Несие және ақша-қаржы нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас бөлігін білдіреді

Loading...


Дата24.02.2020
өлшемі57.5 Kb.
ӘОЖ 336.6

К.Т. КОНБАЕВА

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті,

Өскемен қ, Қазақстан
АҚША ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ БАНК ҚЫЗМЕТІ

Несие  және ақша-қаржы нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас бөлігін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жекелеген азаматтар да пайдаланады. Ал осы маңызды болып табылатын несиелік қатынастарды ұйымдастыру, несиелік мекемелердің іс-әрекетіне тікелей байланысты.



Түйін сөздер: банк, несие, ақша қаражаттарын бақылау жолдары.
БАНКОВСКАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ НА ФИНАНСОВОМ ДЕНЕЖНОМ РЫНКЕ
Кредит и денежное финансирование являются неотъемлемой частью экономического развития как краеугольного камня рыночной экономики. Он используется всеми государственными органами, как правительством, так и правительством, а также отдельными лицами. А кредитная организация, которая имеет решающее значение, напрямую связана с деятельностью кредитных организаций.

Ключевые слова: банк, кредит, способы контроля наличных денег.

BANKING ACTIVITIES IN THE FINANCIAL MONETARY MARKET


Credit and monetary financing are an integral part of economic development as the cornerstone of a market economy. It is used by all government bodies, both government and government, as well as individuals. A credit institution, which is crucial, is directly related to the activities of credit institutions.

Keywords: bank, credit, ways to control cash.

Ақшадан кейін несиені ойлап шығару адамзаттың данышпандық табысы болып табылады. Себебі несиені пайдаланудың нәтижесінде шаруашылық қажетті және жеке қажеттілікті өтеу уақыты қысқарды. Қарыз алушы кәсіпорынның несие алу арқылы өз өндірісін кеңейтуге, ал жеке тұлғалар үшін өз ісін ұлғайтуға не облмаса қажетті заттарды болашақта емес қазір алуға мүмкіндік береді.

Несие дегеніміз – қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық негізде берілетін ақша суммасы. Қарыз капиталының немесе несиенің құрамына негізгі 3 элемент кіреді: несие беруші несие алушы несие объектісі.

Несие беруші бұл – несиелік келісімнің қарызды ұсынушы жағы. Қарыз беруші үшін кредитордың қарамағында белгілі бір қаражат болуы керек. Осы қаражатты несиелік ресурстар деп атайды. Бұл ресурстардың қайнар көзі болып өз меншігіндегі қаражат және сырттан алынған қаражат жатады. Қарыз алушы бұл - өз мұқтаждығын қанағаттандыру мақсатында несие мекемесінен қарыз капиталын алушы тұлға.

Несие объектісі – несие қатынастары құрылымының бірі, яғни несие берушіден қарыз алушыға берілетін және қарыз алушыдан кредиторға кері қозғалатын объект болып табылады. Несиенің экономиканы дамытудағы маңызы - бұл несиені қолдану әдістерін пайдаланып мемлекет пен халық үшін қол жеткізген нәтижелері.

Несиені қолдану әдістеріне оны қайтарып беру, белгілі бір мерзім аралығында пайдалану және пайдаланғаны үшін ақы төлеу жатады. Несиенің бұл ерекшеліктерінің ресурстарды тиімді пайдалануда маңызы зор.несиенің маңызы сонымен бірге оны қолдану аясы елдің экономикалық жағдайына байланысты үнемі өзгеріп тұрады.

Экономиканы орталықтан басқарудан нарықтық экономикаға өту біздің елімізде коммерциялық және ипотекалық несиелерді пайдалану жаңартылды. Сонымен бірге несие қатынастарыда несиенің көлеміде өзгерді. Акционерлік компаниялардың пайда болуы бюджеттің әр түрлі бағалы қағаздар арқылы қаржы жұмылдыруы бағалы қағаздар мен несие операциясын дамытты. Сондай-ақ несие беру тәсілдерінің жоғары сатыға көтерілуі несиенің мазмұнын арттырды.

Несиенің қызметтері және функциялары. Несиенің фукциялары кез- келген экономикалық категорияның функциясы сияқты оның мәнін ашып көрсетеді. Несиенің 5 функциясы бар: қайта бөлу, айналым шығындарын үнемдеу функциясы, нақты ақшаны несие ақшаға ауыстыру функциясы, капиталдың орталықтануын жылдамдату функциясы, ынталандырушы фукция.

1.Қайта бөлу функциясы нарықтық экономика жағдайында несие-ақша капиталын шаруашылықтың бір сферасынан екінші сферасына ауыстырып отырады. Мұндай қозғалыс көп пайданы қамтамасыз етеді. Несие макроэкономикалық деңгейдегі реттеуші ролін атқарады. Ол уақытша бос ақша қаражатын әр түрлі салалар, территориялар арасында бөлуді жүзеге асырады.

2. Айналым шығындарын үнемдеу. Өндірістік және сауда капиталының айналым процесінде уақытша бос қаражаттарды жұмылдыру арқылы несие басқа бір кәсіпорынның өз меншігіндегі қаражат жетіспеушілігінің орнын толтыруғамүмкіндік береді. Кәсіпорынның несиені негізінен айналым қаражаттарын толықтыру мақсатында алады, нәтижесінде шаруашылық субъектінің капиталының айналымдағы жылдамдығы жалпы айналым шығындары үнемделеді.

3. Несие тек қана тауарлы айналымды емес, сондай-ақ ақша айналымында вексель, чек, несиелік карточкалар сияқты несие құралдары пайда болды. Нақта ақшаны қолма-қолсыз ақшаға ауыстыру арқылы нарықтағы экономикалық қатынастар жеңілдетіледі, ақша айналымы жылдамдатылады.

4. Капиталдың орталықтануын жылдамдату. өндірістің дамуы капиталдың концентрациясымен сипатталады. Сырттан алынған капитал кәсіпкерге өндірісін ұлғайту және қосымша пайда әкелуге мүмкіндік береді. Несиеге процент төлеу қажеттілігіне қарамастан несие алу өте тиімді. Капиталды аз мөлшерде орталықтандырудың өзі жеткілікті деңгейде пайда табуға көмектеседі.

5. Ынталандырушы. Бұл несиені процент түрінде өсіммен қайтару керектігі қарыз алушыны алынған қаражатын тиімдірек қолдануға шаруашылығын тиімдірек жүргізуге ынталандырады.

Банктердің несиелік ресурстары – бұл несиеге берілетін банктің ақша қаражат қоры. Несиелік ресурстардың қайнар көзі болып банктердің өз меншігіндегі қаражаты және сырттан алынған капиталы табылады. Банктің өз меншігіндегі капиталына жарғылық қоры, тапқан пайдасы және резервтік қорлары жатады. Сырттан алынған капиталға банкке клиенттердің салған депозиттерінің суммасы, басқа кәсіпорындардан алған несиесі, кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу шотындағы қаражаты, бағалы қағаздар мен операциялардан жиналған қаржы жатады.

Банктің депозиттік ресурстары бұл ең негізгі ресурс көзі болып табылады, сонымен қатар ол ең негізгі шығын көзі, өйткені жұмылдырылған қаражат үшін банк белгілі бір мөлшерде сый ақы төлеп отырады. Банктің ресурстарының 70-80 % жуығы осы ресурс көзінен тұрады. Қысқа мерзімге қабылданған депозиттер ұзақ мерзімді несие операциялары ретінде қолданыла алмайды.

Сонымен қатар депозиттердің ішінде талап етуге дейінгі міндеттемелер болады. Талап етуге дейінгі міндеттемелердің қаражатын біз клиенттерге есеп айырысу кассалық қызмет көрсетуде қолданамыз. Бұл есеп айырысу кассалық қызмет ағымдағы операциялар болып есептеледі. Банктер сонымен қатар басқа да несие ұйымдарынан қарыз-қаражат алады. Салымшылардың категориясы бойынша барлық депозиттік ресурстар жеке және заңды тұлғалардың салымдары болып бөлінеді.

Қазіргі кезде банкке салынған депозиттер міндетті түрде сақтандырылады. Банктің барлық сырттан алынған қаражаттары несие операцияларын жүргізу үшін бос емес. Осы ресурстардың 70-75 % ғана несиеге беріледі, ал қалған бөлігі басқада активті операцияларды жүргізуге қолданылады.

Қазіргі кездегі қаржы институттарына ломбардтарды, жинақ мекемелерін, сақтандыру компанияларын, зейнетақы қорларын және т.б. жатқызамыз. Арнайы несие қаржы институттарының құрамына кіретін несие мекемелерінің бірі жинақ мекемесі несие жүйесінің көмегінсіз өз алдына капитал ретінде пайдалануға болмайтын ұсақ жинақтар мен табыстарды өзіне жинақтайды. Әр түрлі банктің жиынтығы, осы елге тән өзара байланыстығы мен банк жүйесін құрады. Банк жұйесі мынадай ерекшеліктермен сипаттандырылады:

1. Банк жүйесіне кейбір банк операциаларвна қатынасы бар, бірақ «банк» дегкн мәртебесі жоқ элементтер де кіреді. Мысалы, кейбір банк операциаларын жүргізуге рұксат алған арнаулы қаржы институттері, басқа да банктің инфоқұрылымын құратын, және оның жұмыс істеіне әсер ететін мекемелер;

2. Банк жүйесінің өзінше ерекшеліктері бар. Бұл жүйе тек өзіне тән касиеттрді көрсетеді. Оның ерекшелігі өзік құрайтын элементермен жіне олардың арасында қалыптасқан қарм-қатынастармен анықталады, әрине, банк жүйесін зерттегенде алдымен осы жүйенің басты элемені банктер көзге түседі. Өйткені, олар банк жүйесіне банктік мәнер береді.

3. Банк жүйесінің бір тұтас жүйе деп ұғыну керек өйткені жеке бөліктерінің өзара байланыстары керек болған күнде бірін-бірі ауыстыруға бейімделген. Басқаша айтқанда егер бір банк жұмысын тоқтатса оның клиенттері басқа банктерден бұрынға қызметкерін бұрынға көлемде ала-алады (пайдала аланады).

4. Банк жүйесі әр уақытта өсу және жүйесі жетілдіру жолында. Олай деуге себеп ол күн сайын жааңа компоненттермен толықтырылады банк аралық және ұлттық банкпен немесе шетелдік банктер араларында жаңа қатынастар пайда болады;

5. Банк жүйесі жабық жүйе. Өйткені, банктердің кейбір ақпараттары банкілік құпия болып есептеледі. Мысалы, банкідегі шоттағы қаржының қозғалысы, немесе қалдығы жөнінде деректерді банк тек сол шоттың иесіне, болмаса оның сенім хаты бар өкіліне ғана береді. Қазақстанның заңдары бойынша мұндай мәліметттерді тәртіп қорғау органдарының, салық органдарының өкілдеріне беріле береді, тек олардың, сол органда істейтіндігін райстайтын құжаттары болса болды.

6. Банк жүйесі өзін-өзі басқара алады. Олай дейтініміз, егер елге саяси ахуал, экономикалық жағайлар, және басқа да ахуалдар өзгеріп жатса, осыған қарай, банктер өздерінің саясатын өз бетінше, оралымдылықпен өзгарта алады. Мысалы, Ұлттық банк, екінші дәрежелі банктер үшін қайта қаржыландырудың өлшемдемесін өзгертсе, екінщі дәрежелі банктер өздерінің проценттік саясатын өзгертеді. Немесе, Үкмет үлттық валютаның бағамын анықтау тәртіптемесін өзгертсе, екінші дәрежелі банктер, ауыстыру бекеттеріндегі валюта бағымын қайта қарайды;

7. Банк жүйесі басқарылатын жүйе. Дербес заңды түлға бола түра банктер өз қызметтерін жалпы мемлекеттік және арнайы банктік заңдардың шегінен шығармайды. Олардың қызметтерін Үлттық банк реттеп отырады. Ол үшін Үлттық банк екінші дәрежелі банктер үшін экономикалық (пруденциялық) мөлшерліктер белгілейді, оларды бұзғаны үшін банктер, банк оперциясын жүргізілуге берілген рұксат қағазынан (лицнзия) айырылуы мүмкін.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



  1. «Қазақстан Республикасының банк және банк қызметі туралы» Заң күші бар Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы (06.03.1996; 11.07.1997 жылғы өзгерістер мен қосымшалар есебімен)

  2. «Акционерлік қоғамдар туралы» Заң. 13.05.2003 жылдан №415, - «Казахстанская правда» 10.07.2003 жылға

  3. «Қазақстан Республикасындағы банктік заңдар»: жүйесі, жетілдіру проблемалары, негізгі сипаттамасы/М. Алимова//Заң. -2005.-№3.30-33 б.

  4. www.afn.kz

  5. www.nationalbank.kz

  6. ҚР Ұлттық банк сайты: www.nationalbank.kz

  7. ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің сайты: www.stat.gov.kz

Конбаева Карлыгаш Туйымбековна - ст. преподаватель кафедры «Финансы и учет», магистр экономика и бизнеса, Бурова 16-51, 87472661523, E-mail: amina007_82@mail.ru


Конбаева Қарлығаш Туймебековна - «Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы, экономика және бизнес магистрі, Бурова 16-51, 87472661523, E-mail: amina007_82@mail.ru
Konbaeva Karlygash Tuiymebekovna - st. lecturer of the department "Finance and Accounting", Master of Economics and Business, Burova 16-51, 87472661523, E-mail: amina007_82@mail.ru

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
республикасы білім
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
бойынша жиынты
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
дістемелік материалдар
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
ауданы кіміні
конкурс туралы
рметті студент
жалпы білім
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
білім беруді
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
дістемелік кешен
мелетке толма
директоры бдиев
аласы кіміні

Loading...