Науаи Әлішер (Низамеддин Мір Әлішер)

Loading...


Дата15.04.2020
өлшемі41.24 Kb.
Науаи Әлішер (Низамеддин Мір Әлішер) (парсышаعلیشیر نوای Ғалішир Навойи‎)(1441 ақпанның 9, Ғират — 1501 қаңтардың 3, сонда) — Түркі халықтарына ортақ ұлы ақын, ойшыл, мемлекеттік қайраткер.

Әкесі қайтыс болғаннан кейін 12 жасар Науаиды Бабыр өз тәрбиесіне алған. Науаи 15 жасында түркі және парсы тілдерінде бірдей жазатын белгілі ақын ретінде танылды. ҒираттаМешхедтеСамарқанда оқып, логикапәлсапаматематика пәндерінен мағлұмат алды. Өзінен бұрынғы ФирдаусиНизамиДехлавиХорезмиСайф Сараи, замандастары АтаиСаккакиЛутфиЖәми шығармашылығымен танысты.

Ол өнер жұмыспен айна­лысып, «Хамса» тобына енетін «Жақсылардың таңдануы» (1483), «Фархад пен Шырын», «Ләйлі мен Мәжнүн», «Жеті әлем» (1484), «Ескен­дір дуалы» (1485) атты шығармаларын жазды. Науаи шығармалары 15 ғ. өзінде Мауараннахр мен Хорасанды ғана емес, ИранӘзірбайжанШығыс ТүркістанҮндістанМысыр, түркі елдеріне, кейіннен Еуропа мен Америка кітапханаларына да тарады. Ақын шығармалары 19 ғ. орта шенінен шығыстанушы ғалымдардың назарын аудара бастады.

Шығармалары көптеген тілдерге аударылған. Таңдамалы өлеңдері қазақ тілінде екі рет (1948, 1968) кітап болып басылды. Айбектің «Науаи» романы қазақша жарық көрді (1950).



Науаи өнерін зерттеуге қазақ ғалымдары да үлес қосуда (М. Әуезов, Е. Ысмайылов, Р. Бердібаев, К. Сейдеханов). Ұлы шайырдың мерейтойы Кеңес Одағы көлемінде аталып өтті (1948, 1968).

Әлішер Науаи, Әлішер Низамаддин Мир Науаи – түркі халқының ұлы ақыны, ойшылы, мемлекет қайраткері. 1441 ж. ақпан айының тоғызында Герат қаласында туған. Әкесі өлгеннен кейін 12 жасар Әлішер Науаиды Әбілқасым Бабыр өз тәрбиесіне алған. Оның есімі 15 жасынан түркі және парсы тілдерінде бірдей жазатын ақын ретінде танылды. Гератта, Мешхедте, Самарқанда оқып, Фирдауси, Низами, Хорезми, Сайф Сараи, Жәми шығармашылығымен танысты. Мектептес досы Хұсайын Байқара Хорасанның әмірі болған кезде, оның мөр сақтаушысы (мұхрад) қызметін атқарды. 1472 ж. уәзір болып тағайындалды. Әлішер Науаи осы қызметтерде жүріп, ғалымдарға, суретшілерге, музыканттарға, ақындарға, хуснихатшыларға (каллиграфтарға) қамқорлық жасады. Өз қаржысына жолдар, көпірлер, каналдар, керуен сарайлар, мектептер, шеберханалар салдырды. Әлішер Науаидың халық арасында абырой-беделінің артуын қызғанған басқа уәзірлер оны Байқарамен араздастырып, 1476 ж. уәзірліктен босатылуына себепші болды. Ол шығармашылық жұмыспен айналысып, түркі-шағатай тілінде «хәмсә» жырлар тобына енетін «Жақсылардың таңдануы» (1483), «Фархад пен Шырын», «Ләйлі мен Мәжнүн», «Жеті әлем» (1484), «Ескендір дуалы» (1485) атты шығармаларын жазды. 1488 – 1501 ж. ол тарихи-өмірбаяндық («Әджәм патшаларының тарихы», «Саид Хасан Ардашердің өмірі», Пәһлован Мұхаммедтің өмірі»), дидактикалық-философиялық («Құстар тілі», «Көңілдердің сүйгені»), әдеби-теориялық («Өлең өлшемі»), лингвистикалық («Екі тілдің таласы»), әлеуметтік-экономикалық («Вақфия»), діни-ғұрыптық («Пайғамбарлар мен хакімдердің тарихы», «Мұсылмандық нұры», «Гауһарлар шоғыры») туындыларын жазды. Парсы тілінде 12 мың жол өлеңін «Диуан-фани» деген атпен дербес жинақ етіп құрастырды. «Бес қайрат» («Хәмсәт ул-мутахаирин») кітабын ұстазы Абдрахман Жәмиге (1414 – 92) арнады. 15 ғасырда өмір сүрген 400 шайырдың шығармашылығынан мәлімет беретін «Ғажайып мәжілістер» («Маджолис ун-нафоис») кітабын жазды. Ақын 1501 жылдың үшінші қаңтарында туған қаласында қайтыс болған. Әлішер Науаи шығармалары 15 ғасырдың өзінде Мауераннахр мен Хорасанда ғана емес, ИранӘзірбайжанШығыс ТүркістанҮндістанМысыр, түркі елдеріне, кейіннен Еуропа мен Америка кітапханаларына тарады. Ақын шығармашалығы 19 ғасырдың орта шенінен шығыстанушы ғалымдардың назарын аудара бастады. Әлішер Науаидың ақындық дарынына ұлы Абай да тәнті болып, оның шығармашылық дәстүрін жалғастырған. Әлішер Науаи шығармашылығын зерттеуге қазақ ғалымдары да (Мұхтар ӘуезовЕсмағамбет ЫсмайыловРахманқұл Бердібаев, т.б.) елеулі үлес қосты. Ақын Несіпбек Айтов Әлішер Науаидың ғазалдарын қазақ тіліне тәржімалап, жеке кітап етіп шығарған.[1]

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
бойынша жиынты
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
білім беретін
жалпы конкурс
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
дістемелік сыныстар
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік мекемесі
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
білім беруді
жалпы білім
дістемелік материалдар
мектепке дейінгі
ауданы кіміні
мерзімді жоспар
конкурс туралы
облысы бойынша
рметті студент
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
разрядты спортшы
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
аласы кіміні

Loading...