Оқ-дәрінің (патрондардың, артиллерия снарядтарының, миналардың, гранаттардың, жарылғыш заттардың) және оның бөліктерінің (капсюлдер, тұтандырғыштар, детонаторлар) жарылуынан бастап алынатын қарудың барлық түрінен салынатын жарақаттар оқ тигендегі жаралар деп саналады - Оқ-дәрінің (патрондардың, артиллерия снарядтарының, миналардың, гранаттардың, жарылғыш заттардың) және оның бөліктерінің (капсюлдер, тұтандырғыштар, детонаторлар) жарылуынан бастап алынатын қарудың барлық түрінен салынатын жарақаттар оқ тигендегі жаралар деп саналады
Мұнда оқты қарудан немесе жарылатын заттан алынған механикалық жарақаттар қарастырылады. Оқ тиген кездегі жарақаттар механикалық, химиялық, термиялық әсерден пайда болады.
Оқ тигендегі жарақаттардың пайда болуы: оқ энергиясына, зақымданған дененің анатомиялық ерекшеліктері (жұмсақ ұлпалар, сүйек, шеміршек) мен жәбірленушінің киімінің қалыңдығына байланысты.
Сот медицина сараптамасын жүргізгенде сарапшының осы жарақаттардың сипаты мен механизміне, қолданылған снаряд пен оқ атылған қаруға, атылған қашықтыққа, зақым келтірілген атыс санына, оқтың кірген және шыққан жеріне, жара жолының бағытына, т.б. қатысты бірқатар сұрақтарға жауап қайтаруына тура келеді. - Сот медицина сараптамасын жүргізгенде сарапшының осы жарақаттардың сипаты мен механизміне, қолданылған снаряд пен оқ атылған қаруға, атылған қашықтыққа, зақым келтірілген атыс санына, оқтың кірген және шыққан жеріне, жара жолының бағытына, т.б. қатысты бірқатар сұрақтарға жауап қайтаруына тура келеді.
Атылатын қару және оқ-дәрі. Атылатын қару артиллерия және атыс қаруы болып бөлінеді:
Артиллерия
Атыс қаруы
Топтық
Жеке
(қолға ұстайтын)
пулеметтер, минометтер
ұрыс винтовкалары, карабиндер, тапанша-пулеметтер, тапаншаларп мен револьверлер
спорт
шағын калибрлі винтовкалар, тапаншалар, револьверлер
арнаулы мақсаттағы
дабыл беретін тапаншалар – ракета атқыштар, старт тапаншалары
Достарыңызбен бөлісу: |