Науқасты субъективті тексеру әдісі



Дата04.09.2020
өлшемі20.78 Kb.
Науқасты субъективті тексеру әдісі — науқасты клиникалық тексеру әдістерінің бірі. Алдымен науқастың жалпы мәліметтерін сұрастырады (фамилия, аты, әкесінің аты, жасы). Науқастың мамандығын білу аурудың себебін анықтауға көмектесуі ықтимал. Науқасты сұрастыру: шағымдарынан, аурудың басталу тарихы, науқастың өмір тарихынан тұрады.

Науқастың шағымдарын сұрастыру[өңдеу]

Ең басында негізгі немесе басты шағымдарды мұқиат сұрастырады. Мысалы, төс асты ауырсынуында оның локализациясын, интенсивтілігін, пайда болу уақытан және ауырсынудың әртүрлі жағдайларға қатысты пайда болуы (физикалық күштеме, жөтел, әртүрлі тағамдарды қабылдау т. с. с.). Ауырсыну немен басталатыны анықталады.

Науқастың негізгі шағымдарын, аурудың алғашқы белгілерін оқып білу, аурудың алғашқы белгілерін анықтауға көмектеседі. Физикалық күштемеден кейін пайда болатын жүрек аймағының ауырсынуына шағымданып, ауырсыну сол қолға беріледі, мұндай шағымдар стенокардияға тән. Тамақтанғаннан кейін 1-2 сағат ішінде немесе түнде, ашқарынға асқазан ауырсынуында он екі елі ішектің ойық жарасына күмәндануға болады.

Содан кейін жалпы шағымдарға көшеді. Мысалыға, өкпенің қабынуында науқас әлсіздікке, жоғарғы температураға, ауырсынуға, жөтелге сол сияқты шағымдарға шағымданады. Сонымен қатар барлық органдарға қатысты сұрақтарды қойып, шағымдарды терең анықтау қажет. Науқастың түнгі ұйқысын, асқа тәбетін сұрастырып, жүйке жүйесінің жағдайын анықтау керек.

Аурудың пайда болу тарихы (лат. Anamnesis morbi)[өңдеу]

Аурудың пайда болуын сұрастырғанда, келесі сұрақтарға тура жауап алу керек:


  1. ауру қашан басталды;

  2. ауру қалай басталды;

  3. аурудың жүру ағымы;

  4. қандай зерттеулер жүргізілді және олардың нәтижелері;

  5. қандай емдік шаралар жүргізілді және олардың нәтижелері;

Осы сұрақтардан кейін аурудың жалпы көрінісі анықталады. Ең алдымен осы ауру басталар алдында науқастың жалпы жағдайын анықтау және пайда болу себептерін қарастыру.

Біріншіден аурудың алғашқы белгілерін анықтап, кейін аурудың динамикасын, рецидив немесе асқынудың болғанын, ремиссия периодын және ұзақтылығын сұрастыру қажет.

Соңында қазіргі госпитализациялану немесе дәрігерге көріну себебін жетік анықтау.

Науқастың өмір тарихы (лат. Anamnesis vitaе)[өңдеу]

Науқастың өмір тарихы науқастың ауруын анықтауда маңызы зор болуы мүмкін. Бұл бөлімде науқастың өмірін негізгі периодтарға бөліп қарастырамыз.

Жалпы биографиялық мәліметтер

Бұл бөлімде науқастан туып өскен жерін, науқас туылғанда ата – анасының жасы, жанұяда нешінші бала, уақтысына жетіп туылды ма, ана сүтімен қоректенді ма, жалпы дамуы жөнінде сұралады. Кейінен науқастың балалық, жасөспірімдік шағында жанұялық жағдай, тамақтану, тұрмыстық жағдайын анықтау. Сонымен қатар науқастың жыныстық жетілу уақытын және оның жалпы жағдайына әсерін білу.

Науқастың зиянды әдеттерін (темекі шегу, алкогольды ішімдік ішу, нашақорлық), сонымен қатар балалық шағындағы ауырған ауруларын сұрастыру керек.

Еңбек жағдайы.

Кейбір жұмыс орындар адам денсулығына үлкен зиян тигізеді. Сондықтан науқастан жұмыс орны туралы, зияндылығын және жағымсыз әсер жөнінде сұрастыру. Кейбір науқастарда жұмыс істеу жағдайын сұрастыра аурудың ағымын болжауға болады.



Науқастың басқа аурулармен ауырғанын анықтау.

Осы аурумен сырқаттанбас бұрын науқас қандай аурулармен ауырғанын анықтау өте қажет. Кейбір инфекциялық аурулар (қызылша, скарлатина) науқаста тұрақты иммунитет түзеді, ал басқа инфекциялық аурулардан кейін (рожа, ревматизм) осы инфекцияның қайталануына бейім болады. Ревматизм, дифтериядан кейін жүрек зақымдануы, ал эндокардиттен кейін жүрек қақпақшаларының ақауы пайда болуы мүмкін.



Отбасылық немесе тұқым қуалаушылық анамнезі.

Отбасылық анамнез көп мәлімет береді, себебі отбасының бір мүшесі туберкулезбен ауырған болса, басқа мүшелері де ауырып қалуы мүмкін. Сол сияқты мерез ауруы да жүктілік кезінде анадан балаға (вертикальды жолмен) беріледі. Тұқым қуалаушылық факторы науқастың өмірінде үлкен рөл атқарады.

Науқас өзі ауырмасада, кейбір ауруларға бейім болуы мүмкін, егер де белгілі бір факторлар әсер еткен жағдайда бейімділік ауруға ұштасуы мүмкін.

Тұқым қуалаушылық факторларды анықтау үшін клинико – генеологиялық анализ жүргізіледі.



Аллергологиялық анамнез.

Науқастарда да, сау адамдарда да ағзаның патологиялық қозуы, яғни аллергия болуы мүмкін. Науқастан аллергиялық реакциясы болған ба және болса оны немен байланыстыратынын мұқият сұрау қажет. Кейбір науқастарда дәрілік заттарға, парфюмерлік бұйымдарға, гүлдің тозаңына, шаңға, табиғат өзгерісіне аллергиясы болады. Аллергиялық реакция әртүрлі көрініс береді – вазомоторлық рениттен басталып, бөртпелер, Квинке ісінуі және анафилактикалық шокқа дейін.



Гинекологиялық анамнез.

Әйел адамдарда етеккірдің басталу уақыты, алғашқы етеккірдің келген жасы, қанша күн болуы, ауырсынудың болуы немесе болмауы, жүктілік саны, босану саны, ағымы, аборттың немесе түсіктің және климакстық периодтың болуын анықтау.



Урологиялық анамнез.

Ер адамдарда дәретке шығуын, дәреттің болмауын, іштің төменгі бөлігінің ауырсынуын және уролог дәрігерге қаралуын анықтайды.



Эпидемиологиялық анамнез.

Науқасты жөтеліп жүрген, қалтырап, қызуы көтеріліп жатқан, туберкулезбен, вирусты гепатитпен ауыратын науқастармен қарым – қатынаста болғанын анықтайды. Соңғы уақытта науқас алыс сапарға шыққан болса, онда себебін, барған елді мекенін мұқят сұрастырып анықтау қажет.



Экспертті анамнез.

Сол жылдың еңбекке жарамсыздық күндерді анықтайды. Егер де еңбекке жарамсыздық төрт айға жақындаса, онда науқасты медико – әлеуметтік экспертизаға жібереді. Онда науқасқа мүгедектілік тобын немесе ауруханалық парақтың созуын тағайындайды.[1]

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар