Морфология (сарф) – сөздердің септелуі мен жіктелуін

Loading...


бет5/13
Дата25.03.2020
өлшемі0.83 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Исм тафзил


Исм тафзил (амал-әрекетті қайта - қайта жасаушы) суласий мужаррад баптарының ер тегінде أَفْعَلُ қалыбында, ал әйел тегінде فُعْلَى қалыбында тұрады. Мысалы: أَضْرَبُ, ضُرْبَى. Исм тафзил суласий мужаррад бабынан басқа баптарда кездеспейді және 6 түрлі формада (3 ер тегі, 3 әйел тегі) жіктеледі:

أَضْرَبُ

Қайта-қайта ұрушы (вахид, мүзәккар)

أَضْرَبَانِ

Қайта-қайта ұрушылар (екі ер кісі) (тасния, мүзәккар)

أَضْرَبُونَ

Қайта-қайта ұрушылар (бірнеше ер кісі) (жамъ, мүзәккар)

ضُرْبَى

Қайта-қайта ұрушы (вахида, мүәннас)

ضُرْبَيَانِ

Қайта-қайта ұрушылар (екі әйел кісі) (тасния, мүәннас)

ضُرْبَيَاتٌ

Қайта-қайта ұрушылар (бірнеше әйел кісі) (жамъ, мүәннас)
Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Исм заман және исм макан қандай жағдайларда және қандай қалыптарда кездеседі?

2. Исм алат қандай қалыптарда кездеседі?

3. Исм тафзил неше түрде жіктеледі және қалай жіктеледі?

4. Алдыңғы сабақтардың мысалдарындағы етістіктерден исм заман, исм макан, исм алат и исм тафзил формаларын жасап, жіктеңіз.


Етістіктің баптары


Араб тілінде қолданылатын етістіктер төрт бөлімге және 22 бапқа бөлінеді: 1) Суласий мужаррад (6 бап); 2) суласий мазид (12 бап); 3) рубаъий мужаррад (1 бап); 4) рубъий мазид (3 бап).

Суласий мужаррадтың бірінші бабы

Суласий мужаррадтың 1-бабы өткен шақ етістігінде ع әрпінің орнында фатха, ал осы-келер шақ етістігінде кәсраға ие болады: فَعَلَ يَفْعِلُ. Бұл баптағы етістіктердің масдары 11 қалыпта келеді:




Қалыбы

Мысалы

Мағынасы


فَعْلٌ

ضَرْبٌ

Ұру

فِعْلٌ

كِذْبٌ

Өтірік айту

فَعِلٌ

نَبِحٌ

Үру

فُعَلٌ

هُدَىٌ

Тура жолға бастау

فَعَالٌ

قَضَاءٌ

Кесім шығару (шешім)

فِعَالٌ

صِرَافٌ

Өзгерту

فُعُولٌ

جُلُوسٌ

Отыру

فَعَلَةٌ

غَلَبَةٌ

Жеңу

فِعَالَةٌ

حِمَايَةٌ

Қорғау

فَعْلاَنٌ

لَوْيَانٌ

Ию (майыстыру)

فُعْلاَنٌ

غُفْرَانٌ

Кешіру

يَفْعِلُ فَعَلَ қалыбындағы дұрыс етістіктің (сахих) мысалы يَضْرِبُ ضَرَبَ болып табылады, масдары - ضَرْبٌ. Бұл етістіктен тарайтын барлық сөзжасам (муштак) өткен сабақтарда келтірілді.

Музаъаф يَفْعِلُ فَعَلَ

يفرُّ فَرَّ масдары فَرٌّ , فِرَارٌ қашу. Масдардан 12 сөз формасы жасалады:



1) فَرَّ- мазий

7) فِرَّ- амр хазир

2) يَفِرُّ- музариъ

8) لِيَفِرَّ- амр ғайиб

3) فَارٌّ- исм фаъил

9) لاَ تَفِرَّ- нахий

4) مَفْرُورٌ- исм мафъул

10) مَفِرٌّ -

Исм заман және исм макан

5) لَمْ يَفِرَّ- жахд

11) مِفْرَارٌ – исм алат

6) لاَ يَفِرُّ- нафий

12) أَفَرُّ – исм тафзил

Өткен шақ етістігінің (мазий) негізгі етісі (маълум)

فَرَّ негізінде فَرَرَ.Бірінші әріптің (ر) харакаты түсіп қалады: فَرْرَ. Бірінші (ر) ассимиляцияға ұшырап, (дауыссыз дыбыс үндестігі - идғам) екіншісіне (ر) кірігіп кетеді: فَرَّ. Идғам – бір әріптің екінші әріпке кірігуі (ассимиляция)



Қағида: Егер екі бірдей әріп қатар келіп, олардың біріншісі харакатсыз (сүкун), екіншісі харакатты болса, онда бірінші әріп екінші әріпке айналып кетеді (идғам).

Музаъафтағы өткен шақ етістігінің (мазий) негізгі етісі (маълум):

فَرَّ؛ فَرَّا؛ فَرُّوا؛ فَرَّتْ؛ فَرَّتَا؛ فَرَرْنَ؛ فَرَرْتَ؛ فَرَرْتُمَا؛ فَرَرْتُمْ؛ فَرَرْتِ؛ فَرَرْتُمَا؛ فَرَرْتُنَّ؛ فَرَرْتُ؛ فَرَرْنَا.

Мазий етістігінің алғашқы 5 жіктелу формасында идғам бар: ғайиб, ғайибайн, ғайибийн, ғайиба и ғайибатайн. Қалған 9 жіктелу формаларында ассимиляция жоқ.

Өткен шақ етістігінің (мазий) ырықсыз етісі (мажхул):

فَرَّ етістігінің ырықсыз етісін жасау үшін оны бұрынғы алғашқы қалпына келтіріп алу керек: فَرَرَ. Соңғы әріптен бұрынғы әріпке кәсра қойылады (فَرِرَ), ал оның алдында тұрған харакатты әр әріпке замма қойылады: فُرِرَ. Алғашқы әріптің (ر) харакаты түсіп қалады: فُرْرَ. Алғашқы (ر) әрпі екінші (ر) әрпіне кірігіп кетеді: فُرَّ. Музаъафта мазий етістігінің ырықсыз етісі (мажхул) төмендегідей жіктеледі:

فُرَّ؛ فُرَّا؛ فُرُّوا؛ فُرَّتْ؛ فُرَّتَا؛ فُرِرْنَ؛ فُرِرْتَ؛ فُرِرْتُمَا؛ فُرِرْتُمْ؛ فُرِرْتِ؛ فُرِرْتُمَا؛ فُرِرْتُنَّ؛ فُرِرْتُ؛ فُرِرْنَا.
Осы-келер шақ етістігінің негізгі етісі (маълум)

Музариъ етістігі ІІІ жақ жекеше түрде. يَفِرُّ болып кездеседі, негізінде يَفْرِرُ. Алғашқы әріптің (ر) харакаты алдыңғы әріпке ауысады: يَفِرْرُ. Алғашқы (ر) кейінгі (ر) әрпіне кірігіп кетеді - يَفِرُّ:

يَفِرُّ؛ يَفِرَّانِ؛ يَفِرُّونَ؛ تَفِرُّ؛ تَفِرَّانِ؛ يَفْرِرْنَ؛ تَفِرُّ؛ تَفِرَّانِ؛ تَفِرُّونَ؛ تَفِرِّينَ؛ تَفِرَّانِ؛ تَفِرِرْنَ؛ أَفِرُّ؛ نَفِرُّ.

Музариъ етістігінің екі жіктелу формалары - 1) ғайибат (ІІІ жақ, әйел тегі, к.т.) (يَفْرِرْنَ) және 2) мухатабат (ІІ жақ, әйел тегі, к.т.) (تَفْرِرْنَ) ассимиляцияға (идғам) ұшырамайды.



Осы-келер шақ етістігінің ырықсыз етісі (мажхул)

يَفِرُّ етістігінің ырықсыз етісін жасау үшін оны бұрынғы алғашқы қалпына келтіру керек: يَفْرِرُ. Соңғы әріптен бұрынғы әріпке фатха қойылады: يَفْرَرُ. Музариъат әрпіне замма қойылады: يُفْرَرُ. Бірінші (ر) әрпінің харакаты алдыңғы әріпке өтеді: يَفَرْرُ. Содан соң бірінші (ر) әрпі екінші (ر) әрпіне кірігіп кетеді: يُفَرُّ:

يُفَرُّ؛ يُفَرَّانِ؛ يُفَرُّونَ؛ تُفَرُّ؛ تُفَرَّانِ؛ يُفْرَرْنَ؛ تُفَرُّ؛ تُفَرَّانِ؛ تُفَرُّونَ؛ تُفَرِّينَ؛ تُفَرَّانِ؛ تُفْرَرْنَ؛ أُفَرُّ؛ نُفَرُّ.
Өткен және осы-келер шақтардағы етістіктердің негізгі етісінде ассимиляцияға ұшырайтын орындарда ырықсыз етісінде де дыбыс үндестігі (ассимиляция) болады, ал негізгі етісте дыбыс үндестігі (ассимиляция) жоқ орындарда, ырықсыз етісте де ассимиляция болмайды.

Алдыңғы дыбыс кейінгі дыбысқа ықпал еткенде, егер ассимиляцияға ұшырайтын бірінші дыбыстың алдында харакатты әріп немесе мад әріп (созылып оқылатын дыбыстар - ا, و, ى) келсе, онда ассимиляцияға ұшырайтын бірінші әріптің харакаты түсіп қалады да, ол өзіне ұқсас екінші әріпке кірігіп кетеді. Мысалы, فَرَرَ فَرَّ сияқты сөздерде. Алайда егер ассимиляцияға ұшырайтын бірінші әріптің алдында сүкун таңбалы әріп тұрса, онда ассимиляцияға ұшырайтын бірінші әріптің харакаты оның алдында тұрған харакатсыз әріпке ауысып кетеді ( يَفِرُّ).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
республикасы білім
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
бойынша жиынты
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
дістемелік материалдар
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
ауданы кіміні
конкурс туралы
рметті студент
жалпы білім
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
білім беруді
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
дістемелік кешен
мелетке толма
директоры бдиев
аласы кіміні

Loading...