Морфология (сарф) – сөздердің септелуі мен жіктелуін

Loading...


бет3/13
Дата25.03.2020
өлшемі0.83 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Әйел тегінің көпше түрі де مَفَاعِلُ қалыбында тұрады. Мысалы, مَضَارِبُ – ұрылғандар (бірнеше әйел) (жамъ, мүәннас). (Кейбір өлең шумақтарында ұйқас үшін қолданылатын مَضَارِبٌ қалыбында қолданылуы есепке алынбайды - ауд. еск.)

Суласий мужаррад түрінен (ор.- порода) басқа түрде исми мафъул осы-келер шақ (музариъ) етістігінің ырықсыз етісі (мажхул) қалыбында келеді. Мұнда музариъат әрпінің орнына заммалы мим (مُـ) қойылады да, соңғыдан бұрынғы әріпке фатха қойылады. Мысалы:

أَكْرَمَ يُكْرِمُ - مُكْرَمٌ (құрметтелуші)

فَرَّحَ يُفْرِّحُ - مُفَرَّحٌ (қуанған)

دَحْرَجَ يُدَحْرِجُ - مُدَحْرَجٌ (дөңгеленген)

تَدَحْرَجَ يَتَدَحْرَجُ - مُتَدَحْرَجٌ (домаланған)


Сұрақтар мен тапсырмалар




  1. Суласий мужаррад бабында исми фаъилдың қалыбы қандай? Суласий мужаррадтан басқа баптарда исми фаъилдың қалыбы қандай?


2. Сифату мушаббаха дегеніміз не? Оның ең танымал қалыптарын жатқа айтып беріңіз.

3. Суласий мужаррад бабында исми мафъулдің қалыбы қандай? Суласий мужаррадтан басқа баптарда оның қалыбы қандай?

4. Өткен және осы-келер шақтарға байланысты берілген етістіктерді исми фаъил және исми мафъул қалыптарында жіктеңіз.

Өткен шақ болымсыз етістігі (жахд)

Өткен шақ болымсыз етістігін жасау үшін осы-келер шақ (музариъ) етістігінің алдынан لَمْ шылауы қойылады. Мысалы, لَمْ يَضْرِبْ. Осы لَم шылауына байланысты сахих (дұрыс) қосымшалы етістіктердің: жекеше түрде харекеті (жол үсті белгісі) түсіп қалады (يَضْرِبُ  لَمْ يَضْرِبْ) , ал екілік және көпше түрде соңғы нун түсіп қалады (يَضْرِبَانِ  لَمْ يَضْرِبَا), (يَضْرِبُونَ  لَمْ يَضْرِبُوا). Соңғы әрпі әлсіз етістіктерде: жекеше түрде әлсіз әріп түсіп қалады (يَرْمِى  لَمْ يَرْمِ), ал екілік және көпше түрде соңғы нун түсіп қалады (يَرْمِيَانِ  لَمْ يَرْمِيَا), ( يَرْمُونَ  لَمْ يَرْمُوا ). Алайда екінші жақ көпше түрдегі жіктелудің екі түрінде соңғы (ن) еш уақытта түсіп қалмайды, өйткені ол көптік мағынаның көрсеткіші. Сондай-ақ لَمْ шылауы осы-келер шақ етістігінің мағынасын өткен шақ болымсыз мағынасына өзгертіп жібереді.



Жахд етістігінің негізгі етісте (маълум) жіктелуінің 14 формасы бар:

لم يَضْرِبْ


Ол ұрмады (вахид, мүзәккар, ғайиб)

لم يَضْرِبَا

Олар (екі ер кісі) ұрмады, тасния, мүзәккар, ғайибайн)

لم يَضْرِبُوا

Олар (бірнеше ер кісі), жамъ, мүзәккар, ғайибийн)

لم تَضْرِبْ

Ол (әйел кісі) ұрмады (вахида, мүәннас, ғайиба)

لم تَضْرِبَا

Олар (екі әйел кісі), тасния, мүәннас, ғайибатайн)

لم يَضْرِبْنَ

Олар (бірнеше әйел кісі) ұрмады, жамъ, мүәннас, ғайибат)

لم تَضْرِبْ

Сен ұрмадың (вахид, мүзәккар, мухатаб)

لم تَضْرِبَا

Сендер (екі ер кісі) ұрмадыңдар (тасния, мүзәккар, мухатабайн)

لم تَضْرِبُوا

Сендер (бірнеше ер кісі) ұрмадыңдар (жамъ, мүзәккар, мухатабийн)

لم تَضْرِبِي

Сен (әйел кісі) ұрмадың (вахида, мүәннас, мухатаба)

لم تَضْرِبَا

Сендер (екі әйел кісі) ұрмадыңдар (тасния, мүәннас, мухатабатайн)

لم تَضْرِبْنَ

Сендер (бірнеше әйел кісі) ұрмадыңдар (жамъ, мүәннас, мухатабат)







لم أَضْرِبْ

Мен ұрмадым (вахид(а), мүзәккар, мүәннас, мутакаллим)

لم نَضْرِبْ

Біз (бірнеше кісі) ұрмадық (жамъ, мүзәккар, мүәннас, мутакаллим)


Өткен шақ болымсыз етістігінің (жахд) ырықсыз етісі (мажхул)
Өткен шақ болымсыз етістігінің (жахд) ырықсыз етісі де 14 формада жіктеледі:


لم يُضْرَبْ

Ол ұрылмады (оны ұрмады), (вахид, мүзәккар, ғайиб)

لم يُضْرَبَا

Олар (екі ер кісі) ұрылмады (оларды ұрмады), тасния, мүзәккар, ғайибайн)

لم يُضْرَبُوا

Олар (бірнеше ер кісі) ұрылмады (оларды ұрмады),, жамъ, мүзәккар, ғайибийн)

لم تُضْرَبْ

Ол (әйел кісі) ұрылмады (оны ұрмады), (вахида, мүәннас, ғайиба)

لم تُضْرَبَا

Олар (екі әйел кісі) ұрылмады (оларды ұрмады), тасния, мүәннас, ғайибатайн)

لم يُضْرَبْنَ

Олар (бірнеше әйел кісі) ұрылмады (оларды ұрмады), жамъ, мүәннас, ғайибат)

لم تُضْرَبْ

Сен ұрылмадың (сені ұрмады) (вахид, мүзәккар, мухатаб)

لم تُضْرَبَا

Сендер (екі ер кісі) ұрылмадыңдар (сендерді ұрмады) (тасния, мүзәккар, мухатабайн)

لم تُضْرَبُوا

Сендер (бірнеше ер кісі) ұрылмадыңдар (сендерді ұрмады) (жамъ, мүзәккар, мухатабийн)

لم تُضْرَبِي

Сен (әйел кісі) ұрылмадың (сені ұрмады) (вахида, мүәннас, мухатаба)

لم تُضْرَبَا

Сендер (екі әйел кісі) ұрылмадыңдар (сендерді ұрмады) (тасния, мүәннас, мухатабатайн)

لم تُضْرَبْنَ

Сендер (бірнеше әйел кісі) ұрылмадыңдар (сендерді ұрмады) (жамъ, мүәннас, мухатабат)







لم أُضْرَبْ

Мен ұрылмадым (мені ұрмады) (вахид(а), мүзәккар, мүәннас, мутакаллим)

لم نُضْرَبْ

Біз (бірнеше кісі) ұрылмадық (бізді ұрмады) (жамъ, мүзәккар, мүәннас, мутакаллим)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
республикасы білім
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
бойынша жиынты
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
дістемелік материалдар
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
ауданы кіміні
конкурс туралы
рметті студент
жалпы білім
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
білім беруді
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
дістемелік кешен
мелетке толма
директоры бдиев
аласы кіміні

Loading...