бағдарламасымен міндетті түрде ата-аналар, оқушымен жұмыс 

істейтін  барлық  педагогтар  таныстырылады.  Баламен  жұмыс  істейтін  барлық 

мамандар  оқушыны  қолдаудың  жеке  бағдарламасының  мазмұнын  орындауға 

міндетті болады. Баланы қолдау бойынша негізгі жүктеме мұғалімге жүктеледі, 

ол  оқушының  оқудағы  және  әлеуметтенудегі  жетістіктері  үшін  жеке 

жауапкершілікте болады.  

Консилиумның  мәжілісінде  әрбір  жеке  жағдайға  қатысты  тұжырымдама 

шешімін  талқылау  кезіндегі  қатысушылардың  қысқа  айтылымдарын 

бейнелейтін, тағайындалған ұсынымдарды орындауға жауаптылар белгіленетін 

хаттама  жүргізіледі.  Консилиум  хаттамалары  консилиум  төрағасының  іс 

қағаздарында  сақталады.  Консилиумның  ұсыныстары  директор  жанындағы 

мәжілістерде  әкімшілікке  хабарланады,  содан  кейін  педагогикалық  кеңеске 

жіберіледі.  

Консилиумның  хатшысы  балаларды  тіркеу  және  есепке  алу  журналын 

жүргізеді, бала туралы жалпы мәліметтер жинайды, консилиум мәжілістерінің 

кестесінің  орындалуын,  консилиумның  құжаттарының  мұрағатта  сақталуын 

бақылайды.  Консилиум  жұмысына  қатысушы  төраға  мен  мамандарға  балалар 

және  олардың  жанұялары  туралы  ақпараттың  құпиялылығы  туралы 

жауапкершілік жүктеледі.  

Бала  дамуының  жағымсыз  динамикасында,  консилиум  мүшелерінің 

баланы оқыту мен тәрбиелеуге қатысты бір мәнді шешім қабылдаулары мүмкін 

болмаған  жағдайда,  оқушыны  тереңдетілген  тексеруден  өткізу  үшін  ол 

психологиялық-медициналық-педагогикалық  кеңеске  жіберіледі.  Бұл  үшін 

мектептік консилиум құжаттар пакетін дайындайды, оның құрамында:  

медициналық ұсыным;  



логопедиялық ұсыным;  

психологтың ұсынымы;  



баланың педагогикалық мінездемесі (Г қосымшасы);  

баланың  ана  тілі,  математика  пәндері  бойынша  жазба  жұмыстары, 



суреттері мен баланың дербес әрекетінің басқа да түрлері;  

ата-аналарының  немесе  олардың  заңды  өкілдерінің  баланы  ПМПК-не 



тексеруге жіберуге қатысты жазбаша өтініштері.  



Қорытынды  

 

Білім  алу  үдерісіндегі  білім  алуда  ерекше  қажеттіліктері  бар  балаларды 

психологиялық-педагогикалық қолдау әр түрлі бейінді мамандардың (психолог, 

логопед,  дефектолог  мұғалім  және  т.б.)  қатысуын  талап  етеді.  Олардың 

әрекеттерін үйлестіру, бұл қызметке үйлесімділік пен мақсатты бағытталғандық 

түр  беру  үшін  білім  беру  үдерісінің  барлық  қатысушыларының  жұмысында 

командалық  тәсілдеме  қажет  болады.  Командалық  тәсілдеме  мамандар  мен 

педагогтардың  қосымша  кәсіптік  құзыреттілікті  меңгерулерін  білдіреді. 

Қажетті  құзыреттіліктер:  педагогикалық  бақылауды  жүргізе  білу,  баланың  әр 

түрлі жас шамасындағы нормативтік даму заңдылықтары мен кезеңдерін білу, 

командада  жұмыс  істей  білу,  педагогикалық  мәселелерді  және  т.б.  ұжымдық 

талқылауға қатысу.  

Бұл жерде мамандар мен педагогтардың негізінде оқушының жеке басына 

деген  терең  сыйласымдық  пен  кез  келген  балаға  көмек  көрсетудің  жоғары 

уәждемесі жататын ұстанымдарының бірдей болуы өте маңызды болады.  

Әр  түрлі  бейіндегі  мамандардың  командалық  өзара  әрекеттесулерінде 

шешілетін  мазмұндық  міндеттердің  құрамына  балаға  оқыту  үдерісінде  тиімді 

көмек пен көмек көлемін таңдау міндеті кіреді. Тағы да бір мазмұндық міндетке 

педагогтарды  әдістемелік  қолдау,  олардың  бірыңғай  пәнаралык  команда 

жағдайындағы кәсіптік жетілуі жатады.  

Консилиумды  психологиялық-педагогикалық  қолдау  қызметін  және 

педагогтарды мамандардың өзара әрекеттесуінің негізгі түрі ретінде пайдалану, 

белгіленген  екі  міндетті  де  табысты  шешуге  мүмкіндік  береді.  Мамандар 

(психолог,  логопед,  мұғалім-дефектолог)  оқушының  мәселелері  туралы  тек 

айтып  қана  қоймай,  сонымен  бірге  педагогқа  оны  жеңу  жолдарын  көрсетуге 

тиісті,  себебі  оқу  үдерісіндегі  білім  алуда  ерекше  қажеттілігі  бар  баланы 

қолдауға  байланысты  негізгі  жұмысты  педагог  атқарады.  Арнайы  білім  беру 

әдістемесін және тәсілдерін меңгерген мұғалім оларды оқыту үдерісін жоғары 

тиімділікпен қаматамасыз ете отыра, сыныптағы барлық оқушыларға қатысты 

оларды шығармашылықпен пайдалануға қабілетті болады.  

Сонымен, мектептік консилиум, оның жұмысын сөз жүзінде ғана емес, іс 

жүзінде  дұрыс  ұйымдастырған  жағдайда  ол  оқушыларды  психологиялық-

педагогикалық  қолдау  жүйесінде  ғана  емес,  сондай-ақ  мектептегі  білім  беру 

үдерісінің  сапасын  арттыру  бойынша  мәселелерді  шешуде  де  маңызды  рөл 

атқарады.  

 

 



 



Глоссарий  

 

1. 

Психологиялық-педагогичкалық  консилиум  –  бұл  білім  алуда 

ерекше  қажеттіліктері  бар  оқушыларды  психологиялық-педагогикалық 

қолдауды жүзеге асыратын, баланы қолдаудың бірыңғай стратегиясын құратын 

білім беру ұйымы мамандарының өзара әрекеттесу түрі. 



 

2. 

Білім  алуда  ерекше  қажеттіліктері  бар  балалар  –  бұлар  оларды 

тәрбиелеу  және  оқыту  жағдайында  арнайы  жағдайдың  ұйымдастырылуына 

және арнайы психологиялық-педагогикалық көмекті алуға мұқтаж балалар.  

3. 

Дамуында  мүмкіндіктері  шектеулі  балалар  (ДМШ)  –  туа  біткен, 

тұқым  қуалайтын,  жүре  пайда  болған  аурулардың  немесе  жарақаттану 

салдарынан  дене  бітімінде  және  (немесе)  психикалық  дамуында  кемшіліктері 

бекітілген тәртіпте дәлелденген балалар.  



4.  Психологиялық-педагогикалық  қолдау  –  әрбір  баланы  оның 

мүмкіндігі  мен  қажеттілігіне  сәйкес  оқыту  мен  дамытудың  табысты  болуына 

арналған  әлеуметтік-психологиялық  және  педагогикалық  жағдай  құрылатын 

үдерістегі  мамандардың  жүйелі  түрде  ұйымдасқан  бір  тұтас  қызметін 

білдіретін,  білім  беру-тәрбиелеу  үдерісіндегі  балаға  көрсетілетін  көмектің 

(қолдаудың) ерекше түрі.  



5. ПМПК – психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес.  

 

 



 

10 


Пайдаланылған және ұсынылған әдебиеттер тізімі  

 

Вильшанская  А.Д.  Школьный  психолого-медико-педагогический 



консилиум:  организационные  основы  деятельности.  –Алматы.  «Учитель» 

баспасы, 2008, - 120 б.  

Шевченко С.Г. Коррекционно-развивающее обучение. Организационно-



педагогические аспекты. Мұғалімге арналған құрал. –М.: Владос, 1999, - 136 б.  

Щербо  И.Н.  Управление  системой  коррекционно-развивающего 



образования  в  школе.  «Директор  школы»  журналының  библиотекеасы.  -М.: 

Қыркүйек, 2003 . -160 б.  

Ямбург Е.А., Забрамная С.Д. Управление службой сопровождения детей 



в условиях образовательной организации. Практикалық-бағдарлық монография. 

-

М.: Бослен. 2013. - 255 б.  



 

 

 



11 

Қосымша  

А қосымшасы  

 

№ ... мектебінде психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум 

құру туралы  

бұйрықтың жобасы  



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
бойынша жиынты
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
білім беретін
жалпы конкурс
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
дістемелік сыныстар
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мерзімді жоспар
білім беруді
дістемелік материалдар
жалпы білім
ауданы кіміні
мектепке дейінгі
конкурс туралы
облысы бойынша
рметті студент
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...