Монтессори педагогикасы немесе Монтессори жүйесі әңгімелеңіз


Танымдық және шығармашылық қабілеттері дамытуды әңгімелеңіз



бет45/52
Дата30.12.2022
өлшемі114.04 Kb.
#405060
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   52
Байланысты:
М. Монтессори ответ
Бақылау, КАЗ РК №1. Критерии оценивания задач, КАЗ РК №1. Примерные задачи для подготовки к рубежному контролю №2., khim.tekh 1 -variant, инл 9
Танымдық және шығармашылық қабілеттері дамытуды әңгімелеңіз

Оқушының шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін жоспарлы істің мақсаты мен міндетін айқындап алу қажет. Мақсат — оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып, шығармашылық жұмысқа баулу, ой-өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру. Міндет- оқушылардың шығармашылылық қабілетін дамыту, жан-жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми- зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Алға қойған мақсат пен міндетті орындау үшін оқушы жастардың танымдық, шығармашылық әлеуетін жан-жақты өсіруге, дамытуға ден қою қажет.
Шығармашылық дегеніміз — оқушының белсенділігі мен дербес іс-әрекетінің ең жоғарғы түрі. Бұл мәслені шешуде шығармашылық тапсырмалардың орны ерекше. Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар оқушының білім деңгейін — оқушылық деңгейден шығармашылық деңгейге көтеруге жол ашады. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын үш кезең арқылы жүзеге асыруға болады.
Бірінші кезең – жаңаны, тың нәрсені дамыту, түпкі идеяны табуға ұмтылу. Бұл кезеңде әдеби шығармашылық тапсырмалар беріліп, төмендегідей талаптар бойынша жұмыс жүргізіледі: шығарманы бөлімдерге бөліп, тақырыбын жазып келу; кейіпкер тобын ажыратып, олардың арасындағы шиеленісті түсіндіру; шығарма мазмұнына сай қанатты сөздерді ойлап жазу; әңгіменің белгілі бір бөлімінің көркемдік ерекшелігіне талдау жүргізу.
Екінші кезең — қиял, ұшқыр ой қалыптастыру. Бұл кезең -оқиға құрудың, образ жасаудың мүмкіндігі бар кезең. Мұнда оқушыға ертегі, әңгіме, мақалдарды жалғастырып жазу және аяқтау тапсырылады. Оқушы қиялға ерік беріп, оқиғаны дамыта отырып, шығармашылық жұмыс істейді. Өз бетінше іздену — шығармашылық қабілетті ашудың көзі. Бұл бағытта төмендегідей жұмыстар арқылы оқушының таным көкжиегін арттыра түсеміз.1. Логикалық ойын дамытатын тапсырмалар (сөзжұмбақ, ребус шешу, жұмбақ, мақал-мәтел, қанатты сөздер құрастыру).
2. Берілен тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері (мәтінді өңдеу, берілген мәтіннен диалог құрастыру).
3. Өз ойынан еркін тақырып құрастыруға берілген жұмыс түрлері (өлең, ертегі, әңгіме, шығарма жазу).
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін басым міндетті оқушының өз қолына беріп отырған дұрыс. Бұл орайда сыныпты топқа бөліп тақырыпқа сәйкес өлең құрастыру, қанатты сөз ойлап табу, шағын мөлтек сыр жазу тапсырылады.
Үшінші кезең – тапқырылық пен шеберлікке шыңдалу кезеңі. Бұл кезеңде оқушы белгілі бір шығармаға өзіндік көзқарас білдіріп, пікір жазады, мәтінге әдеби-теориялық толық талдау жүргізеді, кіші ғылыми жұмыстарды қорғайды, әңгіме жазады. Осы үш кезеңнен өткен оқушы нағыз шығармашыл тұлға болып дараланады.
Оқушылардың шығармашылық әрекеті мен танымдық қабілеттерін арттыруда мәтіннің алатын орыны ерекше. Әдеби шығарманы оқып — үйренуде оқушы өзінің шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, сол оқыған туындысы негізінде ой — тұжырымдар, дұрыс пайымдаулар, тың қорытындылар жасауға ұмтылады. Мәтіндерді оқу, талдау барысында оқушылардың оқиғаға қатысты өз ойларын жеткізулеріне, әңгіме кейіпкерінің қылықтарын бағалай білуіне, автордың оқиғаға қатысы, көзқарасы қандай екендігін анықтай алуына назар аударылуы тиіс.Шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың төмендегідей түрлері бар:

*Тақырыпты мазмұнына сай жинақтау


*Арнайы бір тақырыпқа пікірталас тудыру
*Шығарма, шағын әңгіме құру
*Сөзжұмбақ құру, шешу
*Қиялдау арқылы сурет салу.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   52




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет