Немқұрайдылық



бет1/2
Дата06.03.2021
өлшемі1.46 Mb.
  1   2

Қылмыс

Қасақана


Абайсыздық

Тікелей


Жанама

Менмендік

Немқұрайдылық

Кеп жағдайларда қылмыс бір ғана қылмыс нысаны арқылы істеледі. Кейбір жағдайларда  қылмыс құрамында кінәнің екі  нысаны қасақаналық және абайсыздық кездесуі мүмкін. Қасақаналық және абайсыздық қабыстырылған ретте  қылмыс-ты іс-әрекетгің істелуі қасақаналықпен, ал қылмыстың нәти-жесінен болар зардап абайсыздыкпен сипатталады. Мұндай қылмыстарда кінәнің бір нысаны әрекет немесе әрекетсіздік жөнінде бөлек орын алса, ал екінші бір нысаны іс-әрекетпен туындайтын кылмыстың зардабы жөнінде бөлек орын алады.

     Яғни, бір қылмыс құрамында кездесетін кінәнің, осындай екі бірдей нысанының  қабаттасуын кінәнің екі түрімен  істелген қылмыс деп айтамыз. Қылмыстық  қүқық теориясында оны кейде, «екі жақты» немесе «күрделі», «аралас» кінә нысандары деп те атайды. Бұл аталған терминдердің түпкі мәні біреу — ол бір қылмыс құрамында кінәнің екі бірдей нысаны — қасақаналық және абайсыздықтың қатар қабаттас болатындығын көрсету болып табылады. Қылмыстық кодекстің 22-бабы кінәнің екі нысанымен жасалған қылмысқа мынадай анықтама береді: егер қасақана қылмыс жасаудың салдарынан заң бойынша неғүрлым катаң жазаға әкеп соқтыратын және адамның ниетімен қамтылмаған ауыр зардаптар келтірілсе, мұндай зардаптар үшін қылмыстык жауаптылық, егер адам олардың пайда болатынын алдын ала білсе, бірақ осыған жеткілікті негіздерсіз оларды болдырмауға менмендікпен сенген жағдайда немесе егер адам бұл зардаптардың пайда болуы мүмкін екенін алдын ала білмесе, бірақ болжауға тиіс және болжай алатын болған жағдайға ғана пайда болады.

 Қасақаналықтың  мазмұны Қылмыстық кодекстің  20-шы бабының 1-ші бөлімінде  көрсетілген. Мұнда «тікелей немесе  жанама  ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп  танылады» делінген.

Қылмысты  қасақана істеу тікелей немесе жанама қасақаналықпен жүзеге асырылады.

     Қылмыстық занда және сот-тергеу практикасында  ең көп кездесетін кінәнің нысаны қасақаналық болып табылады. Кінәнің касақаналық нысанын дәлме-дәл анықтаудың зандылық маңызы ерекше. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсанда қабылдаған «Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекетгер үшін жауапкершілікті реттейтін зандарды соттардың колдануы туралы» қаулысында басқа да мән-жайларды анықтаумен бірге соттар жаза тағайындағанда қасақаналық түрін, істелген қылмыстың ниеті мен максатын ескеруге міндетті, деп көрсетілген. Қасақаналықтың мазмұны Қылмыстық кодекстің 20-бабының 1-бөлігінде көрсетілген. Мұнда;«тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет касақана жасалған қылмыс деп танылады» делінген.

     

Қасақаналықтың  интеллектуалдық элементін сипаттайтын  бір қажетті белгісі, қылмыс субъектісінің  өзінің әрекетінен немесе әрекетсіздігінен болатын зиянды зардабын болжауы  болып табылады. Егер айыпкер мұндай зардаптың болуын болжамаса және болжауға мүмкіндігі болмаса, ол қылмыстық жаза-лауға тартылмайды. Қоғамға зиянды зардаптың тууын болжау деп кінәлінің өзінің іс-әрекетінен туындайтын, қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға келтірілетін зиянды оймен елестету болып табылады. Тікелей қасақаналықта болжаудың мазмұнын іс-әрекеті арқылы келтірілген зардаптың накты түрлері, оның қоғамға зияндылығы, сондай-ак, осы іс-әрекетпен келтірілген зардаптың арасындағы себепті байланыстың өрбуі сияқты белгілер құрайды.



     Тікелей қасақаналықта қоғамға қауіпті  зардаптың тууының болмай қалмайтындығы  болжанады. Белгілі бір зардап келтіруге ниет еткен адам езінің ниетінің сөзсіз іске асатындығына кәміл сенеді және туындайтын зардапты ой-сана арқылы елестетіп, оның сөз жоқ болмай қалмайтындығына кез жеткізеді. Кейбір реттерде ғана тікелей касақаналықпен кылмыс істеген-де қоғамға қауіпті зардап сөзсіз болатын түрде емес, тек қана нақты мүмкін болатын зардап ретінде болжануы мүмкін.

     Мысалы, жүріп келе жатқан поездан жәбірленушіні  лактырған адам өзінің қылмысының нәтижесі — құрбанының өлуі немесе оның кез  келген дәрежедегі дене жаракатын алатындығын сезеді. Мұндай жағдайда істелген әрекеттің нәтижесінен кісі өлімін тілеу занды құбылыс болғанымен, кісі өлімініңорын алуы сөзсіз түрде емес, бірақта әйтеуір жүзеге асатындай болып елестейді немесе кінәлі адам езінен біршама кашықтықта тұрған адамды әдейілеп кездеп атқанда, ол жәбірленушінің өлуінің нақты мүмкін болатынын ғана болжайды.

 Тікелей  қасақаналық дегеніміз- егер адам өз іс  - әрекетінің  қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары  болуының  мүмкін екенін немесе  болмай қоймайтынын алдын-ала білсе және  осы зардаптардың болуын тілесе , қылмыс  тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады.

      Жанама  қасақаналық- дегеніміз – егер адам  өз іс-әрекетінің  қоғамға қауіпті екенін ұғынып , оның  қоғамдық қауіпті зардаптары  болуы мүмкін екенін алдын ала білсе , осы зардаптардың   болуын  тілемесе де, бұған саналы түрде  жол берсе  немесе  бұған немқұрайды қараса   қылмыс  жанама ниетпен жасалған қылмыс деп танылады.

      Жанама  қасақаналық тікелей  қасақаналықтан тек тілеу белгісі бойынша  ажыратылады

Орта  есеппен әрбір оныншы кылмыс абайсыздықпен істеледі: осыған орай оның зияндылығы немесе баскадай теріс әсері жоқ деп санауға болмайды. Кейбір жағдайларда абайсыздықпен істелген қылмыстардан келетін зардаптардың жүгі ауыр, тауқыметі аз болмайды.

     Техниканың, тұрмыстық химияның, көліктің әр түрінің дамуының, экология саласындағы жол берілетін ұкыпсыздық салдарынан болатын абайсыздық кылмыстары туралы жауаптылық мәселесі қазір уақытта ең көкеитесті мәселелердің бірі болып отыр.

     Абайсыздықпен істелетін қылмыс негізінен жауапсыздықтан, байқаусыздықтан, өзінің кәсіптік немесе басқадай міндеттеріне немкетгілікпен, енжарлықпен караудан, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауға жете көңіл бөлмегендіктен, сондай-ақ өзіне жүктелген кінәлі адамдардың кәсіби шеберлігінің, тәжірибесінің, білімінің жетіспеуінен немесе басқадай себептерге байланысты болады.

     Абайсыздық  туралы ұғым Қылмыстық занда берілген . Онда менмендікпен немесе немқұрайдылықцен жасалған әрекет абайсызда жасалған қылмыс деп танылады делінген. Яғни, кінәнің абайсыздық нысаны екі түрге — менмендік және немқүрайдылық болып бөлінеді. Егер адам өз іс-әрекетінің қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірак бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасалған қылмыс деп танылады.

Менмендікпен  әрекет істеген адам әр уақытга да зардаптың болуы мүмкін екенін сезеді және оны тойтаруға әрекет жасайды. Яғни, қылмысты менмендікте кінәлі адам өзінің қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздігінің зиянды екенін түсінеді. Осы айтылған екі белгі қылмысты менмендікпен істеуді қылмысты жанама қасақаналықпен істеуге жакындастырады. Яғни, өзінің интеллектуалдық элементі бойынша менмендіктің жанама қасақаналықпен аздаған ұқсастығы бар. Абайсыздықпен істелетін қылмыс негізінен жауапсыздықтан, байқаусыздықтан, өзінің  кәсіптік немесе басқадай міндеттеріне  немкеттілікпен, енжарлықпен қараудан, адамдардың өмірімен денсаулығын қорғауға жете көңіл  бөлмегендіктен, сондай-ақ өзіне  жүктелген кінәлі адамдардың кәсіби шеберлігінің тәжірибесінің,  білімінің жетіспеуінен немесе басқадай себептерге байланысты болады.

     Қылмысты  менмендікте адамның санасы мен  еркі өзінің іс-әрекеті арқылы болуы  мүмкін. Теріс зардапқа немқұрайды карап отырмай, қайта оны тойтаруға, болдырмауға бағытталады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде