Монтессори педагогикасы немесе Монтессори жүйесі әңгімелеңіз


Даму мүмкіндігі шектеулі баланың тынығуына арналған сенсорлы бөлменің жабдықтарын суреттеңіз



бет44/52
Дата30.12.2022
өлшемі114.04 Kb.
#405060
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   52
Байланысты:
М. Монтессори ответ
Бақылау, КАЗ РК №1. Критерии оценивания задач, КАЗ РК №1. Примерные задачи для подготовки к рубежному контролю №2., khim.tekh 1 -variant, инл 9
Даму мүмкіндігі шектеулі баланың тынығуына арналған сенсорлы бөлменің жабдықтарын суреттеңіз

Сенсорлы бөлме төмендегідей мақсат –міндеттерді шешуге әсер етеді:
- Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың эмоционалды көңіл –күйлерін қалыпқа келтіру;
- Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың агрессивті мінез–құлықтарын түзеу;
- Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың бойында кездесетін әртүрлі невротикалық реакцияларын төмендету;
- Психоневрологиялық аутқушылықтары бар балалардың танымдық үрдістерін дамыту;
- Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды стресстік, депрессиялық жағдайдан шығуға әсер ету;
- Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың психоэмоционалды қобалжу деңгейлерін жою және т.б.
Сенсорлы бөлменің жабдықтарын 3 бөлімге бөлуге болады:
Босаңсу бөлімі. Бұл бөлімге пуфик –кресло, құрғақ бассейн, құрғақ душ, жарықшамдар жатады.
Белсенді ету бөлімі.
Бұл бөлімге сенсорлы жол, проектор, түрлі паннолар жатады.
Жалпы түзету бөлімі, бұл бөлімге жұмсақ модульдер, гимнастикалық, массажды шарлар, табиғаттың дауыстары жазылған үнтаспалар жатады. Сенсорлы бөлменің жабдықтары даму мүмкіндігі шектеулі баланың тынығуына арналған, яғни «дәстүрден тыс қоршаған орта» оқушының соматикалық және психикалық жағдайын, сенсорлы қабылдауының дамуына әсер етеді.
Сенсорлы бөлме бұл – дамуында түрлі ауытқушылықтары бар балалар мен ересек адамдарға алдын–алу және емдеу сеанстарын жүргізуге арналып жабдықталған бөлме. Сондай–ақ, сау балалардың өмірге деген көзқарастарын жақсартуға әсер етеді. Сенсорлы бөлме адамның қоршаған ортаны қабылдауына қажет 3 басты каналына әсер етеді. Олар кинестетикалық, аудиалды және визуалды (тактильді түйсіну, дауыс және түстер арқылы әсер ету). Сенсорлы бөлмеде сабақ 3 бағытта жүзеге асырылады:
- Босаңсу жаттығулары арқылы даму мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересек адамдардың агрессиясы мен қобалжу деңгейлерін төмендетіп, өз–өзін қалыпты ұстауға үйрету;
- Мектеп жасына дейінгі даму мүмкіндігі шектеулі балалардың сенсорлы қызметтерін, яғни көру және есту қабылдауын, түйсіну және қоршаған ортаны қабылдауын дамытуға арналған жаттығулар арқылы дамыту;
- Баланың тұлға ретінде қалыптасуына, өзін–өзі қалыпты бағалау үшін аса маңызды қарым–қатынасқа түсу дағдыларын қалыптастыру.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   52




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет