«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының


 Тоқсандық жиынтық бағалауға модерация өткізу тәртібі



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата11.06.2022
өлшемі307.28 Kb.
#268066
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Критериалды багалау ережеси НЗМ

4. Тоқсандық жиынтық бағалауға модерация өткізу тәртібі
 
31. Тоқсандық жиынтық бағалауға модерация өткізу бағалауды стандарттау 
мақсатында оқушылардың жиынтық жұмысының нәтижесін талқылауға 
арналған.
32. Модерация бір пәннен сабақ беретін мұғалімдермен бірге параллель 
сыныпта өткізіледі.
33. Модерация әр тоқсанның соңында өткізіліп отырады. Тоқсандық 
жиынтық бағалау жұмысы мен модерация өткізудің арасы 3 жұмыс күнінен 
аспауы керек. Модерация қорытындысы бойынша тоқсандық жиынтық бағалау 
жұмысының нәтижесі өзгеруі мүмкін.  
34. Мектеп әкімшілігі әдістемелік бірлестіктің жетекшілерімен бірлесе 
отырып, жұмысты талқылау үдерісін реттеп отыру үшін алдын ала модерация 
өткізудің орны мен уақытын белгілейді, оны модерация отырысының төрағасы 



бекітеді. Модерация отырысының төрағасы әдістемелік бірлестік жетекшісі
сондай-ақ, кез келген пән мұғалімі бола алады.  
35. Модерация өткізгенге дейін оқушылардың тоқсандық жиынтық 
жұмыстарын (бұдан әрі – жұмыстар) алдымен мұғаліммен тексеріледі.
Мұғалімнің тексерген жұмыстарының ішінен білім алушылардың үш 
жұмысын іріктеп алады, модерация отырысында талқылау үшін алдын ала 
шифрлеп, көшірмелерін дайындайды.
Балл қою кестесіне сәйкес бағалауда қиындық тудыратын, максималды 
және минималды балл қойылған жұмыстар іріктеледі. Егер мұғалім бірнеше 
параллель сыныпта сабақ беретін болса, жұмыстың жалпы саны бойынша 
іріктейді. 
36. Модерация отырысында мұғалімдер балл қою кестесіне сәйкес пән 
бойынша балдарды талқылайды. Балл қою кестесіне қажетті жағдайда өзгерістер 
және/немесе толықтырулар енгізіледі. 
37. Модерация қорытындысы бойынша жиынтық бағалау жұмысының 
балдары модерация отырысында келісілген балл қою кестесі негізінде қойылады. 
Қойылған балды өзгеру қажеттілігі бар оқушы жұмысы мұғалімдермен қайтадан 
тексеріледі. Модерацияның қорытындысы бойынша жиынтық жұмыстың 
балдары жоғары балға, сондай-ақ, төмен балға өзгеруі мүмкін. 
38. Модерация аяқталған соң тоқсандық жиынтық бағалаудың нәтижесі 
бойынша осы ереженің 2-қосымшасына сәйкес үлгіде модерация отырысының 
хаттамасы толтырылады. Хаттама әдістемелік бірлестік жетекшісінде сақталады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы