Сөзжұмбақты құрастырған:
«Ступинка негізгі мектебінің» қазақ тілі
мен әдебиет пәнінің мұғалімі Баймурзаева А.Т
Тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуінен, беттен қағар желінің есуінен тайсалмауға тиіспіз.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Сөзжұмбақ «Қазақстан»
1.Азат елдің аспаны ...... 2. Адам алаң үшін емес, тәуелсіздік үшін ..........
3. Тәуелдінің соры қалың, ......... бағы басым. 4.Тәуелсіз елдің ұлы – өжет, қызы – .........., халқы – қаhарман 5. Азат елін сүйген ұл — бақытты,
Жаңа жұртын сүйген қыз — ......... 6. Тәуелді елдің .......... болғанша, тәуелсіз елдің ұлтаны бол! 7. Тәуелсіздік – ......... тұлпарының қос тізгіні. 8. Тәуелсіздік туы — ...... 9 ....... да, қараның да рухани өзегі – тәуелсіздік.
Жауабы:
1. Ашық.
2. жаралған
3. тәуелсіздің
4. қайратты
5.бақытты
6. сұлтаны
7. тарих
8. асқақ
9. ханның
Достарыңызбен бөлісу: |