Негізгі бөлім Қоршаған ортамен байланысы

Loading...


Дата26.06.2020
өлшемі35.29 Kb.
Жоспар

Кіріспе


Негізгі бөлім

  1. Қоршаған ортамен байланысы

  2. Топтары

  3. Қоршаған ортаға бейімделушілігі

  4. Таралу жолдар

  5. Маңызы

  6. Мүктәрізділер бөлімі

  7. Папортник тәрізділер бөлімі

  8. Жалаңаш тұқымдылар бөлімі

  9. Жабық тұқымдылар немесе гүлді өсімдіктер

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Өсімдіктердің 375 000-ға жуық түрі бар. Өсімдіктер тұқымтобының ең үлкені - гүлдейтін немесе жабық тұқымды өсімдіктер. Олардың 250 000-нан астам түрі бар. Өсімдіктер күн сәулесінің көмегімен (фотосинтез) өз қорегін табады. Саңырауқұлақтар бұрын өсімдіктер қатарына жатқызылатын, алайда өз қорегін өндірмейтін болғандықтан, қазір олар жеке класқа жіктелген. Олардың 100 000-ға жуық түрі бар.



Топтары

20 ғасырдың ортасына дейін өсімдіктерді төмен сатыдағы (бактериялар, балдырлар, кілегейлілер, саңырауқұлақтар, қыналар) және жоғары сатыдағы өсімдіктер (ринийлер, мүктәрізділер, псилофиттер, плаунтәрізділер, қырықбуындар, қырыққұлақтәрізділер, ашықтұқымдылар және гүлді өсімдіктер не жабықтұқымдылар) деп бөлді. 20 ғасырдың аяғында бактериялар мен саңырауқұлақтар өз алдына жеке патшалық болып бөлінді. Соңғы жүйеленім бойынша өсімдіктер 3 патшалық тармағына жіктеледі:



  • қызыл балдырлар

  • нағыз балдырлар

  • ұрықты не жоғары сатыдағы өсімдіктер.

Өсімдіктерді топтарға біріктіргенде олардың біріне-бірінің ұқсастықтары немесе айырмашылықтарын көрсететін белгілер пайдаланылады. Солар арқылы өсімдіктердің біріне-бірінің туыстық жақындықтарының деңгейі анықталады.

Құрылымы, тіршілік етуі жағынан бірдей және өз ата-енелеріне ұқсас, жеміс беретін, ұрпақ түзе алатын дарақтар бір түрге жатқызылады.

Құрылысы жағынан ұқсас түрлер туысқа біріктіріледі. Жақын туыстар бір тұқымдасқа олардың әрқайсысын қандай да бір класқа жатқызады.

Өсімдіктер жамылғысы

Құрлық бетінде өсімдіктер жамылғысы бірдей емес. Олар жерге түсетін ылғалдың мөлшеріне және осы ылғалдың маусымға байланысты қаншалықты жауатыңдығына қарай мәңгі жасыл (жаңбырлы) ормандар, ылғалдығы құбылмалы болып келетін, жапырақтары түсіп отыратын ормандар, ксерофильді сирек ағашты ормандар мен бүталарды, саванналарды, ал суы тасып отыратын теңіздің жағалауларында — мангр ағаштарынан тұратын ормаңдар түзеді. Экватордан солтүстікке қарай жасыл өсімдіктердің жолағынан кейін, аса үлкен ормансыз кеңістіктер — шөл, шөлейт, приерии орналасады. Біршама биік ендікте қайтадан мәңгі жасыл ормаңдардың жолағы кездеседі. Бірақ олар тропиктердегі секілді жапырақты ормандар емес қылқан жапырақты (тайга) ормаңдар болып келеді. Тайгадан солтүстікке қарай, полюстың айналасында (цикумполярно), тундра мен солтүстік мұзды мұхиттың салқын суы созылып жатады. Экватордан оңтүстікке қарай құрлық біршама аз болады. Полюстерге жақын жерлерде және биік таулардың басында мәңгі мұздар мен қарлар жатады. Мүңдай түрлі-түсті өсімдіктер жылдың әртүрлі кезеңдеріне қарай, әсіресе қыста, құрлықтың (континенттің) үлкен кеңістігін, шамамен 40° с.е. және одан жоғары қарай қар басқан кезде, көп өзгеріске ұшырайды.

Қоршаған ортамен байланысы

Өсімдіктердің өмірі қоршаған ортамен, әсіресе топырақпен және климатпен тығыз байланыста болады. Жасыл өсімдіктер ауадан көмірқышқыл газын, күннен — энергияны, ал топырақтан — су мен минералдық тұздарды алады. Көмір қьшқыл газының ауадағы мөлшері 0,03%-тен аспайды, ал өсімдікке қажетті тұздар мен судың мөлшері топырақтың құрамында өте аз және шашыраңқы түрде болады. Осылардың барлығы өсімдіктің сору мүмкіңдігінің үлкен (жоғары) болғанғындығын қажет етеді. Эволюцияның барысында өсімдік өзінің вегетативтік денесін сыртқы ортамен қарым-қатынаста болатындай аса үлкен көлемге дейін (жапырақтарын ауамен, тамырларын топырақпен), жоғары деңгейде жетілген жануарлардан бірнеше есе артық ұлғайтқан. Өсімдіктің тіршілік ортасының өзгеруіне тез және ерекше назіктікпен жауап беруінің өзі осыған байланысты болады. Сонымен бірге өсімдіктердің өзі тіршілік жағдайының барысыңда, өздерін қоршаған ортаны өзгертеді. Орманның жыл өткен сайын биікке көтеріліп, аса қалың жасыл шымылдьгқ (полог) түзетіні белгілі. Бұл бұталар мен шөптесін өсімдіктер жабыны үшін, орман ішінің жағдайын өзгертеді.

Қоршаған ортаға бейімделушілігі

Тау етегіндегі тегістіктен, тау басына көтеріле отырып, өсімдіктер қауымдастықтарының ғана емес (шөлейт, орман, және альпі белдеулері, тундра), сонымен бірге жақын түрлердің, кейде тіптен бір түрдің өзінің тіршілік формасының структурасының басқаша өзгеретіндігін (трансформациясын) айқын аңғаруға болады. Таудың жоғарғы белдеулерінің ерекше климаты мен топырақ жағдайларының өсері (салқындықтың, физиологиялық құрғақшылықтың, жарықтың сапалығы және т.б.) ағаштар мен бұталардың жатаған аласа формаларының қалыптасуына, биік шөптесін өсімдіктердің жартылай жертаған және жертағандар түзуіне өкеліп соқтырады. Өсімдіктердің структурасы мен физиологиялық қасиеттерінің өзгеруін Памирдің теңіз деңгейінен 3600 м. биіктігінде отырғызылған өсімдіктерде жан-жақты зерттелген. Өсімдіктердің құрылысының, оның ішінде анатомиялық құрылысының өзгеруімен бірге, олардың құрамындағы қант пен витаминдердің де консентрациясының жоғарылағандығы байқалған. Соған байланысты таудың жоғарғы белдеулерінің жем-шөптік өсімдіктерінің құнарлығы аса жоғары болады. Өсімдіктердің қоршаған ортаға бейімделушілігін тек таудың жағдайынан ғана емес, сонымен бірге, әр уақытта, түрлер жаңа ортаға (қарама-қарсы жағдайға) тап келгенде байқауға болады. Бұл өсімдіктің табиғи өсетін ортасының өзгеруіне байланысты және оны мәдени жағдайға ендіргенде (при интродукции1) байқалатын құбылыс. Кейбір сор топырақта өсетін өсімдіктер (теңіз қышасы-горчица морская ; шөптесін бұзаубас сораң-солерос травянистый) құрамында тұзы жоқ топырақтарда, сор топырақта өсетін өсімдікке тән белгілерін, мысалы, жапырақтарының етженділігін (суккуленттігін) жоғалтады.

Таралу жолдар

Өсімдіктер жер шарына кең таралған. Олардың құрғақшылыққа төзімді вегетативті органдары бар және қолайсыз климаттық жағдайда өсуге бейімді. Олар жәндіктер арқылы тозаңданып, тұқымдары мен жемістері жануарлар арқылы таралады.

Маңызы


Өсімдіктердің халық шаруашылығында және ғылыми медицинада кеңінен қолданылатын түрлері көптеп кездеседі. Олардың ішінде көкөністік, жеміс-жидектік, балды, майлы және техникалық түрлер де бар. Ағаш тәрізді формалары құрылыс материалдары ретінде аса құнды. Әртүрлі үй жиһаздарын жасайды. Бұлардың бірқатары сәнді өсімдіктер. Тынымбақтарды, саябақтарды, көшелерді, тіптен жұмыс орындарын көгалдандыруға пайдаланады.

"Эндемик"

қоңыржай-құрғақ және құрғақ дала;кәдімгі және оңт. қара топырақтағы алуан түрлі шөптесін – бозды белдем;

қоңыржай-құрғақ және жылы-құрғақ белдем–күңгірт қара-қоңыр және қара-қоңыр топырақтардағы бетегелі-бозды дала;

шөлейт құрғақ, қоңыржай ыстық белдем – ашық қара қоңыр топырақтағы жусанды-бозды дала.

Шөлді аймақ – жалпы аумағы 124,6 млн. га. Өзіне тән өсімдік жамылғысы алуан түрлі, 2500 – 2800 түр бар, олардың ішінде 200 – 215 түрі – эндемиктер.

Шөлді аймақ 5 белдемге ажыратылады:

солтүстік далалы жердегі құрғақ, қоңыржай-ыстық шөлдер – аумағы 40 млн. га., немесе еліміздің жер аумағының 14,7%-ы. Өсімдік жамылғысы астық-тұқымдасты – жартылай бұталы (боз, еркекшөпті-жусанды) шөлдер мен құмдақ-бұталы (жүзгін-раң-шағыржусан-еркекшөпті) шөлдер тарайды;

орталық (солтүстік тұрандық) өте құрғақ, ыстық шөлдер – аумағы 51,2 млн. га, немесе республика жерінің 18,9%-ын алып жатыр. Бұл жерлерде жартылай бұталы (жусанды, бұйырғынды, изенді), сексеуілді, бұталы (қоянжын-жүзгінді) өсімдік жамылғысы дамыған;

оңтүстіктегі өте құрғақ, ыстық шөлдер – аумағы 30,3 млн. га, немесе Қазақстанның 11,1%-ын алып жатыр. Бұл жерлерге эфемероидты – жартылай бұталы (сұр-жусанды, эфемерлі), ал дөң және тізбектелген аллювийлі – эолды құмдарда бұталы-сексеуілді-эфемероидты (сексеуіл-қоянжын-жүзгінді) өсімдік жамылғылары тән;

тау етегіндегі құрғақ, өте ыстық шөлдер – аумағы 3,2 млн. га немесе Қазақстанның 1,2%-ы. Негізінен эфемероидты ірі шөптесін-жартылай бұталы өсімдіктер өседі;

тау етегіндегі өте құрғақ шөлдер – аумағы 11,6 млн. га, немесе республиканың 4,3%-ын алып жатыр. Эфермероидты-псаммофиттік бұталы өсімдік жамылғысы тән.

Қазақстан аумағы 18,6 млн. га, яғни республика жерінің 7%-ы. Бұл ретте есепке алынып отырғаны 4 – 5 биіктік белдеулі биік таулар ғана. Таулы экожүйелердің флорасын 3400 – 3600 түр құрайды деп шамаланады. Оның ішінде 540 – 570 түр эндемик болып табылады. Тек Қаратаудың флорасында 165 – 170 эндемик түрлер бар. Олардың ішінде, шыршалы (шренктік шырша, сібірлік шырша); май қарағайлы, самырсынды (сібірлік самырсын, сібірлік майқарағай); қылқан жапырақты ормандарды; алмалы (Сиверс алмасы, қырғыз алмасы), өрікті (кәдімгі өрік), қайыңды-теректі (түкті қайың, көк терек) – жапырақты ағаш ормандарды атап өтуге болады. Таулы экожүйелерде итмұрын мен бөріқарақаттың (зеректің), аршаның, қылшаның, бетегенің, сарыкүйік қауымдастықтары да кең тараған. Қазақстанның табиғи флорасы – пайдалы өсімдіктердің қайнар көзі. Мұнда жем-шөптік өсімдіктердің 700-ден астам түрі, дәрілік өсімдіктердің 400-ге жуық, әсемдік-безендірушілік 700 – 800, ширнелік (300-ден астам), эфир-майлық (450-ге жуық), улы-зиянды (250-ден астам) өсімдіктер түрлері бар."Дала қызғалдақтары"

Қазақстанның жазық бөлігі орманды далалық, дала, шөлейт және шөл белдемдеріне (аймақтарға) ажыратылады. Орманды далалық аймақ – республика жер аумағының 2,04%-ын алып жатыр, 54Әс.е-тен жоғары Көкшетау мен Петропавл қалаларының маңында орналасқан. Орман түзуші түрлер: жылауық қайың, талдың бірнеше түрлері, бұталардан: итмұрын, тобылғы, далалық шие, т.б. бар. Бұл белдемнің шалғындық және далалық телімдерінде алуан түрлі шөптесін өсімдіктер мен астық тұқымдас шөптер басымдылық ететін қауымдастықтар таралған. Бұл аймақ 2 белдемге бөлінеді: 1) оңтүстік ылғалы аз қоңыржай жылы орманды дала белдемі – сұр ормандық топырақта қайыңды-теректі, теректі ормандар, ал қара топырақта шалғынды-далалық экожүйелер орналасқан; 2) қоңыржай құрғақ шоқталған орманды дала белдемі – қайыңды-теректі шоқ ормандар мен қара топырақтағы алуан-түрлі және астық тұқымдасты шөптесін өсімдікті далалық экожүйелер таралған.

Далалық аймақ еліміздің жер аумағының 28%-ын алып жатыр, аумағы 110,2 млн. га, батыстан (Еділ-Жайық өзендері аралығынан) шығысқа қарай (Алтай-Тарбағатай тау бөктері) 2500 км-ге созылып жатыр. Далалық флораның құрамында 2000-нан астам түр бар деп шамаланады. Оның 175-і – эндемиктер. Негізгі басым түрлер: қау (боз), сонымен қатар бетеге, тобылғы, қарағай, аласа бадам.

Қазақстан[1] да өсімдіктердің 6 мыңдай түрі бар. Оның 2 мыңнан астамы балдырлар, 5 мыңдайы – саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы – қыналар, 500-ге жуығы мүк тәрізділер және 6 мыңнан астамы – жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктер. Қазақстан микрофлорасының (саңырауқұлақтар) құрамындағы түрлердің 4,8%-ы эндемик болып табылады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің түр байлығы, интродукцияланған, мәдени дақылдар мен кездейсоқ әкелінген 500-ден аса түрлерді қоспағанда, 161 тұқымдасқа, 1120 туысқа жататын 6100-ге жуық түрден тұрады. Оның ішіндегі 730 түр тек Қазақстанда өсетін – эндемиктер. Бұлардың ішіндегі ең ерекше 12 монотипті туыс бар: физандра, рафидофитон, жалған шөлмасақ, жалған шандра, боченцевия, канкриниелла, тобылғыгүл, птеригостемон, пастернаковник, тоғайя, недзвецкия, шолақтауия. Қазақстан флорасындағы түрлердің басым бөлігі 15 тұқымдасқа топтасқан. Алғашқы құрлықтық өсімдіктердің қалдықтары Оңтүстік Балқаш өңірі мен Бұрынтауда жоғарғы ордовиктік қатпарлардан табылған. Олар плаун тәрізділерге жататын Akdalophyton caradockі пен қырықбуынға жататын – Sarіtuma tatjanae. Бұлар шамамен 450 млн. жыл бұрын тіршілік еткен.

Республикамыздың қазіргі флорасы эоцендік субтропиктік (36 – 58 млн. жыл бұрын), олигоцендік орманды-мезофильдік (26 – 35 млн. жыл), неогендік ежелгі жерортатеңіздік таулы-ксерофиттік, субтропиктік-ксерофитті бұталық және миоцен-плиоцендік алғашқы далалық (13 – 25 млн. жыл), плейстоцендік (2 млн. жыл) флоралардың негізінде қалыптасқан.

Өсімдіктердің

Қазақстан

жерінде таралуы, түрлер мен эндемиктердің топтасуы, табиғи аймақтар мен таулық белдеулерде әр түрлі. Республиканың осыншама бай өсімдіктер дүниесі түрлердің биологиялық, экологиялық, эволюциялық ерекшеліктеріне байланысты әр түрлібірлестіктер мен қауымдастықтарда жүйеленген. Жер бетінде өсімдіктің көптеген түрлері өседі. Өсімдіктердің көптүрлілігі сондай әр түрдің атын атап, тізіп айту қиын. Ғалымдардың есептеу бойынша біздің елімізде 6000-нан астам өсімдік түрі өседі екен. Өсімдік тұқымынан өсіп өнеді. Біртіндеп сабағы, жапырағы, гүлдері, жемістері пайда болады. Көптеген өсімдіктердің сабағы мен жапырақтары күзде қурайды. Өсімдіктер тірі ағза болғандықтан тіршілік етудің барлық кезеңдерінен өтеді. Олар көбейеді, қоректенеді, өседі, қурайды. Бұл өсімдіктердің тірі организм екенін дәлелдейді. Қыналар бөлімі Өңдеу

Толық мақаласы: Қыналар

Қыналар – өсімдіктердің ішіндегі ең көп тараған, күй талғамайтын, ерекше құрылысты организмдер тобы. Бұлар – балдырлар мен саңырауқұлақтардың селбесіп тіршілік етуінің нәтижесінде құралған морфологиялық, физиологиялық және экологиялық өз алдына жеке қасиеттері бар өсімдік. Қыналардың морфологиялық құрылысы мен көлемі – алуан түрлі.

Мүктәрізділер бөлімі Өңдеу

Толық мақаласы: Мүктәрізділер

Мүктәрізділер — жоғары споралыларға немесе архегонийлерге жататын өсімдіктер. Қылқанды жапырақты дымқыл ормандар мен шалғындықта өсетін аласа өсімдік. Құрылысы қарапайым: тамыр болмайды, көпшілігінің денесінде жапырағы мен сабағы ғана бар. Анатомиялық жағынан олардың денесі белгілі ұлпаларға жіктелмеген. Денесінің вегетативтік бөлімдерінің ұшында көптеген жыныс мүшелері (антеридий, архегоний) дамып жетіледі. Мүктердің ұрықтануы тек сулы ортада ғана жүзеге асады. Мүктердің жыныс мүшесі орналасқан вегетативтік денесі мүктің жынысты ұрпағы, ол гаметафит деп аталады, ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан спорогон (спорогоний) дамып жетіледі. Спорогон мүктің жыныссыз ұрпағы болады да, ол спорофит деп аталады. Мүктердің дамуында екі ұрпақ дұрыс ауысып отырады да, бұлардың басым болып келетіні жынысты ұрпағы – гаметофит, ал жыныссыз ұрпағы-спорофит бірнеше күн өсіп тұрады да, гаметофитке мүлде тәуелді болады. Бауыр мүктер класы. Маршанциялар қатары. Талломдарының ерекшеліктері. Жапырақ сабақты мүктер немесе мүктер класы (Musci, Bryopsida). Сфагнум мүктер қатары. Сфагнум туысы. Экологиясы, таралуы, маңызы. Жасыл мүктер қатары. Жасыл мүктердің алуан түрлілігі. Өкілдері: көкек зығыры, фунария, дикранум.

Псилофиттер бөлімі Өңдеу

Риниофиттғердің тіршілік еткен уақыты. Риниофиттер жоғары сатыдағы өсімдіктердің қарапайым және ең көне тобы өкілдері: риния, хорнеофитон.

Плаун тәрізділер бөлімі Өңдеу

Спорофиттік мүшелері – тамыры, сабағы және спираль жиі орналасқан жасыл жапырақтары болады. әртүрлі споралылық. Плаундар қатары. Түйреуіш тәрізді плаун тең споралы плаун. Селагинеллалар қатары. әр түрлді споралы өкілі селагинелла. Полушниктер қатары. Спорофитінің құрылысы. Плаун тәрізділердің шығу тегі және эволюциясының негізгі бағыттары.

Қырық буындылар немесе бунақтылар бөлімі Өңдеу

Қырықбуын сабағының буын аралығы қамыстікі сияқты қуыс болады. Сабағы буын және буын аралықтарынан тұрады. Спорангийлері спорангоифорларда болады,бұл спорофилдерге гомологты болып табылады. Спорангийлерде споралар дамып жетіледі. Қырық буындылар қатары. өкілі дала жылбұрыны немесе дала қырық буыны. Папортник тәрізділер бөлімі немесе полиподиофиттер.

Папортник тәрізділер бөлімі Өңдеу

Папортниктәрізділер – жоғары сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көне тобы. Олар көбіне көлеңкелі, ылғалды ормандарда және дымқыл жыраларда өседі. Папортник тәрізділердің қысқа сабағы, жалпақ, қауырсынды жапырақтары және тамыры болады. Тең споралы және әр түрлі споралы болып бөлінеді. Ужовниктер класы. Ужовник және гроздовник құрылысының ерекшеліктері, қарапайым белгілері. Нағыз папортниктер класы. Полиподиидтер қатары. Тіршілік формалары. Сорустар мен спорангийлер құрылысы және орналасуының әр түрлілігі. Өскіншелер құрылысы. Өкілдері: аталық папортник, орляк т.б. Сальвиниялықтар қатары.Сальвиния туысы. Споракарпийлер, спорангийлер. Микро және мегаспоралардың өсуі. Өскіншелер құрылысының ерекшеліктері. Ұрықтану. Ұрықтың дамуы. Папортник тәрізділердің шығу тегі, эволюциясының негізгі бағыттары. Тең споралылықтан әр түрлі споралыққа өтудің биологиялық маңызы.

Жалаңаш тұқымдылар бөлімі Өңдеу

Жалаңаш тұқымдылар – тұқым мен тұқым бүрі жеміс жапырақшасының үстінде жалаңаш (ашық) жататын жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлерінің тұқым мен тұқым бүрі жабық тұқымдылардікіндей аналық керегемен қапталмайды. Сонымен қатар жалаңаш тұқымдыларда гүл серігі болмайды.

Жабық тұқымдылар немесе гүлді өсімдіктер Өңдеу

Толық мақаласы: Гүлді өсімдіктер

Жабық тұқымды өсімдіктердің басты ерекшелігі – гүлінің, жемісінің болуы, гүлінде аналықтың болуы. Спорофиттегі споралар түрі өзгерген өркен – гүлдерде пайда болады. Микроспоралар тозаңқаптағы тозаң ұясында, ал мегаспоралар аналық түйініндегі тұқым бүрінде дамып жетіледі.споралар спорангий ішіндегі гаметофиттерде өсе бастайды. Аталық гаметофит-тозаң – екі клеткадан, ал аналық гаметофит-ұрық қалтасы – сегіз клеткадан тұрады. Жынысты көбеюдің нәтижесінде тұқымбүрінен эндоспермді тұқым, оның хромосомы триплоидты болып келеді. Ал аналық түйіннен және гүлдің басқа бөліктерінен – жеміс пайда болады. Жабық тұқымды өсімдіктердің тіршілік түрлері – ағаш, лианалар, бұталар, шөптесін (көп, екі және бір жылдық) болып бөлінеді. Жабық тұқымдылар екі класқа бөлінеді: дара және қос жарнақты өсімдіктер болып. Гүл, оның шығу тегі. Тозаңдану. Ұрық қалтасының құрылысы. Қосарынан ұрықтану. Жеміс, оның биологиялық маңызы. Жабық тұқымдылардың шығу орны, пайда болған уақыты. Гүлді өсімдіктердің әр алуандығы. Қос жарнақтылар класына жалпы сипаттама. Эволюциясының негізгі бағыттары.

Өсімдіктер систематикасы — осы кезде өскен және қазбадан табылған өсімдіктерді туыстық жақындығына қарай систематикалық топтарға бөлетін ботаника ғылымының бір саласы. Өсімдіктер систематикасысының алдына қоятын мақсатына сай флористикалық немесе классификациялық, систематикалық, филогенетикалық зерттеу салалары бар.

Қорытынды

Классификациялық өсімдіктер систематикасы әр түрлі өсімдік организмдерін ұқсастық және ерекшеліктеріне қарай таксон деп аталатын топтарға жіктейді. Классификациялық зерттеулерінің негізіне «түр» таксоны алынады. Бір-бірімен туыстық тегі жақын түрлер туысқа, ал бұлар тұқымдасқа біріктіріледі. Мысалы, әр түрлі астық тұқымдас өсімдіктер (бидай, қара бидай, атқонақ, бетеге, қоңырбас т,б,) бір тұқымдасқа топталынады. Бір-бірімен туыстығы жақын тұқымдастар қатар деп аталатын ірі топқа, ал қатарлар бұдан ірі топ - класс және бұның өзі бөлімге біріктіріледі. Өсімдіктер систематикасыжетік болуы үшін белгілі бір таксон ішіндегі топтты ұқсастығы мен айырмашылығына қарай 1-2 немесе бұдан да көп тармаққа топтап жіктеледі. Мысалы, түр құрамында түр тармағы, географиялық нәсіл, туыс таксонында туыс тармағы т.с.с. болады.

Дүние: Өсімдіктер

Бөлім: .......

Класс: .......

Қатар: .......

Тұқымдас: .......

Туыс: ......

Түр: ......

Филогенетикалық өсімдіктер систематикасы барлық таксондар ішінде, түр құрамындағы таксондар арасындағы туыстық қатысты, әр түрлілігін, әр таксонның пайда болу тегін зерттейді. Филогенетикалық өсімдіктер систематикасы өсімдік дүниесі жүйесін құруға әр түрлі ғылым салалары (эмбриология, экология, физиология, биохимия т.б.) деректерін пайдаланады.

Пайдалылған әдебиеттер.

1. Г.С. Калинова, А.Н. Мягкова, Методика обучения биологии. М: «Просвещение», 1989 ж.

2. Ю.П.Лаптев. Рассказы о полезныхрастениях. М: «Просвещение», 1982 ж.

3. Қазақстан мектебі. №11, 12. 1992 ж.

4. Биология. Атамұра 2002 ж.

5. Биология, География, Химия №11, 12. 1999 ж.

6. Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы. 1-том.



7. Жетісу энциклопедия. Алматы Арыс баспасы 2004-712 бет.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
республикасы білім
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
бойынша жиынты
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
Мектепке дейінгі
ауданы кіміні
конкурс туралы
рметті студент
облысы бойынша
жалпы білім
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
Конкурс жариялайды
білім беруді
дарламасыны титулды
разрядты спортшы
мелетке толма
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
директоры бдиев
аласы кіміні

Loading...